Файл: Емтихан тест тапсырмалары пн бейорганикалы химия Оу курсы 1 курс фармация факультеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 924
Скачиваний: 12
СОДЕРЖАНИЕ
ЕМТИХАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ Пән: бейорганикалық химия Оқу курсы: 1 курс фармация факультеті
*+ негіздің эквиваленттік факторын
*ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС. МОЛЕКУЛА ҚҰРЫЛЫСЫ *1*25*1*
*ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ*1*22*2*
*ЭЛЕКТРОЛИТИКАЛЫҚ ДИССОЦИАЦИЯ *1*39*2*
*КОЛЛИГАТИВТІК ҚАСИЕТТЕР*1*16*1*
*КОМПЛЕКСТІҚОСЫЛЫСТАР *1*20*1*
*ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАР *1*27*2*
* IА-IIA ТОП ЭЛЕМЕНТТЕРІ*1*25*1*
*ТЕМІР, КОБАЛЬТ , НИКЕЛЬ ТОПШАСЫ*2*35*2*
*ХРОМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 2*30*2*
*КӨМІРТЕК ПЕН КРЕМНИЙ ТОПШАСЫ*2*32*1*
*ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ КОЛЛИГАТИВТІК ҚАСИЕТТЕРІ *2*12*1
*КОМПЛЕКСТІК ҚОСЫЛЫСТАР*2*10*1*
ЕКІ ЖАУАПТЫ ТЕСТЕР *ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКАСЫ*4 *17*1*
* ЭЛЕКТРОЛИТТЕР ДИССОЦИАЦИЯ*4*16*1*
*ХИМИЯЛЫҚ КИНЕТИКА*4*12*1* #611
. Сутек- периодтық жүйенің IA тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 1, бейметалл .Атомының құрылысы ең қарапайым 1S1, атомныңортасында оң +1 зарядталған ядросы және сол ядроның айналасында ацналып жүретін теріс зарядталған бір электроны е бар. . Периодтық жүйеде сутек бірінші және жетінші негізгі топшалардың басына орналасқан, оның себебі бір жағынан ол сілтілік металдар сияқты көпшілік қосылыстарында +1 тотығу дәрежесін көрсетеді және өзінен активтігі кем металдарды қосылыстарынан ығыстырады. Екінші жағынан галогендер сияқты сутек күшті металдармен әрекеттескенде бір электрон қосып алып -1 тотығу дәрежесін көрсетеді және екі атомнан тұратын газ тәрізді жай зат түзеді.
Алу тәсілдері. Сутекті алатын сарқылмас қор-су. Бұл мақсатта суды көбіне таза түрде, кейде қышқыл немес сілті ерітіп пайдаланылады. Сутекті осы кезде табиғи газдарданда алатын болады.
Зертханада сутекті алу
1. белсенді металдарды( магнийді, мырышты, темірді) cұйытылған тұз қышқылы (HCL) және күкірт қышқылмен( H2SO4 ) әрекеттестіріп алуға болады
Zn+2HCL=ZnCL2+H2
Белсенді металл+қышқыл =тұз+сутек
2. белсенді металлдар (натрий, калий, кальций) сумен тіікелей әрекеттескенде сутек газы бөлінеді
Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2
Белсенді металл+су= кальций+сутек
Өнеркәсіпте алынуы
Сутекті өнеркәсіпте негізінен метаннан тұратын табиғи газдан оны су буымен және оттегімен араластырып алады
2CH4+2H2O+О2=2CO2+6H2
Көмірсутектердің толық емес тотықтыруы арқылы да алады:
2CH4+O2=2CO+4H2
Зертханада NaOH.KOH сулы ерітінділерінэлектролизбен алады KOH----K+O2 +H2O
Физикалық қасиеттері. Сутек молекуласы екі атомнан тұрады. Сутек түссіз, иіссіз, дәмсіз газ. Ол ауадан 14,5 есе жеңіл. 100 көлем суда 2 көлем сутек ериді. Атмосфералық қысымда және – 253 0С сұйық күйге айналады, ал – 259 0С қатады. Сутек суда нашар ерігенмен, никель, платина, палладий сияқты металдарда жақсы ериді. Сутектің екі модификациясы – ортосутек және парасутек болады. Оның себебі Н2 молекуласын түзетін сутектің екі ядросы (протоны) өз осін айналған кезде, ортосутек – бір бағытта, ал парасутек – қарама-қарсы бағытта айналады. Екеуінің де химиялық қасиеттері бірдей, ал физикалық қасиеттерінде – жылу сіңірімділігінде, қату, сұйылту температураларында шамалы айырмашылық бар. Қалыпты жағдайдағы сутектің үш бөлігі ортосутек, бір бөлігі парасутек болады.
Химиялық қасиеттері. Сутектің тотығу дәрежесі металеместермен қосылыстарында +1, активті металдармен қосылыстарында -1. Сутек металеместердің барлығымен дерлік әрекеттеседі. Металеместердің активтігіне қарай реакциялар әр түрлі жылдамдықпен жүреді.
Сутек қалыпты температурада фтормен, қыздырғанда хлормен, оттекпен және балқыған күкіртпен әрекеттеседі.
Н2 + F2→2HF
Н2 + Cl2→2HCl
2Н2 + O2→2H2O
H2 + S→H2S
Бұл келтірілген реакцияларда сутек атомдары электрондарын беріп тотықсыздандырғыш қызметін атқарады. Электрондарын оңай беретін актив металдармен әрекеттескенде сутек электрон қосып алып тотықтырғыш қызметін атқарады. Сутек пен металдардың арасындағы реакция қыздырғанда жүреді және нәтижесінде металдардың гидридтері түзіледі:
2Na + H2→2NaH
Ca + H2→CaH2
Сутек күрделі заттармен де әрекеттеседі, әсіресе ол көптеген активтігі орта немесе төмен металдардың оксидтерінен оттекті қосып алуға немесе тұздардан галогендерді қосып алуға икем келеді.
CuO + H2→Cu + H2O
CuCl2 + H2→Cu + 2HCl
Сутегі жеке элемент ретінде биологиялық құндылыққа ие емес. Ағза үшін құрамына кіретін қосылыстар, атап айтқанда су, ақуыз, майлар, көмірсулар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар (минералдардан басқа) және т.б. маңызды. Сутегінің маңызды қосылыстарының басқа тобы қышқылдар болып табылады – олардың сутегі ионын босату қабілеті ортаның рН қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сутегінің маңызды функциясы, мысалы, кеңістікте ақуыздардың белсенді түрлерін және ДНҚ екі нүктелі құрылымын қалыптастыратын сутекті байланыстарды қалыптастыру қабілеті болып табылады.
39. . Суттек пероксиді, алынуы, қышқылдық-негіздік қасиеттері. Тотығу тотықсыздану қасиеттерінің екі жақтылығы, мысал келтіріңіз. Медицина мен фармацияда қолданылуы
. