Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қалықтау кезеңі – қиындығымен ерекшеленеді. Акробат оны орындаған кезде біраз әуелеп тік көтерілгеннен кейін денесін домалатып жинайды. Яғни аяқ – қолын ішіне тартып, денесін бүгулі қалыпқа келтіреді. Сонымен бірег дененің екпін сәті азаяды. Қозғалыс санының тұрақтылығы” атты заңға сәйкес, дене екпін сәтінің азаюынан, дененің айналма қозғалысының бұрыштық жылдамдығын артады. Сөйтіп бүкіл жаттығудың ең маңызды бөлігі ауада айналу жүзеге асады. Айналма қозғалыстан соң іле – шала акробат қалықтау кезеңінде денесін оңдауды. Бұл кезде дененің екпін сәті артады, бұрыштық жылдамдық азаяды, сөйтіп дененің айналма қозғалысы баяулайды.

Жерге түсу – кезеңі секіру кезіндегі жерге түсуге ұқсас. Осы тақырыптың алдында келтірілген дененің жекелеген бөліктері қозғалысқа келгенде бұлшық еттердің атқаратын іс - әрекеттеріне арналған тақырыпқа сүйеніп сальтоны орындағанда бұлшық еттердің оған қалай қатысатынын талдап көру қиын емес. Сальто жасап ұшқан кезде тыныс тоқталып қалады, соның өзінде ырғу кезеңінде демді ішке алуға аса қолайлы, ал денені домалата жинағанда тынысты ептеп іштен шығаруға қолайлы жағдай туады. Жаттығуға осындай сәттерді машықтануға пайдаланса үлкен табысқа жетеді. Көлденең білікке қатысты аздаған екпін сәті болатын бойы аласа адамдардың сальто жасаулары, бойлары биіктерге қарағанда көп оңай болады.
2 СЕКІРУ ӘДІСТЕРІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

2.1 Ұзындыққа секіру әдісінің негізі
Жүгірудің мақсаты – қозғалысты бақылауға ала отырып, жоғарғы жылдамдыққа жеткізу.

Мықты спортшыларда жүгіру адымдарының саны 38 – 39 м. ұзындықта 18 – 24- ге жетеді, әйелдерде 32 – 42 м. ұзындықта 16 – 22-ге жетеді.

Спортшылардың арнайы жүгіру дайындығының дәрежесін, кӛбінесе, жүгіру кезіндегі неғұрлым кӛп жүгіру адымдары анықтайды. Арнайы жүгіру дайындығының деңгейіне ұзындық пен жүгіру жылдамдығының байланыстылығы жатады.Екпінмен жүгіріп, ұзындыққа секіруді тӛрт бӛлікке бӛлуге болады: екпін алу, серпілу, ұшужәне түсу.

Жүгіру дәлдігі стандартты ұзындықпен жүгірудің барлық бӛліктерінде жүгіру адымдарының қарқынын 3,1% азайтуға байланысты (С.Монастырев, 1987).

Екпін алу.Жүгірудің алғашқы жағдайы маңызды рӛл атқарады, ол секірушінің жағдайымен іс-қимылының тұрақтылығымен сипатталады. Жүгірудің алғашқы нұсқасы бірнеше түрлі (орыннан жүгіріп келіп, т.б.).«Орыннан екпін алғанда – бір аяғы алда» және жеңіл жүгіру арқылы қозғалыс жасау неғұрлым кӛп қолданылады.Жүгірудің орта тұсында бірте-бірте тіктеліп, (75-80°) қолмен аяқтың амплитудасы арта түседі.Жүгірудің соңында дене тік қалыпқа кӛшіріледі.Соңғы адымға дейін жүгірудің дұрыс техникасын сақтау, итерілу кезінде «серпілу» сезімін және қозғалғанда ӛзіне ӛзі бақылау жасай білу аса маңызды.Тәжірибелі секірушілер жүгірудің соңғы 3 адымында қозғалыс қарқынын арттыра түседі.


Бүгінгі таңда жүгірудің тӛрт нұсқасы қолданылады: жүгіруді бірте- бірте арттыру: тез, жедел, бастау, орта тұста сенімді жүгіру және жүгірудің соңында жылдамдықты арттыра түсу: тез, белсенді басталу, содан кейін орта тұста жылдамдықтыүдемелеп арттыру, қозғалу амплитудасын арттыру және жүгірудің соңында жылдам жүгіріп ӛту.Екпін алудың бастапқы кезін орындағанда, ең маңыздысы, ол белгіленген аяқты бақылау белгісіне қою маңызды. Бір есте сақтайтын нәрсе, егерде екпін алу адымы тақ болған жағдайда бақылау белгісіне серпілетін аяқ қойылады жене қозғалысты сермелетін аяқ бастайды.Екпін алудың бастапқы сәтінен бастап жылдамдықты алу басталады.Секірушінің жүгіру әдісі, қысқа қашықтыққа тік жолмен жүгіруге ұқсас келеді.Қол және аяқ қозғалысы ауқымдыдененің еңкею бұрышы 80 градусқа жетеді, екпін алудың соңына қарай дене түзеледі.Осы сәттен бастап назар серпілуфазасында болуы абзал,әр серпілу адымында табан жерге нық қойылады, ӛз жүгіруін қадағалап отарады, жүгіру бір сызықпен орындалады және жан-жаққа теңселуді болдырмау керек.

Жүгірудің барлық варианты ерлерде 10, - 11м/с., әйелдерде 9,0 – 10,0м/с. Жылдамдықты арттыруға болады. Неғұрлым тиімді, дегенмен итеруге қиын тиетін – тӛртінші нұсқа.

Жүгірудің соңғы адымдарында итерілуге дайындық жүреді, ол итерілудің алдындағы соңғы адымда жайлап отырумен сипатталады.Бұл дене массасының жалпы орталығынтӛмендетуге және сол арқылы сапалы итерілуді орындауғаәрекет жасайды.Отыру қозғалыс динамикасына кері әсер етпеуіүшін секірушілер соңғы адымда күш түсетін ӛкшемен итеріліп, жамбасты алға қарай жіберулері керек.Сӛйтіп, денені итерудің алдында шамалы иіліп (2 - 4°),иықты артқа шалқайтып,жамбасты алға жіберумен жүзеге асырылады.

Соңғы адымның ұзындығы ерлерде оның алдындағыдан 15 – 20см, әйелдерде 5-10см қысқа болуы керек. Кейбір секірушілерсоңғы екі адымды бірдей ұзындықта сақтап, тіпті, соңғысы оныңалдындағыдан артық болуы да мүмкін.Серпілу.Секірудің бұл бөлігі аяқтың итерілетін орынға қойылу сәтінен басталады.Аяқ толық табанға, сырт жақ кішібақай дөңес жағына қойылады.

Кӛптеген секірілушілер аяқты итеруді ӛкшемен жүзеге асырады, бұл жағдайда ӛкшенің жолдан 2-5см сырғанайды.Аяқты жерге қойғанда секірушінің бұрыш параметрі 70градус аяқ тізе буынан сәл бүгіледі.Cекіруді бастайтынспортшыларға, аяқ күші толық дамымағаннан, аяқты жасанды түрде бүгуге болмайды, себебі, тірек реакция күшін кӛтере алмауы мүмкін. Содан кейін тірелу реакциясының күші тез-ақпайда болады. ( Ол 800 + 150 кг. дейін жетіп, 0,020 с. Соң 250 +50 кг.дейін тӛмендейді.



Осы сәтте секіруші итерілгенде қозғалыс инерциясының күшімен және буындармен (қол және бас аяқ) жолға күштүсіреді. Бұл аяқтың буындарында иілуіне және аяқтың бұлшықеттерінің созылуына мүмкіндік береді. Бұлшық еттердің созылурефлекс механизмі бойынша бірте- бірте қысқарады. Бұл жағдайда кинетикалық энергияның бұлшық еттері арқылы потенциялық энергиясы пайдаланылады.

Амортизация жағдайында тізе буынында бұлшық еттер неғұрлым күш туғызады. Итерілген аяқты бүгу кезінде тілерсекке күш түседі. Аяқ барлық буындарда бүгілгеніне қарамастан,амортизация кезінде дене массасы жалпы орталығыныңқозғалыс траекториясының тӛмендеуі болмайды, ӛйткеніитерілген аяқ тӛңкерілген маятник бойынша тізе буынына салыстырғандай айналады. Соның нәтижесінде Д.Ж.О.М(дененің жалпы ортақ массасы) 87% болып қалған,13%итерілген аяқтың бүгілуіне сай келеді.

Осы күш әрекетінен тізе және жамбас сан буындарыбүгіледі.Тік кезінде,сермелетін аяқ белсенді түрде алға жоғарышығады, буындар жазылады.Тік моментіне дейін тірек реакциякүшінің сәл кӛбеюі бұлшық ет күші арқылы және сермелетінаяқтың және қолдың жұмысы арқылы іске асады.Тізе жәнежамбас буындарының жазылуына қатысуы тік моментінін ӛтукезінде басталады. Қолдың және сермілетін аяқтың әрекеті алға жылжуды қамтамасыз етеді.Итерілудің аяқталуы табанының алу моментіне дейін тірек реакция күшінің әрекеті аз мӛлшердебайқалады.Оптималды итерілу бұрышы 75 0 қолайлы ұшубұрышы - 22 0 мӛлшерінде.Тез итерілy, горизантальді екпін алужылдамдығы аздау болады яғни секірушінін ұшуы кӛбейеді.

Ҧшу. Секіруші итерілгеннен кейін ұшу бӛлігіне енеді де,ДЖОМ-ның (дененің жалпы ортақ массасы) траекториясынбаллистикалық қисық бойынша ӛткереді. Секірудің ұшубӛлегінде секірушінің барлық қозғалыстары тепе-теңдіктісақтаумен және тиімді жерге түсуді орындауға бағытталған.Секірудің қашықтығы ұшудың бастапқы жылдамдығыменқамтамасыз етіледі, ол таңдаулы секірушілерде 9,4 – 9,8м\с.

Ұшу фазасын үш бӛлікке бӛлуге болады:1)Кӛтерілу,2)Тік бағытта алға козғалу, 3)Түсуге дайындалу.Итерілу кезінде бағытты ӛзгерте отырып, секіруші қажеттіұшу биіктігіне кӛтеріледі.Секірушінің ұшу кезеңін кӛтерілуге,қозғалыспен ұшуды жалғастыруға (секірудің үш түрінің біріне сай келетін – «аяқты бүгіп, «иіліп» және қайшылау) және жерге түсуге бӛледі.

Секірудің барлық тәсілдерінің кӛтерілу негізі біреу болады. Итерілгеннен кейін итерілген аяқ біршама артта қалдырылып, жамбасты алға қарай қозғалту есебінен бүгіле бастайды.Қол итерілгеннен кейін біршама тӛмен түсіріліп, тікқалыпқа ие болады да, тепе-теңдікті сақтайды. Осы ӛтпелі жағдай «ұшу адымы» деп аталады. Ол секіру ұзындығының бірінші ширегіне дейін сақталады. Ұшу адымы «аяқты бүгіп»иіліп немесе «қайшылау» әдістерін орындауға алмасады.


Дененің алға қарай айналып кетуін болдырмау үшін секіруші итерілгеннен кейін жамбасты алға қарай жіберіп, денені сәл ғана артқа итеруі керек, бұл жағдайда бір немесе екінші қолмен артқажоғары қарай қозғалыс жасалуы және серпілген аяқты түзетукерек, содан кейін тӛмен түсіру қажет. Секіруші кез келгенжағдайда ұшу адымында басталған басқа қозғалыстармен қатар,жамбасты аздап алға қарай жіберуі керек. Егерде осындайқозғалыс қалыптағыдай болса, онда секіруші тепе-теңдікті сақтай отырып, уақыттан бұрын жерге түсуден құтылады.

Секіруші ұшу кезеңінің басында осы қозғалысты игере отырып,ұшудың сәттілігіне қол жеткізуімен қатар, итерілуді батыл орындайды.

Жерге түсу.Бұл секірудің соңғы бӛлігі алысқа секірудің негізі деп қарауға болады.Жерге түсу секірудің соңғы бӛлігінде секірушінің БОМ біліктің ортақ массасы) итерілу уақытының биіктігіне түскенде басталады.Cекіруші аяғын тізе буынынантүзетеді,иық алға жіберіледі, шынтақтан сәл бүгілген қолмейлінше артқа тасталады. Нәтижелі жерге түсу үшін аяқтыбылай ұстаған абзал, аяқтың қиғаш бӛлігі түсетін жерге сүйірбұрыш болғанда алға тастау керек. Жерге табан тиген сәттесекіруші қолды алға тастайды,аяқты тізеден бүгеді.

«Аяқты бҥгіп» секіру әдісі. Бұл әдіс ӛте қарапайым және қолдануға қолайлы, ӛйткеніжаңадан секірушілер алдын алакӛрсетпей-ақ, ұзындыққа секіруде осы тәсілді қолданады.Адымдау жағдайында итерілгеннен кейін артқы қалдырылғанаяқты алға қарай тартып, екі аяқты да кеудеге жақындатуыкерек. Денені бұл жағдайда алға қарай июдің қажеті жоқ.

Жерге түсер алдында шамамен 0,5 м дейін аяқтар түгелдей тікқалыпқа кӛшіріледі. Қол басталған қозғалысты жалғастыраотырып, алға – артқа қарай түсіріледі. Осы қозғалыс жергетүсер алдында тізені дұрыстауға және тепе-теңдікті сақтауғамүмкіндік береді. Секірудің елеулі кемшілігі, ұшқаннан кейіналға қарай айналу сәтін ұлғайту болып табылады. Итерілуден кейінгі аз ғана мӛлшердегі айналу елеулі түрде күшейеді. Аяқтыбүгіп және еңкейгеннен кейін, секіруші айналу радиусыназайтып, бұрыштық жылдамдық пен айналу сәтін арттырады,соның салдарынан тепе-теңдікті жоғалтады. Тепе-теңдіктіжоғалтпаудың алдын алу үшін, денені тіктеу мен қолды жоғарыкӛтеру бұл тәсілде ұзындыққа секіруді барлық тәсілдерінеқарағанда тиімсіздеу.

