ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 82
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Панкреатит — бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы
Ұйқы безі — грек тілінен аударылғанда –«барлығы еттен» деген мағына береді.
Ұзындығы 10-23см, ені 3-9см, қалыңдығы 2-3см, салмағы 70-80гр.
Ұйқы безінің ең жиі кездесетін сырқаттарына панкератиттер мен ісіктер кіреді.
Панкреатит-жедел және созылмалы болып екі топқа бөлінеді.
деструктивті өзгерістер шақыра
Ұйқыбез функциясының бұзылыстары бойынша:
Лабораториялық зерттеудің нәтижелері:
Аспаптық зерттеудің нәтижелері
Қажет жағдайларда, мәселен, ісіктен күдіктенгенде КТГ,ангиография, биопсия жасалынуы тиіс.
Атропин – 1 мл 0,1% ер. күніне 2-3 рет тері астына
Метацин – 1 мл 0,1% ер. күніне 2-3 рет тері астына
Хлорозил – 4 мг (2 таб) күніне 3-4 рет
Гастроцепин – 0,05 г таб. түрінде күніне 2-3 рет
Папаверин – 2 мл 2% ерітінді, ампулада; күніне 2-4 рет б.е. н/е т.а.
Но-шпа – 2-4 мл 2% ерітінді, ампулада; күніне 2-4 рет б.е. н/е т.а.
Феникаберон – 2 мл 0,25% ер., ампулада; күніне 2-4 рет б.е. н/е т.а
Анальгин – 2 мл 50% ер., б.е. күніне 2-3 рет
Фенкарол – 0,025 г ішке күніне 3 рет
Диазолин – 0,025 г ішке күніне 3 рет
Супрастин – 1 мл 2% ер. б.е.; 0,025 г ішке күніне 2-3 рет
10 мл 2,4% ер. + 10-20 мл натрий хлор изотоникалық ер. Т.і. – баяу тамшылатып енгізеді.
Промедол – 1 мл 1-2% ер. + натрий хлоридті изотоникалық ер. 2 мл папаверинмен бірге т.і. жайлап .
Алмагель, алмагель-А – 1 шай қасықпен күніне 4-5 рет.
Фосфалюгель – 1 пакет ½ стакан суға, күніне 4 рет
Трасилол – тәул. 100,000 ХБ кем емес; тәуліктік дозаны 2-ге бөліп, 5% глюкозамен т.і.-не енгізеді.
Амициллин – 0,5 г ішке н/е б.е. күніне 4-6 рет, 5-7 күн.
Оксациклин – 0,5 г ішке н/е б.е. күніне 4-6 рет, 5-7 күн.
Амиокс – 0,5 г ішке н/е б.е. күніне 4 рет, 5-7 күн
Гемодез және гемодез-Н – 400 мл т.і.
Рингер ер., 5% глюкоза ер., натрий хлоридінің изотониялық ер.
“Дисоль” (6 г натрий хлорид, 2 г натрий ацетат, 1 л дейін инъекциялық су)
“Трисоль” (5 г натрий хлорид, 1 г калий хлорид, 1 г натрий гидрокарбонат, 1 л дейін инъекциялық су)
“Ацесоль” (5 г натрий хлорид, 1 г калий хлорид, 2 г натрий ацетат, 1 л дейін инъекциялық су)
Жедел және созылмалы панкреатит
2020-жыл
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Этиологиясы
Патогенезі
Жіктелуі
Асқынулары
Лабораториялық зерттеудің нәтижелері
Аспаптық зерттеудің нәтижелері
Пациентке медбикелік күтім жасау
Емі
Панкреатит — бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы
Ұйқы безі — грек тілінен аударылғанда –«барлығы еттен» деген мағына береді.
Ұзындығы 10-23см, ені 3-9см, қалыңдығы 2-3см, салмағы 70-80гр.
Ұйқы безінің ең жиі кездесетін сырқаттарына панкератиттер мен ісіктер кіреді.
Панкреатит-жедел және созылмалы болып екі топқа бөлінеді.
