Файл: азастан тарихы мемлекеттік емтихан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 770

Скачиваний: 52

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


• Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумағы - Ертістен Днепрге дейінгі жер.

• Қыпшақтың этникалық бірлестігі екіге бөлінді:

• Батыс Кыпшақ- половецтер даласы.

• Шығыс Қыпшақ- Дешті-Қыпшақ даласы (Қыпшақтың кең даласы).

Мемлекеттік құрылымы.

Билеушісі - хан. Билікке елбөрі руынан сайланды. Астанасы - Орда. Мемлекет екі қанатқа бөлінді:

• Оң канат-орталығы Жайық өзені бойындагы Сарайшық қаласының орны.

• Сол қанат- орталығы Сығанақ.

Теңсіздіктің негізі- малға жеке меншікке қол сұғу қатаң жазаланды: ұрланған ат 9 ат айыбымен қайтарылған. Бай ақсүйектің 10 мың жылқысы болған. Малдан айрылып кедей жатақ атанған. Құлдардың ешқандай құқы болмаған, оларды көбінесе сатқан, тек аз бөлігі жалпы малай ретінде пайдаланылған.

Қыпшақ тайпалары - ХІ-ХІІ ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа. Қыпшақтардың көші-қон жолдары туралы араб географы ол-Омари (XIV ғ.): "қыпшақтар қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары Орал тауының аймағында" - деп жазды. Қыпшақтардың қыстауы Арал мен Сырдария маңында, жайлаулары -Солтүстік, Орталық Қазақстанда.

Саяси тарихы.

Қыпшақтар оғыз, селжуқ, хорезмшах, қарахандықтар әулетімен соғысқан. 1065 жылы селжүқтар билеушісі Алп-Арыслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасап, қыпшақтардың бір бөлігін тәуелді етті. XI ғасырдың соңғы ширегінде қыпшақтар өз үстемдігін қайта орнатады. 1069 жылы қыпшақтар Хорезмге қарсы жорыққа шығады.

Қарахандықтар Қыпшақ хандығының шьнъіе шекарасына шабуылдады.

XI ғасырдың аяғы-ХІІ ғасырдың басында Жент, Янгикент, Сырдарияның төменгі жағындағы қалалар қыпшақтардың қолында болды. XII ғасырдың бірінші жартысында бұл жерлерде қыпшақ хандары мен Орта Азияның мұсылман әулеттері арасында күрес басталды. Хорезм шахы Атеиз исламды таратып жүрмін деп Жентті, Маңғыстауды жаулайды.

• 1133 жылы Атеиз Дешті Қыпшаққа ілгерілей еніп, қыпшақтарды жаулайды. Осы кезден бастап қыпшақ мемлекетінің ыдырау процесі басталды.

Ыдырау себептері:

• Қыпшақ ақсүйектерінің Хорезмге қарай бейімделуі. Қаңлылардың ірі бірлестігінің қүрылуы.

• Хандық билік үшін тартыстың күшеюі.

XII ғасырдың "екінші жартысында Хорезм шахы Текеш қыпшақ ақсүйектерін ен жақындасу саясатын жүргізді. Қыпшақ көсемдерін белді қызметтерге орналастырды. Қыпшақ ханы Жанкешінің қызы Теркенқатынды әйелдікке алды.

Хорезм билеушілері қыпшақтарды мұсылмандыққа енгізуді көздеді, алайда Жент пен Фарабтың арасын мекендеген қыпшақтар XII ғасырға дейін пұтка табынушылар болып қалды.


Хорезм билеушілері қыпшақ ақсүйектерінен өз талаптарын қолдайтын құпия әскери ұйым құрды. XIII ғасырдың басында Хорезм шахы Мұхаммед Сығанақ аймағын қосып алды.

• 1216 жылы Мұхаммед Қадыр ханға қарсы жорығы кезінде Торғай даласында Жошы бастаған моңғолдармен соқтығысып қалады. Бұл алғаш рет қазақ даласында моңғолдардың бой көрсетуі еді. 1219 жылғы моңғол шапқыншылығынан Қьшшақ мемлекеті құлап, оның жері моңғол ұлыстарының құрамына енді.

