Файл: 1. Ежелгі Рим патшалы кезе б з. д. 754 510 ж ж. Рим республикалы кезеі б з. д. 510 б з. 27 ж ж. 3.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге бөлінеді:1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 510 ж.ж. 2. Рим республикалық кезеңі б.з.д. 510 – б.з. 27 ж.ж. 3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж)

Рим құқығы тарихының кезеңдері: 1 кезең — цивильдік (квириттік) немесе азаматтық құқықтың қалыптасуы жəне даму дəуірі. Ол кездегі рим құқығының азаматтық деп аталатын себебі — бұл құқық тек римдік азаматтарға ғана таралатын.

2 кезең — рим құқығының гүлдену кезеңі. Бұл кезде цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық пайда болады, оның ішінен жалпы халықтық немесе халықтар құқығы бөлініп шықты, бұл құқық римдік азаматтар мен шетелдік азаматтар арасындағы, сонымен қатар Рим мемлекетінің аумағында өмір сүруші шетелдіктердің өз расындағы қатынастарды реттеген.

Рим мемлекетінің құрылуы

Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан. Римнің негізін қалаған сəттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі əлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды əкелік ру табылған. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тəн сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.

Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру əскери жəне діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында курион тұрған. Он курия трибуды- тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған. Халық патрицийлерге, клиенттерге жəне плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар — бұл қалалық қауымның толық 39құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке жəне мұрагерлік тəуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.

Мемлекеттік құрылым.Римдік қауымның басында патша — Рекс тұрған. Ол əскер басы, жоғарғы абыз болған жəне ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат қоғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мəселелерді талқылаған, мұндай мəселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да əсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — əскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган — бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер жəне фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың əрекеттері туралы өз қорытындыларын əртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понтификтер əдет-ғұрыптарды сақтаушы жəне түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған). Римдік рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің яқталуына Сервий Тулийдің реформалары əсер етті, олардың мəні мынада болды:


. ➢ Бірінші разрядқа 100 000 мыс ассы барлар, ➢ екінші разрядқа 75 000 асстан 100 000 ассқа дейін барлары, ➢ үшінші разрядқа 50 000 асстан 75 000 ассқа дейін барлар, ➢ төртінші разрядқа 25 000 асстан 50 000 ассқа дейін барлар, ➢ бесінші разрядқа 11 500 асстан 25 000 ассқа дейін барлар жатты, ➢ алтынша разрядты өз ұрпағынан басқа ешқандай байлығы жоқтар – пролетарийлер құрады. Әрбір разряд әскери жүздіктердің белгілі бір санын шығаруға тиіс еді. Аттылар 18 центурия, бірініші разряд 80 центурия, екінші разряд 22 центурия, үшінші разряд 20 центурия, төртінші разряд 22 центурия, бесінші разряд 30 центурия жауынгер шығаруға міндетті болды. Ал пролетарилер ауыр қаруланған бір центурия жауынгер ұсынуға тиіс болды. Жалпы әскерде 193 центурия болды. Бұл реформаның нәтижесінде центуриаттық комициялар құрылды. Ендігі кезекте ең маңызды сұрақтар әскердің центуриаттық жиналыстарында шешілді. Әрбір центурия бір дауысқа ие болды. Бұл шешімдер заңға тең болды. Куриаттық жиналыстардың ықпалы түсе бастады. Осы кезеңде центуриаттарының саны көп болғандықтан негізгі саяси билік аттылар мен бірінші разряд мүшелерінде болды. ➢ Әскери реформа. Сервий Тулий ру жасақтарынан тәуелсіз патрицилер мен плебейлерден тұратын тұрақты әскер құрды. Ол әскер жинау қағидасын өзгертті. Ендігі кезекте әскер разрядтардың центуриялары бойынша құралды. Барлық жері бар 16 және 46 жас аралығындағы ерікті азаматтардың барлығы әскери қызметке келуге міндетті болды. Жылына екі рет, күзде және көктемде, әскерлер қала сыртындағы Марс алаңында сапқа тұрғызылып оларға сұрақтар қойылды. Соғыс ашу керек пе және кім жорықты басқарады? Әкімшілік-аумақтық реформа. Оның негізгі мақсаты рулық қауымды ыдыратып оның орнына көршілік қауымды құру болатын. Сервий Тулий Рим аумағын трибалар деп аталатын 21 округқа бөлді. Нәтижесінде ішінде рулық та бар, плебейлер мен патрицилерден тұратын көршілік те бар 4 қалалық триба және 17 ауылдық триба құрылды. Осы аумақтық бөліністің негізінде жиналыстардың жаңа түрі – трибутты комициялар пайда болды. Комициядағы әрбір триба бір дауысқа ие болды.

А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын мүліктік жағдайына қарай бес топқа бөлінген, бұл бөлініс плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған;Ə) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды — центуриаттық комициялар;Б) плебейлер центуриаттық комициялардың құрамына енгізілді, яғни, «рим халқының» бөлігіне айналды жəне қоғамдық жердің бөлінісіне иеленетін болды;

В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге — трибаларға, ал қала шеті — он жеті селолық трибаға бөлінді. Трибуттық комициялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттағы қаулыларды шығару құқығына иеленді.

