Файл: азастан Республикасыны Мдениет жне спорт министрлігі рманазы атындаы аза лтты консерваториясы рахымбаев т.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы


РАХЫМБАЕВ Т.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ опера өнеріндегі баритон орындаушылары
РЕФЕРАТ


Мамандық 5В040300 – вокалдық өнер


Алматы 2021
Зерттеудің өзектілігі: Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан қазақ даласы қай кезде де өнерден кенде болған емес. Олай дейтініміз Абай ақын айтқандай «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»,-дегендей еліміздің әр өңірінде географиялық орнына сай ән мектептері қалыптасты. Кәсіби сипaттaғы әншілік өнep сaлaсындa Aқaн сepі, Біpжaн сaл, Мұxит, Жaяy Мұсa сeкілді көптeгeн өнep сaңлaқтapы көpінді. X1X ғaсыpдың eкінші жapтысындa қaзaқ дaлaсындa ғылым мeн мәдeниeттің өpкeндeyінeн тyғaн Peнeссaнстық құбылыстың бoлғaнын paстaйды. Бұл үлкeн pyxaни үдepіс қaзaқ мәдeниeтінің XX ғaсыpдaғы дaмy бaғыттapын дa aнықтaғaн eді.

XX ғасырда қазақ музыкалық мәдениеті жаңа әуендік және жанрлық түрмен байыды. Аз ғана уақыт ішінде қазақ музыкасы Еуропалық классикалық музыканың көпдауыстылығымен жанрлық бағытын игерді. Бұл –опера, симфония, балет, аспаптық концерт, контата, оратория, ансамбль, оркестр, хор болды. Дәл осы кезең Қазақстанның музыка өнерінің гүленген кезеңі. Жаңа композиторлық мектептер құрыла бастады [1].

Қазақ музыкасының опера жанрындағы баритон дауысты орындаушылардың шығармашылығына олардың орындау ерекшеліктері мен мәнеріне байланысты зерттеу жұмысымыздың маңызы айқындалмақ.

Баритон дауысының ерекшелігі ол қоңыр үнді болып келеді, яғни дауыстық тембрге бай. Қазақ музыкасында, вокалды музыкалық сатыда баритон дауысты орындаушыларды атап өтер болсақ. Кәукен Кенжетаев бастаған, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Ермек Серкебаев, Дауыл Хайруллин, Авхий Хавлаш Әбікейұлы, Есімов Ғафиз Қадырұлы, Әбілов Шахимардан, Талғат Күзембаев, Жанат Шыбықбаев, Талғат Мұсабаев, Сүндет Байғожин, Азамат Жылтыркөзов, Андрей Трегубенко, Дулат Тоқанов, Олег Татамиров және т.б вокалды дауыстық ерекшеліктерімен қазақтың әншілік музыкасын туын жықпай дамытып келеді.


Жоғарыда атап өткен опера жанрындағы баритон дауысты орындаушылардың шығармашылығы, олардың орындаушылық ерекшеліктерін зерттеу бүгінгі күнде өзекті болып отыр.

Зерттеу мақсаты: Қазақ музыкасындағы академиялық вокалдың дамуы, оның шетел сахналараныдағы бағындырған белестері жайлы зерттеу.

Зерттеудің міндеті:

  • Баритон дауысына сипаттама беру

- Қазақстан опера өнеріндегі баритон дауысты ұлы орындауышыларына тарихи шолу жасау

  • Қазақ опера өнеріндегі саңлақтар байланысын айкындау

  • Баритон дауысына жазылған әнге талдау жасау ерекшеліктерін көрсету

Зерттеу нысаны: Академиялық әншілік дәстүрді талдау және олардың ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеудің пәні: орындаушылардың шығармашылығын зерттеп, мәдени мұраны толықтыру.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: Зерттеу жұмысын жазу барысында, тақырып жан-жақты қарастырылады. Теориялық – ғылыми зерттеулерге арнайы жазылған басылымдар «Қазақ мәдениеті» және «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Операға қатысты көптеген мақлалар жинақтарын және де т.б, опера жанрын зерттеген авторлардың көптеген мақалалары, очерктері, тағы басқа мәліметтері қолданысқа енеді.

