Файл: Тжб.дебиеттік оу. Оушы Нса 2.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 46

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ТЖБ.Әдебиеттік оқу.Оқушы: ------------------------Нұсқа: 2


Тыңдалым және айтылым. 1-тапсырма.Мәтінді мұқият тыңда, сосын мазмұнда.


Ауаны қалай сипаттауға болады? Оның дәмі, иісі, пішіні жоқ, мөлдір зат. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады. Ең алдымен ауадағы оттегі өкпеге барады, кейін бүкіл ағзаға тарайды. Ауа болмаса адамға не болады? Мұны елестету өте қиын. Жер бетіндегі ауа құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар араласып жүреді. Әсіресе  өндірістік қалаларда ауа көп ластанады. Ірі кәсіпорындар, жылу орталықтары, көліктер ауаға улы заттар бөліп шығарады. Зиянды заттармен тыныс алған адам тез шаршайды. Ол әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Адам жақсы демалуы үшін оған таза ауа қажет. Өсімдік ауа құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып оның орнына оттегі бөліп шығарады. Сол себептен теңіз жағалауында, орман ішінде таза ауа болады. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Әр адам өсімдіктерді көптеп отырғызуы керек деп ойлаймын.



2-тапсырма.

Таза ауаның жалпы тіршілік үшін маңызы туралы ойыңды айт. Сөйлеу барысында көркем сөздерді, мақал- мәтелдерді қолдан.

«Таза ауа–денсаулық кепілі»

«Туған жердің ауасы да шипа»

[3]

Оқылым Мәтінді оқы.

Жазғы демалыс кезі. Біз жүгерінің арамшөбін отап жүр едік. Күн күйіп тұрған, бір кезде қара бұлт пайда болып, жаңбыр құйды да кетті. Жұрт паналар жер таппай, кетпен-күректерін төбелеріне тосып тұра қалды. Төңкерілген көп кетпен жыпырлап тұр. Найзағай жарқылдап, күн күркірегенде, темірдің жай тартатыны есіме түсе кетті.

-Қашыңдар,-деп айғай салдым.

-Кетпенді тастап қашыңдар!,-деп Болат та айғайлады.

Жұрт кетпен-күректерін лақтырып қаша жөнелді. Жаңбыр басылған соң орнымызға келсек, әлгі жерге жай түсіпті. Кетпен-күректердің кейбірін жапырып, кейбірін тесіп кетіпті.

Қариялар:

-Ойпырым-ай, бұл жерде тұра берсек не болар еді?! Білгендеріңнен, оқығандарыңнан, айналайын! Өркендерің өссін!,-деп Болат екеуімізге алғыс айтты.

1-тапсырма. Мәтін кейіпкерлерінің әрекетіндегі өзгерістерді сипаттап, кестені толтыр.

Ауа райындағы

өзгерістер

Кейіпкерлердің әрекеті

Күн ашық болғанда




Жаңбыр жауғанда




2-тапсырма.Мәтіннен қауіпсіздікті сақтамаған ересектердің әрекеті көрсетілген сөйлемді тауып, қоршап сыз.

3-тапсырма.

Мәтін бойынша кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға арналған сұрақтар құрастырып жаз.

_______________________________________________________________________________4-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін нұсқаны көрсет.

А) қауіпсіздікті сақтау В) арамшөп отау С) қарияларға көмектесу

[1]


Әдебиеттік оқу. Оқушы:------------------------------Нұсқа: 1. ТЖБ


Суды қалай сипаттауға болады? Оның дәмі де, түсі де, иісі де жоқ. Біз күн сайын суды пайдаланамыз: жуынамыз, сусын ретінде қолданамыз. Ежелгі адамдар өзендердің қасында не үшін қоныстанғанын түсіндім. Су адамдарды ыстықтан сақтап, өмір сүруге септігін тигізеді. Су болмаса адамзат қалай өмір сүретін еді? Мұны елестету өте қиын. Қазіргі уақытта, еліміздегі әрбір үй сумен қамтамасыз етілген. Біз қалаған уақытымызда шай қайнатуға, тамақ пісіруге қолдануға, кір жууға немесе үйді тазартуға мүмкіндігіміз бар. Мүмкін осыған байланысты судың қадірін түсінбейтін шығармыз? Біз суды үнемдемейміз, шүмекті (кранды) ұзақ уақытқа ашып қоямыз. Ал, Африка тұрғындары су тапшылығынан үлкен зардап шегеді екен. Әлемнің кейбір мемлекеттерінде, бір су тамшысы, алтыннан құнды. Сондықтан, адамдар сусыз өмір жоқ екенін түсініп, оған құрметпен және қамқорлықпен қарағандығын қалаймын. Табиғат берген сыйды сақтап қалайық!





Тыңдалым және айтылым.1-тапсырма.Мәтінді мұқият тыңда, сосын мазмұнда. (3)

2-тапсырма.

Судың өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі үшін маңызы туралы ойыңды айт. Сөйлеу барысында көркем сөздерді, мақал- мәтелдерді қолдан.

«Ақ қар көп болса — ақ нан көп»

«Арық бар жерде су бар, Су бар жерде ну бар»

«Субар жердеөмір бар»

[3]

Оқылым. Мәтінді оқы.

Жаздың шайдай ашық күні. Балалар ауылдың шетіндегі «Шалқар» өзеніне түсуге барды. Су жылы екен. Олар рахаттана шомылып, күнге қыздырынды. Кенеттен аспан бұлттанды. Біраздан соң жаңбыр жауып, найзағай жарқылдады. Балалар судан шығып, жағадан алыстау жердегі сайдың ішіне барып отырды. Саят судан шықпай шомыла берді. Ал Рауан судың жағасынан тауып алған жалпақ темірмен басын жауып, жаңбырдан қорғанды. Оны көрген Еламан:

- Бері келіңдер, бұл жер қауіпсіз,-деп айқайлады.

Саят пен Рауан сайға қарай жүгірді. Балалар жаңбыр басылғанша қауіпсіз жерде отырды.

1
-тапсырма.Мәтін кейіпкерлерінің әрекетіндегі өзгерістерді сипаттап, кестені толтыр.

Ауа райындағы

өзгерістер

Кейіпкерлердің әрекеті

Күн ашық болғанда




Жаңбыр жауғанда




2-тапсырма.

Мәтіннен қауіпсіздікті сақтамаған баланың әрекеті көрсетілген сөйлемді тауып, қоршап сыз.

3-тапсырма.

Мәтін бойынша кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға арналған сұрақтар құрастырып жаз.

_______________________________________________________________________________

4-тапсырма.Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін нұсқаны көрсет.

А) көңілді демалу В) қауіпсіздікті сақтау С) достарға көмектесу

[1]

Жазылым 1-тапсырма. Суретке мұқият қара. Ұсынылған тақырып бойынша әңгіме құрап жаз.

Тірексөздер:Отан қорғаушылар күні, әскери киім, туған жерді сүю, құрметтеу, бейбітшілік, тәуелсіздікті сақтау.
Отан қорғаушылар күні

_______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

[5]