Файл: Блім Парасаттылы жне деп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 202

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Табиғат — бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  — бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

35 мин

Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи , табиғи – антропогендік  және  антропогендік  обьектілер , құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым –қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді.

Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайы  қамтамасыз  ету ,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады.

Табиғатты  қорғау  бұл  адам  әрекеті  мен  қоршаған  табиғи   ортаның  өзара  әрекетін  қолдауға  бағытталған , табиғи  ресурстардың  сақталуы  мен  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін , қоғам  қызметінің   нәтижесінің  табиғат пен  адам   денсаулығына  тікелей  және  жанама  әсерін ескертетін  шаралар  жүйесі.

Қазіргі  кезеңде қоршаған ортаның  жағдайына  екі  түрлі  факторлар  тобы   шешуші  түрде  ықпал  етеді. Олардың   біріншісі  ғылыми-техникалық  революцияны  және  оның  негізінің  адамзат  қоғамының  өндірістік  қызметі  алғысындағы  көрінісін  қамтиды. Екіншісі  демографиялық  аспектілерді  қарастырады  және  жер  бетіндегі  тұрғындар  санының  көбеюі  мен  урбанизацияны  ( қала  тұрғындары санының  өсуі)  қамтиды. Бұл  факторлар  бірге  алғанда   өндіргіш  күштердің даму  қарқынына  тікелей  ықпал  жасайды, ол,  өз  кезегінде, табиғи  ресурстардың  интенсивті  түрде  азаюына  және  онымен  байланысты  қоршаған  ортаның  ластануына  әкеліп  соғады

Қоршаған  ортаны  қорғаудың негізгі  факторларының  схемасы 

ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы

5 мин


Сабақты қорытындылау

табиғи  ресурстар   дегеніміз   өндіргіш   күштердің  даму  деңгейіне  сәйкес  өндіру  және  тұтыну  құралдары  ретінде  пайдаланатын  табиғи  компоненттер, табиғи  ресурстардың  классификациясы  оларды  олардың  таусылуы  және  қалпына  келтірілуіе  сипаттайтын  көрсеткіштер  мен  белгіле тобы  бойынша  бөлінуін, экономика  салаларында    пайдаланудың  шегін  білдіреді.

Кері байланыс

«Бұл сабақты оқып, мен…»

Білмеймін .......

Білемін .....

Түсінемін .....

Түсінемін және қолдана аламын ....

Басқа біреуді үйрете аламын .....

Үйге тапсырма

Табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



     

Тексерілді: Пұсырманова.Г


Бөлім:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Асқарбек.Н

Күні:

09.03.2023 ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Зайырлы мемлекет және дін

Сабақтың мақсаты

Зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасын ажыратады, зайырлылық ұстанымының дінге қатысты қағидаттарын айтып бере алады.Зайырлы мемлекет пен оның белгілері туралы біледі.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ой қозғау

  • Зайырлылық дегенді қалай түсіндіңіздер?

  • Алаш қайраткерлері бұл сөзді өз заңнамаларында қандай мағынада қабылдаған?

  • Зайырлылық ұстанымы дегенді қалай түсіндіңіздер?

  • Теократиялық мемлекеттік жүйе дегенді қалай түсіндіңіз?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

35 мин

Мәтінмен жұмыс

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. 

«Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. 

Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін. 

Сондықтан, Қазақстанның діни қайраткерлері бұл жолда жұмыс атқарады деп ойлаймын» деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. «Зайырлылық» ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін, діни сенім бостандығының қамтамасыз етілетіндігін танытады. Мемлекет пен діннің арақатынасындағы жанды байланыстар зайырлы және рухани-діни құндылықтардың арақатынасы негізінде орныққан.

Адам мен қоғам өмірінде ерекше орын алатын дін рухани мәдениеттің қалыптасу үдерісінде негізгі функцияларды атқарады, мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына ықпал етеді. Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі.

Тапсырма

«Қазақстан – зайырлы мемлекет» тақырыбына шағын шығарма жазу

ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы

5ми7


Сабақты қорытындылау

Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз.

Кері байланыс

“Идеялар себеті”

-Бүгінгі тақырыпта алған мәлімметірм.

-Сабақта қиын болған тұстар.

Үйге тапсырма

«Зайырлы мемлекет және дін» эссе

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



     

Тексерілді: Пұсырманова.Г

___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-30



Бөлім:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Діннің пайда болуы және маңыздылығы, әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:

Еңбек өнімділігін арттыру, қоғам, мемлекет еңбек арқылы дамитынын түсіндіреді.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21


    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Ой талқы» 




  1. Дін дегенді қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді айтып беріңдер.

  2. Діннің не екенін ғылым қалай түсіндіреді?

  3. Діннің құрылымын түсіндіріңдер.

  4. Діни бірлестіктер туралы не білесіңдер?

Дін мен мифтің бірлігі және айырмашылығы неде?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Оқушыларға сұрақтар қою.

. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылғанмақалалар,ғылыми еңбектерсаны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Цицероншығармаларында «религия»сөзі халықтың тұрпайысоқыр сенімінеқарсы қойылғанұғымретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-біртұжырым, дін деп кез-келгенсенімтүрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оныңсубстанциясы. Сенімқарым-қатынас,байланыссынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Менқұдайғасенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады.Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.

Құрбандықне мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, олкөзқарасдіннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмдіатайды. Діннің негізінде рәсім тұр.Рәсімдеп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.

Дін әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс;

Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындауы және соған илануы.

Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз.

Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық генінің» болуы ықтимал деген болжам жасайды.

Дін және ғылымның айырмашылығы

Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға, теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ. Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады, зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін. Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті.

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

1-тапсырма

  • Дін туралы түсініктердің дамуы

  • Діни бірлестіктер жайлы

  • Дін және ғылымның айырмашылығы

Дін және мәдениет

Жұптық жұмыс жасауда ЕБҚ оқушыларға жұпты таңдауда қолдау көрсетіледі

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын.

Кері байланыс.

“Идеялар себеті”

Бүгінгі тақырыпта алған мәлімметірм.

Сабақта қиын болған тұстар.

Үйге тапсырма

Діннің пайда болуы және маңыздылығы, әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект





Бөлім:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Асқарбек.Н

Күні:

16.03.2023 ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Діннің құрылымы мен қызметтері

Сабақтың мақсаты

Діннің адамзат баласының тарихында алатын орны,діннің тарихын білу, зерттеу әр оқушы үшін мәдени қажеттілік екенін түсіндіру, діннің қоғамда бірлік пен тұрақтылықты қалыптастырудың бірден-бір кепілі екендігі туралы мәліметтер беру.Діннің құрылымы және функциялары туралы мәліметтер беру

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ой шақыру



-Оқушылар дін қалай пайда болды деп ойлайсыздар?

-Неліктен әр халықтардың діндері әр түрлі?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

35 мин

Мәтінмен жұмыс

1 Дінтану пәні.
2 Дінтануыдың пайда болуы мен дамуы.
3 Дінтану және мифология, олардың қарым-қатынасы мен өзгешелігі.

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мұсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология құдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық тұрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. 

Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Құдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пәні дін болғандықтан, діни көзкарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық тұрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс құбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық санамен түсіндіруге болатын құбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX ғасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, әсіресе қандай да бір ғылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде калыптасты. Ондай бастаудың шыңында түрған адамдар Э.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алғашқы мәдениет» атты фундаментальды монографиясында және Дж.Фрезердің көп томдық «Алтын бұта» атты еңбектерінде дінді ғылыми, теориялық жэне эмпирикалық тұрғыдан зерттей бастады. Бұлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми әдістемесін қолдануы еді. Бұндай бетбұрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және т.б.

Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы. 

Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, ол күрделі құбылыс және осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды.
1-тапсырма

-Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша қай кезден діннің дамуы болды?

-Қандай діни ғылымдар бар?

-Дінді зерттейтін ғылымдарды ата?

2-тапсырма

Сәйкестендіру кестесі

1

Теология

А

құдайсыздық

2

Дінтану

В

Сенімді ұялату

3

Атеизм

С

Арнайы ғылым

ЕҚБ маңызды кездесетін термин сөздерді атайды не жазып көрсетеді

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы

5 мин


Сабақты қорытындылау

Дін атаулының қандайының болса да басты белгісі табиғаттан тыс күшке сену. Ол жан, зат, қимыл-әрекет, қасиет, қатынас, байланыс ретінде көрінуі мүмкін.

Кері байланыс.

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қиын болды?

  • Не күрделі болды?

  • Мен енді нені үйренгім келеді?

Үйге тапсырма

Діннің құрылымы мен қызметтері?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21