Зерттеу жаңалығы: Қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан академиялық вокал жанрындағы негізгі орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру

Зерттеудің мәнділігі: Зерттеу жұмысының мазмұнын арнайы курс пәндерінің лекция қолданысына енгізу. Ән салу бөлімі студенттерінің бағдарламаларына тақырып ретінде кірістіру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І БӨЛІМ. «Өнердегі баритон дауысының көркемділігі мен тарихи ерекшеліктері»


    1. Баритон дауысына сипаттама


Жалпы музыкалық дыбыстар әртүрлі тербелістер арқылы толқындар жиынтығынан құрайды, бірақ үні белгілі заңдылықпен шығуы керек. Кез келген үндер  жиынтығы музыка бола бермейді. Дыбыстардың музыкалық үндестік заңдылықтарын, психологиялық, этикалық әсерлерін кең түрде, ұлы бабамыз – Әбу Насыр IX-ғасырда зерттеген болатын. Бұл еңбектері жинақталып, үлкен кітап түрінде жарық көрді [2]



Көп тараған дауыс тенор мен баритон. Классикалық бағытта айтатын әншілік өнердівокалдық өнер дейді. Вокал — итальян тілінде «Восе» — дауыс деген мағынаны білдіреді. Дауыс — әншінің құралы болып табылады. Әншілік өнер құр дауыстың сыртында мағыналы сөз арқылы адамның ішкі жан дүниесіндегі әртүрлі толқуларды, эмоциялық құбылыстарды көркемдеп, бейнелеп беруге тиіс. Әнші әнді көркемдеп, мәнерлеп айту үшін соған жеткізетін техникалық процесті, әдістемелерді «вокал» дейді [3].

Жалпы вокал өнерінде дауысты ерлер және айелдер дауысы деп қарастырады. Әйел адамның дауысы: сопрано, меццо сопрано, контральто болып бөлінсе, ал ерлер дауысы: тенор, баритон, бас болып бөлінеді.

Баритон - итальян тілінен «baritono», грекше «βαρύτονος» —төменгі дауыс деген мағынаға ие [4].

Баритон дауысы – бас пен тенор арасындағы дауыс. Лирикалық және драммалық баритон болып та бөлінеді. Операда Баритон дауыспен көбіне, ақыл-ой тереңдігімен, қаһармандық күш-жігермен ерекшеленетін басты немесе жетекші партиялар орындалады.

Баритон дауысының құрайтын диапозоны: A2 — A4  (үлкен октаваның ля бемоль – бірінші октаваның ля нотасына дейін құрайды). Қосалық нота C4 — E4 (до ♯, ре, ре ♯, ми бірінші октава). Баритон түрлері: лирикалық, лирико-драммалық, драммалық, бас-баритон.


Баритон түрлеріне тоқталсақ:

Лирикалық баритон - лирикаға бай, өте жеңіл, баритондық дауысты естілетін, жоғары тесситураны қамтитын дауыс болып естіледі.

Лирико-драматургиялық баритон – бұл дауыс өте жарқын, тембрі жарық және белгілі бір күші бар. Драматургиялық және лирикалық партияларды да орындау мүмкіндігі бар.

Драматургиялық баритон – қоңыр дауысты қамтитын дыбыс, күші өте мықты, ортаңғы және жоғарғы диапозонды қамтиды. Бұл дауыстың тесситурасы төмен, бірақ шығарманың кульминациялық шегіне келген уақытта керек дыбысты алуға мүмкіндігі бар.

Бас-баритон – бұл аралық дауыс, бас дауысының сиппатамасына сайкес келетін дауыс, жоғары дыбысты еркін алады. Төменгі ноталарды (соль үлкен октаваның). Дыбыстық ауқымдылығы өте мықты.

Тенор-баритон – тенор дауысына жақын, жоғары тенордың дыбыстылығына назар аударылады, бірінші октаваның ля нотасы.


Баритон дауысы ортаңғы және жоғарғы дауысты қамтиды, үлкен октаваның ортаңғы бөлігімен кішкентай октаваның жоғарғы дыбыстарын қамтиды. Бұл дауысты тек диапозон арқылы шешуге болмайды, көптеген ерлер жас уақыттарында бұл ноталық белгілерд өздерін еркн ұстайды.

Баритон дауысы – тембрге бай. Жоғары дыбысты қамтитын дауыстық бояуға бай келеді. Дыбыстық конструкциясы бір қалыптылықты ұстап отырады. Баритон дауысының түрлерін дайындық барысында айқындауға болады. Баритон дауысы айелдердің меццо-сопрано дауысындай бағдарламанған бір бағыттағы дауыс болып келеді. Классикалық бағытта диапозон 2 октаваны қамтыған болса, ал қазіргі таңда заманауи вокал мектебінде оның мүмкіншілігі мол болып келеді, себебі эстрадалық бағыт қосылғандықтан ерекшеленіп тұрады. Баритон дауысының классификациясы ол еркін, жоғары дыбыстылықты еркін алуға мүмкіншілігі бар, бірақ терең ноталар жатпайды. Баритон дауысы репертуары бас дыбысының да репертуарын еркін айта алады. Бұл дауыстың ерекшелігі.

