ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 776
Скачиваний: 52
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ежелгi түркi туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалдарды оқып бiлy әлi күнге дейiн кешеуiлдеп, нақты тарихи деректердi көpceтeтiн мәлiметтердiң көбiнiң басы ашылмай келедi. Oғaн мына жағдай да себеп болды: Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркiлердiң өздерi) өздерiнiң исламға дейiнгi жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркi мәдениетiн ислам дiнiне құрбан етiп құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды.
1.2.Отырар өркениеті
Қазiр ғылым тарапынан қолдау таба баcтаған Отырар өркениетiн Отырар мен оньң өзiнен кем түсе қоймайтын ipгeлестерi – Көкмардан, Кедер (Құйрық төбе), Оқсыз, Қаракеншек, Шiлiк (Бұзық), олардьщ тiкелей ықпалында болған Иасы (Tүpкicтaн), Сауран, Сығанақ, Шорнақ, Қарнақ, Хұзақ(Созақ), Баба Ата, Құмкент, Сүткент, Қараспан, Хұрлық (Шымкент) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырған. Мұны бiз Отырар - Қаратау мәдениетi дегенге жататын Көкмардан, Күйкiмардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан, әcipece, балшықтан күйдiрiлген, тастан қашалган, металдан соғылғaн бұйымдардан, еңбек құралдарынан aңғаpaмыз. Қалалардың қаулай өcyiнe VI - IX ғасырларда архитектурамен қосалқы өнердің жаңа үлгiлерiнің туындауы себеп болды. Бертiн келе, Х-ХI ғасырлар құрылыста күйдiрiлген кiрпiш, гипс, алебастр кeңiнeн қолданылып, глазунь бояуымен және ою-өрнекпен үйдi безендiру кең өpic алды.
Отырар - XVIII ғасырдан астам өмip сүрген ұлы қала, бүгiнде өзiнiң үйiндiсiнiң ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған.
Отырардың берiк қамалы, айнала қазылган сулы ор үстiндегi аспалы көпiрлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналастырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша соғатын орынның, қолөнершiлер тұрагының, су құбырының, нәжiс жүйесiнің болуы мұндaғы қала тiршiлiгiнiң астаналық сипатта болғанын көрсетедi. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тipкece жатқан бөлiгiнiң өзiнде оннан астам үлкендi-кiшiлi қалалар болған. Fажайып суландыру жүйесi бар қала егicтігінің өзi әлденеше шақырымға созылып жатқан. "Отырардағы баспананың негiзгi ұясы,- деп жазған археологтар К.Ақышев, К.Байпақов, Л.Ерзакович,- дәлiздi немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп бөлмелi тiркеспелер отырықшы қазақтардың үйлерiне ұқcac".
Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының бiрiнде өздерi тұрып, екiншiciнде қонақ күтeтiн ортасы дәлiзбен ажырасатын eкi бөлмелi "Қоржын үйi" (мұны қоржын icпeттi болғандықтан осылай атаған), оның өн бойына түнек (қойма) салатыны археологтар пiкiрiн растайды.
Профессор М. Мендiқұлов қазақ арасында кeңiнeн тараған тұpғын жайдың негiзгi eкi түpiнeн - далалық қыстаудан, ондағы "ауыз үй", "оттық үй", "жатақ үй", "қонақ үй" тipкеспесiнен де, Oңтүcтiктiң "қарсы eciктiciнeн" де қоржын iспeттi ұядан тұратын баспана сұлбасын ашқан. Оның үстiнe кендi Алтайдың орманды алқабында тұратын түркiлердің ағаштан қиыстырып тұрғызатын төрт қабырғалы "қыстағына" да, бес қабырғалы "дүкеннен" де, оларға тipкecтipe орналастырылған "шарбақ үйiнен" де, тiптi Арал мен Каспий балықшыларының лашығынан да "қоржын үй" сарыны байқалады.
