Файл: Ж. Б. Иманбаева, З. С. Жаниязова, А. біласымова Математикадан 14 сыныптар шін баылау жмыстары жне ызыты таспырмалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 1034
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-тоқсан Бақылау жұмысы №3
І нұсқа | ІІ нұсқа |
Арақашықтығы 450 км қаладан бір уақытта бір – біріне қарама – қарсы бағытта екі көлік шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 70 км/сағ, екіншісінікі 80 км/сағ. Олар қанша уақыттан кейін кездеседі? |
Екі теңіз айлағынан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта катер мен теплоход шықты. Теплоход 33 км/сағ жылдамықпен, катер 25 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан кейін олар кездесеті. Екі айлақ арасындағы қашықтық нешеге тең? |
2.Амалдарды орында. 5 576 : 34 4 651 • 36 901 056 – 118 967 19 680 : 32 | 2.Есептеуді орында. 189 252 : 63 5 409 • 49
|
3.Теңдеуді шеш. 413 + х = 208 • 20 360 : у = 190 086 – 189 996 | 3.Теңдеулерді шеш. 3 450 + (х – 34) = 5930 с – 863 = 50 940 : 566 |
4.Өрнектің мәнін тап.
| 4.Өрнектің мәнін тап
|
5.Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есепте. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 9см, ені 4см. | 5.Бөлменің ұзындығы 9м, ені 8м. Бөлмеде 36 адам бар. Әр адамға неше квадрат метрден келеді? |
6.Жақшаларды жазу дұрыс болатындай қойып шық. 500– 50 •2 + 3 = 250 2 080 : 4 + 4 = 260 | 6.Жақшаларды жазу дұрыс болатындай қойып шық. 300 – 30 • 4 + 2 = 120 60 + 40 : 4 – 2 = 80 |
4-тоқсан Бақылау жұмысы №4
І нұсқа | ІІ нұсқа |
Әмір өз ақшасының жартысына альбом сатып алды. Содан кейін анасы оған 130 теңге берді. Енді Әмірде барлығы 205 теңге болды. Бастапқыда Әмірде неше теңге болды? |
Темір өз ақшасының жартысына кітап сатып алды. Содан кейін анасы оған 210 теңге берді. Енді Әмірде барлығы 460 теңге болды. Бастапқыда Темірде неше теңге болды? |
2.Есептеуді орында. 10 000 000 – 895 632 724 • 308 3 145 986 + 4235987 546 630 : 70 38м 70 см : 8 дм 6 см 313 200 : 432 | 2.Есептеуді орында. 36 456 879 + 8 213 654 879 • 689 17 000 000 – 987 561 6 578 • 697
|
3.Теңдеулерді шеш. (х – 4 396) : 39 = 68 5 700 : х + 4044 = 4 272 | 3.Теңдеулерді шеш. 2 470 + (х – 520) = 6 479 85 095 : а + 540 = 845 |
4.Өрнектердің мәнін тап, мұндағы а = 60. 279 096 + а 49 • а – 369 50 + (а + 898) : 2 | 4.Өрнектердің мәнін тап, мұндағы а = 8, b = 5, c = 3. 40 • b + 30 • c 98 000 : b – c (6 300 – b) • c |
5.Қабырғасы 8 см болатын текшенің көлемін есепте. | 5.Ұзындығы 6 м, ені одан 2 есе қысқа, ал биіктігі ұзындығының ½ бөлігін құрайтын бөлменің көлемін есепте. |
6.Қосымша тапсырма. Тиісті жерге таңбалар мен жақшаларды қой. 3 3 3 3 3 = 51 3 3 3 3 3 = 30 | 6.Қосымша тапсырма. Тиісті жерге таңбалар мен жақшаларды қой. 3 3 3 3 3 = 39 3 3 3 3 3 = 36 |
Қызықты есептер мен логикалық тапсырмалар
-
Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (Жауабы: 2)
-
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның қабын және алдым.
2 дәптер, 1 қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары? (Жауабы: 6)
-
Алмаға кеп күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара? (Жауабы: 10)
-
Табақта 5 өрік
Қолында 4 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (Жауабы: 9)
-
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
-
Тоқылған салса себетке? (Жауабы: 3)
Төменде үш қаз ұшады
Үшеуі бұлтты құшады
Өзеннен көрдік екеуін
Айтқын қаз нешеу екенін ? (Жауабы: 8)
-
Бір алманы төртке бөлдім
Бір бөлігін жеп те көрдім
Қалған үлкен үш бөлігін
Қасымдағы 3 досыма бердім
Қолымда менің не қалды ? ( Жауабы: 0)
-
Аулада жүр балалар :
Самат , Арнат , Сашалар,
Келді және оларға
Сәуле, Шолпан ойнауға
Аулада қанша ұл ойнауда ? ( Жауабы: 3)
-
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (Жауабы: 30 қаз) -
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (Жауабы: 4) -
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (Жауабы: 60 алма) -
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (Жауабы: 45 алма) -
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (Жауабы: 70 асық) -
Үстелде 5 стакан сүт тұрған еді, Әсел бір стакандағы сүтті ішіп, стаканды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стакан қалды? (Жауабы: 5 стақан) -
Үстелде 10 алма жатыр. Оның 1-еуі екіге бөлінген, үстелде неше алма жатыр? (Жауабы: 10 алма) -
Үстел үстінде 8 шам жанып тұр. Оның үшеуін өшірсе, неше шам қалды? (Жауабы: 8 шам) -
Әкем, мен, шешем үшеуміз суретке түстік. Әкем шешемнің сол жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым? (Жауабы: сол жағында) -
Айнұрдың 7 жаңғағы бар еді. 1-еуін ағасына берген кезде екеуінде теңдей болды.
Ағасында неше жаңғақ болған еді? (Жауабы: 5 жаңғақ)
-
Бір бөлке нан мен бір қорап қант, бір бөлке нан мен бір қорап кәмпиттен ауырлау. Бұл неге байланысты? (Жауабы: бір қорап қантқа байланысты) -
Арман мен Бауыржанның бойлары бірдей. Арман мен Ғалымжанның бойлары да бірдей. Бауыржан мен Ғалымжанның қайсысы бойшаң? (Жауабы: бойлары бірдей) -
2 қайың өсіп тұр. Әр ағашта 10 алма, әр бұтақта 2 алмұрттан. Барлығы неше алмұрт? (Жауабы: Қайыңда алма, алмұрт өспейді.) -
Сара үстелге тастарды бір-бірінен 2см аралықта орналастырды. 10 сантиметрдің бойына неше тас қойылған? (Жауабы: 6 тас) -
Апалы-сіңлілі үш қыз бір мектепте оқиды. Олар: Алтын, Сәуле және Бақыт. Алтын Сәуледен үлкен еді, ал Сәуле Бақыттан үлкен. Кім үлкен: Алтын ба, әлде Бақыт па? (Жауабы: Алтын үлкен) -
Егер Маржан Айгүлден 2 жас үлкен болса, ал Айгүл Раушаннан 3 жас үлкен болса, қайсысы үлкен: Маржан ба, әлде Раушан ба? Неше жас үлкен? (Жауабы: Маржан Раушаннан 5 жас үлкен) -
Гүлжан мен Мараттың салмағы қанша болса, Болат пен Қанаттың салмағы сонша.Марат – 32кг, ал Болат – 40кг. Кім ауырырақ: Гүлжан ба әлде Қанат па? (Жауабы: Қанатқа қарағанда Гүлжан ауырырақ.) -
Алмұрт алмадан 2 есе қымбат. Қайсысы қымбат: 8 алма ма әлде 4 алмұрт па? (Жауабы: 8 алма мен 4 алмұрттың бағасы бірдей) -
Екі ұлы мен екі әкесі 3 жұмыртқа жеді.Әрқайсысы неше жұмыртқа жеген? Олар қалай бөліскен? (Жауабы: бір-бір жұмыртқадан, өйткені бұлар атасы баласы және немересі болатын.) -
Оқушылар спорттық шеберлігін көрсету үшін 4 қатарға тұрды: бірінші қатарға 2 бала, ал әрбір келесі қатарда алдыңғыға қарағанда 2 бала көп. Төртінші қатарға неше бала тұрды? (Жауабы: 8 бала) -
Үш ағайындының ішінде Асқар Айдардан ұзын,ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жауабы: Асқар ұзын бойлы) -
Екі адам ауылдан қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (Жауабы: 2 адам) -
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу басу керек? (Жауабы: 8-басқыш) -
Сатып алуға ақшасы жете ме? Баланың 5 тиыннан 3 тиындығы бар. Оның 8 тиынға сызғыш сатып алғысы келеді.Баланың ақшасы жете ме? (Жауабы: Жетеді, 7 теңгесі қалады.) -
Мектеп асханасындағы ас мәзірінде бір тәрелке сорпа мен самса 31 теңге, ал жарты тәрелке сорпа мен самса 23 теңге деп көрсетілген. Самса неше теңге тұрады? (Жауабы: Самса 15 теңге) -
Би үйірмесіне 7 ұл және 4 қыз қатысады. Барлық қыздар жұптарымен билеген кезде, неше ұл билемей қалды? (Жауабы: 3 ұл) -
Түнгі сағат 10-да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жауабы: жоқ, мүмкін емес.) -
Телеграф сымында қарлығаштар қонып отыр. Бір уақытта олардың 5-еуі ұшып кетіп, біраз уақыттан соң 3-еуі қайта оралды.Нәтижесінде сымда отырған қарлығаштар саны 12 болды. Ең басында сымда неше қарлығаш отырған? (Жауабы: 14 қарлығаш) -
32 санының жартысының екі еселенген ширегі нешеге тең? (Жауабы: 8) -
Кеше Жандостың туған күні болды. Ертең жұма болса, Жандостың туған күні қай күні болды? (Жауабы: сәрсенбіде) -
Саматтың әр түсті 20 шары бар: сары, жасыл, көк және қара. 17 шардың жасыл емес екендігі, 5 шардың – қара, ал 12 шардың сары емес екендігі белгілі. Саматтың қанша көк шары бар? (Жауабы: 4 көк шар) -
Баладан жасың нешеде деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Егер 2-ден бастап бір сан аттап қатарынан 9 санды санап шықсаң және соңғы санды 3-ке бөліп, 2-ні қоссаң, жасымның нешеде екенін білесің», - деді. Бала неше жаста? (Жауабы: 8 жаста) -
Сыныпта 29 оқушы бар. Олардың 12-сінің әпкесі, ал 18-інің ағасы бар. Тек қана Арман, Әсет және Әлияның әпкесі де, ағасы да жоқ. Сыныптағы қанша оқушының әпкесі де, ағасы да бар? (Жауабы: 4 бала) -
Барыс 6 сағатта 600 кг ет жейді, ал жолбарыс 2 есе жылдам жейді. Егер екеуі бірігіп жесе 600 кг етті қанша уақытта жеп болады? (Жауабы: 2 сағат) -
Жәнібек 18 теңгеге 3 дана сызғыш немесе 9 дана өшіргіш ала алады. Жәнібек 1 өшіргіш және 1 сызғыш алғанына қарағанда, 18 теңгеден қанша қалады? (Жауабы: 10 теңге қалады.) -
Екі себетте 70 алма бар. Біреуінен 6 алма, екіншісінен 4 алма алғанда, екі себетте бірдей алма қалды.Әр себетте қанша алма болған? (Жауабы: 1-себетте 36 алма, 2-себетте 34 алма) -
Екі санның қосындысы ең кіші төрт таңбалы санға тең. Егер осы екі санның үлкенін кішісіне бөлсек, онда ең үлкен бір таңбалы сан шығады. Екі санды тауып көр. (Жауабы: 900 бен 100) -
Дәурен ішіне 4 шелек су сиятын аквариумды толтырмақшы.. Ол краннан бір шелек су толтырып алып, аквариумға жеткенше жарты шелек су төгіліп қалып отырған.Аквариумды толтыру үшін Дәурен неше рет су тасу керек? (Жауабы: 8 рет) -
Меруерт бірнеше беті түсіп қалған ескі кітап тауып алды.Сол жағындағы бетте 24 саны, ал оң жағындағы бетте 45 саны тұр. Кітаптың неше парағы жоқ? (Жауабы: 10 парақ) -
Ағалы-інілі үш баланың біреуінің бір қарындасы, екіншісінің екі қарындасы, үшіншісінің үш қарындасы бар.Үйде барлығы қанша бала бар? (Жауабы: 6 бала) -
Аулада тауықтар мен үй қояндары жүр, бұлардың бәрін қосқанда 20 басы, 52 аяғы бар. Аулада неше тауық және үй қояны бар? (Жауабы: 6 үй қояны және 14 тауық) -
Аулада торайлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы,14 аяғы бар. Тауық пен торай нешеу еді? (Жауабы: 2 торай және 3 тауық) -
Дене шынықтыру сабағында оқушылар қатарға тұрды. Олардың бір-бірінен қашықтығы 1м. Бүкіл қатардың ұзындығы 25м. Оқушылар нешеу еді? (Жауабы: 26 оқушы) -
Ұзындығы 12м жіпті әр бөлігі 2м болу үшін неше рет қию керек? (Жауабы: 5 рет) -
Бір қатарда бір-бірінен 2см қашықтықта 8 дойбы тасы қойылған. Екінші қатарға бір-бірінен 1см қашықтықта 15 тас қойылған. Қай қатар ұзынырақ? (Жауабы: ұзындықтары бірдей) -
Екі бала әкелерімен бірге жолға шығып, кешке қарай өзенге келді. Жағада 100-кг-нан артық жүкті көтере алмайтын сал бар еді.Әкелерінің массасы 73 кг, ал балаларының массалары 45кг және 41кг болатын. Оның үстіне олардың массасы 15кг болатын қапшығы бар еді. Олар өзеннен қалай өтеді? (Жауабы: Екі бала арғы бетке барады, бір бала кері қайтады да жағада қалады, әкесі қапшықпен бірге кетеді, арғы беттегі бала келіп екінші баланы алып кетеді.) -
Сәуле үйіне қонаққа Айнұрды, Бауыржанды, Ұлжанды шақырды. Ыдыста алма, апельсин, алмұрт тұр еді. Әр бала өзіне жеміс таңдап алды. Айнұр алмұртты, Сәуле апельсинді, Бауыржан алманы қаламайды. Сәуле мен Ұлжан бірдей жеміс таңдады. Тек бір ғана бала алмұртты таңдады. Кім қандай жеміс алды? (Жауабы: Сәуле мен Ұлжан алманы, Бауыржан алмұртты, Айнұр апельсинді таңдады.) -
Сыныпта 30 оқушы бар. Әрбір 6 қызға 4 ұлдан келеді. Сыныпта неше ұл бар? (Жауабы: 12 ұл) -
Фотоальбомда 20 бет бар. Егер альбомның 5 беті 1 см қалыңдықта болса, альбомның қалыңдығы қандай болады? (Жауабы: 4 см) -
Қыз баланың шашы 1 айда 1 см 2мм өссе, 1 жылда қаншаға өседі? (Жауабы: 14см 4мм) -
Столдың үстінде өлшемі әртүрлі 3 қорап тұр: үлкендеу, орташа, кішілеу. Қорапшаларға доптар салынған.Үлкендеу қораптағы доптар саны орташадағыдан 2 есе, ал орташа қораптағы доптар саны кішілеу қораптағы доптардан 2 есе артық. Үлкендеу қораптағы доптар саны кішілеу қораптағы доптардан неше есе артық? (Жауабы: 4 есе артық) -
Арман КАNGAROO сөзінің суретін салмақшы. Ол сәрсенбіден бастап, әр күні бір әріптің суретін сала бастады. Аптаның қай күнінде Арман соңғы әріпті салып бітіреді? (Жауабы: сәрсенбіде) -
Сатушыда 6 жұмыртқа және 12 жұмыртқаға арналған қораптар бар. Оған 66 жұмыртқаны салу үшін кем дегенде неше қорап керек? (Жауабы: 6 қорап) -
Мейрам кезіне екі бірдей торттың әрқайсысы төрт тең бөлікке бөлінді. Сонан соң пайда болған әрбір бөлік тең үш бөлікке бөлінді. Әр қонаққа бір кішкентай бөліктен тиді және үш кішкентай бөлік артық қалды. Мейрамға қанша қонақ қатысты? (Жауабы: 21 қонақ) -
Көгершін қанатын 1 секундта 4 рет қағады. Көгершін қанатын 2 минутта неше рет қағады? (Жауабы: 480 рет) -
Бір отбасында 3 ағалы-інілі балалар бар. Олардың үлкенінен сұрағанда: «Біз үшеуміздің жасымызды қосқанда – 35-ке тең. Мені мен Мағжанның жасын қосқанда – 28, ал Мағжан мен Ерзаттың жасын қосқанда -19 шығады, - деп жауап берді. Балалардың әрқайсысы нешеде? (Жауабы: ол – 16-да, Мағжан – 12-де; Ерзат – 7-де ) -
Үйде 12 чашка 9 тарелкасымен бар еді. Балалар чашканың жартысын және 7 тарелкасын сындырды. Неше чашка тарелкасыз қалғанын есепте. (Жауабы: 4 чашка) -
Кенгуру Джампи әр жылда болатын жануарлар олимпиадасына дайындалып жаттықты. Жаттығу барысындағы оның ең алыс секірісінің ұзындығы 50дм 50см 50мм болды. Ол жарыста бұл нәтижесін 123см-ге арттырып, алтын медель жеңіп алды. Жеңіске жеткізген секірісінің ұзындығ қанша? (Жауабы: 6м 78см) -
Талғатқа Х ағаштарды суару керек. Ол 2 қатардағы У ағаштарды суарды. Әлі қанша ағаштарды суаруы керек? (Жауабы: Х – У•2) -
5 бірдей доп пен 3 қуыршақтың бағасы, осындай 4 доп пен 4 қуыршақтың бағасымен бірдей: Қайсысы қымбат: қуыршақ па, әлде доп па? (Жауабы: бағалары бірдей) -
Інім екеуміздің жасымыз қанша болса, әпкемнің жасы сонша. Әпкем әкемнен 2 мүшел кіші. Мен інімнен 8 жас үлкенмін. Інім 5-те. Басқаларымыз нешедеміз? (Жауабы: Ол 13-те, әпкесі 18-де, әкесі 43-те.) -
Африка түйетауығының 3 жұмыртқасы мен тауықтың 60 жұмыртқасының массасы 9 кг. Егер түйетауықтың бір жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасынан 20 есе ауыр болса, әр жұмыртқаның массасы қанша? (Жауабы: 1 түйетауықтың жұмыртқасы 1,5 кг; 1 тауықтың жұмыртқасы 75г) -
Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бөліп бергісі келеді. Оларға жетіден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар, атаның асығы нешеу? (Жауабы: 3 немере, 23 асық) -
Айнаш пен Гүлнардың сыныбындағы ұлдар мен қыздар бір түзу бойымен қатарға тұрды. Айнаштың артында 16 адам, оның біреуі Гүлнар тұр. Ал, Гүлнардың алдында 14 адам, оның біреуі Айнаш тұр. Айнаш пен Гүлнардың арасына 7 адам бар. Айнаш пен Гүлнарды қосқанда неше адам бар? (Жауабы: 23 адам) -
Катер 14 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүзді. Ол тағы да бұған қарағанда 2 есе артық жылдамдықпен 2 сағат жүзді. Соңғы жылдамдыққа қарағанда 4 км кем жылдамдықпен 3 сағат тағы да жүзген болса, катер осы 7 сағатта барлығы неше км жүзді? (Жауабы: 156 км) -
3 станокпен 5 сағатта 30 деталь жасады. 42 деталь жасау үшін қанша уақыт керек? (Жауабы: 7 сағат) -
Салмағы 123 грамм болатын қалайы қасықтан 25 кішкентай қалайы солдаттар жасалынды. 24 солдаттардың бір-бірінен айырмасы жоқ, бірдей. Ал 25-ші солдаттың бір аяғына қалайы жетпей қалды. Соңғы солдаттың салмағы қанша болды? (Жауабы: 3 грамм) -
