Файл: Денсаулыты ныайтуа байланысты жаттыу трлерімен танысады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 194
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Жұптық және топтық ойындар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.3.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді | ||||
Сабақтың мақсаты | Шағын ойын тапсырмалары бойынша топтарда қауіпсіз жұмыс істеу. Негізгі шабуылдау стратегиялары мен тактикаларын бәсекелестік ойында қолданудың түрлі жолдарын ашу және табу. Шабуыл кезінде шығармашыл болу қажеттілігін түсіну. | ||||
Бағалау критерииі | Бастамашылық, қиялдылық және шығармашылықты көрсететін озық қорғаныс және шабуыл тактика және стратегияларды дамыту. Озық шабуыл және қорғаныс стратегия және тактикаларды талдау және сынау. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы |
Арнайы созылу жаттығуларын өткізу | Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тепе-теңдік сақтау 2-3сек. Денені бір қалыпта ұстап тұру Сол аяқ алға созылғанда тізені бүкпеу Жүгіріс үстінде абай болу,қол екі жанға созулы Қауіпсіздік ережелерін сақтау. | Қол шапалақ | Стикер, гүл шоқтары Тірек сөздер, иллюстрациялар, себет суреті, стикер. | |
Ортасы | Мұғалім қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізеді. Оқушылар баскетбол ойыны кезінде негізгі қауіпсіздік талаптарын қарастырады. Оқушылар жұптарға бөлінеді. №2 ойыншы бағаннан жүгіріп шығып, №1 әріптесі өзіне берген допты қағып алады, допты алаңға көлденең алып жүреді және жүгіру бағытын өзгертпей, секіріп допты қалқанға лақтырады, кері секірген допты қағып алады және оны кәрзеңкеге лақытарды, допты қағып алып, №1 ойыншыға береді. Содан кейін №2 ойыншы №1 ойыншының орнын алады, ал ол бағанның соңына жүгіреді. Оқушылар командаларға бөлінеді және бір-бірден екі параллель бағанға сап түзейді. Бағандар арасындағы арақашықтық - 3-4 м, ал бағандағы ойыншылар арасында – созылған қол ұзындығы. Әрбір бағанда бірінші ойыншылар қолдарына баскетбол добын ұстайды. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар допты басынан асыра екінші ойыншыға береді, олар үшіншіге береді және бағанның соңына дейін солай жалғасады. Соңғы ойыншылар допты алып, өз бағандарын, оң жағынан айналып өтіп, бірінші болып тұрады және допты беру жалғасады. Ойын бірінші ойыншы бағандағы өз орнына, басына қайта оралған кезде аяқталады. Допты беруді және жүгірулерді бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді | Оқушылар осы жүгіру жаттығуларын өз ережесімен дұрыс орындалуын көрсетеді Бір орында орындалатын дайындық жаттығуларының қауіпсіздік сақтау үшін міндеттілігін біледі. Кермеге тартылу асылып тұрып,күшпен тартылып шығып,қолға таяну | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік. Ысқырық, секундомер. Гимнастикалық төсеніштер, кіші ат. | |
Сабақтыңсоңы | Рефлексия: «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы Оқушылар дәптердің бетін немесе парақты екіге бөледі. Бір жағына қатты әсер еткен тұстары, сабақтың, екінші жағына өзіне әсер еткен жерлер жайлы пікірін жазады.( не себепті жазып алды). | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Көрнекті ойындар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды | ||||
Сабақтың мақсаты | Қозғалыс қызметіндегі жаттығулар жинағын орындау, ойындардарөлдерді ажырату,дене дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды үнемі орындау. | ||||
Бағалау критерииі | Ойындар барысында рөлдер мен міндеттерді ажыратады, дене дпмуына ықпал ететін жаттығуларды ойын барысында пайдасын талқылайды және сипаттайды. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Екі қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістікт., уақытты жариялау және атмосфераны қалыптастыру үшін ынтымақ жұмыс істейтін орта). | |
Ортасы | Оқушыларды бір қатарлы сапқа тұрғызу. 1.Гимнастикалық скамейкадан секіру; 2.Гимнастикалық төсеніште алға домалау. Ұсталмайтын бау» Жерге ұзындығы 2 м бауды қояды, баудың екі жағынан оның ұштарына қарай бір-бірден жарысқа қатысушылар тұрады (бау ойыншылардың тізелерінің арасында болады). Ойынның мазмұны. Ойыншылар жетекшінің нұсқаулығы бойынша әрекеттерді орындайды (қолдары алға, екі жаққа, жоғары, белге және т.б). Ойыншының сигналы бойынша ойыншылар жылдам иіледі және бауды аяқ астарынан суырып алуға тырысады. Мұны бірінші орындайтын адам жеңеді. Ойынды топпен жүргізуге болады. Еденде диаметрі 40—60 см шеңбер сызылады. Шеңберде көздері байланған ойыншылар тұрады. Жетекшінің сигналы бойынша ойыншы шеңберден шығып, 8 қадам алға басуы керек және қайтадан шеңберге келіп, 8 қадам артқа жасауы керек. Шеңберге қайып келе алған ойыншы жеңеді Тепе-теңдік жаттығуларын 1.Қарлығаш жасау. 2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру. 3.Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу. 4.Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру. | Оқушыларң тұрып қалмай, дұрыс жасауды көрсетеді Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, достарының көмегімен ережелерді көрсетеді. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау. | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістікт., уақытты жариялау және атмосфераны қалыптастыру үшін ынтымақ жұмыс істейтін орта). | |