Жедел панкреатит дамуының негізгі себептері:панкреастың шығару жолдарының өт тастарымен бітеліп қалуына байланысты без сөлінің 12 елі ішекке түсуінің қиындауы, арақты өте көп
ішкенде без секрецисының күшеюі және дуоденум сөлінің немесе өттің холедохопанкреастың рефлюкс нәтижесінде ,ұйқы безі жолдарарына түсуі.Осы себептерге байланысты ұйқы безінің ферменттері белсендіріліп ,жергілікті тіндедеструктивті өзгерістер шақыра
Этиологиясы
1. Ішкілікке салыну (90%). Күн сайын 100 мл-ден алкогольді немесе 2 литрден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде гистологиялық бұзылыстарды дамытады. Алкогольді үнемі ішетін әйелдерде панкреатиттің айқын көрінісі 11-12, еркектерде 17-18 жылдан кейін пайда болады.
2.Биллиарлық гипертензия — бауырдан төмен биллиарлық түтіктерде қысымның жоғарылауы (Фатер емізігінің стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде, холедохта тастың тірелуінде және он екі елі ішектік гипертензиясында болатын).
3. Дуоденобиллиарлық рефлюкс (Одди сфинктерінің шамасыздығынан, дуоденостаздан болатын).
4. Алиментарлық фактор — майлы, қуырылған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің, әсіресе А витаминінін, тапшылығы.
5. Вирустық инфекция (Коксаки Н, гепатиттің вирустары).
6. Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданылған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер, холинэстераза ингибиторлары).
7. Гиперлипидемиялар (ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май қышқылдарының улық әсер етуі).
8. Гиперпаратиреоз (ұйқыбездің түтіктерінде тастар түзілуі, кейіндеу — кальцинозы).
9. Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы.
Жедел панкреатит асқынулары:
Жедел панкреатит асқынулары:
Жалпы:
гемодинамикалық шок
өкпенің жедел асқыну синдромы (бронхит, пневмония, плеврит)
асқазан – ішектен жолдарынан қан кету сепсис екіншілік анемия
Уремия механикалық сарғаю алиментарлы дистрофия
Тетания диабет
Жергілікті асқынулар:
холецистопанкреатит бездің абсцесстенуі (ошақты, субтотальді, бездің тотальды некрозы)
перитонит
іш астары арты флегмонасы киста (жалған, шынайы)
жыланкөздер (ішкі, сыртқы) — тері мацерациясы аррозивті қан кетулер
Созылмалы панкреатит
Созылмалы панкреатит жедел панкреатиттен соң немесе ас қорыту жүйесінің созылмалы панкреатиттің туындауында дұрыс тамақтанбаудың, алкоголизмнің, қан тамырлар атеросклерозының (ишемиялық
панкреатит) маңызы зор. Кейінгі кездерде созылмалы панкреатиттің обструктивті және кальцификацияланушы түрлерін ажыратады.
Патогенезі
Алкоголь ұйқыбездің секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың мөлшерін арттырады. Бөлінетін сөл белокқа аса қаныққан ерітінді болғандықтан, кұрамындағы белок ұсақ түтіктерде уыз төрізді ұйып түтіктердің өтімсіздігіне әкеледі. Қысымның жоғарылауынан, түтікшелердің немесе ацинустардың базальдік мембраналары жарылады, бездің паренхимасына өткен ферменттер оны бейтараптайды. Сонымен қатар қанға "тасып" түскен ферменттердің өсерінен өзге ағзаларда жүйелі зақымданады. Бездің өз-өзін бейтараптауынан химиялық некроздар дамиды. Қалыптыда ұйқыбездің ферменттері он екі елі ішекте ғана белсенділенеді, өйткені липазаның активациясына өт қышқылы, трипсиногеннің активациясына ішектік энтерокиназа қажет. Трипсиногеннің бейтараптау әсері, дәнекер тінді бейтараптайтын эластазаға үқсас, өте куатты.Дуоденобиллиарлық рефлюксте ұлтабардың сөлі (құрамында өт, түрлі ферменттер, соның ішінде энтерокиназа болатын) ұйқыбездің түтіктеріне өтеді. Мүндайда ұйқыбездің ферменттері түтіктерде активацияланып, бездің паренхимасы мен түтіктерін зақымдайды. Жүре бара түтіктердің деформациясы мен стенозы қалыптасады, Фатер емізігі қабынады және тарылады. Аталмыш бүзьлыстардан ұйқыбез сөлінің ағып шығуына көптеген кедергілер пайда болады.
