Файл: Денсаулыты ныайтуа байланысты жаттыу трлерімен танысады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 190
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі Комуникативті дағдыларды дамыту | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды 2.2.8.1 Әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі рөлдерді көрсету және атау | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету Көбі: Ойындар арқылы күш, иілгіштік, секіргіштік, тез аңғару және шапшаңдық сияқты дене қасиеттерін дамыту. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||||
Бағалау критерииі | Сөреден дұрыс старт алу техникасын орындаса Қол-аяқтың дұрыс қимыл жасай алса Мәреге жету техникасы комбинациясын дұрыс орындаса Қысқаша қашықтыққа жүгіру техникасының ерекшелігін ажырата алса | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Бой сергіту жаттығулары. Жүгіру түрлері;
жылан жүрісімен жүгіру | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | АКТ http://tankaz.kz Электронды оқулық | |
Ортасы | Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Оқушыларды бір қатарлы сапқа тұрғызамыз. Үш топқа бөлеміз. Үш топты сапқа түрғызамыз. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Ойынның шартымен таныстыру: Қайталап жүгіру (3х10 м.) «Допты бер де отыр» ойыны. Белгіленген сызықтан аспай допты көтеріп беру, кеудеден немесе бастан асыра лақтыру. Допты тосып лақтырып отыра қалу, келесі бала тосып алып, допты қайта лақтыруға дағдыланады. Негізгі тұрыста оң қолмен допты жүргізу, қайтарға сол қолмен жүргізу. Доты аяқ арасына қысып, кедергілер арасынан алып жүру. Шығыршықпен секіріп жүгіру. Баскетбол добын кедергілер арасымен қолмен жерге ұру арқылы барып, қайтарда футбол добын аяқпен кедергілердің арасымен алып қайту. Арқан тарту. Гимнастикалық таяқпен, баскетбол допты алдына серпіп жүгіру. Бірден алаңның ортасынан баскетбол қалқанына қарай допты ыршытып келіп, қалқанға жақындағанда тоқтай қалып, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге тырысу Ұлттық ойындар: Асау мәстек Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға Былай дейді. Ер екеніңді білейін Ешкі сойып берейін Тақия алсаң еңкейіп Құламасаң теңкейіп Ерлігіңе сенейін Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала: Асау мәстек бұл болса Үйретейін көріңіз Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады. | ойын барысында тактикалық әрекеттерді дұрыс қолданды қандай стратегиялар қолданатын ойын барысында көрсетеді ойын жағдайында барлығы жүзеге асатын тактикалық тәсілдерді көрсетеді Жүріп, арақашықтықты сақтап, жүгіруді толық, дұрыс орындау керек, тоқырыптық негізгі жаттығуларын көрсетіп, түсіндіреді. Жаттығу әрбір екі жұп тізбектер арасында жүргізіледі, яғни төрт тізбек бір-біріне қарама-қарсы 5-6 м арасында тұрады. | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай» Бағалау парақшасын толтырады. ҚБ Бағдаршам | Әр әрекет үшін үлкен бос кеңістік. Ноутбуктар. сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=efNUV8l5FVc_ Файл: №1-карточка, файл: №2- | |
Сабақтыңсоңы | Қорытынды. -Бүгінгі сабақтан не білдіңдер? -Сендер үшін не маңызды болды? -Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе? - (ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық. Бас бармақ арқылы озімізді бағалайық. Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады.1. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | |||||
Педагогтың аты-жөні | | |||||
Күні | | |||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі Комуникативті дағдыларды дамыту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды 2.2.8.1 Әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі рөлдерді көрсету және атау | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: Жаңа білімді түсінеді. Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | |||||
Бағалау критерииі |
| |||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Басы | Бой сергіту жаттығулары. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | | ||
