Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы азастан тарихы пні бойынша дістемелік нсау Мамандыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 171
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәуелсiз Қазақстан егемендi ел болғаннан кейiнгi алдына қойған басты мақсатының бiрi - адамдардың жақсы тұрмысын iс жүзiнде қамтамасыз ететiн қоғам орнату. Осы орайда әрбiр адамға кәсiпкерлiк еркiндiк пен мүмкiндiк туғызып, жоғары әлеуметтiк мәртебеге жетуiн қамтамасыз ету, экономиканың өсуi мен тұрақтануына және оның дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр.
Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердiң бiрi - зейнетақымен қамтамасыз ету.
Халықтың тұрмысындағы елеулi көрсеткiш, ол - тұрғын үймен қамтамасыз ету. Кеңес өкiметi тұсында да, одан кейiнгi жылдарда да тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып қала бердi.
Өтпелi кезеңде басқа салалар секiлдi медицина саласы да айтарлықтай қиындықтарды бастан кешiрдi. Қаржының тапшылығынан ауруханалар мен емханалар тұрғындарға ойдағыдай қызмет көрсете алмады.
Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейiн көтеру мақсатында Президенттiң жарлығымен 2002 жыл - Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өттi.
Өтпелi кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендiк алған кезден бастап, Қазақстанда бiлiм жүйесiнде көптеген оң өзгерiстер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгердi. Бiлiм стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдiстемесi енгiзiлдi.
Халыққа бiлiм беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсiресе, 1996-1997 жылдары үкiмет
тарапынан едәуiр айтуға тұрарлық жұмыстар жүргiзiлдi. Мәселен, тек 1999-
2001 жылдары бiлiм беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлiнiп отырған. Мұның өзi бiлiм беру саласындағы кейбiр келеңсiздiктерге алып келдi. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген
ауыл мектептерi жабылып қалған.
Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық қарым-қатынасы кеңейдi. 1991 жылы жүздеген республика оқушылары, студенттерi мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, қазiрде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Президентi жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның iшiнде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жiберiледi. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден бiлiм алып келдi. Ал 2003
жылдың басында республикалық арнайы комиссияның шешiмiмен 25 жас жiгiттермен қыздар шет елге оқуға жiберiлетiн болды.
Соңғы жылдары елiмiздiң мәдениетi мен рухани өрлеуiне Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениеттi қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерiн дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуiр жұмыстар атқарылды. Мәдениеттi қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объектi: 1449 кiтапхана, 681 клуб үйi, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және т. б. жөндеуден өттi.
Елiмiздiң Президентi жарлығымен 1998 жыл - Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп атап өтiлдi. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 iрi-iрi ғылыми форумдардың өткiзiлуiмен ерекшелендi.
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)
1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)
1. Оқушыларды бағалау:
2. Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономиканың дамуы.
6. Үй тапсырмасы: 5мин(6 %)
1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2. Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1.Нарықтық экономика жылдарындағы Қазақстан.
2. Халыққа білім беру ісінде жүргізіліп жатқан жұмыстар.
№ 18сабақ
І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан және Дүиежүзілік қауымдастық.
ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )
ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық
ІY. Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға Қазақстанның саяси жағдайын оқыту.
тәрбиелік: оқушыларға елімізде тыныштық сақтап, көрші мемлекеттермен тату туру керектігін түсіндіріп, болашақ өздерінің қолында екенін түсіндіру.
дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.
Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б)оқыту орны: аудитория.
Ү. Әдебиеттер:
негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.
Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.
қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.
Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.
ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
15 мин (16%)
1. Қазақстанның 1992-1993 жж. экономикасы қандай болды.
2. Қазақстандағы әуе қатынастары.
3. Денсаулық жылы деп аталу себебі?
4. Ауыл жылы деп аталған жыл қай жылдарды қамтыды?
5. Мәдениетті қолдау жылында қандай істер атқарылды?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)
1.3 Тақырып жоспары:
1. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы.
2. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас.
3. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым – қатынас.
Ақпараттық –дидактикалық бөлім.
Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн, егемен мемлекет ретiнде халықаралық байланыс жасауға, өзiнiң сыртқы саясатына айырықша көңiл бөледi.
Қазақстан өзiнiң сыртқы саясатында, әсiресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Бiрiншiден, басқа елдермен, соның iшiнде бұрынғы Одаққа кiрген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдерi және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екiншiден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениеттi елдердiң қатарына қосылу. Үшiншiден, Қазақстанның қауiпсiздiгiн сақтау, дүниежүзiлiк
соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Мiне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсiз Қазақстан көптеген игi шараларды iске асыруда. Бұл уақыт iшiнде Қазақстан Республикасын дүние жүзiнiң 180-нен астам мемлекетi таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бiрi болып Түркия, АҚШ, Франция және т. б. мемлекеттер мойындалды. Қазiрде Қазақстан шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 50-ден астам шетелдiк елшiлiк пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкiлдiгi жұмыс iстейдi.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол - өзiнiң ең жақын және iрi көршi мемлекеттерiмен, соның iшiнде солтүстiкте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Ал 1995 ж. 20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бiрлескен декларацияда екi ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан әрi бұлжытпай орындап отыратындығы жөнiнде мәлiмдедi.
Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуiрде Ресей Федерациясының Президентi Б. Ельцин мен Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев Алматыда кездесiп, Қазақстан мен Ресей бiрлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргiзiлiп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екi ел халықтарының болашағы үшiн үлкен мәнi бар екендiгi атап көрсетiлдi. Мемлекеттiң басшылары бұдан былайда екi ел арасындағы егемендiктi, тәуелсiздiктi құрметтеу, аумақтық тұтастық пен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау принциптерiн сақтау негiзiнде дами беретiнiн қуаттады.
Қазақстанның егемендiк алған он жылдан астам уақыт iшiнде ҚХР
басшыларымен өзара кездесу, келiссөздер жүргiзу бiздiң елдiң сыртқы саясат тiршiлiгiнiң тұрақты құбылысына айналды. Он жылдық тарихта екi мемлекеттiң арасында құқықтық негiздi қалайтын жетпiстен астам құжат қабылданыпты. Мұның өте зор маңызы бар.
Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаевтың Қытай мемлекетiне 2002 жылдың желтоқсан айында жасаған сапары екi ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңiн айқындады.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл қарым-қатынас Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасын мемлекет ретiнде таныған 1991 ж. 25 желтоқсанынан мемлекеттер арасында елшi дәрежесiндегi толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады.
Осыдан кейiнгi жылдары Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары серпiндi түрде дамып келедi. Соның нәтижесiнде Қазақстан АҚШ-тың өзара демократиялық әрiптестiк деңгейiне көтерiлдi. Қазiргi кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса iрi инвесторы болып отыр.
1999 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президентi Н.Назарбаев
АҚШ-қа тағыда бес күндiк сапар жасап, Қазақстан мен Америка арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. 2001 жылғы 11 қыркүйекте Вашингтон мен Нью-Йоркте орын алған қайғылы оқиғалардан кейiн Президент Н. Ә. Назарбаев өзiнiң ресми мәлiмдемесiнде лаңкестердің (терроршылардың) адамшылыққа жат әрекеттерiн айыптап, Қазақстан лаңкестерді ұстауға және жазалауға барынша жәрдем етуге әзiр екендiгiн бiлдiрдi. Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның әрдайым лаңкестікке қарсы шығатынын және АҚШ-тың қолдау көрсетуiне, егер американдық тараптан тиiстi өтiнiш болған жағдайда, соның iшiнде әскери қолдауына, осы залалға қарсы күрес жүргiзу жөнiнде нақты халықаралық коалиция құруға әзiр екенiн атап өттi.
"Мызғымас азаттық" операциясының шеңберiнде коалиция ұшақтарының ұшып өтуi үшiн Қазақстан өзiнiң дәлiзiн ұсынды. Американдық ұшақтардың төтенше жағдайларда Қазақстанға қонуы туралы Меморандум әзiрлендi.
Сонымен қатар Қазақстан үшiн Түркия, Пәкiстан, Үндiстан, Иран мемлекеттерiмен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстiк Корея сияқты және басқа елдерiмен ынтымақтастықтың дамуының да мәнi өте зор.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басты көңiл аударып отырған мәселелердiң бiрi – елдiң шекаралық қауiпсiздiгiн сақтау.
Қазақстанның көршi мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 20 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен мемлекеттiк шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 14,5 мың шақырым, Түркiменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстан Республикасымен – 1660 шақырым. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға батыл кiрiстi.
Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзiнiң жақын көршiлерi – Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түрiкменстанмен арадағы шекара мәселелерiн іс жүзiнде қандайда бiр талассыз әрi дау-дамайсыз түпкiлiктi
реттеуге қол жеткiздi.
Шекара мәселесiн Азия елдерiнде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) атқаратын рөлiн ерекше атап көрсеткен
жөн. 1996 жылғы сәуiр айында Шанхайдағы кездесу кезiнде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжiкстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейiн жеткiзу келiсiмiне қол қойды. Кейiн бұл келiсiмге Өзбекстан Республикасы қосылды.
"Шанхай келiсiмi" негiзiнде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуi 1997 ж. Мәскеуде, 1998 жылы Алматыда, 1999 жылы Бiшкек 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматы қалаларында болып өттi. Онда алты мемлекеттiң аймақтық қауiпсiздiк пен ынтымақтастықты нығайту мәселелерi жан-жақты талқыланып, осының нәтижесiнде Декларациялар қабылданды.
2002 жылғы маусым айында Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезектi саммитi Санкт-Петербург қаласында болып өттi. Санкт-Петербург кезедсуiнде үш құжатқа – Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөнiндегi Келiсiмге және Шанхай
ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi мен шекарасының тұтастығын қорғау үшiн өзiнiң жеке Қарулы Күштерiн құрудың үлкен маңызы болды. Оны iске асыру Елбасының 1992 жылғы 7 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн құру туралы" жарлығымен басталды.
Қазақстан мемлекетiнiң қауiпсiздiк мәселесiн Президент Н. Назарбаев халыққа арналған 1999 жылғы 15 желтоқсандағы Жолдауында ең басты тұғырға қойды. Жолдауда көрсетiлгендей, бiздiң елiмiзде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жаңа ғасырдың стратегиялық ең басты мәселесi болып қала бередi. Онда, әсiресе, қазiргi кезеңдегi терроризмге, саяси және экстремизмге, тоқтаусыз тасылып жатқан есiрткiге қарсы күрестi халықаралық дәрежеде күшейту мәселелерi қойылған.
Елбасының талабына сай 2000 ж. 10 ақпанда Қазақстанда 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясы қабылданды.
1992 ж. наурыз айында Қазақстанның Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшiн орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейiн елiмiзге халықаралық басқа да ұйымдарға мүше болып кiруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негiзгi валюта-қаржы ұйымдарына - Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзiлiк қайта құру және даму банкiне, Еуропа және Азия даму банкiне мүше болып ендi. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Мұның өзi Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында игi нәтижелерiн беруде. Нәтижесінде соңғы бес-алты жылда Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түстi, оған берiлетiн инвестициялық қаржылардың көлемi артты.