Файл: азастан тарихы мемлекеттік емтихан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 768

Скачиваний: 52

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Суреттер тақырыптамасы сан алуан: адамдар, жануарлар, салт аттылар, аң аулау, жабайы жануарларды аулау, адамдар өмірінің, құрбан шалу, салтты билер көріністері.


  1. Сақтар. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі.

Ежелгі заман тарихшыларының деректеріне қарағанда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен Ассириямен, Мидиямен қарым - қатынас жасап отырған. Ал көршілес жатқан Парсы мемлекетімен, тіпті соғыс одағында құрған. Дегенменде Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай сақ - массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін, оларға бірнеше рет жаулап алу жорығын жасаған. Рим тарихшысы Помпей Трог Кир бастаған парсы әскерлері б. з. б. 530 жылы сақ жеріне басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазған.

Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, бәршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол кулық ойлайды, әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірбиесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалды. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп әскерімен Кирге қарсы аттанады.

Геродоттың сипаттауынша, "Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі."

Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты І Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген І Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.

Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиэн былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз жерге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлдеп қырылады. Ақырында Шырақ оларға: Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер" деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алды. І Дарий көптеген әскерлерінен айырылып, одан әрі соғыса алмай Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.


Б. з. б. 4ғасырдың 30 - жылдары гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский ( Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. "Жеңілмейтін әскер" атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Грек - македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол Македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі - жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.

Сөйтіп, Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.


  1. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.

Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап

Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі

тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және

Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр

малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар

көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді. Қазақстанның Онтүстік және

Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи

деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің

еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н.

Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде

К.М. Байпаков айналысып жүр. Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік

шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың

біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды.

Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.

Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр.

Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Сонымен

Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III

ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты



мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші

жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл

жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырды.

Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған

ұрыс–талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам

уақытқа созылған. Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси

күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның

жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар

өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың

аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр

болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары СаянАлтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың

хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп,

оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне

(ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет

тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі

аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды.

Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы. Мемлекеттің басында ұлы Сенгир

(Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын

үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға

тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы

болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті

болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы

болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн

мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын

туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар

бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды.

Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп

отырды. Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез

жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар

садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе,

ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат

үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе


Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.


  1. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған.


  1. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.

Қытай деректері бойынша түркілер алғашында Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Батыс Қытай билеушісі жақын қоныстанған түркілер жайлы дерек жинай бастайды. Бұл деректер түрік тарихының ерте кезеңі туралы негізгі білім көзіне айналды. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер 542 жылдан бастап кездеседі. Түркілер жужан қағанына салықты темір түрінде төлеген.
«Түрік» сөзі «мықты, күшті» деген мағынаны білдіріп, билік етуші ашина әулетіне байланысты айтылды. Кейін олардың қарамағындағы барлық тайпалардың ортақ атауына айналды. Бұл тайпалардың біраз бөлігі теле деп аталды. Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545 жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сәттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады.

Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. Бумын қалың қолмен жужандарға шабуыл жасайды. 552 жылы жужандар әскері талқандалады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланады. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет — Түрік қағанаты осылай пайда болды.