Файл: Сабаты таырыбы Стереоизомерия (цистранс немесе ez).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z).
Бөлім: | 10.4А Қанықпаған көмірсутектер |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z). |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 10.4.2.15 цис-және транс-изомерлер формулаларының моделін құра білу және оны стереоизомерияның бір түрі ретінде түсіну |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Қанықпаған қосылыстар үшін геометриялық изомерияның түрлерін анықтайды; Көпшілік оқушылар үшін: Оның қаңқалық және құрылымдық формуласынан изомердің түрін анықтайды Кейбір оқушылар үшін: E-Z номенклатурасы бойынша қосылыстарға атайды |
Құндылықтарға баулу: | Топтық жұмысдағдыларын қалыптастыру Өз ойын еркін жеткіз уүшін тәрбиелеу |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 8 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастарады 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. | Әр оқушы жасарын суреттерді таңдайды, әр суретте химиялық элементтер болады, олар осы химиялық элементтердің агрегаттық күйіне қарай топтастырылады. 1-топ: Сұйық 2-топ: Газ 3-топ: Қатты | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Жасырын суреттер А4 (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Оқушылардан тез жауап беру сұралады. Ауызша бағалау жүргізіледі 5.Алкендердің химиялық белсенділігі π-байланыстың болуына байланысты деген тұжырымды түсіндіріңдер. Алкендерге қандай реакциялар тән? 6. Неліктен қанықпаған көмірсутектер отын ретінде қолданылмайды? | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға 5 жұлдызша фищка беріп және «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. Сондақ –ақ бүкіл оқушыға 3 шапалақпен ынталандыру. |
| | Оқушылар қосымша видеоматериал қарайды. Керек мәлеметтерді дәптерге жазып отырады. | | https://www.youtube.com/watch?v=7Yw25GP_VQI |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу 30 мин. | Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. | Дескриптор: Жалпы - 3 балл Қанықпаған қосылыстар үшін геометриялық изомерияның түрлерін анықтайды; | Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. |
| Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 1.Тапсырма 1-бром-1,2-дихлорэтиленнің геометриялық изомерлерін құрастырып,цис-транс және E-Z номенклатурасыбойынша атау беріңіз. Оқушылар цис-изомердің әрдайым Z-изомерімен сәйкес келмейтінін түсінуі керек. | Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Тапсырманы орындайды | ДК экраны 10-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Жеке жұмыс | Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді және қосымша материалдыр беріледі. | 2.Тапсырма Берілген заттарды құрылымдық формуласы бойынша цис және транс-изомерлерін анықтау қажет: | Дескриптор: Жалпы - 3 балл | ДК экраны 10-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері,қалам, қосымша материал. |
| | 3.Тапсырма CHBrClF молекласы оптикалық изомерия құбылысын көрсетеді. Қос оптикалық изомердің үш өлшемді суретін салыңыз. Үш өлшемді бейнені жазудың шарттары: Жазықтықтағы байланыс Жазықтық артындағы көрінбейтін байланыс Жазықтық алдындағы байланыс | Дескриптор: Жалпы -3 балл Қоос оптикалық изомердің үш өлшемді суреттін салады. | Дәптер,қалам,қосымша материал |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | Рефлексия «Табыс» ағашы пайдаланып, сабақты қорытындылау. Үй жұмысы. Гексен-3 молекуласының құрылысын салып, цис- және транс- изомерлерін жазыңыз. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Оқушылар сабақтың барысында тапсырма орындау арқылы ұпай жинап, бағаланады . | |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |