ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Фаренгейт шкаласы.1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фарангейт ұсынған. Реперлік нүктелер: 0 F -1709 ж. ерекше суық қыстың температурасы 32 гр F – мұздың еру температурасы 98 гр. F . бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 212 гр F . Фаренгейт шкаласын АҚШ-та пайдаланады.
2. Реомюр шкаласы. 1730 ж.француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері : 0 гр. Р –мұздың еру температурасы:100 гр С-судың қайнау температурасы.
3. Цельсий шкаласы. 1742ж. швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 0 гр С –мұздың еру температурасы; 100 гр С- судың қайнау температурасы.
4. Абсолют температуралар шкаласы. Тұңғыш рет температуралық шкаланы физикалық құбылыстың негізінде жасаған ғалым, ағыл- шын физигі 1848 жылы Томсон Уильям ғылыми жетістіктері үшін лорд Кельвин атанды. Цельсий шкаласы бойынша -237 гр С температураға 0 К сәйкеc келеді. Бұл мынадай байланыста болады.
Табиғат құбылыстарының алуан түрлілігі туралы тақырыбын өткенде жылу құбылыстарына – жұлдыздардың сәуле шашуы, ауаның жылынуы мен салқындауы, қайнау, булану, конденсациялау, металдардың балқуы, қатаю, газдардың сұйылуы және Күн көзі. Күн тек жарқ берумен шектелмей, жылуды да бөліп шығарады. Ал жылу бөлу көрсеткішін оның температурасынан білеміз. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады. Температураны термометр деген құралмен өлшейміз. Тұрмыста кең тараған термометр осы. Денелердің температурасы тұрмыста Цельсий градусымен (С) өрнектеледі. Көбіне сұйықтың, мәселен сынаптың немесе спирттің температура артқан кезде ұлғаю немесе салқындағанда сығылу қасиеттері пайдаланылады және осы кезеңде айтып кетеміз: барлық термометрлерде негізгі екі нүктені - мұздың еру және судың қайнау температуралары белгілеу қажет. 0 С мұз қатады, 100С су қайнайтыны туралы.
II Практикалық бөлім
2.1 Жылу берілудің түрлеріне тәжірибе
1-тәжірибе: 2 стақанға бірдей су құямыз температурасын өлшейміз. Енді 2 - ші стақандағы суды ысытамыз, температураның қанша екенін байқап жазамыз. Нәтижесін аңғарамыз: қыздырған кезде температураның көтерілетіндігін, молекулалардың қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.
2- тәжірибе: Біреуі – ақ, екіншісі – қара бояумен боялған бірдей екі ыдысқа қайнаған су құйып, термометрлер салады. Біршама уақыттан кейін, қара ыдыстағы су –тезірек, ал ақ ыдыстағысы баяу суитынын термометрлер арқылы анықтауға болады. Қара беттер – жақсы сәле шығарғыштар және жақсы жұтқыштар, сонан соң бұлдыр, ақ және жалтыр беттер келеді. Энергияны жақсы жұтқыштар – сәулені жақсы шығарғыштар, ал сәулені нашар жұтқыштар – энергияны нашар бөлетіндер.
3-тәжірибе: Егер әр түрлі қыздырылған екі денені түйістірсек, онда аса қатты қызған дене салқындайды, ал суық дене жылынады. Мұнда жылудың беру нәтижесінде екі дененің бір - бірімен жылу немесе энергия алмасуын байқаймыз. Жылуды қабылдайтын екінші денеге қарағанда жылу беретін дененің температурасы жоғары болады.
4-тәжірибе: Ылғал үстелге қойылған қант біраздан кейін суды өзіне тартып алады. Себебін түсіндір Диффузия құбылысы
Егер қыстың аязды күндері металлға саусағыңды тигізсең, оған жабысып қалады, ал ағашқа тигізсең жабыспайды. Неліктен? (Өйткені металдың жылуөткізгіштігі жоғары болады, сондықтан жылы саусақты металға тигізген кезде жылу тезірек жүріп, саусақтың температурасы тез төмендейді. Тері қабаты дымқыл болғандықтан, саусақ металға қатып қалады. Ағаштың жылуөткізгіштігі төмен болғандықтан, саусақ температурасы баяу төмендейді, сондықтан саусақтың ағашқа жабысу құбылысы болмайды.)
Сәулеленудің қарқындылығы неге байланысты? Жылу қабылдағышты бірдей қашықтықта кезектестіріп ыстық суы (40°С) бар стақанға, спирт шам жалынына (500°С — 700°С) және қыздыру шамына (1500°С) жақындатамыз. Соңғы жағдайда, жылу қабылдағыштағы сұйық ең көп ығысады. Бұдан дене температурасы артқан сайын сәулелену қарқындылыгы жоғары болады деген қорытынды шығады. Сәулелену арқылы энергияның берілуі — ортаны қажет етпейді: жылу сәулелері вакуум арқылы да таралады.
Мұны келесі тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады. Біреуі – ақ, екіншісі – қара бояумен боялған бірдей екі ыдысқа қайнаған су құйып, термометрлер салады. Біршама уақыттан кейін, қара ыдыстағы су –тезірек, ал ақ ыдыстағысы баяу суитынын термометрлер арқылы анықтауға болады. Қара беттер – жақсы сәле шығарғыштар және жақсы жұтқыштар, сонан соң бұлдыр , ақ және жалтыр беттер келеді. Энергияны жақсы жұтқыштар – сәулені жақсы шығарғыштар, ал сәулені нашар жұтқыштар – энергияны нашар бөлетіндер.
Хоттабычтың құсы Мәңгі жасайтын қозғалғыш. Құс еңкейеді, су ішеді , тұрады ,қайтадан еңкейеді. Хоттабыч құсы ампула сияқты бітеу фигура. Ампула жылдам буланып кететін сұйықпен толтырылған. Құстың басында мақтадан жасалған тыс бар, ол суға батқанда ішіндегі сұйық буланады, құстың басы салқындайды.
Осы құстың қалай қозғалатынын білу үшін тәжірибе жасадым.
4-тәжірибе.Құралдар: екі термометр, дымқыл мата.
Бір термометрге дымқыл матаны орадым. Екі термометрдің көрсеткіштерін салыстырдым. Құрғақ термометрдің көрсеткіші басына дымқыл мата ораған термометрден төмен көрсетеді. Температура түскенде будың қысымы азаяды, будың бір бөлігі суға айналады. Сол кезде қысымның аздығынан сұйық жоғары қарай көтеріледі.
Тәжірибеден көргеніміздей құста орналасқан жоғарғы шарик салқындағанда төменгі шариктегі сұйық буланып, жоғары шарикке қысым түседі. Құстың басы ауырлайды, сосын төменге қарай түсе бастайды. Құс су ішкеннен кейін төменгі және жоғарғы шариктердегі қысым теңеседі, сосын сұйық салмақпен төменгі шарикке ағады. Құс қайтадан басын көтереді.
Тәжірибе: Үстелдің үстіне бір шыны қайнап тұрған суды және ішіне мұз салынған тағы бір шыны суды құйып тексерейік. Бұл кезде ыстық су суыған, ал салқын судағы мұз еріген, екі шыныдағы су бөлме ішіндегі температурамен теңесті. Олай болса, жылу әрдайым ауысып отырады деген ойға келеміз. Қорытындысы: біршама уақыт ішінде температуралары әр түрлі екі дененің арасында жылулық тепе - теңдік орнады.
Қорытынды
Осы жобамен жұмыс жасау барысында алға қойған мақсаттарыма жеттім. Жылу құбылыстарын зерттей отырып және оларға тәжірибелер жүргізе отырып, табиғатта,күнделікті тұрмыстағы құбылыстардың арасындағы жылу алмасуын,таралуын,берілуін білдім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. И.Г. Кириллова «Книга для чтения по физике»
2. Б.Ф. Билимович «Физические викторины»
3. Буров В.А., Никифоров Г.Г. «Фронталные лабораторная занятия по физике» М.,1974.
4.Кабардин О.Ф. “Факультативный курс физики” 9 класс М.,1986.
5. Б.М. Дүйсембаев, Г.З. Байжасарова, А.А. Медетбекова «Физика және астрономия» 8-сынып оқулығы.