Сонымен алкоголь бездің кальцинозына, ал биллиарлық гипертензия және дуоденобиллиарлық рефлюкс обструкциялық панкреатитке әкеледі.
Кейбір дэрмектер (нитрофурандар, кдбынуға кдрсы дәрілер мысалы, аспирин) ұйқыбезді алкоголь тәрізді стимуляциялау арқылы панкреатитті дамытуы мүмкін. Оны идиопатиялық панкреатит болғанда ескеру қажет. Жедел панкреатит 30%, сөлағуының бұзылысынан немесе кальцинаттардың түзілуінен, созылмалыға айналады.
Жедел панкретиттің диагностикасында дененің әртүрлі сұйықтықтарында ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі (активность) маңызды роль атқарады. Әсіресе жиі болатын қандағы амилазаның жоғарлауы (90%), сирек зәр амилазасы (75%) болады. Бірақта безде некроз болғанда амилазаның мөлшері әдеттегі қалпына дейін төмендейді.
Амилазаның Каралея әдісі бойынша нормасы:
◾қанда 3,3-8,9 мг/сек/л.
◾Зәрде — 44мг/сек/л.-ға дейін
Диференциальді диагностикасы
◾Іш қуысының аурулары (перфоративті жара, жедел холецистит, жедел ішек өтімсіздігі, жедел аппендицит)
◾Іш астар арты аурулары (бүйрек патологиясы, паранефрит, флегмона)
◾Кеуде клеткасының аурулары (миокард инфарктісі, плеврит, пневмония)
◾Инфекциялық аурулар – іш сүзегі
◾Қан аурулары – Шенлейн-Генох ауруы.
Жіктелуі
Патогенезі бойынша:
Біріншілік
• алкогольдік;
• алиментарлық;
• токсикалық, соның ішінде дәрмектік;
• вирустық;
• идиопатиялық.
Екіншілік
• холангиогенді (өт жолдарының патологиясына байланысты);
• он екі елі ішектің патологиясына байланысты;
• дистрофиялы-метаболизмдік (бауырдың созылмалы ауруларына, жаралы колитке, мальабсорбция синдромына және гипоксияға, себебі әр түрлі гипоксемияға байланысты дамитын); тамыр патологиясына бйланысты;
• семіздікке байланысты;
• гельминтозға байланысты;
• эпидемиялық паротитке және өзге вирустық ауруларға байланысты (организмнің иммундық статусының бұзылыстарына әкелетін);
1. Кальциноздаушы
2. Обструкциялық
3. Фиброзды-склероздаушы (индуратинті)
4. Ұйқыбездің кисталары мен псендокисталары.
Клиникалық белгілері бойынша:
1. Рецидивтеуші:а) өршу фазасында;
б) ремиссия фазасында.
2. Ауырсынулық:
а) үнемі ауырсынумен;
б) ұйқыбез коликасының ұстамаларымен.
3. Псендоісіктік:
а) холестазбен;
б) он екі елі ішек өтімділігінің бұзылысымен.
4. Ауырсынусыз.
5. Латентті.
Ұйқыбез функциясының бұзылыстары бойынша:
а) экскрециялық;б) инкрециялық;
в)аралас
Клиникалық түрлері
1. Рецидивтеуші түрі — науқастардың 55-60%-да байқалады. Бұл түрінде белде буындардағыдай қатты ауыру ұстамалары оқта-текте болып тұрады. Ауырсыну эпигастрийде немесе сол қабырғаараллықта орналасады. Сонымен бірге өршу кезінде жүрек айнуы, құсу мазалайды. УДЗ-де бүл кездерде ұйқыбездің ісініп ұлғаюы анықталады.
2. Ауырсынулық түрі (үнемі ауыру синдромымен). Дерттің бүл түрінде құрсақтың жоғарғы аймағы үнемі ауырады. Ауыру арқаға тарайды. Сонымен қатар диспепсиялық бұзылыстар да болады — тәбеттің төмендеуі, арықтау, іштің бір өтіп, бір қатуы, метеоризм; ұлғайып тығыздалған без кейде пальпация арқылы анықталады.
