Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі 44 орта мектеп мкм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«№44 орта мектеп» МКМ
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Әлемдік мәселелерге ықпал ететін саясат
Бөлім: | VIII бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация |
Педагогтің аты-жөні: | Ешенкулова Н.М. |
Күні: | 03.04.2023 жыл |
Сыныбы: 10 «Б» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Әлемдік мәселелерге ықпал ететін саясат |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру. Топтастыру. | Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. I – Үшбұрыштар тобы II – Дөңгелектер тобы III – Төртбұрыштар тобы | Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. | Фигуралар салынған конверт |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сұрақтар: 1. Алғашында «мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекетті басқару шеберлігі» деген ұғымды білдірген «саясат» сөзінің қазіргі кеңейтілген мағынасын, негізгі функцияларын білесіңдер ме? 2. «Сыртқы саясат», «халықаралық саясат», «мемлекетаралық саясат», «мультиұлттық саясат», «трансұлттық саясат» ұғымдарын қалай сипаттар едіңдер? 3. Әлемдік саясаттың мәні мен мазмұны қандай халықаралық ұйымдардың қызметтерімен анықталады? | Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді. Дескриптор: -Мақаланы мұқият оқиды. -Хабарлама дайындайды. Жалпы - 5 балл | Оқушылар қосымша ресурстардан С.Асылбекұлының «Қазақстан - дүниежүзілік саясат иірімінде» тақырыбындағы мақаласын оқып, хабарлама дайындайды. | ҚБ «Одағайлар» әдісі | 10-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері |
Жеке жұмыс | Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады, қадағалап, бағыт-бағдар береді. Дескриптор: -Ғылыми-көпшілік стильді орынды қолданады. -Мақала жазады. -Тақырыбын қояды. Жалпы - 5 балл | Оқушылар ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады. Тақырыбын өздері қояды. Сөз саны - 100 болуы шарт. | ҚБ «Қол шапалақ» әдісі | 10-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын. | Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |