Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 83

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады.Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді.Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді.Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді.Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.ЖүзуЖанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған. Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады. Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады. Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау ке­рек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады. Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.


Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек. Содан кейін ғана брасс, болмаса баттерфляй әдісімен малтуға ден қоюға болады.Жалпы жүзуден жарыс бағдарламасына — етпеттен жатып құлаштап жүзу, шалқадан жатып құлаштап жүзу, брасс және баттерфляй жаттығулары кіреді.Қозғалмалы ойындар7Спорттың ойындардың бір түрі — баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады. Халықаралық федерациясы жұмыс істейді.Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады — жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында, нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болсын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, допты торға түсіру, болмаса допты әріптесіңе дәл бере білу, допты алып жүргенде қар­сыласын алдап өту, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Волейбол — спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондыңтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдам­дығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындың деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, болмаса допты қарсыласының алақанына алдап тастау, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.Волейбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оңу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оңу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан, бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Арқан тартыс. Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.


1.2 Секіру әдістерінің түрлері
Секірудің - көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы – бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе- тең қозғалады. Аяқ алдын – ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқы алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады.

Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған 900 бұырш жасай ытқитын болса, онда дене есеппен жоғары көтеріле де, қайтадан сол өз орнына түседі. Егер серпу 450 – қа келсе басқа жағдайлар бірдей болғанымен ұшу қашықтығы ең көп болады. Егер, бұл бұрыш 450-тан үлкен, бірақ 900 – тан кіші болса, ұшу төменде, түсу қашықтығы да алыс болмайды. Бірақ, іс жүзінде бірқатар қосымша жағдайлардың ырқ ұшу қашықтығын алыстатуға мүмкіндік бар. Мысалы, қашықтыққа жүріп барып секіретін болса 450- тан аз бұрыш жасай секіргеннің өзінде барынша алысқа ұшып түсуге болады. Бұлай болатын себебі – екпінімен секіргенде ытқу бағыты ғана емес, сонымен бірге дененің екпін алар алдындағы әрекет қимылында үлкен маңызы соққан жел мен арттан қуалай соққан жел де әсер етуі мүмкін.

Секірдің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер – жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Ауырлық орталықтың қалықтау жолын осы екі күштің шамасы мен бағытына байланысты тең әрекет ететін қалықтау жолы деп есептеуге болады. Бүкіл секірісті негізгі төрт кезеңге бөлуге болады. Олар: дайындық кезеңі, ытқу кезеңі, ауада қалықтау және жерге түсу кезеңі деп аталады.

Дайындық кезеңі – тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай аусуынан басталады.

Ытқу кезеңі - немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез жазылуынан тұрады. Буындардың осындай шапшаң жазылуы нәтижесінде тіреніп жылжуы дененің ауырлық орталығына беріледі, сөйтіп осының ізінше қалықтау кезеңі басталады. Ытқу сәті өте – мөте жауапты сәт болып табылады, өйткені бүкіл дене бұлшық еттерінің; солардың ішінде аяқ бұлшық еттерінің барынша жиырылуын талап етеді. Табандағы барлық бұлшық еттер жиырылып, балтырдың артқы және сыртқы бетіндегі бұлшық еттер, санның төрт басты бұлшық еттердің бастары ұршық буынының артындағы бұлшық еттер күшті жиырылады.


Қалықтау – кезде дененің ауырлық күшінің доға сызық (траэкториясы) алдын – ала (тықу кезеңінде) берілгендіктен оның тек сырттан әсер ететін күш арқылы ғана (мысалы, қарсы алдынан соққан неме жолай соққан желдердің күшімен ғана) өзгертуге болады. Секірудің әдетегі жағдайлары кезінде сыртқы күштер денеге айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ бұлшық еттердің қозғалыстары арқылы дененің қалпын оның өз ауырлық ортылығының қалықтау деңгейін өзгертуге болады. Дененің көлденең немесе бүгілу қалыптарын келтіруге мүмкіндік бар. Дененің қалпын осылай өзгерту арқылы дәл осы траекторияда қалықтау биіктігі мен қашықтығы белгілі дәрежеде арттыруға немесе азайтуға болады. Таяқшадан асып секірген уақытта дененің бүгу арқылы дененің таяқшадан үстімен өтсе де оның ауырлық орталығын таяқшаның астынан өткізуге болады дейтін пікір бар. Теориялық тұрғыдан бүкіл дененің қозғалысы мен оның ауырлық орталығының қозғалысы арасындай мұндай ара қатынасты мүмкіндеуге болады. Секірген кезде қолдарды қозғалтудың белгілі маңызы бар. Егер түрегеп тұрып қолды шапшаң әрі күшті сермейтін болса, онда бүкіл дененің қозғалысын орын ауыстырып байқауға болады. Қолдарын жұлқып сермеу арқылы спортшы дене өз қалпын қозғалыстарға келтіреді. Сөйтіп солжақ қолдың салмағы дененің салмағынан көп болмағанымен бүкіл дененің, массалық екпінімен жеңеді. Сол себептен секірудің ытқу кезеңінде сермеуі дененің жалпы ауырлық орталығының траекториясы біраз әсер етеді. Қалықтау кезеңінде бүкіл дене өз қалпын ептеп өзгертеді. Егер ұзындыққа секірудің ытқу сәті кезінде ауырлық орталығының тік сызығы тірек ауданының алдынан өтетін болса, жерге түсу сәтінде ол оның арт жағынан өтеді.