Иіліп ҧзындыққа секіру тәсілі. Бұл секіру мынандай жағдайда орындалады: «адымдап» келіп ұшқан секірушісерпілген аяқты тӛмен артқа түсіріп, осы сәтте сәл ғана алғақарай жылжыған итерілген аяқ тізе буынынан иіледі.Сол сәттежамбас алға жылжып (ДМОК салыстырғанда) секіруші бел жәнекеуде тұсынан бүгіледі. Бұл қозғалысқа жартылай бүгілген қолды екі жағына немесе артқа – жоғары қарай жіберу жағдайтуғызады. Иілген секіруші шамамен ұшу жағдайының жартысынұшып ӛтеді. Осындай жағдайда секіруші бір сәттік үзілістісезінеді.


Дененің созылған бұлшық еттері әдемі иілуге мүмкіндік береді және жерге түсу үшін аяқты жеңілдетеді. Тізеден бүгілгенаяқтар тез артқа алға қарай жіберіліп, дене алға қарай иіледі, алқолдар алға – артқа қарай түсіріледі.

Егерде секіру техникасы жетілдірілсе, итерілу техникасы бұзылмастан орындалып, ұшу кезіндегі иілу мен жерге түсудайындалу ӛз уақытында орындалады, олай болса бұл тәсілнеғұрлым тиімді.

«Қайшылау» тәсілімен ҧзындыққа секіру тәсілі.Бұл секірілу жүгіріп келуден итерілуге ауысуда және ұшужағдайындағы қозғалыста адымдау қадамының құрылымынүйлестіру есебінен неғұрлым тиімді. «Қайшылау» аты қозғалыссипатын толық бере алмайды. Ұшу кезінде тіктелген аяқпен бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс болмайды. Секіру кезінде аяқтар 2-3 адымдау жағдайындағыдай, бірақ неғұрлым еркін жәнесерпілмелі қозғалыс жасайды. Сондықтан бұл тәсілді «ауадажүгіру» деп атайды.

Содан кейін сол аяқ серпілетін ӛте бүгілген жағдайдажоғары артқа қарай жіберіліп, жерге түсер алдында түзетіліп,итерілетін аяққа қосылады.Аяқ алға қарай жіберілгенде денеалға қарай еңкейеді.Адымдап келіп ұшқаннан кейін қолдаржоғары кӛтеріліп, әр түрлі шеңберлі қозғалыстар арқылытеңдіктер сақтайды. Сермелген аяқ жерге түсірілгенде сол аяқ,оң қол шынтақ тұсынан түзетіліп, жоғары кӛтерілу арқылы артқа жіберіледі. Бүгілген басқа қол итерілудің соңында түзетіліп, содан кейін жоғары жіберіледі. Аяқты алға қарай жібергенненкейін қол тӛмен түсіріліп, дене бүгіліп, жерге түсуменаяқталады. Секірудегі барлық қозғалыстар табиғи түрдежасалып, бірінен кейін бірі жалғасады.

Жерге тҥсу. Жерге дұрыс түсу алысқа секіруде үлкен маңызға ие. Кӛптеген секірушілер жерге дұрыс түспеусалдарынан ӛздерінің тиісті нәтижелеріне жете алмайды.Секірудің барлық тәсілдеріне топталу, жерге түсуге дайындалу ұшу траекториясының тік кесіндісінен бұрын басталады, бұлжағдайда дене массасының жалпы орталығы ӛзінің бастапқы деңгейіне жетеді, яғни итерілген сәттегі биіктікке деңгейлескеледі. Жерге түсуге дайындалу бірінші кезекте жамбастыкӛтерумен, тізені кеудеге жоғары кӛтеріп, денені неғұрлымиюмен қамтамасыз етеді. Сирақтар бұл жағдайда тӛментүсіріліп, қолдар жоғары артқы жағдайда болады. Осы ерекшеліктер жерге түсер алдында орындалуы керек. Аяқтардыбүгу және оларды ұстап тұру құмға түсер алдында орындалады.Жерге түсер алдында ӛкше жамбастан сәл тӛмен болуы керек.Дене бұл жағдайда кӛп иілмеуі қажет, ӛйткені ол аяқтынеғұрлым жоғары кӛтеруге кедергі келтіреді. Шынтақтанбүгілген қолдар жоғарыдан тӛмен түсіріліп, тӛмен сәл ғана артқа қарай жіберіледі. Табан жерге тиісімен аяқтарды тізеден бүгілубасталады. Бұл жерге түсер кездегі соққыны жеңілдетеді де,дене массасының жалпы орталығының кедергіден ӛтер кездегіқозғалысына мүмкіндік береді.