Файл: Саба жоспары Таырыбы Паллиативті кмек алатын науас тар туралы мліметтер базасын жргізу. Паллиативті кмекті алыптастырудаы мейірбикені рлі. Паллиативті кмекті аспектілері Модуль пн атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 123

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Клиникалықтоптыанықтау:

  • Іа – онкологиялық ауруға күдікті науқастар;

  • Іб – ісік алды сырқаттары бар науқастар (түйінді мастопатия, адематозды асқазан полипі және т.б.);

  • ІІ – арнайы ем жүргізілетін қатерлі ісіктері бар науқастар;

  • ІІа – радикальды ем жүргізілетін қатерлі ісіктері бар науқастар;

  • ІІІ – қатерлі ісіктен айыққан (қайта өршуі және метастаздары жоқ) сау адамдар;

  • ІV – қатерлі ісіктің соңғы кезінде симптоматиялық ем ғана жүргізілетін науқастар (науқастарды клиникалық топтарға жіктеу диспансерлік есепке алу жұмысын жеңілдетеді. Емдеу және бақылау кезінде бір клиникалық топтан екінші топқа ауыстырылуы мүмкін)

  • №030 – бу формасының жоғарғы жағында келесі щифр жазылады: мекен-жайы (қала-Қ, ауыл-А), АХЖ-10 бойынша ауру коды, жынысы, жасы. Егер ІV немесе ІІІ кезеңдегі науқастар көзге көрінетін ісік анықталған жағдайда №027/2/у «Науқасты қатерлі ісіктің асқынған түрінің анықталуының хаттамасы (ІV клиникалық топ)» (2қосымша) толтырылады. Барлық жағдайлар дәрігерлер конференциясында қабылданады және аурудың асқынуының себептері туралы ұйымдасқан шешім шығарылады. Қосымшада берілген хаттаманың беткі парағын медбике толтыра алады. Хаттама екі данада толтырылып, бір данасы онкологиялық диспансерге жіберіледі. Онкологиялық ауру диагнозы растталғаннан кейін 3 күннің ішінде у сол аймақтағы халыққа қызмет көрсететін онкодиспансерге №090/у «Науқастың өмірінде алғаш рет анықталған қатерлі ісік немесе басқа қатерлі жаңа түзіліс диагнозы жайлы хабарлама» (3қосымша) жіберілуі тиіс. Хабарлама арнаулы және жүйелі тексерулер медициналық куәландыру, күндізгі емдеу бөлімшесіндегі тексеурлер, операция, мәйітті ашу кезінде және т.б. анықталған науқастарға толтырылады. Онкологиялық мекемелерде бұл құжаттарға арнайы код қояды. Ісік қаупі және ісік алды аурулары бар науқастарға хабарлама толтырылады. №090/у формасы ұқыпты және түсінікті етіп толтырылуы керек, жазулар арнайы ақпаратқа код қойылатын шаршыларды баспау қажет.

  • Отбасылық дәрігерді қатерлі ісігі бар науқасты мекен-жайы бойынша қарау қажеттілігі, симптоматикалық емдеу үшін жеңілдікпен немесе басқа жағдайда дәрігер беру т.б. бойынша ақпараттандыру үшін хабарлама толытырылады (4қосымша). Егер кеңес беру немесе арнайы емдеу орындарында оперативті емдеу, жоспар құру, жаңа дәрілер тағайындалу қажет болса науқас онкологиялық диспансерге жолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда арнайы жолдама рәсімделеді (5 қосымша). Мүгедектікті белгілеу үшін, мүгедекке арналған жеке оңалдыру бағдарламасын құру үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолданып, №088/у формасы рәсімделеді (6 қосымша). Бұл құжатта емделуші ауруының клиникалық болжамы нақты көрсетілуі тиіс, себебі, бұл мәлімет мүгедектік тобын анықтауға әсер етеді.


Паллиативті көмек жүйесінде мейірбике маңызды рөл атқарады. Науқаспен көп уақыт өткізу мейірбике жұмысына тиесілі. Себебі, ол науқасқа алғашқы болып көмек көрсетеді, науқастың қажеттіліктерін анықтайды, науқас пен дәрігер, дәрігер мен науқас туыстарының арасындағы байланыстырушы буын, көмектің көлемі мен сипатын анықтайды. Науқастың мәселелерін анықтау «мейірбикелік үрдіс» шеңберіне кіреді. Мейірбикелік үрдіс келесі кезеңдерден тұрады: ақпарат жинау, мейірбикелік диагноз қою, жоспар құру, жоспарды орындау және нәтижелерді бағалау. Ақпарат жинау өте маңызды кезең, себебі дұрыс жиналған ақпарат дұрыс көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл кезең үйде немесе стационарда өтуіне қарамастан, мүмкіндігінше тыныш, қалыпты жағдайда өтуі тиіс. Ақпарат жинауды хосписте жүзеге асырылатын болса, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Науқастың ерекшеліктерін дінін, хоббиін, әдеттерін, артықшылықтарын неғұрлым мұқият ескеру қажет. Сондықтан ақпарат жинау әдетте бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде мәселелер мен симптомдарға назар аудару керек. Әсіресе оның ішінде психологиялық жай күйіне мән беру керек. Өмір тарихын ілтипатпен, науқастың сезімін жарақаттамай, науқасты асықтырмай, байыппен тыңдау. Мәселелердің шеңберіне тек медициналық мәселелер ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік, психологиялық және рухани мәселелер кіреді [71,72].