3. Псендоісіктік (сарғайтатын) түрі — науқастардың 10% болады, жиілеу ер кісілерде кездеседі. Дерттің бүл түрінде кабынып ісінген ұйқыбездің басы жалпы өт түтігін қысып, өттің өтпелі механикалық іркілісіне әкеледі. Осыдан, панкреатитке тән диспепсиялық шағымдармен бірге, өтпелі холестаз синдромы болады: сарғаю, терінің қышуы, зәр түсінің қоңырлануы, нәжістің ақшылдануы.
4. Латентті (ауырсынусыз). Бүл түрде ауырсыну болмайды немесе болмашы, көріністе басты орын алатын диспепсиялық бұзылыстар - жүрек айнуы, кекіру, төбеттің төмендеуі, іштің жиі өтуі. Тексергенде — бездің экзо және эндокриндік функцияларының бұзылыстары анықталады.
5.Склероздаушы түрі — созылмалы панкреатиттің ақырғы сатысы.
Лабораториялық зерттеудің нәтижелері:
1. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы және жедел фазалық белоктардың көбеюі байқалады.
2. Қан мен несепте ұйқыбез ферменттерінің (диастазаның, липазаның) көбеюі (ферменттердің ауытқу феномені), бұл белгілер көбіне өршудің алғашқы тәуліктерінде анықталады.
3. Он екі елі ішектің сөлінде — ұйқыбездік ферменттер, гидрокарбонаттар мөлшерінің, сөл көлемінің өзгерістері. Бұлардың мөлшерін секретин немесе панкреозиминмен стимуляция жасар алдында және жасағаннан кейін кайталап тексереді.
Панкреатиттің алғашқы кезеңінде — гиперсекреция, фиброз дамыған кезде гипосекреция анықталады.
4. Копрограммада — стеаторея, креаторея және нәжісте трипсиннің немесе химотрипсиннің азаюы. Панкреатиттің басты белгісі — липазаның жетіспеушілігінен нәжіс құрамында нейтральдық майлардың көбеюі.
5.Бездің эндокриндік жетіспеушілігінде гипергликемия және гликемиялық қисықтың қос өркештелуі анықталады.
Аспаптық зерттеудің нәтижелері
1. Іш қуысының шолу рентгенографиясында кальцинаттар анықталуы мүмкін.
2. Гипотония үстінде жүргізілген дуоденографияда (он екі елі ішек доғасының жазылуынан немесе он екі елі ішек өзегінің тарылуынан, контурының деформациясынан) ұйқыбез басының ұлғаюын анықтайды. Без денесінің ісінуін асқазан артындағы кеңістіктің ұлғаюынан байқайды. Компрессиялық дуоденографияны жасағанда кейде контрасттық затгың ұйқыбездің түтігіне өтуі анықталады.
4.Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ) арқылы басты түтіктің диффузды өзгерістері анықталады: тарылуы, кеңуі, қабырғаларының тегістігі жойьшуы, түтік тармақтарының деформациясы.
Қажет жағдайларда, мәселен, ісіктен күдіктенгенде КТГ,ангиография, биопсия жасалынуы тиіс.
Асқынулары:
І.Ерте дамитындар: механикалық сарғаю, кисталар, псендокисталар, асқорыту жолынан қан кетуі, гепатаргия, іріндікке айналу, портальдік гипертензия, ұйқыбез түтігінің тарылуы, талақ венасының тромбозы, плеврит.
2.Кеш дамитындар: стеаторея және мальабсорция мен мальдигистияның өзге көріністері, дуоденальдік стеноз, энцефалопатия, артропатиялар, артериопатиялар, жергілікті инфекциялар, ұйқыбез рагы, қантты диабет, кальциноз.
Медикаментозды емес ем
Төсек режимі
Диета № 5 стол
- Белок – 110-120 (80-90) гр дейін
Майлар – 80-90 (40-60) гр дейін
Көмірсу – 300-350 (200-250) гр дейін
Сұйықтық – 1,5-2 л-ге дейін
Тұз – 8-10 (6-8) г дейін
Жалпы энергетикалық құндылық – 2500-2800 (1800-2200) ккал
Болады
Балғын көкеністер мен жеміс жидектер
Теңіз өнімдері
Майлы емес сүт өнімдері
Құрғақ бисквит мармелад, зефир
Компот, кисель, қою емес шай
Болмайды
Ащы, тұзды, қышқыл өнімдер
Майлы ет бульендары
Цитрусты және қышқыл көкеністер
Етті субөнімдер
Кофе, газдалған сусын, какао, квас