Сабақтыңсоңы | Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек? Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Көрнекті ойындар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттырады Көбі: Саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа,шапшаңдаққа ұйренеді Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||||
Бағалау критерииі | Гимнастикалық жаттығуларға қойылатын талаптар, оның қауіпсіздік ережелері туралы түсінік меңгереді. Гимнастикалық жаттығулардың көмегімен денсаулықтарын нығайтады | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Бой сергіту жаттығулары. Жүру жаттығулары: Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру; Қолды желкеге қойып өкшемен жүру; Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен жүру; Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру; Қол белде жартылай отырып жүру; Қол тізеде, толық отырып жүру, Жүгіру жаттығулары: Жеңіл жүгіріс Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру; Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру; Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру; Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту; Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру. Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санату, 2-лер 2 қадам алға шығады, қолды созып арақашықтық сақтау. Жалпы дамыту жаттығулары: -Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру. -Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз. 1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз. -Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге қоямыз. 1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз -Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату; -Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын айналдыру. -Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру; -Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға иілдіру; -Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз. Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу. Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен түсіру. Негізгі бөлім: Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою. 1-топ-«Қыран» тобы 2-топ- «Барыс» тобы 1. Картоп отырғызу. Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Тренинг жазылған парақшалар | |
Ортасы | Жаңа сабақты түсіндіру Картоп жинау. Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. 3. Кенгіру. Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. 4. Допты бастан асырып беру. Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші- үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады. Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді. 5. Допты аяқтың астынан беру. Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады. Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді. 6. Допты себетке салу. Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол команда жеңіске жетеді. 7. Кегли. Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді. 8. Орыннан секіру. Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді. 9. Мәреге кім бұрын? Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу Денені қалыпқа келтіретін тыныс алу Жаттығуларын жасау. Ұлттық ойындар: Күш сынаспақ Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Тауық күрес. Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. | Оқушыларң тұрып қалмай, дұрыс жасауды көрсетеді Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, достарының көмегімен ережелерді көрсетеді. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау. | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Скакалка, қоныстар. Сілтеме: | |