Ортасы | Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Тақырып бойынша жинақталған ресурстармен танысу. СЕРГІТУ СӘТІ. Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. Ұлттық ойындар: Арқан тарту. Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді. Хан «алшы» Бұқл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады. | Допты кедергілердің арасымен алып жүру(оң және сол аяқпен) -Допты кедергілерге тигізбеу. Оқушылары екіге бөліп допты бір-біріне беру,алып жүру тәсілдерін жетілдіредіру. Допты әріптесіне дәл беру керек. Қозғалып келе жатқан допты қақпаға жүгірете тебедіу. Оң және сол аяқпен тебуді үйрену. Допты алып жүріп ,қарсыласты алдап қақпаға тебеді | Бас бармақ ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай» Бағалау парақшасын толтырады. ҚБ Бағдаршам | Ысқырық Пазлдар Бағалау парағы Интербелсен-ді тақта Ысқырық «Доп», стикер | ||
Сабақтыңсоңы | «Қар кесегі» тәсілі арқылы оқушылар өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақ дайындап, бір-біріне лақтырады. Сол арқылы сабақты қорытындылайды. «Бес саусақ» тәсілі. Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: Бас бармақ - бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек – мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Ортан терек – мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Жеке шығармашылық қабілет | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.1 Өз бетінше байланыстыруды үйреніп, негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және жақсартады 2.2.4.1. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылайды және көрсетеді | ||||
Сабақтың мақсаты | Қарапайым жаттығулар жинағын орындау және тусіну | ||||
Бағалау критерииі | Дене дамуына арналған жаттығуларды орындау реттілігін түсіну және дамытуға үйрену | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Сәлемдесу.Сапқа отырғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.жүру , Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде 5 .Жылдамдыққа жүгіру 6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Сурет суреттер Семантикалық карта | |
Ортасы | Қауіпсіздіктехникасы Қозғалысойындар (И, Г, Ф)«Түлкі мен тауықтар». Залдың ортасында төрт гимнастикалық орындықтар квадрат түрінде білте тақтайшасы жоғары болып қойылады, бұл «сырық» саналады. Бір жүргізуші — «түлкі» және бір — «аңшы» таңдалады. Қалған ойыншылар — «тауықтар». Залдың басқа бұрышында «ін» сызылады. Онда «түлкі» орналасады. Басқа бұрышта «аңшы» тұрады. «Тауықтар» «сырықтың» (сур.) айналасында тұрады. Сигнал бойынша «тауықтар» бірде «сырыққа» қонады, бірде одан түседі, бірде «тауық қораның» жанында жүреді («тауық қорасын» жасайтын орындықтар жанында). Екінші шартты сигнал бойынша «тауық қораға» жақындаған «түлкі» бір аяғын жерге (еденге) тигізген кез келген «тауықты» ұстайды. «Түлкі» ұсталған тауықты қолынан ұстайды және оны өз «ініне» алып барады. Егер ол жол-жөнекей «аңшыға» жолығып қалса, «түлкі» ұсталған тауықты жібереді, өзі «ініне» жүгіріп барады. Ұсталған тауық «тауық қораға» қайтып келеді, бұдан кейін барлық «тауықтар» сырықтан түседі. Егер «аңшы» «түлкіні» ұстап алса, жаңа «түлкі» таңдалады. 4—6 рет ойнайды. Бір рет те ұсталмаған ойыншылар жеңеді | Сұрақтар қорапшасынан» алынған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайды. өздерінің тағы не білгілері немесе қажеттіліктерін «Сұрақтар қорапшасына» жазып қалдырады. Уақыттарын есептептемей жүгірту Айту. Дайындал, назар сал, марш деген кезде, қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс көрсету. Қателіктерін айту және жою. Старттан кейін қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс көрсету. Қателіктерін айту және жою. Старттық жүгірістен кейін қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс көрсету. Қателіктерін айту және жою. Уақытқа тексеру | | Мұғалім ысқырығы Керекті спорттық жабдықтар және инвентарь: Кроссқа дайындық ресурстары: https://www.youtube.com/watch?v=X4wNW8dp2YU | |
Сабақтыңсоңы | Сабақты қорытындылау:
| Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Жеке шығармашылық қабілет | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.1 Өз бетінше байланыстыруды үйреніп, негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және жақсартады 2.2.4.1. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылайды және көрсетеді | ||||
Сабақтың мақсаты | Денені қыздыруді және қалпына келтіруді түсіну және орындау | ||||
Бағалау критерииі | Адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді түсіну және талқылау | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Сәлемдесу.Сапқа отырғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.жүру , Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде 5 .Жылдамдыққа жүгіру 6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында | Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен бірге қайталайды. Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. | Қол шапалақ | Стикер Сөздер жазылған қима қағаздар АКТ | |
Ортасы | Қауіпсіздіктехникасы Эстафета ойындары Ойын эстафеталарын жүргізу, оқушыларды 2 топқа бөлу, аралықты 10 -12 метр ету: 1-нұсқа: - жылан болып жүгіру - жұптармен жүгіру - ұзындыққа орыннан секіру - көздеп лақтыру 2-нұсқа: - оң аяқпен секіру - сол аяқпен секіру - көшбасшының артынан жүгіру - капитанға доп беру Оқушылар 2 топқа бөлінеді және жалпы старт сызығынан тізбекке бір-бірлеп тұрады. 3 м аралықта жүгіру сызығынан көлденең тұста орындықты орналастыру. Орындықтан 3 м аралықта және оған параллель сызықтарды жүргізу. Осы сызықтан 5 м аралықта диаметрі 1 м шеңберлерді топ саны бойынша сызу. Волейбол добы бойынша әр топтың бірінші ойыншылары. Мұғалім әр топқа төрешіні тағайындайды. Мұғалімнің сигналы бойынша ойыншылар орындыққа қарай жүгіреді және одан секіреді, содан кейін сызықтардың жанында тоқтайды да шеңберге түсу үшін допты лақтырады. Бұдан кейін доптың артынан жүгіреді, оны көтереді, кері қайтқанда қайта орындық арқылы секіреді, өз тобына қарай жүгіреді және жалпы сызықтан допты келесі ойыншыға береді. Ол осы әрекетті қайталайды. Айып саны аз болып эстафетаны ерте аяқтаған топ жеңед Қозғалыс ойындар | Сұрақтар қорапшасынан» алынған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайды. өздерінің тағы не білгілері немесе қажеттіліктерін «Сұрақтар қорапшасына» жазып қалдырады. Уақыттарын есептептемей жүгірту Айту. Дайындал, назар сал, марш деген кезде, қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс көрсету. | Бас бармақ ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай» Бағалау парақшасын толтырады. ҚБ Бағдаршам | Мұғалім ысқырығы Керекті спорттық жабдықтар және инвентарь | |
Сабақтыңсоңы | Кері байланыс Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Шығармашылық - топтық жұмыс арқылы | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.5.1. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды 2.2.6.1. Шығармашылық қабілеттерді және идеяларды түсіндіру және көрсету. | ||||
Сабақтың мақсаты | Жалпы дамытаттын жаттығу жасау түсіну және көрсету | ||||
Бағалау критерииі | Қозғалыс ойын ережелерін түсіну және көрсету | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Сәлемдесу.Сапқа отырғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.жүру , Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде 5 .Жылдамдыққа жүгіру 6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында | Мұғаліммен сәлемдеседі. Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. | Қол шапалақ | Ұялы телефон Және интернет желілері Кітап | |
Ортасы | Қауіпсіздіктехникасы Қозғалысойындар (К) Оқушылар «Нөмірлерді шақыру» ойынын ойнайды. Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп колонна бойынша тізіліп тұрады. Бөлмеде орын көп болса және ойыншылар саны көп болмаса, оларды бір сызыққа беттерін бір жаққа қаратып екі сапқа тұрғызуға болады. Ойыншылар тұрғызылған сызықтан (старт сызығынан) 2 м қашықтықта параллель финиш сызығы сызылады. Оқушылар әрбір колоннада (топта) тәртіптік нөмірлері бойынша саналады. Мұғалім өз тарапынан кезектестіру арқылы оқушыларды нөмірімен шақырады. Ұтыс ұпайы финишқа бірінші болып жүгіріп келген қатысушылар тобына жазылады. Көп ұтыс ұпай санын иеленген топ жеңеді. Эстафета ойындары | Жүгіріп келіп, ұзындыққа секірудің әдістерін біледі. Өздерінің және өзгелердің орындаған жаттығуларын бағалайды, дамыту үшін ақыл кеңес береді | ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай» Бағалау парақшасын толтырады. ҚБ Бағдаршам | Мұғалім ысқырығы Керекті спорттық жабдықтар және инвентарь | |
Сабақтыңсоңы | Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек» Үйге тапсырма: «Киіміңе қарап қарсы алады, ақылыңа қарап шығарып салады» деген сөзбен келісесіңдер ме? Екі жақты күнделікпен ойларыңды туынды және күрделі сөздермен дәлелдеп жаз Рефлексия: «Жылан» әдісі | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |