Файл: Баалау масаты Білім алушыларды азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3. Ақсүйек терминін анықтаңыз[5].
12 - билет

1.Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз[10].

2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз[15].

3. Репрессия терминін анықтаңыз[5].
13 - билет

1. Далалық өркениеттің тарихи және мәдени ескерткіштерін сипаттаңыз[10].

2.М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз[15].

3. Алаш терминін анықтаңыз[5].
14 – билет

1. Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуын анықтаңыз [10].

2.Ә. Бөкейханұлының қазақ тарихындағы алатын орны мен рөліне баға беріңіз[15].

3. Зиялы ұғымын сипаттаңыз[5].

15 - билет

1.Ұлы Даланың шығыс аймағындағы мәдениеттердің өзара байланысын анықтаңыз[10].

2. А.Байтұрсынұлының ғылыми-шығармашылық қызметіне баға беріңіз [15].

3. Археология терминін сипаттаңыз [5].
16 - билет

1. Шыңғысхан. Тұлғаның тарихта алатын орнын көрсетіңіз[10].

2. Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықта алатын орны мен қызметіне талдау жасаңыз[15].

3. Ру ұғымын сипаттаңыз[5].

17 – билет

1.Сақтардың мәдени мұраларын атаңыз [10].

2. М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз[15].

3. «Аң стилін» сипаттаңыз [5].
18 - билет

1.Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлін сипаттаңыз [10].

2. Қазақстандағы экологиялық проблемалар және оның негізгі себептерін талдаңыз [15].

3. Тайпа ұғымын анықтаңыз [5].


  1. - билет

1.Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістерді сипаттаңыз [10].

2.Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз [15].

3. Жоспарлы экономика терминін анықтаңыз [5].

20 - билет

1. Патшалық Ресей империясының отаршылдық әкімшілік реформаларын салыстырыңыз [10].

2.ХХ ғ. 20-30 жж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз [15].

3. Буржуазия терминін анықтаңыз [5].
21– билет

1. Орталық Азия өркениеттерінің ошақтарын сипаттаңыз [10].

2. Абай Құнанбайұлының қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз [15].

3. Мәдениет терминін анықтаңыз [5].

22 – билет

1.Монғолдардың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ерекше белгілерді анықтаңыз [10].

2. Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтарын талдаңыз [15].

3. Модернизация терминін анықтаңыз [5].



  1. билет

1. Қазақ халқының шығу тегіндегі антропогенез және этногенез белгілерін сипаттаңыз [10].

2.Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін жан-жақты талдаңыз [15].

3. Революция терминін анықтаңыз[5].

  1. - билет

1.Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін (VІ-XII ғғ.) көрсетіңіз [10].

2.Қ. Сәтпаевтың қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесіне өміріне баға беріңіз [15].

3. Этногенез терминін анықтаңыз [5].
25 - билет

1.Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымына жататын белгілерді анықтаңыз [10].

2.Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз [15].

3. Реформа терминін белгілеңіз [5].
26 - билет

1. Қазақ хандығындағы билердің рөлі мен атқарған қызметіне жан- жақты баға беріңіз [10].

2. С.Датұлы мен К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерге салыстырмалы талдау жасаңыз [15].

3. Империализм терминін талдаңыз [5].
27 - билет

1. Ежелгі ғұндар. Орналасуы мен саяси тарихын анықтаңыз [10].

2.1986 жылы «Желтоқсан оқиғасының» негізгі себептері мен нәтижелерін талдаңыз [15]. 

3. Шаньюй терминін сипаттаңыз [5].
28 – билет

1.Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіңіз [10].

2.М.О.Әуезовтың өмірі мен қызметі және оның шығармаларының әлемдік әдебиетте алатын орнына талдау жасаңыз[15].

3. «Ұлы Дала» ұғымын анықтаңыз [5].
29 - билет

1. «Зар заман» өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарасты қалыптастырудағы идеологиялық құндылықтарын салыстырыңыз [10].

2. Қазақстандағы моноэтникалық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне баға беріңіз [15].

3. Тарих ұғымын анықтаңыз [5].


  1. - билет

1.Қарқаралы петициясы және оның тарихи маңызын көрсетіңіз [10].

2. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстандағы оқу орындарының қызметін талдаңыз [15].

3. Шежіре терминін анықтаңыз [5].

Балл қою кестесі
Жалпы балл қою кестесінде балдар белгілі ауқымда (диапазонда) көрсетілуі мүмкін (мысалы, 1–2 балл). Бағалау міндеттеріне сәйкес (білу және түсіну/ қолдану, жоғары деңгей дағдылар) жалпылама сипатта ұсынылады және қосылып бірге есептеледі.

Тапсырма №

Макс.

Сипаттама

1

10

Білу және түсіну (5 балл)

5 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте жүйелі және тиімді түрде қолданып, терең білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді терең біліп түсіндіреді.

4 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте тиімді қолданып, терең білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді нақты біліп түсіндіреді.

3 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте дұрыс қолданып, базалық білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді бірқатар біліп түсіндіреді. 1-2 балл: тақырыпқа сәйкес шектеулі терминдер қатарын контексте дұрыс қолданбай, білімін көрсете алмайды. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді аздап біліп түсіндіреді.

Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (5 балл)

5 балл: сұраққа анық және құрылымды түрде жауап береді. Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты нақты ұсынады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) толық негіздеп жан-жақты түсіндіреді. Сұрақ бойынша тапсырманы жүйелі және толық орындайды. Сұраққа сәйкес әртүрлі ақпараттар мен дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру үшін тиімді бірнеше әдістерді қолданып, жауапты мазмұнды және жүйелі түрде ұсынады. Жауаптың рефлексиясында жан-жақты, нақты, терең бағалау жүргізеді.

4 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділікті сақтайды. Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты дұрыс ұсынады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) дұрыс негіздеп жан-жақты түсіндіреді. Сұрақ бойынша тапсырманы тиімді түрде дұрыс орындайды. Сұраққа сәйкес әртүрлі ақпараттар мен дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру үшін бірнеше әдістерді қолданып, жауапты мазмұнды және жүйелі ұсынады. Жауаптың рефлексиясында нұсқаулыққа сәйкес бағалау жүргізеді.

3 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділік жоқ. Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты дұрыс ұсынады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) жалпылама түсіндіруге тырысады. Сұраққа сәйкес әр түрлі ақпараттар мен дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру үшін бірнеше әдістерді қолданса да, жауаптың мазмұнын жүйесіз түрде ұсынады. Жауаптың рефлексиясында нұсқаулыққа сәйкес бағалау жүргізуде қиналады.

1-2 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділік жоқ. Жауапты сұрақтың мақсатына сәйкес дұрыс бағыттауға тырысады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) жалпылама 1 сөйлеммен сипаттайды. Сұраққа сәйкес емес ақпараттарды жинақтап, ауызша түсіндіру үшін біраз әдістерді қолдануға тырысады. Жауаптың рефлексиясында шектеулі түрде ақпарат береді.

2

15

Білу және түсіну (5 балл)

5 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте жүйелі және тиімді түрде қолданып, терең білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді терең біліп түсіндіреді.

4 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте тиімді қолданып, жақсы білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді нақты біліп түсіндіреді.

3 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте дұрыс қолданып, базалық білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді бірқатар біліп түсіндіреді. 1-2 балл: тақырыпқа сәйкес шектеулі терминдер қатарын контексте дұрыс қолданбай, білімін көрсете алмайды. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді аздап біліп түсіндіреді.

Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (10 балл)

9-10 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға жан-жақты көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру барысында қарама-қайшылықты мәселені дұрыс логикалық жүйеде қарастырады, мағыналық бірізділік, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігін анықтайды. Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректерді кең түрде қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді толыққанды қолданады. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай тың идеяларды ұсынады.

7-8 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға бірқатар көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру барысында қарама-қайшылықты мәселені дұрыс логикалық жүйеде қарастырады, мағыналық бірізділік, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігін анықтайды. Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректер біршама түрде қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді біршама қолданады. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай әртүрлі идеяларды ұсынады.

4-6 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға әртүрлі көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру барысында қарама-қайшылықты мәселенің логикалық бірізділігі, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігі төмен. Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректер аз қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді аз қолданады. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай әртүрлі идеяларды ұсынуда қиналады.

1-3 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға жауап беруге қиналады. Сұраққа жауап беру барысында қарамақайшылықты мәселенің логикалық бірізділігі жоқ, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігі төмен. Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректерді қолдануда қателер жібереді. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді қолданбайды. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай әртүрлі идеяларды ұсынбайды.

3

5

Білу және түсіну (5 балл)

5 балл: термин немесе ұғымды өте жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді.

4 балл: термин немесе ұғымды жақсы деңгейде білетінін және түсінетінін көрсетеді.

3 балл: термин немесе ұғымды орташа деңгейде білетінін және түсінетінін көрсетеді.

2 балл: термин немесе ұғымды төмен деңгейде білетінін және түсінетінін көрсетеді.

1балл: термин немесе ұғымды өте төмен деңгейде білетінін және түсінетінін көрсетеді.