А қаласынан В қаласына 1 мезгілде 2 машина шықты. Алдыңғы машина 30 км/сағ жылдамдықпен, ал соңғы машина 40 км/сағ жылдамдықпен келеді. Егер екінші машина алдыңғы машинаға қарағанда межелі жеріне 2 сағат бұрын жетсе, А мен В қалаларының арақашықтығы қанша километр болғаны? (Жауабы: 240 км) -
Автобуспен 18 адам келе жатты. Содан кейін әр аялдамада 4 адам түсіп, 6 адам мінді. Сонда 4-ші мен 5-ші аялдаманың аралығында автобуста неше жолаушы келе жатқан? (Жауабы: 26 жолаушы) -
4-сыныптың оқушылары сабақтан кейін мұражайға барды. Мұғалім оларға үш-үштен сапқа тұруларын өтінді. Айдос, Жанар және Қанат үшеуі өздерінің алдынан санағанда жетінші, ал артынан санағанда бесінші екенін байқады. Мұражайға неше оқушы барған? (Жауабы: 33 оқушы) -
Самат кітаптың бетін ашып қалып, оның оң жақ және сол жақ беттеріндегі нөмірлердің қосындысы 25 екенін байқады. Осы нөмірлердің көбейтіндісі нешеге тең? (Жауабы: 156) -
Буратиноның бойы 1м., ал оның мұрнының ұзындығы 9 см болатын. Буратино әр жолы өтірік айтқан сайын оның мұрны 2 есе ұзара түсетін болған. Оның мұрны бойынан ұзындау болғаннан бастап, Буратино өтірік айтқанды қойды. Ол неше рет өтірік айтқан? (Жауабы: 4 рет) -
А қаласынан В қаласына дейін 175 км. Автомобиль таңертеңгі сағат 9.00-де В қаласынан С қаласына қарай 90 км/сағ жылдамдықпен шықты. Автомобильмен бір мезгілде А қаласынан сол бағытқа қарай автобус шықты. Оның жылдамдығы автомобильдің жылдамдығының 3/5 бөлігін құраса, сол күнгі 13.00-де автомобиль мен автобустың арақашықтығы қандай болады? (Жауабы: 319 км)1 2 3 4 5 6 7 8
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 1 м 5см, ал ені одан 7 есе кем. Периметрі осы тіктөртбұрыштың периметріне тең болатын шаршының қабырғасының ұзындығын тап. (Жауабы: 60 см)
Оқушы 10 минуттың ішінде жолдың 5-тен 2 бөлігін жүрді. Осындай жылдамдықпен жолдың қалған бөлігін қанша уақытта жүреді? (Жауабы: 15 минут)
Қайраттың әжесі шкафқа 650 г-дық банкаға құйылған тосапты тығып қойды. Немересі Қайрат тосапты тауып алып күніне әжесінен тығылып 5 қасықтан жеп отырды. 20 күннен кейін әжесі тосапты қараса азайып қалыпты. Егер Қайрат 5 – г-дық қасықпен күніне 5 рет жеп отырған жағдайда неше грамм тосап банкада қалды? (Жауабы: 150 г)
Түйе бірнеше минутта 100 литр суды тауысады. Егер маймыл бір күнде 2,5 литр су тауысса, 100 литр су оған неше күнге жетер еді? (Жауабы: 40 күн)
Таңертеңгілік анасы себеттегі алманың тең жартысын алды және ұлына 2 алма берді. Түсте қалған алманың тең жартысын алды және қызына 1 алма берді. Кешкі асқа 3 алма қалды. Себетте барлығы неше алма болған? (Жауабы: 20 алма)
Роза мектепке бара жатыр. Сабақ 8 – 00-де басталады. Ол 7 – 40-та жолдың жартысына келді. Егер ол 8-ге 10 минут қалған кезде мектепке жететін болса, үйден мектепке дейін Роза қанша минут жүреді? (Жауабы: 20 минут)
Егер 1-ді өз-өзіне 1000 рет көбейтсе неше шығады? (Жауабы: 1)