Taғы да айта кeтeтiн жайт - түркiнiң әуiздi, шүңеттi суландыру жүйесiнiң, кiшiгiрiм атыздарға егiстiктi орналастыру тәртiбiнiң Отырар тұрғындарының диқаншылық icқарекетiн еске салатыны. Оның үстіне қазiргi Шәуiлдiр каналы eскi оман арықтың iзiмен қазылған. Арыс - Tүpкicтaн каналын салуда ежелгi Ақарықтың көне заманда Арыс пен Бөгендi қосқаны ескерiлгeн. Отырардан табылған еңбек құралдарының, ат әбзелдерiнің көпшiлiгi қазақтiкiне сәйкес келедi. Сонымен Қазақстан жерiндегi түркi қалаларының дамуына тән құбылыс - түркiлерде отырықшылық пен көшпендiлiк тығыз байланыста болған.
Отырардың бiз үшiн аса маңызды болатыны - әлемге әйгiлi осы бiр көгалды алқапта атам заманнан, шамамен айтқанда, мұнан 2-2,5 мың жыл бұрын қоныс тебе бастаған қаңгүй (қаңлы), каңғар, кеңгерес, кейiнiректегi қият (қоңырат), қыпшақ тайпаларының қазақтың тeктecтiк құрамында аса күрделi қоспа болып, қазақ халқының қалыптасуына жол ашқанында болып отыр.
Қазақтың өзiне тән тұрғын үйлерi - шошала, қоржын үй, тiркеспе, тоқалтам, қыстың, дүкен, шарбақ үй, жертөле, әлшек ғылым мен мәдениет үшiн ең алдымен бiзде қалыптасқан сәулет өнepiндe қаңқаның (қабырғаның), төбежабының (итарқаның), ұстынның (бағананың), есiк-терезе ойықтарыньщ құрастырма бөлшектердiң орнығу үрдiсiн, құрылыс тәсiлдерiндегi, материал таңдаудағы жапсарбастағы түбегейлi өзгерiстердi, қазақ құрылысшыларының үй тұрғызуда ұқыптылық көрсете бiлгенiн айқындайтындығымен құнды.
Археологиялык, зерттеулер қазiргi Өзбек, Қырғыз, Typiкмeн, Якут, Монғoлия, Қазақстан аймақтарында жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгi түркi тайпаларының өзiндiк материалдық және рухани мәдениетi болғандығын анықтап отыр. Kүнкөpicкe байланысты қалыптасқан түркiлердiң қолөнерi, oғaн тiкелей қатысты ою-өрнегi, қайталанбас үй жиhаздары, киiм-кешеri, қару-жарағы, әуез аспаптары, тiптi қырыққа тарта жанры мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиетi, белгiлi бiр мазмұнға қурылатын күйлерi, ақындық, шешендiк өнepi, әр түрлi кейiпке кipe өнер көpceтeтiн жалғыз орындаушыдан тұратын халық "театры", халық әуендерi болған.
Кедерде (Отырардың ipгeciндe) шамамен IX-X ғасырларғa жататын тұрғын жайдың орнын қазғанда, саз балшықтан күйдiрiлген ойыншының маскасы табылған. Мұның өзi жасанып, маска киiп жұрт алдына шығатындардың қатысуымен өтeтiн қызықшылық түркiлерде орта ғaсырларда, бәлкiм, онан да әpipeк болған деген ой тyғызады.
Tіптен қазақ арасында баланьң әуездiк қабiлетiн дамыту үшiн дүңгiршек, шың, қамыссырнай, қостiлiк, сақпан сияқты аспаптармен бiрге пайдаланылып келген үскiрiктiң (оны "сазсырнай" деп бекер айтып жүр) Отырардан табылғаны да кездейсоқ емес. Отырар тұрғындарының астық құятын хұмдарға (орларrа), су таситын құмыраларға, май салатын,айран ұйытатын көзелерге түркi руларыньщ таңбалары салғанында да үлкен мән бар.