Сабақтыңсоңы | Кері байланыс «Ұшақ» арқылы оқушылар сұрақтарды ұшақ моделіне жазады, басқа оқушыға жібереді – ол жауап береді. Сабақ не туралы болды ? Қандай әсер алдыңдар ? Қандай туристік компаниялардың ұсынысы ұнады ? Қиындық туғызған тапсырмалар? Не жеңіл, не қызық болды ? Үйге тапсырма. «Қазақстандағы танымал туристік орындар» деген тақырыпта жарнама жасаңдар. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Кіріктірілген ойындар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.8.1 Әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі рөлдерді көрсету және атау 2.1.4.1 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: ақырыптың маңыздылығымен танысады, денелерін жаттықтырады. Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||||
Бағалау критерииі | Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын анықтайды. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Бой сергіту жаттығулары. Оқушыларды сапқа тұрғызу Оқушылардың санын түгелдеу Оңға,солға,кері бұрылу жаттығуларды орындау Қозғалмалы бой жазу жаттығулары -қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүр -екі қол белде өкшемен жүру -екі қол белде аяқтын ішкі және сыртқы қырымен жүру -бір қалыпты жеңіл жүгіру -тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру -арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру -алға қарай созылган қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру -қол алақанына аяқтын ішкі,сыртқы қырын тигізе жүгіру -өкшені артқа көтеріп,екі алақанға тигізе жүгіру -екі қол тізеде,толық отырып журу -отырып секіре жүру -дем алу,дем шығару | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Қағаз қима-лары, маркер жіп | |
Ортасы | Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Тақырып бойынша жинақталған ресурстармен танысу. Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады. Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді. Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады. Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған. Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған. Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан. Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды. Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді. Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді. | Оқушыларң тұрып қалмай, дұрыс жасауды көрсетеді Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, достарының көмегімен ережелерді көрсетеді. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау. | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай» Бағалау парақшасын толтырады. | Ысқырық ,секундомер, тоғызқұмалаққа арналған тақтайшалар. http://www.iggamecenter.com/info/ru/toguzkumalak.html | |
Сабақтыңсоңы | Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды? Сабақта маған не қызықты болды? Сабақта маған не қиын болды? | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Кіріктірілген ойындар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.8.1 Әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі рөлдерді көрсету және атау 2.1.4.1 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді | ||||
Сабақтың мақсаты | Әр түрлі дене белсенділігін дамытуға байланысты жаттығуларды меңгеру және қимыл-әрекеттерді бір-бірімен байланыстыру, қозғалыстардың маңыздылығын түсіну, қолдану. | ||||
Бағалау критерииі | Жаттығуларға байланысты баламалы нұсқаларын анықтау және қолдана білуі, бірлескен жұмыс арқылы бірқатар дене сапасын дамыту жолдарын қарастыу. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы |
| Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Ғаламтор материалы Көңілді әуен қосып қою. | |
Ортасы | . Волейбол ережісні айтып есетеріне салып доппен жаттығулар істету.
- екіден сетка арқылы допты бірі-біріне лақтыру; - допты екі қолмен соққан допты қабылдап алу Үйретілген ереже бойынша волейбол ойнау Үйретілген ереже бойынша баскетбол ойнату. Қателерін түзеп отыру. Доп лақтыру тәсілдеріне назар аударып Допты лақтыру тәсілдерін көрсетіп отыру. Доппен жүру тәсілдерінің дұрыс орындалуын қадағалау. Қателіктерін дұрыстау түсіндіру, бағалау. Допты шамаң келгенше кеудеден беріп және қағып алу. Допты тура құрбысына дәл беру керек. Жаттығулардың дұрыс жасалуына назар аудару. Тыныс орнықтыратын және дамытатын жаттығуларға баса көңіл аудару. | Оқушыларң тұрып қалмай, дұрыс жасауды көрсетеді Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, достарының көмегімен ережелерді көрсетеді. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау. | ҚБ:«Cерпілген сауал»Тақырыптың түсіну деңгейін арттыру, қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар қойылады. ҚБ: «Плюс,минус,қызықты » әдісі (кестеге ойыңды жаз) | Үлкен, бос кеңістік. Оқушылардың әр тобына арналған баскетбол шығыршықтары (бейімделгіш биіктігімен). Әр оқушыға арналған баскетбол добы, маркерлер, конустар. | |
Сабақтыңсоңы | | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |