Файл: Schatch бадарламалау ортасы жне оны олдану ерекшеліктері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

БАҒДАРЛАМА

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицейдің оқушыларына арнаған

SCHATCH БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

5 -сынып оқушыларына арналған элективті курстың бағдарламасы

(аптасына -1 сағат, жылына -34 сағат)

Досполова Сауле Амангельдиновна

М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі
Пікір жазғандар: С. Т. Мухаметжанова"Өрлеу БАҰО" АКФ ҚР, қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институттың "Менеджмент жəне ақпараттық технологиялар" кафедрасының меңгерушісі Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, п.ғ.д., доцент

А. Керімақын – Алматы Технологиялық Университетінің аға оқытушы, лекторы

Түсініктеме хат мазмұны

«Scratch бағдарламалау ортасы және оны қолдану ерекшеліктері» элективті курстың бағдарламасы негізгі жалпы білім стандартының талаптарына сәйкес әзірленген. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқитын сынып оқушыларының спиральді қағида бойынша білім алатындығын ескерсек, онда Scratch бағдарламалау ортасымен жұмыс жасауы білім алушылардың жеңілден ауырға қарай көше отырып, білім-білік дағдыларын арттыруға, бағдарламалау туралы терең білім алуларына қажетті құрал болып табылады.

Жобалық әдісті қолдану балаларға өз бетінше міндеттер қою және оларды шешудің ең жақсы нұсқасын таңдау, мақсатқа өз бетімен жету, проблеманы шешу тұрғысынан талдай білу дағдыларын дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. БҰҰ – ның шешімімен «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Сондықтан да оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу өзекті мәселердің бірі болып отыр.

Информатиканы білу:


  1. Қазіргі өмір сүру жағдайында ақпараттық коммуникациялық технологиларды қолдану білім алушылардың сенімділігін арттырады;

  2. Заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру қажет

  3. Компьютерді иелену дағдылары, күнделікті жұмыста АКТ пайдалана білуі, WWW (Интернетпен) жұмыс істеу, теориялық информатика негіздерін білу, білім алушылардың ақпараттық мәдениеті, адамзат қолындағы электрондық ақпараттық ресустарды жасау және пайдалана білулеріне жағдай жасайды

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

  • білім алушылардың мақсат қойып, өз іс-әрекетін ұйымдастыруды, өз жұмысының нәтижесін бағалай білуді, өмірде білімді қолдана білетін жан-жақты білімді тұлғаны қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеті:

  • оқушылардың бағдарламалау және алгоритмдеу есептерін шешудің білімдерін мен дағдыларын тереңдету

  • оқушыларды өз бетімен білім алуға жетелеу, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын пайдалана отырып курсқа қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың алгоритмдеу және бағдарламалау туралы негізгі идеяларын шоғырландыру;

  • жұмыс материалдарымен алмасу үшін желілік дағдыларды дамыту;

  • Scratch бағдарламасында алгоритмдер құрастырудың тәжірибелік дағдыларын дамыту

  • білім алушылардың алгоритмдік мәдениетті, бағдарламалық қамтамасыз етуді сауатты құру дағдыларын қалыптастыру;

өз іс-әрекетін ұйымдастыру, жұмыс нәтижелерін бағалау мүмкіндігі жеке қасиеттерді қалыптастыру: ерік, сезім, эмоциялар, шығармашылық қабілеттер;

  • нормативті-коммуникативтік тәжірибені байыту: өз іс-әрекеттерін бейнелеу, өз еңбегінің нәтижелерін өзін-өзі бақылау.

Бағдарламаның өзектілігі:

  • Scratch көмегімен сіз өзіңіздің интерактивті әңгімелеріңізді, ойындарыңыз бен анимацияларыңызды бағдарламалай алуға болады

  • өз Интернет-қауымдастықтың басқа мүшелерімен өз туындыларыңызбен бөлісе алуға болады

  • Скретч жастарға шығармашылық ойлауды үйренуге, жүйелі негіздемелер жасауға және бірлесіп жұмыс істеуге көмектеседі.