Саяхатқа шыққан оқушыларды Сырдария өзенінің қарсы жағалауына қайықпен өткізу қажет болды. Олар әр қайыққа 6 оқушыдан отырса, 4 оқушы артық қалады. Ал 8 оқушыдан отырса, 1 қайық бос қалады. Топта неше оқушы болған, оларға қанша қайық дайындалған? (Жауабы: 16 оқушы - 3 қайық немесе 40 оқушы - 6 қайық)
Менің әкемнің аты – Марат Жомартұлы, ал менің ұлымның аты – Асхат Саматұлы. Сонда менің аты-жөнім кім? (Жауабы: Самат Маратұлы)
Таразының бір табақшасында 6 апельсин, ал екінші табақшасында 2 қауын жатыр. Егер бір қауынды алып тастасақ, табақшалар тепе-теңдік қалыпқа келеді. Бір қауынның салмағы неге тең? (Жауабы: 1 қауын мен 6 апельсиннің салмағы бірдей)
Спорттық жарысқа 28 бала қатысқан. Мәреге Жандостан кейін жеткен балалардың саны мәреге Жандосқа дейін жеткен балалардаң санынана 2 есе артық. Жандос нешінші орын алды? (Жауабы: 10 – орын)
Квадрат үстелге 4 адам отыра алады (әр жақтан бір-бірден). Мектеп кешіне ұзын үстел кұрау үшін дәл осындай 7 үстелді бір қатардың бойымен қойды. Осы үстелге қанша адам отыра алады? (Жауабы: 16 адам)
Шағын көшенің бір жағындағы барлық үйлер 1-ден 19-ға дейінгі тақ сандармен, ал қарсы жақтағы барлық үйлер 2-ден 14-ке дейін жұп сандармен орналасқан. Бұл көшеде неше үй бар? (Жауабы: 17 үй)
Мақсат нысанаға жебені лақтырып, «Дартс» ойынын ойнады. Алдымен оның 10 жебесі болды, нысананың ортасына дәл тигізген сайын, ол қосымша 2 жебе алып отырды. Егер ол 20 лақтырыс жасап үлгірсе, Мақсат нысананың ортасына қанша рет тигізді? (Жауабы: 5 рет)
Кейбір айда 5 дүйсенбі болса, онда бұл айда аптаның қай күні болмайды? (Жауабы: бейсенбі күні)
Мектепке келетін көшенің бойында таңертеңгілік 9 шам жанып тұрады. Көрші 2 шамның ара қашыққтығы 8 метр. Дәулет бірінші шамнан соңғысына дейін жүріп өтті. Ол қанша метр жүрді? (Жауабы: 64 метр)
Сейфтің құпия коды – үш таңбалы сан және олар әртүрлі цифрлар. 1, 3, 5 цифрларынан қанша құпия код жасауға болады? (Жауабы: 6 құпия код)
1-ден 100-ге дейін жазып шығу үшін қанша цифр керек? (Жауабы: 192 цифр)
Саяттың ағалары мен апларының саны бірдей. Ал оның туған апасы Айгүлдің ағаларының саны апаларынан 2 есе көп. Сонда бұл отбасында қанша бала болғаны? (Жауабы: 5 бала)
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Математика. 1-4 сынып оқулықтары – «Алматыкітап» баспасы
2. Математика. 1-4 сынып оқулықтары – «Атамұра» баспасы
3. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар – «Алматыкітап» баспасы
4. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар – «Атамұра» баспасы
5. Қызықты математика. 1-4 сыныптар «Алматыкітап» баспасы
Мазмұны
Алғы сөз .........................................................................................................
1-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
2-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
3-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
4-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
Қызықты есептер мен логикалық тапсырмалар .........................................
Сыныптан тыс жұмыстар .............................................................................