Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы азастан тарихы пні бойынша дістемелік нсау Мамандыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 178
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа да әскери құрамалар қатысты.
Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен соғысты. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтың очерктері арқылы жетті.
Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н.Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Әбдіров, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы үшқыштар Т.Бегилдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Дуганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.
Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.
Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.
Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы
, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б. орынды мақтан етті.
Соғыс жағдайында қажеттi ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және мәдениет пен ғылым мекемелерiнiң жүйесi сақталынып дамыды. Жаралылар мен ауруларды уақытында қатарға қосумен қатар, сүзек және басқа жұқпалы аурулардың шығуына және таралуына жол берiлмедi. Бұрынғы соғыстарда мұндай шығындар соғыс майданында мерт болғандардан көп болғаны мәлiм.
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)
1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)
1. Оқушыларды бағалау:
2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ҰОС жылдарында.
6. Үй тапсырмасы:
1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2. Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның экономикасы.
2. ҰОС жылдарындағы қазақ мәдениеті.
№ 6 сабақ
І. Сабақтың тақырыбы: 1950- 1960 жылдардағы Қазақстан.
І. Сағат саны- 2 90мин(100% )
ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық
ІY. Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы қалпына келтіруде қиын күндерді бастан өткергенін түсіндіру.
тәрбиелік: оқушыларды өткенді еске түсіре отырып, еңбекке тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б)оқыту орны: аудитория.
Ү. Әдебиеттер:
негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.
Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.
қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.
Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.
ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
15 мин (16%)
1. Қазақстанның екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы.
2. Ленинград үшін шайқаста қазақстандық батырлардың ерлік көрсетуі.
3.Соғыс жылдарында Қазақстанда жұмыс істеген өнеркәсіп орындары.
4.Соғыста қанша қазақстандық Кеңес одағы батыр атағын алды?
5. Ы. Жақаев дегеніміз кім?
6. Қазақстанда екі рет Кеңес одағы батыр атағын алған батырларды ата?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44%)
1.3 Тақырып жоспары:
1. Соғыстан кейін экономиканы бейбіт өмірге лайықтап қайта құру.
2. Соғыстан кейін ғылым мен әдебиеттің дамуы.
3. Өнеркәсіптің дамуы.
4.Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Ақпараттық –дидактикалық бөлім.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді.
1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен еді. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", еңбек тақырыбына жазылған С. Мүқановтың "Сырдария", Ғ. Мұстафиннің "Миллионер", Р. Слановтың "Кең өріс" сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.
Осы жылдарда М.Әуезовтің "Абай жолы", С.Мұқановтың "Шоқан Уәлиханов" сияқты көптеген тарихи шығармалар жарық көрді. "Абай" қойылымы үшін Қазақ Академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.
1946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып, оның президенттігіне көрнекті ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев сайланды. Жалпыға бірдей
жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Алайда, мектептердiң материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көпшiлігiнiң ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек көрсетілді.
Алайда, бұл кезде Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді.
Бұл кезде Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е.Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.