ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 73
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Бүгінгі мәзірде үнді асханасының тағамдары виндалу және наан. Виндалу - түрлі дәмдеуіштермен дайындалған етті ащы тағам, ал наан дегендері - өзіміздің нан деуге де болады. |
-
Қойдың еті - 500 гр. -
Пияз - 1 дана -
Қызанақ - 500 гр. -
Сарымсақ - 5-6 түйір. -
Сірке суы - 2 ас қасық. -
Қант - 1 шай қасық. -
Тұз, өсімдік майы. -
Гарнирге - күріш (4 түрлі)
-
Қалампыр -
Зира -
Қыша -
Куркума -
Кориандр -
Паприка -
Чили бұрышы -
Зімбір -
Кардамон -
Қызыл бұрыш -
Даршын
-
Сүт - 150 мл. -
Ашытқы - 1 шай қасық -
Қаймақ - 2 ас қасық -
Ұн - 1,5-2 стақан -
Қант, тұз - 0,5 шай қасықтан -
Сары май - дайын наанға жағуға
| | Етті 2-3 см-дей шақпақ етіп тураймыз. Етті тұздаймыз. |
| Келесі күні... | |
| | Қатты қызып тұрған табаға етті салып, пісіре бастаймыз. Күрішті қайнап түрған тұзды суға салып 20-25 минуттай пісіреміз. |
Ет қуырылып, суы азайғанда, пиязды ұсақтап турап, саламыз. Енді қызанақтарды дайындаймыз. Ол үшін қызанақтардың астын тілеміз, үстінен қайнап тұрған ыстық су құямыз.1-2 минуттан кейін пышақпен қабығын аламыз. Сыртқы қабаты ыстық суға біраз пісіп қалғандықтан, ол өте тез алынады. Ұсақтап тураймыз. Етке саламыз. Дайын болғанша пісіреміз. Қажет болса, аздап су құюға болады.Енді наанды дайындаймыз. Жылы сүтке ашытқы, қант және тұзды араластырамыз. Ашытқы біраз көтеріле бастағанда, 1,5 стақан үнға салып, оған қаймақты салып, жұмсақ қамыр илейміз. Қажетінше су, ұн аздап саламыз. Қамырдың бетін жауып 1 сағатқа қойып қоямыз. Қамыр көтерілгеннен кейін, бір рет илеп жіберіп, бірнеше бөлікке бөлеміз.
| | Бетін жауып, тағы 10-15 минутқа қоямыз. |
| | Құрғақ қызып тұрған табаға, майлы жағын төмен қаратып қоямыз. Сәл көтеріле бастап, асты қызара бастағанда үстіне де өсімдік майын жағып, аударамыз. |