ІІ кезең – қазіргі кезде және болашақта кездесетін мәселелерін, негізгі қажеттіліктерін анықтау (мейірбикелік диагноз). Науқастың қазіргі кезде және болашақта кездесетін мәселелерін, басты мәселені анықтау мейірбике диагнозын қою негізінде жатады.

ІІІ кезең мақсаты –мейірбикелік көмек тиімділігіне қол жеткізу, аурудың алдын алу және реабилитация әдістерін құру. Жоспарлар қысқа мерзімді ( бір апта көлемінде орындалу қажет ) және ұзақ мерзімді ( ұзақ уақыт көлемінде орындалатын ) болып бөлінеді. Күтім жоспары міндетті түрде мейірбикелік ауру тарихында құжаттандырылады.

IV кезең мақсаты – жоспарланған іс шараларды орындау және мейірбике күтімін белгіленген уақытта орындау үшін жұмысты бағыттандыру. Мейірбике ісін жүзеге асырудың 3 түрі бар: 1. Тәуелді мейірбикелік араласулар – дәрігердің тағайындауымен, атқаратын қызметіне сәйкес, бекітілген стандарттар бойынша өткізіледі. 2. Тәуелді емес мейірбикелік араласулар – дәрігер немесе басқа маманның кеңесінсіз мейірбикенің өз кәсіби шешімі негізінде өткізіледі. 3. Бір-біріне тәуелді мейірбикелік араласулар – мейірбикенің басқа мамандармен бірге жұмыс жасауы.



V кезең – мейірбике үрдісінің тиімділігін бағалау. Мейірбике үрдісінің қорытынды сатысының бөліктері: 1. Мейірбикелік араласуларға науқас реакциясын бағалау. 2. Қол жеткен жетістіктерді бағалау. 3. Көрсетілген көмек сапасын бағалау
Паллиативті көмек көбінесе көптеген мәселелерді шеше алатын мамандар тобы жүзеге асырады. Команда мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Паллиативтік көмек дәрігерлері

  • Медбикелерге паллиативтік көмек

  • Медбикелер

  • Әлеуметтік қызметкерлер

  • Шіркеу

  • Терапевт (кәсіби, сөйлеу, физикалық және т.б.)

Паллиативтік көмек көрсету тобының ең маңызды мүшесі сіздікі. Паллиативті көмек сіздің жеке мақсаттарыңызға жетуге бағытталған болуы керек. Сіздің мақсаттарыңыз бен денсаулық сақтау тілектеріңізді білу үшін паллиативтік емделуші ретінде сіздің жауапкершілігіңіз.

  • Санитарлы-эпидемиялық тәртіпке жауапты тұлға – медбике.

  • Онкологиялық кабинетте диагностикалау мақсатында оперативті араласуларды жүргізуге болады: қырынды, пункциялар, электрокоагуляция, лимфаларды сору, лапароцентез, туракоцентез, экзициялар. Операциядан кейінгі таңуды медбике дәрігердің бақылауымен жүргізеді. Онкологиялық кабинеттердің міндетіне учаскелік дәрігерде бақыланатын науқастардың жағдайын тексеру кіреді. Тоқсан сайын медбике аймақтық медбикемен бірлесіп құжаттамаларды салыстырып тексереді. Онкологиялық науқасты күту және оны емдеу онколог дәрігердің міндеті. Қажет болған жағдайда науқасқа патронаж жүргізіліп, туысқандарына күтім бойынша нұсқаулар беріледі.



IV Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық

Топты үш топшаға бөліп, орындау іс әрекеттерінің тапсырмаларын беру және дағдыларды орындау қажетті заттарды дайындауға нұсқау беру.

V Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:

Студенттер тәжірибелік дағдыларды муляждарда, манекендерде машықтану.

