Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы азастан тарихы пні бойынша дістемелік нсау Мамандыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 174

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И.В.Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты.Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді.

1924 жылы Қазақ АКСР-де «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1939 жылы қазақ халқының арасында сауаттылық 40 пайызға жетті.

Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды. 1928 жылы Алматыда тұңғыш педагокикалық институты ашылды, 1931-1932 жылдары Орал және Қызылорда пединституты, 1929 жылы Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институты, 1931 жылы Алматы медицина институты ашылды.

20- жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасауға С. Сейфуллин, С. Сәдуақасов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т. б. белсене қатысты.

Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке тұрғындарының сауатын ашу мәселесін көтерді. Әсіресе, ол үкіметтің 1929 жылы "Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы" қаулысынан кейін кең өрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулықтар мен оку құралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.

Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жұмыс істеді. Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. VI партия конференциясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса орындықтары жоқ, орындықтары болса оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартылды. 1935/36 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою.


6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Қазақстанда ересектер арасында сауатсыздықты жою ұйымының құрылуы.

2. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.

4сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Ғылым, білім, әдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.

ІІ. Сағат саны – 2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға қоғамдық саяси өмірдің қазақ мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізгенін айтып өту.

тәрбиелік: республикадағы экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу төңірегіндегі ұлт қайраткерлерінің көзқарасы мен оқушының патриоттық сезімін ұштастыру.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.

қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж. ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15мин (16%)

1.«Сауатсыздықты жойылсын» қоғамының құрылу мақсаты.

2.ХХ ғ. 20- шы жылдары қазақша оқулықтар жасауда үлес қосқан қазақ зиялыларын ата.

3.ХХ ғасырдың 30- шы жылдарындағы қазақ мектептерінің жағдайы қандай болды?

4. Қазақстанда тұңғыш ашылған жоғарғы оқу орны.

5. Сталиннің қазақ зиялыларына қарсы қуғынды ұйымдастыру себебі.

6.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда пайда болған өнеркәсіп орындары.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40мин(44%)

Тақырып жоспары:

1. Қазақстанда ғылымның қалыптасуы.

2. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.

3. Қазақ мәдениетінің дамуы.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы — санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды. Геология және биология ғылымдарының нәтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды.



20—30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М.Жұмабаевты замандастары өте жоғары бағалаған. Оның поэзиясы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы мен сұлулығын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жұмабаев өзінің шығармаларында жалпы адамзаттық құндылықтарды, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлады.

Кеңес үкіметі ұлттык әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов және т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.

1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театрытұңғыш рет Қызылордада ашылды. Оны Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сияқты, кейін қазақ театр өнерінің майталмандары болған. Театрды режиссер және Ж. Шанин басқарды. Сахнада алғаш рет «Еңлік-Кебек» пьессасы қойылды. 30-шы жылдардың ортасында Ақтөбеде, Шымкентте, Қарағандыда, Петропавлда театрлар ашылды.

1938 жылы «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі- «Аманкелді» кинокартинкасын қойды.

1934 жылы Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.

1938 жялы Мәскеуде қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі болып, Күләш Байсейітоваға КСРО халық әртісі атағы берілді. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Еуропаның ірі қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қазақ мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, республикалық қуыршақ театры жұмыс істеді.

20-30 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш білім алу жүзеге асырылды. Екінші жағынан тоталитарлық жүйе күшейді.

Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі мәдени мұралары, ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары деп, ұлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халықтың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20- жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір ұрпақтың ғана ғұмырында қазақтар өзінің төл жазуымен дүниеге келген ұлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бұл жүргізілген шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді.


4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Ғылым, білім, әдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы.

2. Қазақстанда зерттеу жұмыстарының жүргізілуі.

5 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ҰОС жылдарында.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстың барлық елге тигізген зардаптары туралы айтып өту.

тәрбиелік: ержүрек батырларымыздың ерлігін айта отырып оқушылардың патриоттық сезімін ояту.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.

қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

15мин (16%)

1. Қазақтан шыққан тұңғыш геолог- ғалымды ата.

2. Тұңғыш қазақ театрының ашылуы.

3. Сахнада қойылған алғашқы пьеса?

4. Парижде бүкіл Еуропаны таң қалдырған қазақ әншісі.

5. «Ленфильм» шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмін ата?

6. ХХ ғасырдың басында қазақ мәдениеті қалай дамыды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44%)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Ұлы Отан соғысының басталуы мен сипаты және тарихи маңызы.

2. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.

3. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі.

4. Қазақстан ғылымы мен мәдениеті.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

1941 ж 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан соғысына Қазақсатан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.


1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес халықтар сияқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бұзды. Соғыстың бірінші күнінен Қазақстанда әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала әскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі ұран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» болды.

Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград, Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь партизан отрядтарында 3000 –нан артық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және Берлин үшін болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылған. Қазақстанда жасақталған әскери бөлімшелердің ішінен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшыл деген құрметті атақ алды. Көрсеткен ерлігі үшін 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының данқты қыздары Мәншүк Мәмедова, Әлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры болған Т.Ж.Бигельдинов, С.Луганский, Н.Беда, И.Павлов және атақты командир, Кеңес Одағы Батыры атағы ең соңғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен марапатталды.

Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16мыңдай офицер даярлап шығарды.

Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан

Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. /Б.Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді/. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады.