Файл: йымдастырылан оу ызметіні техногиялы картасы Акгершін ересек тобы Кні Білім беру саласы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің техногиялық картасы
«Ақкөгершін» ересек тобы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Жиын. Бір-көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.
Мақсаты: а) Балаларды заттар тобының ортақ белгілерін тауып , заттарды белгілі бір қасиетіне қарай «үлкен », «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету;«бір» және «көп» терминдерін енгізу.Заттардың пішінін анықтап, кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру.Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
.Биллингвизм : үлкен- большой, кіші – маленький, бірнеше- несколько.
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, ? ? сұрақтар, түсіндіру, көрсету, дидактикалық ойындар, бағалау, қорытынды.
Көрнекі құралдары: Демонстрациялық материалдар, геометриялық пішіндер үлестірмелі
материалдар, түрлі түсті шарлар, интерактивный тақта.
Әрекет кезеңі | Тәрбиешінің қызметі | Балалар қызметі |
Мотивациялық қозғушылық | Шаттық шеңбері Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз,. Достарымды көргенде Қуана қарсы аламыз | . |
Ұйымдастырушылық, ізденушілік | -Балалар менің қолымда мынау не? Пішіні қандай? -Түсі қандай? Қалай ойлайсыңдар ақ түспен қай мезгілді бейнелейді? -Ал мынау қандай түс? Бұл түспен қай жыл мезгілін бейнелейді? -Ал мына түс қандай түс? -Қызыл түспен қай жыл мезгілін бейнелейді? Дұрыс,айналада әдемі қызыл гүлдер өседі. Ал мына түс қай мезгіді бейнелейді? -Бір жылда неше жыл мезгілі бар екен? Дұрыс,Балалар қараңдаршы бүгінгі оқу қызметіне бізге көп ойыншықтар қонаққа келген. -Қандай ойыншықтар келген? -Қараңдаршы бәрі бірдей ме? Ия,ішінде үлкен қонжық пен үлкен қоян бар -Кім маған санап береді неше ойыншық келген екен? Енді бәріміз бірге санайықшы 3 тілде. Бүгін бізге тағы бір қонақ келе жатыр -Ол кім қонақ екен? -Салеметсіздерме балалар? Балалар сендер маған көмектесіңдерші,менің себетімдегі заттарды топтастырып беріңдерші Балалар сендер қандай ұсыныстар айтар едіңдер? Жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкөністер, жемістер, тәтті тағам. -Біздің қолымызда неше жеміс бар? Олар көп пе әлде бірнешеу ме -Кәмпит туралы не айтуға болады? Балалар маған көмектескендер ің үшін көп рахмет. Мен заттарымды топтастырып алдым енді кетейін,сау болыңдар Слайд көрсету. -Енді,балалар тақтаға қараңдаршы, «Жазық далада аласа да, биік те емес ерекше бір үйшік тұр екен. Сол үйшікке қарай бір пішін жақындап келеді. Қараңдарша, ол қандай пішін? -Ия,дүрыс түсі қандай? -Неше бұрышы бар? Неше қабырғасы бар? Үшбұрышқа ұқсас қандай заттарды білесіңдер? Оның үйшікке кіргісі келеді. Бірақ есікте құлып тұр. Ей, құлып, жылдам ашыл. Менің үйшікке кіргім келеді, - дейді үшбұрыш.Үйшіктен бір дауыс былай дейді:”Егер сен балалармен ойынСен үйге кіру үшін балармен ойнау керексің” дейді. Балалар үшбұрыш құр келмепті өзінін ойыныны бірге алып келіпті. Дидактикалық ойын «Біреу және көп» Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Сергіту сәті: Ұшып келдік ауада, Дем алуға қондық далаға. Оң жағымда-тау, Сол жағымда-орман. Үсімізде аспан, Ал біз асықтық алға, Айнадай жарқыраған өзенге. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» - деп сұрайды Келген қандай пішін? Түсі қандай? -Неше қабырғасы,неше бұрышы бар? Шаршыға ұқсас қандай заттарды білесіңдер? Кенет үшбұрыш айтады:"Енді сен ойна балалармен содан кейін кіресің дейді. Ал сендер дайынсыңдарма шаршының ойынын ойнауға? Кеңістікті бағдарлау. Сонда үйшіктің маңында тағы жаңа қонақ пайда болады Балалар, бұл қандай пішін? Балалар, шеңбер қандай болады, ол не істейді? Шеңберге ұқсас қандай заттарды білесіңдер? Үшбұрыш пен шаршының шеңберден айырмашылығы қандай «Балалармен ойна, сонда есікті ашамыз»дейді үшбұыш пен шаршы Ал сендерге шеңбердің жұмбақтары бар екен. Шешуге дайынбызба? 1 Сиырда неше мүйіз бар? 2 Машинада неше дөңгелек бар? 3 Бағдаршамның неше көзі бар? 4 Қоянның неше құлағы бар? Сөйтіп пішіндер бір үйшіктің ішінде тату,көңілді тұрыпты. Биллингвизм: Үлкен- большой, кіші- маленький, бірнеше – несколько. | Шар Сопақша Ақ Қыс мезгілін бейнелейді. Көктем Қызыл түс Жазды Күз мезгілін бейнелейді. 4 жыл мезгілі бар Қонжықтар мен қояндар. Жоқ бірдей емес 2-3 бала санайды. Балалар бәрі 3 тілде санайды. Күз ханшайымы. Балалар күз ханшайымы мен амандасады. Заттарды көкөніс , жемістер , тәтті заттар деп бөлу керектігін айтады.Заттар тобын бір сөзбен атайды. Оларды санына қарай бір-біріне қарама қарсы қояды: жеміс-көп, ал кәмпит –біреу. Еөкөніс көп , ал кәмпит- біреу. Балалар күз ханшайымы мен қоштасады. Үшбұрыш Қызыл Үшбырышы бар. Үш қабырғасы бар Үшбұрышқа ұқсас заттарды атайды. Балалар ойынды ойнап,бір және көп заттарды табады. Сергіту сәтін өлең мазмұнына сәйкес қимыл арқылы орындайды. Шаршы Көк 4 қабырғасы,4 бұрышы бар Балалар ұқсас заттарды атайды. Ия дайынбыз. Балалар алдарындағы ақ қағазға дайын пішіндерді орналастырады. Шеңбер Шеңбер дөңгелек болады,домалайды. Ұқсас заттарды атайды. Үшбұрыш пен шаршының Бұрыштары бар,шеңберде бұрыш жоқ. . Ия,дайынбыз. Балалар жұмбақтардың шешуін табады. |
Рефлексифті түзетушілік | - Үйшіктін ішінде қандай геометриялық пішіндер тұрады? -Пішіндер біздерге қандай ойын ұйымдастырды? -Дидактикалық ойындар сіздерге ұнады ма . | Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: Геометриялық пішіндерді атап, кеңістікті бағдарлайды. Баланың меңгеруі:“Үлкен” “кіші” «бір» және «көп» ұғымын меңгерді.
Баланың жасай алуы: Үлестірмелі материалмен жұмыс жасай алады.