Файл: азастан тарихы мемлекеттік емтихан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 774

Скачиваний: 52

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуды Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы.

1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қол астына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайлды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты моңғол мемлекетін құрды. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулап алынған жерлер енді. Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші



Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді [2; 79 б.]. Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді. Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған. Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІV-XV ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды.

Алтын Орда этникалық құрамы жағынан күрделі мемлекет болған. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары – ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, орыстар, черкастар, хорезмдіктер, т.б кірді. Мұнда моңғолдар саны аз болды. ХІІІ ғ. аяғы мен ХІV ғ. моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы «татарлар» деген атау алды


  1. Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).


Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет

XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың астанасы - Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.
Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа хан, Ерзен, Мүбәрәк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, Жәнібек және т.б.

Ақ Орданың күшейген кезі XIV ғ. II жартысы. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болды.
Ақ Орда иелігі енді Ұрыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, Қажытарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395-жылдары Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. соңы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады

1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбани әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді.

Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды


  1. XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы Моғолстан. Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы.

Моғолыстан 14ғ ортасымен 15ғ аяғы аралығында өмір сүрген.14ғ ортасында Шағатай ұлысы ыдырып екі бөлікке бөлінді.Шағатай ұлысының шығыс бөлігіОңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғыстын аумағында Моғолстан мемлекеті құрылды.Мемлекетті Шағатай ханға адал қызымет еткен дулат тайпасының әміршісі Поладшы басқарған.Бірак ол хан болуға құқы болмағандықтан,Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді 1348ж хан етіп сайлайды.Тоғылық-Темір билікке саяси тұрақсыздық орнаған кезде келді.Бірак жағдайды біршама тұрақтандырып,Моғолыстанның бүкіл аймағын өз билігіне біріктірді.Ордасы Алмалық қаласы болды.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.ТоғылықТемір өзінің билігн Мәуренахрға да жүргзбек болды.Өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлтының кезінде орныққан Орта Аэия жеріндегі билікті қалпына келтіруді көэдейді.1360-1361 жылдары Мәуреннахрға сатті жорықтар жасап,баласы ілияс Қожаны Мәуреннахрдың билеушісі етеді.Алайда ТоғылықТемір қайтыс болады.Ілияс Қожа мұрагерлік құқын реттеу ушін Моғолыстанға оралады.Осы кезде Әмір Темір Мәуренахрда өз билігн орнату үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады.Арасында бірнеше соғыстар болып Моғол ханы жеңіледі.Ақыры 1365ж 22 маусымында шешуші шайқаста Ілияс Қожа жеңеді.Одан кейн билікке Тогылық Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр Қожа келеді.Бірақ осы кездері Әмір Темір бұларға жорықтар жасайды.Алғашқы жорық 1371-1372ж болды.Екіншісі 1375-1377ж болды.1380-90 жылдарында тағыда бірнеше рет жорық жасаған.Сонымен Әмір Темірдің шабуылдарынан әбден титығы жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Қызыр Қожа Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.1405ж Темір қайтыс болған соң,Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед кезінде (1408-1410)тәуелсіздікке қол жеткізеді.Мұхаммед олген соң Моғолыстанда талстар қайтадан басталады.Моғол шонжарлары Қызыр Қожаның екінші немересі Уәйісті хан тағына отырғызады.1428ж Уәйіс қайтыс болған соңда талас-тартыс басылмыйды.Хандық үшін талас Уәйіс ханның екі ұлы Есенбұға мен Жүніс арасында жүреді.Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-62ж хан тағына отырады.Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды.Ол Темір ұрпағы Әбу Саидтан комек сұрайды.1462ж Есен Бұға қайтыс болған соң Жүніс Моғолыстанға оралып өзін хан етіп жариялайды.Моғолыстан хандығы Жүністің немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.Ол Жетісу аймағы Қазақ ханығының құрамына енеді.Сонымен Моғолыстан тарих бетінен жойылады.