Секіру жерге түсу кезеңімен – аяқталады. Жерге түсу кезінде аяқтың бұлшық еттері дене жерге түскенде алатын соққыны жеңілдету жұмыстарын атқарды. Жерге түсу кезінде кезінде аяқ тиетін жер немесе алаң ауырлық орталығының қалықтау доғасының жалғасына орналасса ғана тепе – теңдік сақтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл жалғас жерге түсу алаңының ішімен өтуге тиіс. Әдетте ұзындыққа секіоген кезде жерге алдымен өкше тиеді, соның салдарынан аяқ басының солқылдақтық қасиеті толық пайдаланылады. Жерге аяқтың ұшымен түсу аяқ басын қатты бүгуді талап ететіндіктен іс жүзінде оны орындау мүмкін емес. Ытқу сәтінде қолдың жоғары қарай сілтенуі демді ішке қарай алуға ықпал етеді, қалықтау кезінде тыныс біраз тоқталып қалатыны байқалады, ал жерге түсу кезеңі демді іштен шығаруға ықпал етеді.


Дененің айналма қозғалыстардың тәнтанулық сипатамасы – біз жоғарыда айтқандай дененің үдемелі қозғалысынан басқа айналма қозғалыстары да болады. Мұндай қозғалыстар кезінде бүкіл дене өзінің жекелеген нүктелерімен кейбір біліктердің маңында сызып шығады. Айналмалы қазғалыстар көбінесе гимнастикада, коньки мәнерлеп тебуде, суға секіруде және тағы басқа спорт түрлерінде кездеседі.

Әр дененің өзінің екпіні болатыны белгілі сол себептен оны тыныштық жағдайынан шығару үшін немесе оның қозғалу бағытын өз герту үшін денеге белгілі бір күш жұмсау қажет. Үдемелі қозғалыстар кезінде мұнда қарсылық дененің салмағы тура сәйкес, ал айналма қозғалыстар кезінде дененің екпіні байқалады. Екпін сәтінің айналудың бұрыштық жылдамдығына көбейтіндісі тұрақты шама болып табылады. Оны айналу санының тұрақтылық заңы дейді. Дененің екпін сәтін өзгерту арқылы айналудың бұрыштық жылдамдығын өзгертуге болады. Адам денесінің екпін сәті түрегеп тұрған адамда шамамен 1,2 кг/мг – қа жүрелеп отырған адамда ,23 кг/мг – қа, ал жатқан адамда 17 кг/мг – қа тең. Қандай болсада айналу сипатындағы жаттығулар орындаған кезде бүкіл дененің немесе оның бір бөлігін екпін сәтін өзгертуге тырысады. Мысалы, пируэтті орындауған кезінде аяқ – қолды дененің ұзына бойлық білігіне жақындату арқылы бүкіл дененің екпін сәтін шамамен 7- есе, сальто орындаған кезде 3-есе азайтуға болады. Егер екпін сәті 3-есе азаятын болса, онда бұрыштық жылдамдық 3- есе артады жіне керісінше болады. Дененің айналма қозғалысына мысал ретінде, бір орында тұрып артқа қарай сальто жасауды келтіруге болады.

Сальто – дененің айналма қозғалыстардың бірі. Оны орындаған кезде де білігінің көбінесе көлденең білігінің айналмасына айналады. Сальтоның аса қарапайым түрлерінің бірі – артқа сальто жасау. Оны орындаған кезде қозғалыстарды төрт кезеңге: дайындық, ырғу, қалықтау және жерге түсу кездеріне бөледі. Олардың ішіндегі қалықтау кезеңі бірінен соң бірі келетін: көтерілуге , жиналуға, айналуға және оңғарылуға бөлінеді.

Дайындық кезеңі - секіру кезінде дайындық кезеңіне ұқсас тізені бүгуден тұрады, ал мұның ізінше екінші кезең келеді.

Ырғу кезеңі – аяқ пен денені шапшаң қатты жазудан және қолды сермеуден тұрады, осылардың нәтижесінде дене ырғыйды. Секіру кезінде ытқу дененің ауырлық орталығына бағытталған болса, сальто кезінде ырғу тірек ауданының орталығын және бүкіл дененің ауырлық орталығын қосатын түзу сызыққа аздаған бұрыш жасап бағытталады. Сол себептен дене көтеріліп қалықтаған кезден бастайды, өйткені ол ырғудан айналуға күш алады. Осы күштің арқысында дене қалықтау кезде өтісімен өзінің жалпы ауырлық орталығы арқылы өтетін көлденең біліктің бойымен айналады.