Файл: Блім 8блім. Адамны сырт келбеті мен мінезі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Сыртқы келбет және тазалық.

Бөлім:

8-бөлім. Адамның сырт келбеті мен мінезі.

Педагогтің аты-жөні:

Серигхан А.С.

Күні:

15.02.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сыртқы келбет және тазалық. Омонним. Синоним. Антоним.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/А4.Тірек сөздер мен сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5.О7.Энциклопедиялар,балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу.

5.ӘТН4.3.Сын есімдердің,шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану,сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаты:

Тірек сөздер мен сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай

алады.

Энциклопедиялар,балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала біледі.

Сын есімдердің мағыналық түрлерін, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, талдай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

10 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

«Wordwall» қосымшасы арқылы тарау бойынша қайталау сұрақтарын жүргізу.

Жаңа сабаққа кіріспе




«Болжау» стратегиясы арқылы мәтіннің тақырыбын ашу арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Айтылым

1-қатар.Адамның сыртқы келбеті дегенді қалай түсінесіңдер?Оған не жатады?

2-қатар.Сыртқы келбет пен адамның ішкі дүниесінің байланысы бар ма?

3-қатар. «Киіміңе қарап қарсы алады,сөзіңе қарап шығарып салады» деген сөзбен келісесіздер ме? Адамның сыртқы келбеті маңызды ма,ішкі жан дүниесі маңызды ма?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

Жұптық жұмыс

1-тапсырма. Мәтінді тыңдайды. (Кітаптағы оқылым мәтінімен салыстырып отырады).

Мәтіннің әрбір абзацына ат қой.

2-тапсырма. Берілген керекті сөздерді қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Адамның сырт келбеті ....... болмаса, ....... жан дүниесі де көбімізді қызықтыра бермейтіні белгілі. Сөйлесіп көрмейінше, оның қандай адам екеніне көз жеткізу мүмкін емес. Десек те, ..... кісі өзі туралы ....... өзінің келбеті мен ..... қылықтары арқылы айтып береді деп санаймыз. Адам баласы барлық уақытта .... келбетімен, мінезімен, ..... қарым-қатынасымен ..... болмақ.

Керекті сөздер: көрікті, кез келген, қадірлі, сыпайы, жағымды, сыртқы, тартымды, жайлы, ішкі.



3-тапсырма.

Төмендегі сын есімдерді төмендегі үлгіге сай талдаңыз.

Мысалы: Көрікті – дара, туынды, қатыстық

Қадірлі – дара, туындығ қатыстық

Сыпайы – дара, негізгі, сапалық

Жағымды – дара, негізгі, сапалық

Сыртқы – дара, туынды, қатыстық

Тартымды – дара, туынды, қатыстық

Жайлы – дара, туынды, қатыстық

Ішкі – дара, туынды, қатыстық

4-тапсырма. Сын есімдерді мағыналық түрлеріне қарай талдап, кестені толтырыңыз.

Мысалдар

Сапалық сын есімдер

Қатыстық сын есімдер

Арқаның кербез,сұлу Көкшетауы

+




Әніме қосылды: кең дала,

Аққулы-қазды шалқар көл.

+


+

Қамысты-құрақты көк өзен




+

Ақылсыз адам - еріншек




+

Жақсы бала қонаққа үйір,

Жақсы тай атқа үйір

+




Айлалы батыр алдырмас




+

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп

+


+

Қызыл арай, сары алтын шатырына

Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

+




Көлдің суы мөлдір әрі таза.

+




Тоғайлы өлкенің қонағы болып кетіңіздер.




+

5-тапсырма. Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір. Сын есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажырат.

Кірсіз, кір шалмаған, мұнтаздай

Әдепті

Тап-тұйнақтай, жинақы

Қадірлі

Ізетті, тәртіпті

Ұқыпты

Ажарлы, өнді, көркем

Таза

Сыйлы, құрметті

Көрікті

! Сабақтың басында оқушыларға «бағалау сағаты» таратылады. Әр тапсырманың бағасын тапсырма аяқталған соң мұғалім бағалау парағына белігілеп отырады.

Дескриптор: Жалпы – 10 балл.

-Сұрақтарды оқиды.

-Айтылымға арналған мәтіннің тақырыбын болжап ашады.

-Қажетті сөздерді пайланып, мәтінді көшіріп жазады.

-Сын есімге талдау жасайды.

-Берілген мысалдарды оқиды.

-Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімдердің ережесін еске түсіреді.

-Мысалдардан қатыстық сын есімдерді табады.

Мысалдардан сапалық сын есімдерді табады.

-Кестені толтырады.

-Кестеге мұқият назар аударады.

-Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.



Оқулық,

жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Үй жұмысы: 13-тапсырма 115 бет