Файл: Таырыбы Тзету жмыстарында дифференцианалды диагностикалау ызметі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зияда Айнур
Тақырыбы:Түзету жұмыстарында дифференцианалды диагностикалау қызметі
Баланың ерте диагностикалық бақылаудың қажеттілігі. Әсіресе дамудың ауытқуын ерте анықтау алғашқы ауытқуға социалды сипаттағы үсті-үстіне қабаттасуын алдын алуға, баланы түзету оқытуға қосылуына ықпал етеді.
Даму ауытқушылығы бар балаларға диагностикалық және түзету көмегінің бірлігі. Түзету- педагогикалық жұмыстың тапсырмалалары диагностика, психикалық дамуды тұспалдау және баланың мүмкіндіктеріне сүйеніп қана шешіледі.
Ауытқушылығы бар дамудың психодиагностикасы 3 кезеңнен тұрады: скрининг-диагностика; дифференциалды диагностика; жеке түзету бағдарламасын даярлау мақсатында баланы тереңірек зерттеу. Әр кезеңге өзіне тән ерекше тапсырмалары бар және әр кезеңнің замануи психодиагностиканы сипаттайтын өзіндік мәселелері бар.
Бірінші кезең «скрининг» деген атау алды. « Скрининг» сөзі ағылшын тілінің screen сөзінен шығады және «елеу, екшету» мағынасын білдіреді.бұл кезеңде баланың психофизикалық дамуында ауытқушылықтар барын нақты сипаттаусыз және ауытқудың тереңдігінсіз анықтайды.
Скрининг- диагностиканың негізгі тапсырмалары популяциялық дамуда әртүрлі ауытқушылығы бар балаларды дер кезінде анықтау, соның ішінде көпшілік оқу орындарында, баланың психология- педагогикалық мәселелерінің спектрін жуықтап анықтау болып табылады. Сонымен қатар, скрининг-диагностика балалардың оқу орындарындағы оқыту жне тәрбиелеу сапасын бағалау мәселелерін шешуге , оның ішінде: нақты берілген оқу орында оқыту- тәрбиелеу процессінің кемшіліктерін анықтау, балаларды тәрбиелеу- оқытудың әртүрлі бағдарламасының кемшіліктерін анықтау.
Қазіргі таңда скрининг- диагностиканы ұйымдастыру мен өткізудің мәселелері әр түрлі шешімін табуда. Іс- тәжірибеде бірнеше нұсқасы қарастырылады. Мысалы, баланы оқытып тәрбиелейтін педагогтар бала дамуында ауытқушылықтарды байқаған кезде, оқу орнының психологына даму ерекшеліктеріне баға беруіне және дамуында ауытқушылықтары бар баламен қалай жұмыс жасау керек екендігіне сәйкес ұсынымдар беруіне тапсырыс жасайды.
Келесі жағдайда, ата- ана баланың тәртібі мен оны тәрбиелеудегі қиыншылықтарға баға бере отырып, оқыту- тәрбиелеу іс- шараны ұйымдастыруда ұсыным беруіне психологқа жүгінеді. Бұндай тапсырыстар әсіресе мектепке дейінгі ересек балалар жасына тән, себебі дәл осы кезең «мектепке даярлау» шағы ретінде қарастырылады, ата- аналар балаларының психологиялық тұрғыда әртүрлі мәселелерін байқай бастайды.
Дамуында ауытқушылығы бар балаларды анықтау арнайы ұйымдастырылған скрининг- зерттеудің нәтижелеріне сүйенеді. Ұйымдастыру формасына қарай скрининг- зерттеу жеке және жаппай болып бөлінеді. Бұл тәсілдеме замануи талаптарға сәйкес дамуында ауытқушылықтары бар балаларды анықтауға барынша жақын, алайда өкінішке орай қолданыста өте сирек кездеседі, ал өткізу процедурасы қазіргі талаптарға сай келмейді.
Скрининг кезінде пайдаланатын әдіс- тәсілдер жинағы көбінесе скринингтік тексеріс таспырмаларына жауап бермейді, психолог- педагогтардың кәсіби дайындығы дамудың ауытқушылығын бағалауда жеткіліксіз. Бүгінгі таңда «өтініш бойынша» скрининг жасау алдыңғы қатарда, бірақ ол әрбір баланың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуге және психология- педагогикалық көмекке мұқтаж балаларға көмектесу мүмкіндігін жоққа шығарады. Осылайша, заманауи скрининг- диагностиканың қазіргі қалпын сипаттайтын бірқатар мәселелер бар:
Балаларды зерттеуге қолданатын, әртүрлі методикаларның көптігіне қарамастан, скрининг- тексерудің ғылыми негізделген және қолдануға арналған мақұлданған аспаптардың жетіспеушілігі анық белгілі(әсіресе скрининг-тексерудің баланың алғашқы үш жылына қатысты);
Скрининг-диагностиканың методикасын өңдеудегі ең қиыны психикалық дамуы қалыпты бала мен психо-педагогикалық және медико-әлеуметтік көмекті қажет ететін балаға арналған жүйенің критерийлерін шығару(осы жағдайда мектепке дейінгі балалар айтылады);
Скрининг- тексеруді өткізу барысында сыналушының эмоционалдық күйі мен дара ерекшеліктері қазіргі таңдағы мәселе болып табылады. Жетістікке және жеңіліске реакциясы, серіктестікке уәждеме,көңіл-күйі, өткен негативті тәжірибе және т.б. тапсырма орындаудың сапасына әсер етеді. Осы жағдай айтарлықтай қиынқық туғызады, өйткені скрининг- тексеру уақыты шектеулі болғандықтан керек ақпаратты толық бермеуі мүмкін.
Екінші кезең – ақыл-ойы кем балалардың дифференциалды диагностикасы. Осы кезеңнің мақсаты- даму бұзылысының типін анықтау. Осы кезеңнің нәтижелеріне қарап, баланың қай бағытта оқитыны, оқу түрі, бағдарламасы, оқу мекемесі, яғни ең жақсы педагогикалық маршрут, баланың мумкіндігі мен жағдайына қарай анықталады. Дифференциалды диагностиканың басты мақсаты психо-медико-педагогикалық кеңес болып табылады(ПМПК).