Файл: Сынып сааты Білімге мтылу, ебексйгіштік жне отаншылды Кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сынып сағаты

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Күні

01.09.2022

Сынып жетекші:

Ерназар С.А.

Класс: 8 А

Қатысушылар саны: 23

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Оқу инемен құдық қазғандай

Сабақтың мақсаты:

Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық 

және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(7 мин)

Әнұран айтылады.


Топқа бөліну.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар мен қонақтар! Түрлі түстер арқылы топқа бөлінейік.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Түрлі түстер арқылы төрт топқа бөлінеді.


Презентация




Сабақ басы (13 мин)

Мағынаны ашу.

«Ойланайық, пікірлесейік».

Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу.
Адамға білім не үшін қажет?
Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?
Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?


Сұрақтарға жауап береді.


Білім неге жетелейді:
Болашаққа жетедейді.
Табиғат құпияларын ашуға көмектеседі
Өзіңді және өзгені тануға көмектеседі.
Өмірді түсінуге көмектеседі.
Мамандық таңдауға көмектеседі.








Ортасы (20 мин)

Видеоматериалды қарап, өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.
-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
-Өз еңбектеріңнін жемісін көргенде қандай сезімде боласыздар?

(Жақсы жарайсыздар!)
Енді еңбек туралы қандай мақал мәтел білеміз? (Соларды айтайық)

Топпен жұмыс:

1-тапсырма. Адал еңбек дегеніміз не? Еңбектің пайдасын тізбектеп жазыңыз.
2-тапсырма. Еріншек пен еңбекқорға тән қасиеттерді тірек сызбаға жазу

Еңбекқор

Еріншек








1 .Еңбек бәрін жеңбек
2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
3.Ерінбесең еңбегің өнеді
4.Еңбек етпеген ішіп жемейді
5.Еңбек етте мақтан, Ойнап күлде шаттан
6. Еңбек түбі –зейнет

Еңбек:
- тәрбиелейді, 
- жігерлендіреді, 
- күш береді, 
- қуантады, 
- бақытты етеді, 
- өмір сүруге үйретеді, 
- үнемшіл болуға үйретеді, 
- ширатады, 
- шынықтырады.


https://www.youtube.com/watch




Соңы

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап» -деген екен Абай атамыз. Сондықтан әрқашан осы сөзді есімізден шығармайық.











ШЖҚ «№27 мектеп-лицей» МКК


Сынып сағатының тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Сынып: 8 «А»

Сынып жетекшісі: С.А. Ерназар


Астана

2022-2023 оқу жылы

Сынып сағатына өзіндік талдау.

2022 жылдың қыркүйек айының 1 күні, 8 «А» сыныбында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатына 23 оқушы қатысты. Сабақта барлық оқушы түгел болды. Сабақ соңында балалар Отан сүйгіштік туралы көптеген қосымша мәлімет алынды және сынып оқушылары өздері білетін ақпаратпен бөлісті. Сабақты оқушылар А3 форматындағы қағазға оқушылар екі-екіден топқа бөлініп постер жасады және әр топ өзінің постерін қорғады, қалған топ оқушылары постерге баға берді.

Сынып сағатының мақсаты:

  1. Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  2. Оқушылар еңбекті сүюге, өз елін сүюге, еліміздің көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

  3. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірталас, ой қозғау