Файл: ытану кафедрасы Бж Таырыбы Саяси бейімделуге байланысты кзарас абылдаан Амирбек А. Орындаан Асилова . Тобы ЗТ111.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 37
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік
университеті.
Экономика,басқару және құқық факултеті
Құқықтану кафедрасы
Бөж
Тақырыбы: Саяси бейімделуге байланысты көзқарас
Қабылдаған: Амирбек А.
Орындаған: Асилова Ғ.
Тобы: ЗҚТ-111
Түркістан,2023
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Саяси даму мен бейімделудің мәні
2.2 Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
2.3 Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
III. Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қоғам әркашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер деөзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси өшу деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады. Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарапұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді. Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдык-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан,олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады. Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп, жаңарып шықты. Қандық, діни, әдет-ғұрыпқа негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым.
Саяси институттар қызметтерінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртұтас санады, олардың мүддесін өз мүддесіндей көрді. Орталық билік болса да оған жөнді мән берілмеді. Бұл қоғам ата-бабадан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді басшылыққа алып, соларға сүйенгендіктен өте баяу, сылбыр дамыды.Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.
II. Негізгі бөлім
2.1 Саяси даму мен бейімделудің мәні
Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпка келіп, жетіліп жатады. Саяси даму деп саяси іс- қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгеріс- терге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады. Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге же- туді, бір кезеннен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бей- тарап ұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді. Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп, баяу да- миды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандық- тан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбе- гейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жол- мен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғам- дағы үлкен бетбұрысты да жаткызады. Мысалы, бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамнын дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды. Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің бар- лық саласы түгелімен түлеп, жаңарып шықты. Біз бұдан былай әнгіме еткенде қоғамның осындай түбегейлі өзгерісін айтамыз. Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және казіргі етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айна- лысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өңдеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған.
Халықтың көпшілігі са- уатсыз немесе шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттық- тың дәстүрлі түрі кең тараған. Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Кандык, діни, әдет- ғұрыпқа негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым. Саяси институттар қызметтерінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртутас санады, олардың мүддесін өз мүддесіндей көрді. Орталық билік болса да оған жөнді мән берілмеді. Бұл қоғам ата-бабадан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді басшы- лыққа алып, соларға сүйенгендіктен өте баяу, сылбыр дамыды. Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (по- стиндустриалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, ақыл-парасатқа, баяндылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс- әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді тандап, табанды түрде оларды іске асыруға ты- рысады. Бұрынғы дәстүрлік коғамда адамның әлеуметтік, сая- си іс-кимылына зандық, идеологилык, діни шектеулер қойы- латын. Казір ондай жоқ. Бұрынғы адамдардың іс-қимылдарын олардын әлеуметтік мәртебесіне байланысты бағалайтын. Қазір өркениетті елдерде қызметтің, жұмыстың нақтылы нәтижесіне қарай бағаланады. Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бүл ұғымды отар- лық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениетті- лікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипа- тын және бағытын бейнелеу болатын. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімде- лудің әр түрлі қыры бар. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік- экономикалық, саяси және басқа институттар жүйесінің қалып- тасуын қамтиды. Оған индустриализацияландыру, қазіргі нарык- тық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс бастылық құрылымның түбегейлі өзгеруі, білікті маман- дар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, қоғам- ның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т. б. жата- ды.
Осындай күрделі қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде Батыстың дамыған елдерінде халықтың әлеуметтік-экономикалык өмір деңгейі бұрынғыдан анағұрлым жақсарды. Оларда казір жұмысы барлардың жалақылары жоғары, адамдарды шектен шыққан кедейлікке жібермейді, өндіріс орындары, тұрмыс-жағ- дайлары толық жабдықталған, халықтың тұтыну деңгейі жоға- ры. Сапалы білім, дәрігерлік көмек алуға мүмкіншілік молайды және т. т.
Жанғыру барысында дәстүрлік коғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге үшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі азаматтылық, азаматтық құқықтар. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет баскару ісіне тар- тып, қатынастыруға бағытталған. Мұндай тәжірибе бұрын да тарихта кездескен. Мысалы, афинылық демократия кезінде Ежелгі Гректерде, содан кейін Ертедегі Римде кездеседі. Бірак бұл елдердегі азаматтық, біріншіден, тарихи мөлшерде ұзаққа созылған жоқ. Екіншіден, ол халықтың бәрін қамтыған жоқ. Азамат болып тек сол жерде бұрыннан тұрған, сол жерде туған ерікті азаматтар саналатын, басқалар (құлдар, басқа жерден көшіп келгендер) бұл есепке кірмеді. Бірақ олардың тәжірибесі бос кеткен жоқ, Әсіресе, азаматтық құқықтар, оның ішінде мем- лекеттік билікке қатысу тендігі, заң алдындағы теңдік, әлеу- меттік мәртебенін жалпы нетізі мен мүмкіншіліктер тендігі және т. б. Бұл құқықтар адам өмірінде ең маңызды, шешуші рөл атқа- рады. Кейін келе азаматтық құқықтар одан әрі дамытылған, сая- си құқықтар пайда болған.
Жоғарыда көрсетілген азаматтық прин- циптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады. Солардың ішінде ең маңызды- ларының бірі - сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыпта- сады. Олар халықтың саяси өмірге қатынасуына көмектесіп, тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді. Саяси ұйымдар жұмыста қазыналық негіз болатын саяси идеология сомдалып, шындалады. Қазіргідей саяси қызметтерге қатынасатын мем- лекеттік және жергілікті басқару жүйесі құрылады. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа-тайпаның шенберінде ғана іс- әрекет етпейді. Мемлекеттік, ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып, өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады. Бүгінгі танда үйымдар мен мекемелер- де қызмет атқару үшін құжаттарда көрсетілген талаптарға сай істеу керек. Бүрынғыдай әдет-ғүрып, салт-дәстүрді, діни қағи- даларды басшылыққа алмайды, өмірдің өркениетті талабына сай, іскерлік көрсетіп, білімді қорытындылар жасап, іс істеуге тура келеді. Бұл мәселемен көптен айналысатын американың белгілі зерттеушісі А. Инкельс казіргі адамды сипаттай келіп, мына- дай ерекшеліктерін атайды: a) қазіргі адам жаңа өмір тәжірибесінің барлық саласына ашық. Ол қандай жаңа идеялар болсын қабылдауға, қарсы алуға іштей дайын. Дүниені, айналадағы ортаны танып-біле алады және соған орай іс-әрекет те жасай алады; б) қазіргі адам айналасындағы өзгерістерге байланысты үрей- леніп қорықпайды, психологиялық жайсыздыққа онша бас ұрмайды. Жалпы қоғам түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанда сол әлеуметтік, мәдени жағдайда өмір сүруге дайын; в) қазіргі адам қандай мәселе болмасын оған әр түрлі қарауға болатынын, соншалықты пікір тууы мүмкіндігін біледі; г) қазіргі адам коғамдық өмірді түсініп, ұғынғанда өткенге, бұрынғыға бағдар ұстамайды, қазіргі мен болашақты ойлайды; д) казіргі адам индустриалды технологияның қисынын біледі, белгілі бір мағлұматы бар. Мысалы, өндіріс мекемелері қалай қызмет ететіні, тұрмысқа қажет техникалық құралдардың жұмыс істеуінің және т. с. с. негізгі принциптерін біледі.
2.2 Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымда- масының екі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі - өзіндік ішкі се- бептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты үзақ жылдар бойғы біртіндеп баяудаму нәтижесінде қоғам- ның баянды құрылысына отуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардын жолын куушы, "куа- лай дамушы" мемлекеттер ретінде қарайды. Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзкарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан келе жатқан және кең тарағанының бірі - бейімде- лудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойын- ша, дәстүрлік денгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәде- ниеті және баска салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді. Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың "еркін" қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқ- ты көрінді. Мысалы, саяси салада парламенттік жүйе және пар- тиялықинституттарды орнату, билікті тармақтау, оның заң шыға- рушы және атқару органдарын, көппартиялық жүйені жаңғыр- ту. Бұл мағынада бейімделу - осы жолға түскен елдердің әлеу- меттік-экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты. Себебі, дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінің негізгі ерекшеліктерін, белгілерін тезірек ұйымдастырған сайын жедел- пей түсетін. Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу "үшінші елдердің" табысты әлеуметтік- экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары бо- лады; в) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ- пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәти- жесі ретінде қабылданған. "Куалай дамуды" жүзеге асырудың басты амал-әдісі -- Ба- тыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл тео- рияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шакканда белгілі бір денгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіңдегі өзгерістерге әкеледі. Басқа сөзбен айткан- да, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жәйті -ақша. Оләлеу- меттік технологияларды, қазыналарды, демократиялық инсти- туттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруга адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды. Бірақ жана жағдайға өтүдің "сызыктық қозғалыс" теориясы Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің Батыстың билікті ұйымдастыру, мемлекет пен азамат катынастарынын үлгі-өне- гесі ойлаған жерден шыккан жок. Нақтылы өмірде демократиялану, либералдық құндылықтардың институционалдануы, пар- ламент жүйесін орнату және басқа Батыстың билік түрлерін орнату үлгілері мемлекетті басқаруда тиімділік әкелмеді. Керісін- ше, олар шенеуніктердің сатылғыштығы мен жемқорлығына, бюрократияның қызмет бабын пайдаланып, баю жолын көзде- ген зорлық-зомбылық, бассыздығына әкелді. Қоғамда әсіре бай- лар мен шектен шыққан кедейлердің саны көбейді, наразылық- тар, шиеленіс, кикілжіндер өрістеді. Ғалымдардың көбі оны да- мып келе жатқан елдердің мұндай өзгеріске дайын еместігінен деп түсіндірді. Бірақ гәп бұл теориялық үлгінің біржақтылы- ғында еді. 60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теория- сын сынаушылар көбейді. Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан бол- сын бірыңғай болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысында бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болады. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байла- нысты болады. 1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционал- дық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорла- ры, мүмкіндіктері бірдей емес. 2. Әр түрлі коғамдық тарихи дәстүрлері, әлеуметтік:-эконо- микалық құрылымы өзгеше. 3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәде- ни ерекшеліктері. Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.
Сондықтан 70 - 80 жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты көзка- рас қайта қаралды. Бейімделуді дамудың шарты ретінде емес, қыз- меті ретінде қарайтын болды. Бұл саладағы басым бағытқа, мақ- сатка әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдардың өзге- руі жатқызылды. Онда Батыстың үлгісін қайталаудың қажет еместігі мойындалды. Бұрын дәстүрлік институттар мен кұнды- лықтарды өркениетті жолға түсудің кедергісі деп қараса, енгі әмбебап өлшемдер, қүндылықтар, мақсаттар сақталса болды. ұлттық түрде бейімделудің өзі дұрыс деуге шықты. Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде карайтын болды. Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылым- ды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. "Куалай дамумен" қатар "жарым-жартылай", "тығырыққа тірейтін" бейімделушіліктер жөнінде де айтыла бастады. Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс пен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшелік- терді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін, ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты. Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұта- тын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамнын саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылады. Кейінгі кезде демократиялануды экономикалық өсудің кажетті шарты ретінде карау дұрыстыққа жатпайды деп жүр. Бұл жолда ең алдымен саяси тұрақтылыққа үлкен мән берілуде. Он- сыз айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жету қиын.
2.3 Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дегенді айтады. Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаланды- рудан бастағанды, екіншілері ауыл шаруашылығын реформалау- дан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегі- нен, төртіншілері елді мекендерді қалаландырудан және т. с. с. бастаған жөн деп санайды. Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либерал- дық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г. Ал- монд, Р. Даль, Л. Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халық- тың білім дәрежесіне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпіңділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсеке- лестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу дең- гейі шешуші рөл атқарады. Себебі, солардың арқасында саяси реформалар атқарылады. Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол секіріссіз, біртіндеп жасалуға тиіс дейді. Консерваторлар (С. Хантингтон, Дж. Нельсон, Х. Линдз) бұған керісінше қарайды. Олардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген, билік институттарын дұрыс пайдала- нып баскара білмейтін халықты билікке араластырып керегі ша- малы. Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі. Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, сая- си реформа үшін тұрақтылық қажет. Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заңды, бе- делді саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бю- рократия қалыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады. Авторитарлық тәртіп әр түрлі кездесетіндіктен бейімделу де әр түрлі болуы мүмкін деп пайы- мдайды консерваторлар.