Файл: 11 сыныптара арналан Соы оырау салтанатты жиыныны сценарийі. Фанфары Жргізушілер шыады Жаслан Армысыздар, стаздар, оушылар! Сыырла, соы оырау!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

11 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі.
Фанфары

Жүргізушілер шығады:

Жасұлан: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынға жиналған қауым.
Жансая: Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 27 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Жасұлан:Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Жансая: Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Жасұлан: Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Жансая : Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Жасұлан: Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.
1) Әнұран орындалады
Жансая: Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:

1.
Жасұлан:

Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған,

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.

Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры -------------------------- сөз кезегін береміз.

(Гүл шоғын тапсырады)
Жансая:Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі құрметті қонақтарымыз --------------------беріледі.

(Гүл шоғын бітірушілер сыйлайды)
Жасұлан:Күмбірлей күй естілсе домбырадан

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойың балбыраған.
2. «Есен» күйі бітіруші түлектерге арналады.
Жансая: Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
Ғұлама білгіш ғалымнан

Оқушы жас жалыннан

Жазушыдан, ақыннан

Ел қорғаған батырдан

Мың бұралған бишіден

Ой тербеткен күйшіден


Оқыған жас- кәріден

Оқушының бәрінен

Түлектерге мың сәлем!!!
Он бір жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Апалар мен ағалар!

Орындалды ойыңыз.

Құтты болсын тойыңыз!
Үлгілі болып сіздердей

Үлкейеміз біздер де.

Біз де ойшыл, өнерлі

Боламыз істің шебері.

Көп екен «төрт»,бесіңіз»

Өмірде өстіп өсіңіз.

Талай сыннан өттіңіз

Кәмелетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз,

ВУЗ-ға барып түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын

3. «Бала тілегі вальсі» орындайтын: 2 «А» сынып оқушылары.
Жасұлан: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,

Сөз кезегі - жетекші бапкерде.
Ортаға сынып жетекшісі, құрметті ұстазымыз ----------------------------- қошеметпен шақырамыз.
4. Ән: «Ұлағатты ұстаз» барлық ұстаздарға арналады.Орындайтындар

11- сынып түлектері -

Жансая:Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен мектеп белгісін

Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Мектептің белгісін ------ жылғы 11-сынып үздігі --------------------------------тапсырады.
Тұрар: Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Белгіні»
Нұрсыйпат: Қанатын қағар ақ жолдан

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап.

Аяқтап бүгін мектепті

Гүлдерге толды қолдарың.

Шаттықтан тіпті ес кетті,

Сәт-сапар болсын жолдарың.
Жасұлан: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегін құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан------------------------------------- береміз.
5. Ән «Туған жер». Орындайтын 6-сынып оқушылары -------------------------------------------------
Жансая:Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?

Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.

Ортаға шығып қане тілек айтсын

Сыныптың мен деген бір түлегі.
(Мырзатаев Рахат сөз сөйлейді. Осы арада ұстаздарға гүл шоқтарыни тапсырады
Жасұлан: Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,



Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
6. («Қоштасу вальсі». Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальске билейді)
(көгершінді ұшырмас бұрын)

Жансая: Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн.Тек биіктеп самғай беріңдер көгершіндер.
Жасұлан:(Көгершінді ұшырғанда айту)

Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.
Жансая: Гүлдерге толып омырау

Түлектер тойын тойлайды.

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды.

Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11 сынып оқушысы -------------------------------------тапсырылады.
Жансая: Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы.. сендер де сондай тәтті едіңдер, бір сәт балалықпен қауышыңдар... Әне , олар сендерді үлкен өмірге аттандыруға бара жатыр ... Жүректерің не дейді?
Алтынгүл (музыка әуенімен): -Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

Балалығым біз өзіңді қимаймыз,

Алтын ұя мектебім мен аяулы

Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.

Қош бол енді балалығым бал дәмім

Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.

(11-сыныптың 5 оқушысы шығады).
7. «Қоштасу әні» орындайтындар: ---------------------------------------
Жасұлан:Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!

Жансая: Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн

«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін.
Жасұлан: Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.