Күтілетін нәтиже:

  • Scratch-де сприттер жасай алады

  • Scratch ішіне сприттер алгоритмін жаза алады;

  • Scratch бағдарламасында әртүрлі жобалар құрады;

  • Scratch бағдарламасында анимациялар мен қарапайым ойындар жасайды;

  • Командада жұмыс істеуді үйренеді.


Білім алушылар бұл жаста өздерінің білім алуындағы тәуелсіздікке ұмтылулары арқылы өзін-өзі басқару мен жеке тұлға болып қалыптасуы үшін түрткі бола отырып алдағы уақытта білім алуда, ақпараттық коммуникациялық технологиялады меңгеруде қарым-қатынас дағдыларын дамытатын процесс. Бұл бағдарлама арқылы білім алушылар өздерінің сыни ойлауларын дамыта, талдай, талқылай отырып, Scratch бағдарламалау ортасы және оны қолдану ерекшеліктерін дұрыс қолдану арқылы қарым-қатынас жасау дағдысын жетілдіреді. Қарым-қатынас жасауда, білім дағдыларын жетілдіруде қарапайым бағдарламалауды білу білім алушылар үшін өзекті.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Элективті курс бағдарламасы алдына мынадай оқу мақсатын қояды: Scratch бағдарламалау ортасы мен қолдану ерекшеліктерін үйренуде оқушылардың қызығушылықтарын арттыруда шығармашылық қабілеттері мен коммуникативті дағды қалыптастыру, жұппен, топпен жұмыс жасай алу, бағдарламалау тілдері мен қолданылу жолдарымен таныса отырып, өз жобаларын дайындауда алған білімдерін дұрыс қолдана білуге үйрету.

Scratch бағдарламалау ортасында оқыту математикалық түйсік пен геометриялық бейнелерді дамытады, ойлаудың алгоритмдік, құрылымдық, логикалық және комбинаторлық түрлерін қалыптастырады, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен тәуелсіздігін арттырады. Scratch тартымды сабақтан бағдарламалау қызықты ойынға айналатындығына назар аудартады, оның барысында негізгі ұғымдар мен бағдарламалау дағдыларын тез игеру жүреді.

Scratch - бастауыш және орта мектеп оқушыларына арналған визуалдық объектіге бағытталған бағдарламалау ортасы. Бұл құралдың атауы «scratching» сөзінен шыққан, музыкалық тақырыптарды араластыру үшін винилдік жазбаларды қолдарымен алға-артқа бұрау үшін хип-хоп диджейлер қолданатын әдіс. Scratch логотипі мен Lego конструкторы идеяларының жалғасы ретінде жасалды. ХХІ ғасырда жаһандану үрдістерінің негізгі қозғаушы күші жаңа технологияларды күрт дамыту болып табылса, оның әлемді ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған өндірістік революция жасағаннан да көп өзгертуге қабілетті екенін нақты түйсінудің маңызы зор. Мектеп жасында компьютерді қолдануды сауатты меңгерген әрбір оқушы мамандық иесі атанғаннан кейін де оны қажеттілігіне орай тиімді қолдана білуінің, яғни өз бетінше жұмысын жеңілдететін кішігірім бағдарламаны құра білуінің маңызы өте жоғары.


Бұл бағдарлама әр баланың табиғатын, өзіндік ойлау, қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып бойындағы логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында, бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінік қалыптастыру, бағдарлама құрастырудың тиімді әдістерін үйрету негізінде құрылды.

Бағдарламаның мазмұндық принциптері алдымен информатиканы оқытудың әдістемесі мен практикасы, нақты берілуі, қолжетімділігі, жаңашылдығы болып табылады. Осы бағдарлама аясында төмендегі принциптерді үйренуге болады:

  • оқу және үйрену процестерін бақылау;

  • білім алушыларды ынталандыру;

  • интербелсенді оқыту әдістемесін қолдану;

  • материалды есте сақтау техникасын дамыту;

  • жалпы білімдерін дамыту;

  • тестілеу;

  • оқытушылар мен оқушылардың сандық цифрлы технологияларды пайдаланып оқытудағы заманауи тенденцияларды қолдауы.

Бағдарлама мазмұны жалпыға міндетті білім беру стандартымен бекітілген тақырыптарды қамтиды. Білім алушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру болып табылады:

  • білім алушылар бойында ақпараттық технологияларды қолдану және қазіргі адам өмірінде бағдарламалау мен алгоритм туралы түсінік қалыптастыру, бағдарламалау тілдерін меңгеру құралы ретінде қолданып, жаңа тәжірибе жинақтау;

  • модернизациялық секіріс жасау үшін ақпараттық технологиялар мен инновациялардың үлкен маңызға ие болатынына көз жеткізу.



Нормативті бөлім


Р/с

Тақырыптың аты

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі

Барлығы

Лекция

/Теория/

Тәжірибе1

Тәжірибе/

Тәжірибе2

Бөлім1. Алгоритмдеу және программалау (2сағат)

1.1

Алгоритм және оның қасиеттері

Алгоритм және оның қасиеттері тақырыбы бойынша білімдерін жаңартады

1

1




«БББ» әдісі арқылы Scratch туралы білімдерімен бөліседі


1.2

Алгоритм түрлері

Алгоритмнің түрлерін анықтайды, сипаттайды.

1

1




«Топтық талдау» әдісі арқылы белсенді тыңдау дағдыларын дамытады

Бөлім2. Scratch ортасымен танысу (4 сағат)

1.3

Scratch-та жұмыс істеу үшін не білуіміз керек. Интернет қауіпсіздігі

бағдарламаларды орындауды, онымен жұмыс істей білуді, интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын біледі, танысады

1


1




«БББ» әдісі арқылы Scratch туралы білімдерімен бөліседі


1.4

Scratch-ке кіріспе

Scratch бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдануды үйренеді, талдайды

1

1




«Миға шабуыл» Не? Қашан? Қайда? арқылы интерфейспен танысады, ажыратады

1.5

Scratch ортасының интерфейсі

Scratch негізгі құралдарын салыстырады, ажыратады, танысады

1




1

Венн диаграммасы арқылы Scratch негізгі құралдарын салыстырады, ажыратады

1.6

Спрайт дегеніміз не? Спрайттарды құру жолдары

Спрайттарды құру жолдарын үйренеді

1




1

«Тренинг оқу» арқылы спрайтты сипаттайды, құрады

Бөлім 3. Бағдарламалаудың басталуы. Бірінші Scratch бағдарламалары (5сағат)

1.7

Scratch ортасындағы алғашқы бағдарлама

Алғашқы бағдарламаны жасайды

1




1

«Бұрыштар» әдісі арқылы Scratch құралдарының қолдануын анықтап, алғашқы бағдарламаны жасайды

1.8

Координаталар жүйесі. Координата бойынша қозғалыс

Координаталар бойынша қозғалыс жасайды, оны қолданып практикалық дағдыларын дамытады

1




1

«Терминдер конверті» арқылы спрайттерге қозғалыс жасайды, қолданады

1.9

Қозғалыс құралдарының жиынтығы

Қозғалыс құралдарының жиынтығын ажыратады, қолданады

1




1

«Сәйкестендіру» әдісімен қозғалыс құралдарын сәйкестендіреді

1.10

«Планеталар қозғалысы» алғашқы жобасын әзірлеу

Жобаны жасап, зерттейді

1




1

«Жобалық әдіс» арқылы еңбек дағдыларын дамытады

1.11

«Қайталау» командаларын қосу

«Қайталау» командаларын қосуды үйренеді, практикалық дағдыларын дамытады

1




1

«Stop-кадр» арқылы қайталау командаларын қосуды жасай алады, қолданады

Бөлім 4. «Көрініс» құралдары (4сағат)

1.12

«Көрініс» блоктары

«Көрініс» блоктарын қолдануды үйренеді, жасайды

1




1

«Сөзді тап» арқылы блоктардың

атын айта алады, ажыратады

1.13

Спрайт костюмдерін редакциялау

Спрайт костюмдерін редакциялайды, жасап көреді, практикалық дағдыларын дамытады

1




1

«Жағдайды талдау» әдісі арқылы спрайт костюмдерін өзгерту өзгерту әрекеттерін дұрыс қолданады

1.14

Фонды редакциялау

Фонды өзгертуді жасайды, үйренеді

1




1

«Суреттер: Не болды?» арқылы түстерді өзгерте алады, таңдайды

1.15

«Кемпірқосақ» жобасы

Жобаны жасап, талдайды, зерттейді

1




1

«Жоба жасау» әдісі арқылы презентация жасап, жобаларын қорғайды

Бөлім 5. Басқару құралдар тақтасы (7сағат)

1.16

«Басқару» блогтары

«Басқару» блогтарын қолдануды үйренеді

1




1

«Сәйкестендіру» әдісімен блогтарды сәйкестендіреді

1.17

Scratch-тегі тармақталу алгоритмдері

Тармақталу алгоритмдерімен жұмыс жасауды үйренеді, ажыратады

1

1




«Топтық пікір» әдісі арқылы жинақтайды, қолданады

1.18

«Лабиринттен шығу» жобасы

«Лабиринттен шығу» жобасы жасауда алған білімді жинақтайды, қолданады

1




1

«Күтіңіз және түйіндеңіз»

әдісі арқылы негізгі жобаны анықтап, түйіндейді

1.19

«Қалам» құралы. Өрнек салу

«Қалам» құралын қолдануды үйренеді

1




1

«Мен істегендей істе» әдісі арқылы құралдардың қолданылуын анықтап, өрнек салады

1.20

Scratch-те сурет салу

Суретті өзі салып үйренеді, сақтайды

1




1

«Кім жылдам» ребус шешу арқылы түсінеді, оқылған материалды жинақтайды, жалпы білімдерін қалыптастырады

1.21

Scratch-тегі циклдер

Циклдік алгоритмдердің қолданылуын сипаттайды


1

1




«Case-study» әдісі арқылы талдайды, үйретеді, негізгі мәселелерді анықтады, балама

шешімдерді құрады, таңдайды, тұжырым жасайды

1.22

«Көктем» жобасы

Нақты объектіні тиімді құруды үйренеді, шығармашылық жобаны жасайды

1




1

«Жобалық әдіс» арқылы еңбек дағдыларын дамытады



Бөлім 6. Графикалық және дыбыстық редакторлар Scratch. Бірінші мультфильм

(7 сағат)

1.23

«Сенсор» құралдар жиыны

Сенсор құралдарын қолданады, үйренеді, жасайды

1




1

«Кластер» арқылы жинақтайды, қолданады

1.24

Бұру командалары

Скрипте бұру командаларын қолданады

1




1

«Кім жылдам» әдісі арқылы ребус шешеді

1.25

Scratch дыбыстары

Скретч дыбыстарымен танысады, қолданады

1




1

«Таңдау» арқылы кейіпкерлерге сәйкес дыбыс қояды

1.26

Дыбыс құралдары

Құралдар жиынымен танысады

1




1

«БББ» әдісі арқылы дыбыс қою туралы білімдерімен бөліседі

1.27

Музыка аспаптары

Құралдар жиынының негізгі міндетімен танысады

1




1

«Бинго» әдісі арқылы музыка аспаптарын ажыратады

1.28

Спрайтқа дыбыс қою

Дыбысты спрайтқа енгізеді, сөйлеу эффектін белгілеу тәсілдерін сипаттайды,

қолданады

1




1

«БББ» әдісі арқылы дыбыс қою тәсілдерін қолданады

1.29

Жобаға дыбыс қою

Алынған дағдыларды қолдану үшін практикалық дағдыларын дамытады

1




1

«Жаса, қолдан» арқылы жобаға дыбыс әсерлерін қояды

Бөлім 7. Өзіндік шығармашылық жұмыс (5сағат)

