Файл: Сабаты таырыбы Информатика пніні алырлары Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 11

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары
Сыныбы:

Өтілетін күні:
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ

Сабақтың типі: қалыптан тыс

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:

- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).
Cабақтың барысы:


  • Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Сайысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады.


Мұғалім:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.

Оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 5 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.


Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтапалайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.
Сайыс шарты мен өтуі:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. Сәттілік кезең.

2. Шешімін тап!

3. Ғажайып алаң.

4. Байқағыштығыңды байқат!

5. Кроссворд щешу.
Енді сайысымызды бастайсыз.

1-кезең. ”Сәттілік кезеңі” Бұл кезеңде әр топқа 16 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды.





Сұрақтар

Жауаптар

1

1 байт неше биттен тұрады?

8

2

Ақпараттық процестер?

сақтау, алмасу, өңдеу

3

Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады.

ALT+F4

4

Компьютердің ең негізгі құрылғылары?

жүйелік блок, пернетақта, монитор

5

Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?

декодтау

6

Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі

Caps Lock

7

Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы

принтер

8

Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды

1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде

9

Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель

шина

10

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу

кодтау

11

Жыпылықтап тұратын тік сызықша

меңзер

12

Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс

сигнал

13

Windows-тің негізгі экраны

жұмыс үстелі

14

Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

дисплей немесе монитор

15

Деректерді сақтауға арналған құрылғы

жады

16

Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе

Windows



2-кезең. Шешімін тап!!! Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай.
1) Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың.

(«Еnter» батырмасы)
2) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Принтер)
3) Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан

(Тасымалдаушы дискілер)
4) Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын

Ең қажетті құралмын.
Жауабы: Компьютер тышқаны

3-кезең. Ғажайып алаң. Бұл кезеңде үш топ тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Өздеріңіз

көріп тұрғандай сұрақтар үш тақырып бойынша бөлінген. Бұл осы уақытқа дейін оқушыларымыздың танысқан тарауларының тақырыбы. Сұраққа жауап беруді ұпай саны жоғары топ бастайды. Сұраққа дұрыс жауап бермеген жағдайда өзге топтың мүшесі жауап беруге болады және ұпай сол топқа жазылады.

  • Ақпарат, компьютер тақырыбы бойынша сұрақтар:



Сұрақтар

Жауаптар

Ұпай саны

1

Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан?

informatio

10

2

Табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу алынатын ақпараттар қалай аталады?

бейнелі ақпарат

20

3

Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі не деп аталады?

код

30

4

Екілік алфабит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ағылшын тілінде екілік таңбаларды қалай атайды?

binary digit

40



2. Windows операциялық жүйесі бойынша сұрақтар:



Сұрақтар

Жауаптар

Ұпай саны

1

Операциялық жүйе дегеніміз және оның түрлері қандай?

ОЖ-компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалар жиыны. Түрлері: MS Dos, Windows 98, 2000, Vista, XP, NTб т.с.с

10

2

Басты меню қалай ашылады және қандай командалардан тұрады?

Бас меню Іске қосу батырмасын басу арқылы ашылады. Бағдарламалар, Құжаттар, Баптау, Табу, Анықтама және көмек, Орындау, Компьютерді өшіру т.с.с. командалардан тұрады.

20

3

Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын ата?

Қатқыл диск (винчестер), Процессор, дискжетек, жедел жады, т.б.

30

4

Компьютерге қосылатын қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын программалар қалай аталады?

Драйверлер

40



4-кезең. Байқағыштығыңды байқат!!! Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.
5 кезең.

Кроссворд щешу.

Сұрақтар:

  • Ақпаратты сақтау құрылғысы

  • Баспаға шығару құрылғысы

  • Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы

  • Ақпаратты өңдеу құрылғысы

  • Қомандалардың реттелген тізімі

  • Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы

  • Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан.

  • Енгізу құрылғысы

  • Бағдарламаны жасайтын адам

  • Дыбыстық ақпаратты шығаратын құрылғы

  • Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы





Сайысымыздың қорытындысы: оқушыларды бағалау. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады

Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!