Файл: Мектеп "Білім" жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Мектеп: “Білім” жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясы

Сабақ тақырыбы: Ұзындыққа және биіктікке секіру. Бір орыннан ұзындыққа секіру

Күні: 25.05.2023ж

Мұғалімнің есімі: Мусаев Жайдар Болатбекұлы

Сынып 3“Ә”;“Б”;“Ғ”; “Д”;“Е”

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.5.1 - кеңістікте қозғалыс әрекеттерін орындау және анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Секіруді орындай алады (120-140 см)

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ереже бұзбай бір орыннан секіре алады ( 140-160см) Кейбір оқушылар орындай алады: 165см жоғары секіре алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді.

Бірлесе жеңіске жету, бірін-бірі қолдау, бір-біріне көмектесу дағдыларын бойына сіңіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: whistle-свисток-ысқырғыш, секіру-прыжок-bounce, заступ-step over-астам қадамға

Талқылауға арналған сұрақтар: Қай жағдайда жоғары көрсеткішке жетуге болады.

Не себепті... . деп ойлайсыз? Секіру барысында аяқ пен қолды алдыға сермеу. Оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеттері

Құндылықтарды дарыту

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Лақтырудағы ушу троекториясы, секірудегісерпіліс механизмі және жүгірудің жылдамдығын өлшеуді түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Жүгіру, секірудегі серпіліс механизмі және техникасын үйрету негіздері, жүгірудің техникасының әдіс-тәсілдерін АКТ немесе телефон интернет арқылы көрсету.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Әдістемелік нұсқаулар

Ресурстар


Басталуы
10 минут

Сапқа тұрғызу.Кезекшінің мәліметін қабылдау.

Амандасу,түгендеу.

Сабақ мақсатын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар:Оңға,солға,артқа бұрылу.

Жүріп жасалатын жаттығулар:аяқтың ұшына,өкшеге,ішкі ж/е

сыртқы қырымен,отырып,секіріп.

Жүгіріп жасалатын жаттығулар:тізені жоғары,өкшені артқа көтере

оң ж/е сол жақ жанымен

Ж.Д.Ж. қозғалыста ж/е орнында.


Оқушылар берілген бұйрықты толығымен орындайды.Тәрбиешінің жасаған қимылын қалыспай жасайды.
Алаңда бытырап жүгіреді,ұстап алушылар белдегі таспаны тартады.

Қауіпсіздік ережелерін сақтауға баса назар аудару

Сыртқы киімге назар аудару Тұрысты қадағалау. Жаттығуды белгімен орындап, аяқтау Қолды түзу ұстау Жаттығулардың дұрыс орындалыуын қадағалау


Жаттығулар көрсетілімі және ысқырық

 



Өлшеуіш құрал

https://yandex.kz/video/preview/?filmId=7009270410553994831&text=.бір+орыннан+ұзындыққа+секіру&where=all


Ортасы

25 минут

Секірудің - көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы – бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе- тең қозғалады. Аяқ алдын – ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқы алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Бірте-бірте үйрету әдістері: Екі аяқпен жерге еркін  секіріп түсу екі аяқты итере отырып, ұзындыққа секіру жартылай отырып ұзындыққа  секіру жартылай отырып ұзындыққа  секіру, қол артта қолды дұрыс ұстап  секіру аяқты дұрыс ұстап секіру, жерге дұрыс секіріп  түсу алысқа секіру 1. Секіру алдындағы бастапқы қалып: « сөресі», яғни аяқтар жартылай бүгілген, дене алға қарай сәл еңкейген, қолдар жанымызбен артқа; 2.Екі аяқпен бірге алға қарай итерілу.т 3.Жерге қону барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда

Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау

Секіру кезінде бір-бірімен соқтығыспау керек.

Оқушы өз сызығында секіру керек

Шынтақтан бүгілген қолдардың сермеу қозғалыстарымен табанның серпінділігі есебімен қатты ұсталған аяқтармен секірулерін қадағалау.

Серпіле көтерілген кезде тізе жазылып,қол сермелген аяқпен бірге  жоғары және алға  қарай созылады.

Артқа құламаударын,екі аяқты тең ұстауларын қадағалау.



Оқушылар жеке-жеке ұзындыққа секіреді. Ұлттық дайындық деңгейі (ұлдар) 168 см, (қыздар) 160 см Президенттік деңгей (ұлдар) 170 см, (қыздар) 165 см

Секіру барысында қауіпсіздікті сақтауды ескерту.


Секірудің өз деңгейінде орындалуын қадағалау.

Аяктарды түзу устау

Тізені бүкпеу

Аяқтын ұшымен жеңіл секіру

Аяқталуы
5 минут

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады. Үйге тапсырма: Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсері.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Екі аяқпен

жерге қону арқылы еркін секіруді.

Қашықтыққа секіруді, Аяқтарды

сәл бүгіп, ұзындыққа секіруді

орындай алады.

Оқушылардың көбі: Қолдарын,

аяқтарын дұрыс ұстау арқылы, Екі

аяқпен жерге қону арқылы еркін

секіруді. Қашықтыққа секіруді,

Аяқтарды сәл бүгіп, ұзындыққа

секіруді орындай алады.

·     

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.
Сонымен қатар:

Оқуды бақылау

Сұрақтар мен жауаптар

Өзін-өзі бағалау

Білім алушыларды рефлексиялау арқылы



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


- Сабақтың тақырыбына қарай мақсаты дұрыс қойылған.

Жеткізілді,сабақтын меңгерілуі сабақ барысында көрінді

- Иа, сабақ әр бір кезеңнен құрылды
- Сақталды, сабақ басында -10 мин. ортасында -25 мин. соңында -5 мин
- Болған жоқ

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты.

2. Оқушылардың дене шынықтыруға қызығушылығы.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақты қызықты өткізу.

2. Тоқсанның соңында жарыс өткізу.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.Оқушылардың қызығушылығын арттыру.

2. Олармен түрлі жаттығулар орындау.