1.30

Жобаның тақырыбы мен сюжетін таңдау

Жоба тақырыбын таңдап, бекітеді

1




1

«Айқын мақсат қоя отырып» әдісі арқылы жоба сюжетін құрастырады

1.31

Спрайттерге арналған алгоритм құру

Жобадағы спрайттерге алгоритм құрастырады

1




1

«Сәйкестендіру» әдісімен алгоритмдерді сәйкестендіреді

1.32

Бағдармаланы талдау және тестілеу

Жалаған бағдарламаны тестлеуден өткізеді, шыңдайды

1




1

«Алфавит» әдісі арқылы ретімен бағдарламаны талдайды

1.33

Жобаның тұсаукесері

Тұсаукесерді жинақтап, әзірлейді

1




1

«Тыңдалым» әдісі арқылы жинақтайды

1.34

Жобаны қорғау

Қорытынды жобаны жасап шығарады

1




1

Тест жұмысы




Барлығы




34 сағат













Ақпараттық - әдістемелік бөлім

Оқыту әдістерін таңдау және біріктіру кезінде келесі өлшемдерді ескеру қажет:

  • оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі; зерттелетін материалдың мазмұнына сәйкестігі (күрделілігі, жаңалығы, сипаты, материалды визуалды түрде көрсету мүмкіндігі және т.б.);

  • сынып оқушыларының нақты білім беру мүмкіндіктеріне сәйкестігі: жас (физикалық, ақыл-ой), дайындық деңгейі (оқыту, дамыту, тәрбиелеу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білу деңгейі), сынып ерекшеліктері;

  • қолданыстағы жағдайлардың (оқу бөлмесінің тиісті оқу құралдарымен жабдықталуы, электронды және баспа құралдарының болуы) және оқуға бөлінген уақыттың сақталуы;

  • эргономикалық жағдайлар (сабақ кестесі бойынша сабақ уақыты, сабаққа қатысу, компьютердегі жұмыс ұзақтығы және т.б.).

Бұл оқу бағдарламасында оқытудың келесі әдістері қолданылады: түсіндірмелік,

  • иллюстративті немесе ақпараттық және рецептивті оқыту әдістері (білім беру ақпаратын

  • дайын нысанда беру және оны оқушылар қабылдауы (қабылдау). Мұғалім ақпаратты жеткізіп қана қоймай, оны қабылдауды да ұйымдастырады.);

  • репродуктивті әдістер (бағдарламалар жазу кезінде оқытушыдан алған білімдерін молайту (көбейту));

  • эвристикалық әдіс немесе ішінара іздеу (мұғалім білімнің бір бөлігі туралы хабарлайды, ал студенттер белгілі бір білімді танымдық есептерді шешу барысында алады); зерттеу әдісі (мұғалім мәселені кейде жалпы түрде тұжырымдайды, ал студенттер оны шешу барысында қажетті білімді өз бетінше алады);

  • ауызша (түсіндіру, әңгіме, дискуссия), көрнекілік (видео сабақтар, презентациялар), практикалық (практикалық жұмыс, жоба жұмыстары).

Оқу жұмысының формалары:

  • жеке;

  • жұптық

  • топтық

  • ұжымдық.

Сабақта оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін әртүрлі қызметтер қолданылады:

  • Интернет қызметтерін пайдалану;

  • мобильді құрылғыларды пайдалану;

  • желіні пайдалану.

Сабақ сабақ тақырыбына емес, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге негізделеді. Әр сабақта ұлттық құндылықтарды «Мәңгілік ел» идеясына сүйене отырып жүзеге асыру жоспарланған.