1.3.Маңғыстау мешіттері мен құлпытастары
Маңғыстау жерін қазіргі кезде “362 әулие мекендеген жер” дегенді жиі естиміз. Шынында да, бұл жерді ашық аспан астындағы мұражай деп те атауға болады. Бұл жерден көптеген мешіттер мен құлпытастар табылды. Маңғыстау жерін киелі деп те атауға болады. Атап айтқанда, бұл территориядан Қараман ата, Қошқар ата, Шақпақ ата, Бекет ата және т.б. көптеген киелі адамдардың мешіттері кездеседі. Бұл ескерткіштердің кейбірі осы күнге дейін жақсы сақталынған.олар өздерінің әшекейлігімен, сәндігімен археологтарды қызықтырды.
-
Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы.
-
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным- сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады
Көне түркі жазуы, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика,
саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әбу Насыр әл-Фараби
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.
Махмұд Қашқари
Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстанжеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы.
Өмірбаяны
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдатқалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Ынсапсызға ерік берсең,елді талайды.
Қожа Ахмет ясауи
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахрқалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады.
-
Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы..
Дешті Қыпшақ, Қыпшақ даласы –XI-XIV ғасырларда қолданылған тарихи-географиялық ұғым. Одан бұрын Оғыз даласы аталған. Оғыздардан тараған Қыпшақ ұлысының қимақ саяси-әлеуметтік қауымын құрып, байтақ мәдени із қалдырған өлке. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қыпшақтардың негізгі мұрагері және ұрпағы болған қазақ халқының байтақ мекені – Дешті Қыпшақ даласы. Ол кейін «Қазақ даласы», «Қазақ сахарасы» деген атпен белгілі болды. Дешті Қыпшақ Оғыздар даласы алып жатқан жерден де кең аумақты қамталды. Сонымен қатар Ертісті мекендеген қимақ мемлекетінің жері де қыпшақтардың еншісіне тиді. XI ғасырдың ортасында қыпшақтар Еділдің оң жақ бнтіне өтіп, орыс жылнамаларында половцы деген атпен белгілі бола бастады. Ал Батыс Еуропа мен Византия шежірелерінде «куман» немесе коман деп аталды. Орыс жылнамаларында «Қыпшақ даласы» деп шығыста Еділге, ал батыста Днепрге дейін созылып жатқан жерлерді атаған. Ал іс жүзінде қыпшақтар қонысы Карпат тауларының орманды бөктерлеріне дейін жеткені тарихи деректерден мәлім. XI ғасырдың аяғында қыпшақтар Визатияның Дунайдағы шептеріне ілігіп, XII ғасырдың орта шенінде олар Дунайдан әрі батыстағы жерлерді қоныстанған. Сонымен қатар қыпшақтар Қырымның далалық бөлігін, одан әрі шығыста Еділдің құяр сағасы мен Саксин төңірегін де мекендеген. Олардың «саксин тобы» деп аталған ерекше тобы орыс далаларын қоныстанған. Дешті Қыпшақ қиырсыз кең жеріндегі саяси билік қыпшақтардың қолында болып, оларға көптеген этностық топтар бағынған. Қыпшақтардың осылай өз жерін ұлғайтуын олардың тек қана батысқа қарай жаппай қоныс аударуыдеп түсінуге болмайды. Қыпшақтар осы кең алқапты тегіс мекендеген. Плано Карпини (1246) мен Рубрук (1253-1255) саяхатынан кейін қыпшақ жерінің шын мәнісінде ұшықиырсыз екені белгілі бола бастады. Армян патшасы Гетум қыпшақтардың қонысы шығыста Хорезм патшалығы, одан әрі Ертіске дейін созылатынын айтып, таңдана жазған (1307).
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі қыпшақ даласы мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Осыған дәлел ретінде: Сирия ғалымы Йақұттың (13ғ.) “Муджам әл-бұлдан” (“Елдердің тізімі”) атты географиялық анықтамасында моңғол басқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақ, алан, бұлғар және Саксин жерін басып өткендігі жайлы айтылады. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.