Қыпшақтардың бір бөлігі Шам мен Мысырға құл ретінде сатылып, әскери жасақ құрамына алынды. Мамлюктер (ақ құлдар) Мысырдағы өкімет билігін басып алды.

• 1250 жыл - Айбек Бейбарыс бастаған Бағдат әулетінің үстемдігі орнады. Қыпшақ мемлекеті этникалық, саяси жағынан біртұтас болмады.

• Қыпшақтар-еуропалық нәсілден моңғолдыққа өтудегі оңтүстік небір тобы.



  1. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.

Түркі өркениеті

Түркі өркениеті тарихта жеке-жеке емес, бір жүйе, бір процесс түрінде пайда болған. Ол әртүрлі өркениеттердің Еуразия бойынша ұрпақ өзгерістерінің генераторы (қуат көзі) қызметінде осы өзгерістерден нәр алған, жаңадан пайда болған өркениеттерге тың серпін берген. Осы орайда, түркі өркениеті тек өзін ғана тудырған бір жүйе емес, сонымен қатар әлем өркениетін құраушы басты детерминаттардың (айқындауыштардың) бірі екенін айтып өту керек. Түркі өркениетін жоққа шығарушылардың пікірінше, түркілердің тек мәдениеті ғана қалыптасқан, ал өркениет тудыру деңгейіне жете алмаған. Бұл толықтай жаңсақ көзқарас. Себебі мәдениет ішінде мәдениеттердің болу фактісін растау, жалпы алғанда, мүмкін емес. Түркі өркениеті де тарихи даму заңдылығына сәйкес бір-бірімен генетикалық байланысы бар әртүрлі мәдениеттер тудырған. Бұл ұлттық мәдениеттер (түрк, әзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт,татар және т.б.) ғасырлар бойы өзіне тән ерекшеліктер алуына қарамастан, ұқсас сипаттарын да жоғалтпаған. Сонымен қатар, олар түркі өркениетінің ішінде әмбебап құндылықтарға ие мәдениеттер секілді тармақтала түскен.

Әлемдік өркениетте ерекше орны бар Ұлы Жібек жолының тарихы сонау ерте заманнан басталады. Сонау ерте замандағы сақтар, үйсiндер және қаңлылар кезiнде сауда жолымен Қазақстанға Римнiң шынысы мен теңгелерi, айнасы мен жылтыр кесесi, Еуропаның қапсырмалары және Иранның тас мөрлерi келiп жеттi.

Әлемдік өркениетте ерекше орны бар Ұлы Жібек жолының тарихы сонау ерте заманнан басталады. Сонау ерте замандағы сақтар, үйсiндер және қаңлылар кезiнде сауда жолымен Қазақстанға Римнiң шынысы мен теңгелерi, айнасы мен жылтыр кесесi, Еуропаның қапсырмалары және Иранның тас мөрлерi келiп жеттi.



Ұлы жібек жолының түрік бөлігінің мәдениеті

Жiбек жолының түрiк бөлiгi халықаралық саудада ерекше рөл атқарды. Сауданың дамуы Ұлы Жiбек жолы көптеген қалалардың пайда болуына, олардың өркендеуіне жол ашты. Бұл жол бөлігі мемлекеттердiң қалыптасуында, әлемдiк өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарып, Шығыс пен Батыс мәдениеттерi арасындағы байланыстырушы көпiр болды.

Жол бағыттары бойындағы қалалар мен тұрақтар – сауда орталықтары ғана емес, ғылым мен мәдениет орталықтары да болды. Мәселен, Отырар – ұлы ғалым әл-Фарабидің Отаны, одан кейін ғылымға келген Шығыстың барлық ұлы ғалымдары – Авиценна, әл-Бируни, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ұлықбек және басқалары өздерін оның шәкірттері деп санады.

Жібек жолы бойымен діни идеялар, тауарлар және олардың өндірісі туралы ақпарат атап айтқанда, жібекті, түрлі-түсті шыныны, қағазды, кітап басуды, оқ-дәрі мен зеңбіректі дайындау тәсілдері таралды

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері.

Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған жазулар бар. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан жене Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минсуеивск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, Батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскей – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қaлған барлық мұралар енеді. Fылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түpік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тeрігe 310 беттей мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб әрпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары ХVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейiпкерлерiне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есiмдердi ел жадында сақтау үшiн сол заманның данагөй бiлiмдарлары өркениеттiң белгici болып табылатын түркiлiк сына жазумен тас бетiне тусiрдi.
Tүpкi тайпаларынан қaлған бұл ескерткiштeр көне дәyiрдің қоғамдық-мәдени, әpi адеби тұрмыс-салт өмiрлерiнен хабар беретiн жәдiгерлер қазына ретiнде бугiнгi күнi барлық түркi тектес халықтарға ортақ мұpaғa айналды. Tүpкi даласының iшкi сырын бойына сiңiрген таңбалы тастар қас батырдың ерлiгiндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасiретiн, амал-әрекетiн бейнелеп, еш өзгерместен күнi бүгiнге жетiп отыр.

Болашақ ұрпаққа мұра етiп қалдырылған көне түркiлiк жазба ескерткiштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткiштер саны жыл санап өсiп жатыр.
Tүркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткiштерiн географиялық, мазмұндық әpi дәуiрлiк мәнiнe қарап Орхон, Енисей жене Талас жазбалары Қазақстанньң оңтүстiк аймақтарынан табылған ескерткiштeр қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткiштердің тiкелей жалғасы болып табылатын ортағасырлық мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзендi аймақтарда орналасқан.
Сан жылдар бойы iздестiрудiң барысында Орталық Азия территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесi өзiнiң құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленедi. Iле-шала Epтic өзенi бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-шi жылдары Iле өзенi бойынан (Eciк қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгiнде Қазақстанның кез келген өңiрiнде өз сырын iшiне бүгiп, жасырып жатқаны бiзге беймәлiм.
Қазiргi кезде ежелгi түркi тайпалық одақтары өмip сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажеттi заттар, қой тастар табылып жатыр.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерiнен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзiндiк ерекшiлiгiмен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендерi аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан бөлек, өзгеше жазылған көне әрiптер кездеседi. Мұның өзi түркі жазуы жүйесiнiң ертеден қалыптасқан, жүйелi әлiппе, жазу мәдениетiмiздің тереңде eкeнiн aңғapтaды.

Бұл саясат кеңес үкiмeтi кезiнде де толастамады. "Пантюркизм" деген желеумен түркi мәдениетi қуғындалды. Ол саясат тiптi қазiр де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын "Молодая гвардия" журналының (1990, N 12, 256-бет) бетiнде жамбылдық А.Хмелев Қазақстандағы тiл саясаты туралы сыңаржақ пiкiр айтты: "Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тiлдi (қазақ тiлiн) қалаңыз, қаламаңыз, зорлапоқытады" деп жазды. "Өзiмнiң сұлу орыс тiлiм тұрғанда, мағанқазақ тiлiнiң не керегі бар?" деп қана қоймай, жалған айтып, "қазақ, қырғыз тәрiздi көшпелi халықта жазу-сызу атыменболмаған" - деп бұл халықтарды кемсiтедi. "Қарап отырсам,өзбек, қыргыз, қазақтардьң әрпiнiң бәрi орыстардан алынган.Ендеше ондай тiлдi үйренудiң не мәнici бар", - деп қорытады.
Көшпендiлер өз тарихын VII ғасырда Орхон- Енисей бойындағы қабырға тасқа eскі туркі әрiптерiмен ойып жазғанда орыс халқы әлi тарих сахнасында жоқ едi. Орыс жерiнде кириллицаның келiп тууына әлi 300 жылдай уақыт бар едi. Осыларды А. Хмелев мырза бiлсе, "көшпендi халықта әрiп деген қайдан болсын" деп ауа жайылмас едi.