Файл: Малімні атыжні Исина Багдад Жакслыковна, Аскарова Динара Жаксылыковна ПнСынып.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Исина Багдад Жакслыковна , Аскарова Динара Жаксылыковна

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 5 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1 тоқсан, 1апта, 5 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

4-бөлім: Ежелгі көшпелілер мәдениеті

Сабақтың тақырыбы:

Тұмар (Томирис) турлы аңыз

Оқу мақсаттары:

5.7.7.2 Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау.

5.О2. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.А3. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу,ойын жеткізе білу.

Сабақ мақсаты:

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді

Нақты ақпаратты анықтайды

Бағалау критериі:

  • тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді;

  • ұсынылған ақпараттан анықтайды;

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

5-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: Тұмар (Томирис) туралы аңыз

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

• Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеуші ғалымдар

Сенің меңгеретінің:

  • мәтін мазмұнын түсінесің;

  • мәтіндегі ойды анықтайсың.




Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді








1-3 минут



І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Мәтінмен

жұмыс. Тыңдалым.

Оқылым

Тапсырма

Тапсырма

Қорытындылау:




Ойтүрткі сұрақтары
Көшпелілер дегеніміз кімдер?

Сақтар қандай адамдар?

Сақтардың патшайымы кім?



Жаңа сөздер

Патшайым – царица

Тәрбиелеген – воспитывал

Басқыншылық – агрессия, агрессивность

Қашып құтылған – сбежал (а)

Басқарушы – правитель

Елші – посол

Жеңеді – выиграет

«Ой шақыру» ойыны; суретпен жұмыс

Суреттерге қара. Олардың көшпелерге қандай қатысы бар?

Затты сипатта, сын есімдерді қолдан




Бағалау критерииі: Суреттер бойынша сұраққа жауап айту, затқа сипаттама беру

Дескриптор: Суреттер бойынша сұраққа жауап бере отырып, заттарды сипаттайды
Қызығушылықты ояту.
« Сен білесің бе? » мультфильмін көрсету

http://zhasorken.kz/?p=4027


Тұмар ( Томирис) туралы аңыз

Сақ патшайымы –Тұмардың (ж.ж.с.д.570-520) есімі ежелгі жазбаларда”Томирис” деп көрсетілген. Тұмар – массагеттердің патшайымы, скиф халқының көсемі – ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы – Мадийдің шөбересі, массагеттердің патшасы – Сыпырдың қызы.Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында қайтыс болады. Кішкентай қызды әкесі тәрбиелейді.

Томирис бала кезінен әскери іс- қимыл мен қару-жарақ пайдаланатын ортада өскен. Әкесімен бірге жаулардан бірнеше рет қашып құтылған. Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген. Алты жасында қолына ақинақ – қысқа семсер ұстап, соғыс өнеріне жаттыға бастаған.

Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған Кир патша шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген.

Алдымен, Кир көшпенділер еліне елші аттандырады. Олардың патшайымы –Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейді. Тұмар Кир патшаның (ж.ж.с.д 558-530) ұсынысты қабылдамайды. Осыны сылтау еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай аттандырады. Аракс дариясына жетіп, үстіне қалқыма көпірлерді құраға, кемелердің кермесіне мұнара қамалдар тұрғызуға әмір етеді.


  1. тапсырма. Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің синонимдерін тап.






сөздер

синонимдер

1.

патшайымы

 

2.

қайтыс болады

 

3.

тәрбиелейді

 

4.

қашып құтылған

 

5.

семсер

 

6.

қалқыма

 

7.

мұнара

 


Бағалау критерййі: Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздердің синонимдерін табу

Дескриптор: Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздердің синонимдерін тапты


Өзіңді тексер!




сөздер

синонимдер

1.

патшайымы

ханшашасы, ханымы

2.

қайтыс болады

көз жұмады, дүниеден өтеді

3.

тәрбиелейді

өсіреді

4.

қашып құтылған

тайып тұрған, зытып кеткен

5.

семсер

қылыш

6.

қалқыма

жүзбе

7.

мұнара

мінбе.

Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексер




Ақпарат

дұрыс

бұрыс

1.

Тұмар –атақты сақ патшаймы.

 

 

2.

Кир оны жеңді.

 

 

3.

Оны анасы тәрбиелеген.

 

 

4.

Кішкентай кезінде әкесімен бірге қамауда болған.

 

 

5.

Сақ елін басқарған.

 

 

6.

Кир Тұмарға елші жіберген.

 

 


Бағалау критерийлер:

Дұрыс және бұрыс ақпараттты анықтай алады.

Дескриптор: Дұрыс – бұрыс» кестесін толтырды

Өзіңді тексер!




Ақпарат

дұрыс

бұрыс

1.

Тұмар –атақты сақ патшаймы.

+




2.

Кир оны жеңді.




+

3.

Оны анасы тәрбиелеген.




+

4.

Кішкентай кезінде әкесімен бірге қамауда болған.




+

5.

Сақ елін басқарған.

+




6.

Кир Тұмарға елші жіберген.

+





Бағалау критерийлер:

Дұрыс және бұрыс ақпараттты анықтай алады.

Дескриптор: Дұрыс – бұрыс» кестесін толтырды

1тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап бер:

  1. Мәтін кім туралы?

  2. Тұмар - ол кім?

  3. Неше жасынан соғыс өнеріне жаттыға бастаған?

  4. Томирис кімді жеңіп алған?

  5. Кир Томириске қандай ұсыныс жасады?

  6. Кир неліктен соғысты бастады?


Бағалау критерииі: Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну.Тұмар патша туралы сұрақтарға толығымен жауап бере алу.

Дескриптор: Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. Тұмар патша туралы сұрақтарға толығымен жауап бере алады.
Өзіңді тексер!

1тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап бер:

  1. Мәтін кім туралы? (Томирис)

  2. Тұмар - ол кім? (Томирис – сақ патшайымы.)

  3. Неше жасынан соғыс өнеріне жаттыға бастаған? (Алты жасынан)

  4. Томирис кімді жеңіп алған? ( Кир патшаны)

  5. Кир Томириске қандай ұсыныс жасады? (Тұрмысқа шығуы)

  6. Кир неліктен соғысты бастады? ( Массагеттерді жаулап алу)