Файл: азастан тарихы мемлекеттік емтихан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 777

Скачиваний: 52

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің мемлекетінің экспансиясына қарсы күресі.

Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады.
Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.

Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты орет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.

Моғолстанның ыдырау кезеңі. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді.


  1. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы.

15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы әлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Әбілқайыр хандығы. Билеушісі Әбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Әбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы «Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр хандығы » деп аталады. Әбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Әбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған.Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Әбілқайыр жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды жаулап алып өзінің астанасы етеді. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етіп жеңеді. Бұл жеңістің нәтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы еді.Әбілқайыр ханның ендігі алға қойған мақсаты ОРта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Хандықтың ішінде алауыздықтар кобейіп кетеді. Халқының арасында әлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Әбілқайырды қолдаған жоқ.Әбілқайыр 1456-145- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмәнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одон сайын наразылықты туғызып Керей мен Жәнібек Жетісуға кошіп кетеді. Әбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде әлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосылады.Нәтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.




  1. Қазақ халқының қалыптасуының алғышарттары.

Қазақ халқы қалыптасуы үшін оған көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуге тура келді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды. Ғалымдардың пікірінше, біздің жерімізде Қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар (сақ, сармат т.б.) ирантілдес болған. Ал антропологиялық жағынан моңғолоидтік белгілері бар еуропеоидтік нәсілдер екені көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары. Бұл туралы қытай деректері «Өзі сары, көзі көк, атжақты сақ тайпалары үйсіндердің арасында жүр» деп көрсетеді. Қазақ халқының шығу тегін қарастырғанда лингвистикалық және антропологиялық мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік. Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасады. Сақ және сармат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.д. I ғасырда ғұндардың бір бөлігі қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ал б.з. II ғасырының бірінші жартысында қоныс аударудың екінші толқыны барысында олар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Қазақстанның байырғы тұрғындары – үйсіндер мен қаңлылардың ғұндармен этникалық жақындасуы іске асып, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтік нәсілге өтуі басталды. Б.з. VI ғасырынан бастап Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалады. VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Одан соң Батыс Түркі қағанаты 603 жылы, Түргеш қағанаты 704-756 жылдары, Қарлұқ қағанаты 756-940 жылдары, Оғыз мемлекеті IX ғ.соңы мен XI ғ. басы, Қимақ қағанаты 893 жыл мен XI ғ. басы, Қыпшақ хандығы XI ғасыр мен 1219 жылдары, Қарахан мемлекеті 942-1212 жылдары өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды. Біріншісі – Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы. Бұлардың құрылуымен этникалық процестер жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Алайда шығыстағы қарақытайлардың шапқыншылығы әсерінен Қарахан мемлекеті ыдырап кетті. XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. XIV-XV ғасырларда тайпалардың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті


  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


«Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны.

Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.

  • «Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырлардағы сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ».

  • Академик Н.Я. Марра және Б. Грозный «қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды.

  • Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді.

  • Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш «қас»-пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған.

  • Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша «қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. «Қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді.

  • Рузбиханның Өзбек ұлысында үш халықтың болғаны, оның ішінде ең көбі және ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан бұл сөз XIV ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастағанын байқауға болады.

  • XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.