Республика кезеңіндегі Рим

Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 ж.ж.). Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: республиканың қалыптасу жəне нығаю кезеңі (б.э.д. VI-IV ғ.) жəне римдік құл иеленушілік мемлекеттің гүлдену жəне құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі (б.э.д. III-I ғ.ғ.).

Қоғамдық құрылым.Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен мемлекет құлиеленушілік болған, алайда құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дəрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған. Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси жəне азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим республикасының құлауының негізгі себебі болған.

Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық органдар — халық жиналыстары болған, олар центуриаттық, трибуттық жəне куриаттық комициялар түрінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған. Центуриаттық комициялар халық жиналыстарының негізгі түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы магистрат — консулдардың, преторлар мен цензорлардың сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды. Трибуттық комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен плебейлер үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары “популисцит” деп аталды) жəне арнайы плебейлік жиналыстар (олардыңқаулылары “плебисцит” деп аталды). Куриаттық комициялар тек рулық құрылымының қолдағы ретінде ғана сақталады жəне уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 30 ликторлың жиналысымен ауыстырылды.

Халық жиналыстарының үш түрі болды:1. Куриаттық халық жиналыстары – Римдегі ең көне халық жиналысы және ол негізінен рулар бойынша жиналыс болды.Римде 30 курия болды.2. Трибуттық жиналыстар-территориялық жиналыс,яғни трип бойынша жиналатын жиналыс болды. Бұл жиналыста консулдар мен преторлардан басқа магистраттарға сайлау өткізілді.3. Центуриаттық жиналыс- әскери-саяси бөлімдер бойынша,яғни халық жасағының тұрақты бөлімдері бойынша шақырылатын жиналыс болды және саяси жағынан ең маңызды орган болды. Центуриаттық жиналысты консул шақыра алатын болды және бұл жиналыста мемлекеттегі ең жоғарғы қызмет адамдары-консулдар мен преторлар сайланды.


Ең жоғарғы мемлекеттік органдар Сенат Магистратура Халық жиналысы: 1)Центуриялық 2)Трибалық 3)Куриялық

Өзгенің заттарына қатысты құқық: 1)Сервитуттар 2)Эмфитевзис 3)Суперфиций 4)Узус

1)Өзгенің затын пайдалану құқығы 2)Жерді өңдеуге қатысты құқықтар 3)Жердің үсті мен астында салынған құрылыс 4)Өз құқығын қанағаттандыру мақсатында өнімді пайдалану

Рим құқығының негізгі қайнар көздері:1) бірінші римдық құқық кодификациясы — əдет құқығы жазбасы түріндегі XII кесте заңдары;2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян жəне гормогениан кодекстері;

3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий кодексі қабылданды, мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың конституциялары жинақталды;

4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңғы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан императордың тұсында жүзеге асырылып, «азаматтық құқық жинағы» — Корпус Юрис — Цивилис деген атқа ие болды

Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған:

цивильдік құқыққа негізделген иелену (меншік құқығын жаудан жаулап алынған меншік туралы жалған процесс арқылы беру, мүлікті бөлу туралы процесстегі иелену, жылжитын мүліктің бөлігін бөлу; мұндай меншік квириттік деп аталған) жəне «халықтар құқығына» негізделген иеленулер (мүлікті берудің қарапайым түрі, аккупация, ескіру мерзімі бойынша мүлікті иелену).

Рим құқығы бөтен мүлікке қатысты келесі құқықтарды таныған: сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда, басқа тұлғаларға да оның меншігін пайдалануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөтен жерде салынған құрылысты пайдалану құқығы) жəне кепіл құқығы— ипотека (кепілге қойылған зат борышкердің иелігінде міндеттемені орындау мерзімі туындағанға дейін қалдырылатын).

Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған:деликтілерден (құқықбұзушылардан) туындаған міндеттемелер жəне шарттардан туындаған міндеттемелер. Шарттардың келесі түрлері белгілі болған: вербальды шарттар — ауызша нысанды бекітілетін, литеральды шарттар — жазбаша нысанды бекітілген, шынайы шарттар — міндеттемелер затты берген сəттен бастап туындаған жəне консенсуалды шарттар — тараптардың қарапайым жəне ресми емес келісімен негізделген шарттар.

Неке — отбасы құқығы бастапқы кезеңдерінде үй иесінің отбасы мүшелерінің үстінен шексіз үстемдігімен сипатталған. Екінші кезеңде некенің жаңа
нысаны пайда болды, бұл кезде əйел біраз мүліктік жəне жеке дербестікке ие болды. Үшінші кезеңде некеден тыс байланыстар — конкубинаттар- (Ежелгі Римде адаммен бірге тұратын төменгі сыныптағы үйленбеген әйел. Римдік құқықта конкубинат деп аталатын бұл көзқарас ұят емес еді, бірақ заңды некеге ие болған барлық құқықтардан айырылды. Балалар заңсыз деп саналды.) кең таралды.

Мұрагерлік құқықта заң бойынша мұрагерлік жəне өсиет бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына қарамастан үй иесінің билігінде болған тұлғалар танылған.

Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттағы (Рим мемлекетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куə болу, егіндікті ұрлау жəне дуалау өлім жазасымен жазаланатын)жəне жеке сипаттағы (ұрлық, тұлғаға нұқсан келтіру, бөтен мүліктерді жою жəне зақымдау — дене жазалары мен өлім жазасы қолданылатын) қылмыстар ажыратылған.