Файл: ытану кафедрасы Бж Таырыбы Саяси бейімделуге байланысты кзарас абылдаан Амирбек А. Орындаан Асилова . Тобы ЗТ111.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тарих көрсетіп, дәлелдеп отырғандай, дамып келе жатқан елдердің басым көпшілігі индустриалды, постиндустриалды жолмен жүруде. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің өсу жолы айғақтап отыр. Әр елдін даму сатысына, өлеуметтік-саяси құры- лымына, әдет-ғұрпына және т. с. с. байланысты бұл процесс әр түрлі рен алуы мүмкін. Кейбір ғалымлар балама түрін де жоққа шығармайды. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырған- дай, бейімделу жолына түскен елдердің бөріне тән әмбебап та- лаптар мен принциптерге жауап беру керектігі мойындалды. Мысалы, экономика саласында өндірістің товар-ақша арқылы реттелуі, мемлекеттер арасында экономикалық және сауда қаты- настарының кеңеюі, ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы технологияларды кенінен тарату, білім мен ғылымды дамытуға қаражатты көбейту және т. с. с. Әлеуметтік салада сословиелік- касталық бөліністерді жойып, бір жіктен екінші жікке кедергісіз өтуге болатындай ашық қоғам орнату. Саяси салада билікті алу- ан түрлілік тұрғыда ұйымдастыру, адам құқықтары мен бостан- дықтарын сақтау, саяси қатынастарды кенейту және әрдайым жетілдіріп отыру, саяси шешімдерді кабылдағанда, кикілжіндерді. шешкенде мәмілеге келе білу және т. с. с.

Әрине, бұл көрсетілген әмбебап талап, принциптерді еріксіз сырттан теліп, міндетті түрге айналдыруға болмайды. Бұлар бағ- дар сияқты. Соған орай әрел өзінің ішкі жағдайларына, ұлттық, тарихи ерекшеліктеріне, әдет-ғұрып, салт-санасына байланыс- ты әрекететеді. Егер халық бұл тарихи құбылысты түсініп, қабыл алса, оған өту оңайырақ болады. Ал оны орынсыз жылдамдат- пақ болушылық жергілікті менталитетке сай келмесе, реформа тоқырап, шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар бұл жолға түсушілерге алды-артын байқап, терен саралап іс істе- уге кеңес береді.

XX ғасырдың 50 -60 жылдары капиталистік жүйе болсын, социалистік жүйе болсын берік тұрған мызғымас қамал сияқты болып көрінетін. Дегенмен, 70 жылдары жағдай өзгере баста- ды. Осы кезде үш бірдей авторитарлық тәртіп (Греция, Порту- галия, Испания) өздерінің бұрынғы жолдарынан бас тартты. 80 жылдардың басында Аргентинада әскерилер билікті өз қолда- рынан берді, ал Бразилиядағы генералдар (билікті 1964 жылы басып алған) елді әскери диктатуралық тәртіптен біртіндеп де- мократиялық жолға шығарды. Мұндай жағдайлар басқа елдер- де де бола бастады. Кейінірек Чилидегі әскери хунтаның бас- тығы генерал Пиночет те оларға қосылды.


Көп жылдар бойы Онтүстік Кореяда авторитарлық тәртіп үстемдік еткен. Олар демократиялық жолға көшті. Филиппин- де президент Маркостың отыз жылдық билігі құлады, 1989 жылы Шығыс Еуропада "барқыттық революция" қантөгіссіз, бейбітБұрынғы социалистік елдер бірінен кейін бірі тоталитарлық жүйеден бас тартып, демократиялық жолға түсті. Капиталистік және социалистік жүйеге бөлінудің ныша- ны (символы) сияқты болып тұрған Берлин кабырғасының күйреуі Шығыс және Орталық Еуропаның арасында жаңа жағ- дай туғызды. Ең сонында бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп күйреп, оған қараған республикалар көп жылдар бойы аңсаған егемендігін алып, терезелері тен ел болды. Бұл оқиға- лардың бәрі келіп, саясаттанушылардың алдына тоталитарлық, авторитарлық тәртіптерден демократиялық тәртіпке қалай өтуге болады дегсн сұрақты тудырды.

Варшава университетінің (Польша) көрнекті профессоры, саясаттанушы, әлеуметтанушы Ежи Вятрдың ойынша, демокра- тияға революция аркылы келуге болмайды. Себебі революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлық қарсы жақтан да зор- лықты тудырады. Сондықтан оған тек бейбіт жолмен ғана жету- ге болады. Оның үш түрі бар.

Біріншісінде, реформа жоғарыдан басталады. Мұнда автори- тарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығын- сыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді. Мысалы, Түркияда президент Ататүріктің басқаруымен осылай болды. Жоғарыда аталғандай, Бразилияда да әскерилер өздері өзгеріс жасады. Бірак мұндай жағдайлар тарихта сирек кездеседі.

Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас тарту. Мысалы, Грецияда басқарып тұрған полковниктер 1974 жылы Кипрде әскери төңкеріс жасамақ болды. Оған жауап ретінде Түркия Кипрге әскер кіргізіп, нәтижесінде арал екіге бөлінді. Түркия мен Грецияның арасы соғыс жағдайына келді. Греция АКШ-қа арқа сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады. Сондықтан билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтык үкіметке берді. Осындай жағдай 1982 жылы Аргентинада да қайталанды. Ондағы генералдар біздің жеріміз деп Мальвин аралдарына басын кірген. Ал ол аралдарды Фольклендтік арал- дар деп атап, ағылшындар иелік ететін. Соғыс салдарында ар- гентиналық генералдар жеңіліс тауып, өздерін-өздері әшкере- леп, амалсыз билікті азаматтық үкіметке өткізуге мәжбүр бол- ды. 1989 жылы бейбіт жағдайда ГДР мен Чехословакияның бас- шылары (Хонеккер мен Гусак) биліктен амалсыз бас тартула- рына тура келді. Үшіншісінде, билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді. Мысалы, Испания (Франко өлгеннен кейін), Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т. б. Авторитарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол тәртіпті өмірге әкелген мақсаттардың орындалуы, екіншіден, сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшы- лықтардың көбеюі, үшіншіден, авторитарлық тәртіп дағдары- ска ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған Батыс елдерінің ықпалы мен қысымы. Қазіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы - тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр. Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.



Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостандық әкеледі, әділдікті, демо- кратияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға қарап өзеліңнің экономикалық, мәдени, ғылы- ми деңгейінді салыстырып, байқауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті өміріміздің кедейлігін, күйкілігімізді, бейшаралығы- мызды айнада көргендей боламыз дейді.

Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемле- кеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жақсы жағын қабылдау, мәдениетін баға- лау жөн және т.б. Десе де Казақстанның түп тамыры Шығыс- пен байланысты. Оған дәлел - діні, мәдениеті, бұрынғы жа- зуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Шығыс мәде- ниетіне қазақтардағыдай қауымдастық, ұжымдастық, туыстық жақын. Азия елдерінде саяси бейімделудің тиімді мысалы ретін- де Жапонияны алуға болады. Олар басқа елдердің ең жақсы жақтарын қабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлтума- лығын жоғалтпайды. Ұлттың бар күшін Батыстың ең жаңа тех- нологияларын меңгеруге жұмсап, жұмылдырып, әлемдегі ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.

Егер республикамыз өркенистті елдердің даму жолын, тәжірибесін терен саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізу- ге болар еді. Тарих көрсетіп отырғандай, Батыс елдері рефор- маны жасағанда халықпен кенесе отыра істейді. Оны сан түрлі жүзеге асыруға болады. Мысалы, жергілікті жерде болса жиын- дар, жиналыстар, билік органдарын бақылайтын комиссиялар және т.т. Ал бізде шешімдер көп жағдайда біржақты жоғары- дан төмен түсірілу, әміршілдікке ұрыну, олар жабық жағдайда кабылдануы басым сияқты. Жалпы, билік басындағылардың қызметі халық бақылауынан тыс қалып бара жатқандай. Онсыз демократияны орнату киын.

Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп қалған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақсат- тардың бірі болуға тиіс. Олар өз құқықтарын, бостандықтарын қорғай білулері керек. Бұл жолда алдымен Конституцияда көрсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықта- рының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт. Елде экономикалық, саяси, құқықтық реформалар тыным- сыз болып жатады. Ол - өмір талабы. Бірақ солардың бәрі әбден ойланып, терең толғанып қабылданып, іс жүзіне асып жатса, мемлекеттік емес қатынастар бекітіліп, өмірдің барлық саласын- да өркениетті қарым-қатынастар қалыптасып жатса, демокра- тиялық тәртіпке жылдам жетуге болады.


Сайып келгенде, либералдық демократиялық жолға түсу - бүгінгі танда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпыадамзаттык құндылыққа жатады. Саяси бейімделу барысында қоғамның жаңа экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына тиімді жауап қайтарарлықтай ашық саяси жүйе құрылады. Біздің мақ- сатымыз - ата-бабамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай жүре, алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіре отырып, нағыз демократиялық жолға тезірек түсу. Қорыта келетін болсақ Саяси мәдениетке және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге саяси даму деп аталатын прцесс әкеледі. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне байімделеді. Саяси бейімделу (модернизация) даму тұжырымдамасында басты ролді атқарады. Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000ж.

2.Рахымбаева А. Саясаттанудәрістер жинағы. Оқу құралы. 2-басылым.-Астана, 2012ж.

3.Сыдықов Ұ. Саясаттану. Алматы, 2012ж.

4.Куандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы.- Толықтырылған үшінші басылымы.- Алматы, 2013.-2406.

5.Когамдық саясат. Саясат, талдау және баламалар: Окулық, /Майкл Е. Крафт, Скот Р. Фурлонг.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2017.- 468 б.

6.Қазақстанның дін жөніндегі мемлекеттік саясаты. А.Т.Асан, А.С.Балапанова, Т.А.Козырев. 2013 4.