1.Дағдыларды орындауға қажетті затты дайындау-10 мин

2.Стандарт бойынша іс-әрекеттерді муляждарды орындау-60 мин

3.Орындалған іс-әрекеттерді дағдылардың қатесін түзету-10 мин

4.Тест сұраұтарын талқылау-10 мин
Бақылау сұрақтары:

70 жастағы әйел науқас үйде. 4 жыл бұрын обамен зақымдалған сүт бездерін алып тастаған. Жарты жыл бұрын бел омыртқасы денесін сындырып, хирургтың қарауында болды. Денсаулығы нашарлағанынан 2 күн болды: ол не тұра алмайды, не отыра алмай қалды. Құсқаннан кейін тамақтан бас тартады. Суды аз-аздан ішеді. Оны жұмыс істеп жүрген қызы күтеді. Науқас жүдеген, ақырын сөйлейді, сұраққа 1-2 сөзден жауап береді. Тері мен кілегей қабаты сарғыш түсті. Науқастың жатқан жері ауыз үйде. Қызының айтуынша, үйде бөлек бөлме бар, бірақ теледидар біреу болғандықтан, оны әжесі де, немересі де көргісі келеді. Балалардың қатты сөйлегені, жанында жүргені науқасты қатты ашуландырады. Қызының айтуынша, таңертең памперсті ауыстырғанда науқас белінде шыдатпайтын ауырсынуларға шағымданады. Кетонолдың 2 таблеткасын ішкеннен 1 сағаттан кейін, ауырсынулар басылады.


Тапсырма

  • Науқастың мәселелерін анықтаңыз.

  • Науқасты күту бойынша туыстарына кеңес беріңіз.

  • Күту жоспарын құрастырыңыз


VI Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Паллиативті емдеу сапасын жоғары көтерудегі мейіргер рөлі ?

Жауабы: Осы Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 53-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдардың паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды."Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10576 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес халықтың санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.

Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

      1) науқасты кейіннен амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы, ауырсындырмау терапиясын таңдау қажеттілігі;

      2) тәуліктік бақылау жағдайында ауырсындырмау терапиясын түзеу;

      3) тәуліктік бақылау жағдайында симптоматикалық емдеу қажеттігі;

      4) әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы (депрессия жағдайы, реактивті жағдай немесе отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқастың күтімі үшін тұрмыс жағдайларының болмауы).

  1. Ойылуды алдын алу және емдеу,жеке бас гигиенасын сақтауды қамтамасыз ету жайлы баяндаңыз?

Жауабы: Ойылулардың алдын алу:

1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.

2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.

3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру,камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.

4. Резеңке шеңберлер қолдану.

5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.

Ойылуды емдеу, әдетте, бұрыннан бар жараларды таңып, жаңа жаралардың пайда болуына жол бермейді. Терапияны емдеуші дәрігер таңдайды, пациенттің жеке қажеттіліктеріне, олардың кейбір дәрі-дәрмектерге төзімсіздігіне және аурудың өзі туралы айтады.


  1. Паллиативті пациенттерді бақылау және күтім көрсету туралы айтып беріңіз?

Жауабы:  «Паллиативті көмек көрсетудің аясында науқастарымыздың және олардың туыстарының эмоцианалды-психикалық жағдайын жақсартуда психолог және социолог мамандардың зор еңбегін атап өтпеске болмайды. Ем жүргізу барысында науқастың күйзелісі, қорқыныш сезімдері байқалған жағдайда жұмысқа психолог кіріседі. Ол емделушімен  жеке консультация жүргізіп, керекті әдістерді қолдана отырып оның көңіл-күйі мен сезімдерін қалыпты жағдайда ұстап тұруға ықпал етеді. Ал социолог маманның жұмысы болса, науқастың қамқоршысы болмаған жағдайда оған күтім жасауға, тиісті құжаттарды рәсімдеуге, емделушінің өз бетімен шешімін таба алмайтын басқа да әлеуметтік мәселелерін реттеуге негізделген», – дейді Сания ханым. Осылайша, паллиативтік көмек көрсететін мамандар науқасқа және оның отбасына барынша белсенді әрі қалыпты өмір сүруге, нақты жоспарлар құрып, өздерінің әлеуметтік, құқықтық, рухани мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.

     Терапевт-дәрігердің айтуынша, емханадағы паллиативті ем жүргізетін бөлімде жатып, мамандардың бақылауында болуға келіспейтін емделушілер де бар. Олар емді туыстарының күтімімен өз үйінде жалғастырғысы келетіндер екен. Бұл жағдайда да оларға паллиативтік көмек көрсетіледі. Тәжірибелі дәрігер, медбике, психолог және социологтан құралған мобильді бригада  ауыр дертке шалдыққан науқастарға үй жағдайында паллиативті көмек ұсынады. Қалалық емханалардың негізінде құрылған бұл топтың жұмысы стационарлық түрде қызмет көрсетуге ұқсас.  Науқастан шақырту алған мобильді топ оның тұрғылықты жеріне келіп, керекті ем-домын жүргізіп, әрі психологиялық және әлеуметтік көмек те көрсетеді. Дәрігерлер үкімі шығарылған соң  паллиативті ем алу немесе одан бастарту науқастың және оның туыстарының өз құзыретінде. Бірақ берілген мүмкіндікті пайдаланып, науқастың қалған өмірін жақсарту туыстарының да дәрігерлердің де басты міндеті болып қалады.

  1. Төсек ыңғайлығына қойылатын талаптар, төсек орын ауыстыру тәсілдерін атаңыз?

Жауабы:

1)Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

2)Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

3)Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.