Ойымызды түйіндей келе, Қазақстандағы академиялық вокалдың қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқандығын айтқымыз келеді. Бұл вокалдық әдістемелік нұсқасы болсын, жалпы орындаушылық ерекшіктері болсын Отандық әдістемелер зерттелініп, көбею үстінде. Бұл қазіргі таңдағы қазақ музыкасының даму сатысының көтерілгендігін ерекше айқындайды.
1.2 Қазақстан опера өнеріндегі баритон дауысты орындаушыларына тарихи шолу
Баритон-ер адамның тенор мен бастың аралығындағы регистрде шығатын қоңыр дауысы, диапазоны -үлкен октаваның ля нотасымен бірінші октаваның фа нотасы.

Жалпы әлемдік деңгейде дамыған бұл баритон дауысы өте ерекше өз орнын тапты деп айта аламыз. Баритон дауысында орындаушылар қатарын үш дауыстық қатарға бөле отырып атауға болады. Лирикалық баритон, драмалық және лирико-драмалық.

Қазақ музыкасында опералық әншілер, қазақтың әншілік өнерін дәріптеген Кәукен Кенжетаев, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Ермек Серкебаев, Дауыл Хайруллин, Авхий Хавлаш Әбікейұлы, Есімов Ғафиз Қадырұлы, Әбілов Шахимардан, Талғат Күзембаев, Жанат Шыбықбаев, Талғат Мұсабаев, Сүндет Байғожин, Азамат Жылтыркөзов, Андрей Трегубенко, Дулат Тоқанов, Олег Татамиров.

Атақты қазақтың әншілік өнерін дәріптеген опералық әншілердің өмірі мен шығармашылығына тарихи шолу жасасақ.

Кәукен Кенжетаев – алыптар тобынан қалған әлеуетті тұлға. Арқалы артист, ардақты әнші, Ардагер өнер иесі. Биыл Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың туғанына – 105 жыл толды. Ол – әнші, актер, Қазақ ССР-нің халық артисі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, СССР Кинематографистер Одағының мүшесі, режиссер, драматург, аудармашы.   Халық әндерінің бағын ашып, көрермен құлағының құрышын қандырған атақты баритон [9].


Кәукен Кенжетайұлы – ұстаз, музыкалық комедия актерлерін дайындайтын кафедраның тұңғыш ұйымдастырушысы, көп жыл меңгерушісі, беделді профессоры болды.

Ағайынды Абдуллиндер.

Абдуллин Мүсілім. Қазақ опера әншісі (тенор), Қазақстанның халық әртісі (1947). 1916 жылы 14 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1932 жылы Алматы музыкалық техникумына қабылданды. 

1935-38 жылдары Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқып, профессор А. И. Вишневскийдің класында әннен сабақ алды.

1938 жылдан Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера жәнс балет театрының солисі, "Қыз Жібек" операсында Төлеген, "Ер Тарғында" Балпан, "Жалбырда" Қайрақбай, "Евгений Онегинде" Ленский, "Абайда" Әзім т. б. опералық партияларды орындады.

Ол 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. М.Абдуллин әнші ретінде қазақтың халық әндерімен бірге отандық және шетелдік композиторлардың ән-романстарын ерекше нақышпен орындаған [10].

Алматы қаласында ағайынды Абдуллиндер атында көше бар. 1996 жылы дүниеден озды.

Абдуллин РишатАбдуллин Ришат. Қазақ опера әншісі (баритон), Қазақстанның (1947), ҚСРО халық әртісі (1967).  1916 жылы 14 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Кәсіби музыка өнеріне көркемөнерпаздар үйірмесінен келді. 1933 ж. Алматы музыкалық техникумында, 1936 ж. Мәскеу консерваториясының жанынан ашылған қазақ студиясында оқыды. Профессор А.И.Вишневский класында әннен сабақ алды. 

Абдуллин Ришат. Қазақ опера әншісі (баритон), Қазақстанның (1947), ҚСРО халық әртісі (1967). 1916 жылы 14 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Кәсіби музыка өнеріне көркемөнерпаздар үйірмесінен келді. 1933 ж. Алматы музыкалық техникумында, 1936 ж. Мәскеу консерваториясының жанынан ашылған қазақ студиясында оқыды. Профессор А.И.Вишневский класында әннен сабақ алды.

1939 жылдан Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі. Қазақтың ұлттық опера өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты. "Абай", "Травиата", «Даиси», "Демон", "Ер Тарғын", "Біржан-Сара", "Кармен" т. б. операларда басты партияларды айтып, Абай, Жермон, Онегин, Киэзо, Эскамильо т.б. кейіпкерлердің образын жасады.

Концерттік программасы да жан-жақты. Репертуарында қазақтың жүздеген әндерінен басқа орыс, татар т. б. туысқан халықтардың әндері бар. Р.Абдуллин Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Алматыда ағайынды Абдуллиндер атында көше бар. 1988 жылы дүниеден озды.