Файл: дістемелік нсаулар Алты жасар балаларды ойын жне жаттыулар арылы оыту 2008 жыл.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 34
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Нұсқасы. Балалар тұрмыс заттары неге қажет екендігін түсіндіріп, олар туралы жұмбақтар құрастырады.(шаңсорғыш, телефон, телевизор және т.б.)
Ескерту. Мұғалім ойын барысында балаларға электр құралдарын пайдалану ережелерімен таныстырады.
МЕНІҢ ҮЙІМ
Дидактикалық міндеті: өз үйін суреттей білу, мекен-жайын жатқа білу; жанұя мүшелері мен туған үйіне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Құрал: почташының бас киімі, конверттер.
Мазмұны. Бір бала — почтальон. Ол хаттарды үлестіреді. Ол кімнің «есігін қақса», сол өз үйінің мекен-жайын айту керек және үйін суреттеп айтуы қажет. Кім тапсырманы дұрыс орындаса, сол конверт (хат) алады. Балалар конверттен ақ қағазда алып, өз үйлерінің суретін салады. (қағазға жақындарына «хат жазуға» болады).
БІЗДІҢ ЖАНҰЯ
Дидактикалық міндеті: балалардың үй ішіндегі міндеттерді бөлу, достық пен өзара көмек жайлы ұғымдарын нақтылау.
Құрал: қызыл және көк жалаушалар.
Мазмұны. Балалар топтарға бөлінеді (әр топта сегіз баладан).Әр топта балалар рольдерді бөледі: бір бала -әке, екіншісі – ұлы, үшіншісі-атасы, төртіншісі -немересі; бірінші қыз -шеше, екіншісі -қызы, үшіншісі - әжесі, төртіншісі - немересі. Тақтаның алдына бірінші жұп шығады: әкесі мен ұлы, олар кезекпен үйде не істейтіндері (не істеуге міндетті екендіктері) жайлы әңгімелейді). Жақсы әңгімелеген балаға қызыл жалауша беріледі.Балалар әңгімелерді толықтырады. Мысалы: «Әкем дүкеннен тамақ сатып әкеледі», «Ұлы аяқ киімді жөндеу шеберханасына тапсырады» және т.б.Жақсы толықтырғаны үшін-көк жалаушаға ие болады.
Дидактикалык ойын «АЙЫРУ»
Ойынның мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы жануарлардың атауларын және мекен-жайын мемлекеттік тілде айтып беру.
Тақтада үйдің және орманның суреті бейнеленген плакат ілініп тұрады. Балаларға үй және жабайы жануарлардың суреттері таратылып беріледі. Балалар тиісті қалташыққа суретті салады және себебін айтады.
Мысалы: Мынау-түйе. Түйе - үй жануары. Ол үйде тұрады. Мынау-қасқыр. Қасқыр-жабайы жануар. Ол орманда жүреді.
Дидактикалык ойын «ЕНЕСІН ТАП»
Ойнның мақсаты: Балалар үй жануарлары мен олардың төлін айырып, мемлекеттік тілде айтып беру.
Балалар берілген дайын суреттер ішінен үй жануарларын: енесі мен төлін сызықпен қосады және ауызша айтып
береді. Мысалы: Қойдың төлі - қозы. Сиырдың төлі - бұзау.
Әр сайыстан соң балалардың жауаптары тиісті дөңгелектермен бағаланып, соңында саналады. Толық, дұрыс жауап берген балалар мадақтауға ие болады.
Дидактикалык ойын «КІМ ТЕЗ ЖИНАЙДЫ?»
Ойынның максаты: Балалар сызба бойынша жеміс-көкөністердің түсін, пішінін, дәмін,көлемін, егетін жерін мемлекетгік тілде айтуын дағдыландыру.
Әр топтан бала «өсіп» тұрған жемісті немесе көкөністі «жұлып» алып, сызба бойынша суреттеп береді. Сонан соң өз тобының себетіне салады.
Ойының сонында балалардың жиған жеміс-көкөністері есепке алынып, тиісті дөңгелектер беріледі.