Файл: азастан Республикасыны Мдениет жне спорт министрлігі рманазы атындаы аза лтты консерваториясы рахымбаев т.docx
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 54
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ермек Серкебаев - опера өнерінің дүлдүлі Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев Петропавлда 1926 жылы 4-шілдеде дүниеге келген. Кейін отбасымен Алматыға қоныс аударып, үшінші сыныптан бастап қаладағы № 54 орта мектепте оқиды.
Жетінші сыныпта П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінде оқуын жалғастырып, 1941-1943 ж. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқиды. Алайда отбасылық жағдайлармен оқуын жалғастыра алмай, тастауға мәжбүр болады. Радиоға жұмысқа орналасып, диктор болып қызмет атқарады. Скрипкада ойнай алатын Ермекті хор жетекшісі Антон Максимович Москаленко хорға әнші болуға шақырады. Хордан жұмыс істеген сәттен бастап-ақ ол опералардағы белгілі классикалық арияларды орындайды.
Мәскеуде әндерін үнтаспаға жаздырып, Левинтанмен танысады. 1946 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына қабылданып, Курганов сыныбында оқып, 1951 жылы оқуын ойдағыдай бітіреді. 1947 жылы Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына жұмысқа орналасады.
«Евгений Онегин» операсында – Евгений, «Травиатадағы» – Жермон рөлдерін жоғары дәрежеде шырқайды. Келесі рөлі – «Севиль шаштаразындағы» – Фигаро. Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Қожағұл, Амангелді (М.Төлебаев, "Біржан мен Сара"; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, "Амангелді"), Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу"), Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай"), Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама"), Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой"), Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник"), Валентин ("Фауст"), т.б.
Ғафиз Қадырұлы Есімов – 1947 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Соройченко ауылында туған. Опера әншісі, лирикалық баритон. Қазақстанның халық артисі (1987) [13].
1975жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1973 жылдан Қазақ академикалық опера және балет театрының әншісі.
Негізгі партиялары: «Абай» операсында Абайдың рөлі (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, Е.Брусиловскийдің «Дударай» операсында Думан рөлі, А.Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың «Құрманғазы» операсында Құрманғазының рөлі, П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсында Онегин рөлі, Дж.Вердидің «Травиатасында» Жермон рөлі, Дон Жуан рөлі асқан шеберлікпен сомдайды.
Авхий Хавлаш Әбікейұлы – 1996 жылдан бері Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында білікті ұстаз қызметін атқарып жүрген өнер иесі. 1976 жылы Монғолия елінің атақты әртісі, 1981 жылы Моңғолия елінің Халық әртісі, 2005 ж Қазақстан Республикасының атақты өнер қайраткері [14]. Болгария елінеде Софий консерваториясын оқиды, Болгария халық әртісі Христо Бырымбургов класынан.
Дауыл Хайруллин. Табиғаты сұлу Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Құйған аулында дүниеге келген. [15].
Дауыл «Әсем» ансамблімен Париж қаласында өнер көрсетті. Қанша тыңдасаң да жалықтырмайтын Дауылдың орындауындағы әндер Франция жұртшылығының жүрегіне жол тапты. Кезінде ән атасы Әміре шырқаған үлкен сахнада қазақтың тағы бір әншісі осылайша өнер көрсетті.
Дауыл Хайруллин 1976 жылы Республикалық «Жігер», 1977 жылы Бүкілодақтық әншілер фестивалінің, 1985 жылы Күләш Байсейітова атындағы байқаудың лауреаты атанды.
Талғат Пердебекұлы Күзембаев - қазақ композиторларының, сондай-ақ дүниежүзілік классикалық музыка шығармаларын шеберлікпен орындайтын опера әншісі. Ол 2006 жылы ҚР Әнұранын ресми тұңғыш орындаған еді [16].
1994-1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық-хор факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Ғафиз Есімовтың классын бітірген.
1998-2000 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының асперантурасын бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына труппасына қабылданады.
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында: Бұл жерде опералық орындаушылық репертуарынан кең орын алды.
Негізгі орындаған партиялары: Жанбота, Жиенқұл (М.Төлебаев, «Біржан – Сара»), Абай, Жиренше (А.Жұбанов пен Хамидидің осы аттас операсы), Бекежан (Е.Г.Брусиловский, «Қыз Жібек»), Абылай хан (Рахмадиевтің осы аттас операсы, 2004; ҚР Мемлекеттік сыйлығы, 2006). Сонымен қатар Н.А. Римский-Корсаков, П.И.Чайковскийдің Ж.Бизе, Дж. Пуччини, Дж. Верди операларында күрделі партияларды орындады.
Шахимардан Әбілов - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Шахимардан Қайдарұлы - 1950 жылы 23 сәуірде Павлодар облысының Шарбақты ауданы Арбиген ауылында дүниеге келген.
Әнші репертуарында 500-ден астам жұмыс. - ариялар, романстар, қазақ және шетелдік композиторлардың әндері. Ол А.Жұбанов пен Л.Хамидидің (Абай), П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» (Онегин), Моцарттың «Белл» (Анибаль) және «Фигаро үйленуі» (Фигаро), Г.Жубанованың «Еңлік-Кебек» «(Абыз, Есен) және басқада көптеген шығармаларды орындаған.
Талғат Мұсабаев - Астана операсының жетекші солисті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
2002 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірді,жеке ән айту мамандығы бойынша, Италияда стажорлықтан өтті: Джеси, Милан (La Scala Academy), Болонья (Comunlae театр академиясы).
2001 жылдан бастап - Абай атындағы опера жане балет театрында әнші болған . 2004 - 2007 жылға дейін - Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы болған («Жеке ән салу» мамандығының). 2013 жылы «Астана Опера» театрының жетекші солисті атанды. Шығармашылықпен көптеген елдерде болды: Ресей қаласындағы, Ресейдің Үлкен театрының сахнасында П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсында Онегиннің партиясын (Мәскеу, 2003) орындады,
2004 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрімен Құрманғазы камералық оркестрі «Солисттер академиясы» мен Италия, Рим, Генуя, Флоренция, Сиракуза және басқа қалаларды аралап шықты.
АҚШ-тағы, әлемнің ең беделді сахналарында концерттерге қатысады:
«Карнеги Холл» (Нью-Йорк) және Кеннеди атындағы орталық шығармашылық ғимаратында(Вашингтон) «Қазақстан әндері мен әуендері» (2005)шығармасымен өнер көрестеді
Сүндет Байғожин - 1984 жылғы 13 наурызда дүниеге келген. Мұсақожаева атындағы Қазақ ұлттық музыка академиясында жеке ән айту бөлімінен тәмдады. Италияның Джесси қаласында тәжірибе курстарынан өтті, Италияның Осимо қаласындағы Accademia D'Arte Lirica-дан академиялық бағыттағы дайындық курсын аяқтады. 2015 жылы Rossini академиясының Rossini фестивалінің шақыруы бойынша, Rossini академиясында әншілік курстарын бітірді.
Еңбек жолын К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының труппасында бастады. Бүгінгі күні Сүндет - «Астана Опера» театрының жетекші солисті. Өзінің репертуарында бельканто шығармаларынын В.А. Моцарт, Дж. Россини, Дж. Пуччини, Г.Донизетти, О. Оффенбах, П.Чайковский және С.Рахманинов.
Сүндет Байғожин әлемнің сахналарында Нью-йорктегі Carnegie Hall, АҚШ-тың Берлин филармониясында, Париждегі (Франция) Шанзелисе, Вена концерттік үйінде (Австрия) танымал әлемдік деңгейде, ол сондай-ақ Түркияда, Иордания Хашимит Корольдігінде, Белоруссияда, Жапонияда, Италияда, Түрікменстанда, Ресейде, Башқұртстан Республикасында және Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті
ІІ бөлім. «Қазақ опера өнеріндегі баритон орындашылардың маңызы
2.1 Қазақ опера өнеріндегі саңлақтар байланысы
Опера – сөздер синтезіне, сахналық әрекет пен музыкаға негізделген сазды-драмалық шығарма түрі. Қызметтік міндеттерін музыка атқаратын драмалық театрдан ерекшелігі, операда әуен қимылдың негізгі жеткізушісі болып табылады [22,5б].
Қазақтың опералық театр сахнасында ерекше орын алған опералық өнердегі орындаушылар жайында айтып өтер болсақ. 2001 жылғы танылған опера саңлақтары Кәукен Кенжетаевтың опера сахнасында орындаған партиялары негізінен орыс, қазақ опера труппасының репертуарына қойылған опералардан жасақталған. Әнші алғашқы күннен бастап ұлттық репертуарға емін-еркін кірісіп кетсе, орыс, Еуропа композиторларының классикалық репертуарынан да сүйекті образдар қатарын сомдады [24].
Белгілі сыншы Әшірбек Сығайдың «Кәукен Кенжетаев классикамыз бен әлемдік інжу-маржандарды халқымызға өз деңгейінде таныта білген сахнагер» – деген пікірі бар. Қаукен ағаның театрда режиссерлік қызмет атқарып жүріп, шоқтығы биік өнер туындыларын сахналады. Шығармашылық ізденіс, байқампаздық сынды асыл қасиеттер режиссердің талантын шыңдап, қабілетін таныта түсті. Мәселен Е.Брусиловскийдің «Амангелді», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу» комедиялық операларын ерекше атап өтуге болады.
Бұл туралы Аманкелді Мұқан «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты мақаласында: «Қойылымдардан ұлттық операдағы дәстүрлі жалғастықты көруге болады. Ол алдымен, ұлттық спектакльдерді сахналауда алдыңғы буын салып кеткен сүрлеуді бұзбай, сол үлгіні сәтті жалғастыра алады [25]. Жалпы баритон дауысты орындаушылардың 2001 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықтағы байланысты айтар болсақ, бұл өкілдер ең осы опералық әншілік өнерді насихаттаушылар болып табылады.
Кәукен Кенжетаев, Ермек Серкебаев, Ғафиз Есімов, Дауыл Хайруллин, Авхий Хавлаш Әбікейұлы, Есімов Ғафиз Қадырұлы, Әбілов Шахимардан, Талғат Күзембаев, Жанат Шыбықбаев, Талғат Мұсабаев, Сүндет Байғожин, Азамат Жылтыркөзов, Андрей Трегубенко, Дулат Тоқанов, Олег Татамиров және де тағы да басқа опералық әншілеріміз бар деп айта аламыз.
Бұл әншілердің арасылығындағы байланыс ол әндерді өз қалпында жеткізгендігі. Табиғи орындау ерекшелігін қолға ала отырып, оны қазіргі таңда да насихаттап келеді. Қазақ музыкасының дамуында қазіргі уақытта көптеген шетелдік байланыстар, шетел сахналарындағы практикалық байланыс орнап, ұлы орындаушылардың байланысы қазақ музыкасының опералық орындаушылар арасында дамып келеді. Жалпы, бұл біздің қазақ музыкасының дамуына ерекше өз үлесін қосқан, опералық музыка тарихында дәріптеп бізге берген музыкалық мұрамыздың жемісі деп білеміз.
Заманына қарай ағымы, білім, музыкасы өзгеріп отыратын уақытта қазақ музыкасының баритон дауыстың қоңыр үнін сақтап қалу ол әр бір баритон дауысты орындаушының міндеті деп білеміз.
Осы тұрғыда 2001 және 2011 жылғы баритон дауысты опера әншілерінің байланысын айтар болсақ жалпы қазақ музыкасындағы баритон дауысты әншілер болсын, басқа да дауысты әншілер болсын, бірқатар байланысты атап көрсетуге болады. Бұл әрбір вокалист орындаушысының орындаушылық ерекшелігіне, шығарманы түсіне орындап, образға кіріп орындау жайында айтылып отыр. Жалпы алар болсақ қазіргі уақытта вокал өнері қарқынды дамып келеді.
Кoнсepвaтopия қaбыpғaсындa стyдeнттepді әншіліккe бayлығaндa әншінің үні, әyeзі, әншілік нeгіз Eypoпaлық үpдістe тәpбиeлeнeді. Сeбeбі Симфoнниялық opкeстpдe 40-тaн aсa aспaп бap. Oның бapлығы бізгe Eypoпaдaн кeлгeн. Opкeстp opтa біp тoн бepгeндe oл дoмaлaнып, Eypoпaлық сөз сaптay өлeң aйтy мәдeниeтіндe үндeстік бap сұpaнысты тaлaп eтeді. Қaзaқ тілді сөзінe сөз сaптay мәдeниeтінe жaт, құлaққa түpпідeй тиeтін жaйттap кeздeсіп қaлaды.
Қорытындылай келе айтарымыз, бұл ерекшеліктер Тәуелсіз елдегі әншілердің арасында байланыстың негізгі күші ол орындаушылық ерекшелік, ағымға музыканың дамуына байланысты өзгерісті талап ететін музыка болғанымен, оның ең басты ерекшелігі шығармашылық байланыс, ұқсастық болып келеді. Бұл қазіргі уақытта академиялық вокал мамандығының дамуы жас буындардың орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты келеді.
2.2 Баритон дауысына жазылған шығармаларға талдау жасау ерекшеліктері
Ән дегеніміз – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады. Бүгінгі кезде айтылып жүрген әндер дауысына қарай халық әні, лирикалық ән, эстрадалық, опералық орындалатын әннің түрлері және т.б. болып бөлініп жүр. Тарихтың прогрестік жолымен дамуы дүниеге алуан – алуан идеялық мазмұнды әндерінің көлемді шығармалардың тууын жеделдетті. Мысалы: «Амангельді сарбаздарының маршы», «Өндіріс», «Жас қазақ» т.б [27-28].
Халық әндерінің бір ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Әрбір әнді байқап қараса, олардың өлеңдері бірнеше шумақтан пайда болып, сол шумақтардың ішіндегі тармақтары бір – бірімен ырғақ жағынан сәйкестеніп келеді. Бұны біз шумақтық әндер дейміз.
Лиpикa әндep —қaзaқ мyзыкaсының eң бaй мұpaсы. Идeялық-эмoциялық мaзмұны кeң, тaқыpыптapы aдaмзaттың қyaныш-мұңы, өкініші, мaxaбaты, тaбиғaт сұлyлығы, жaн-жaнyapлap әлeмі, сұлy қыз, жүйpік aт, aлғыp тaзы, өкіншті өміp т.б. тypaлы сaн қилы бoлaды.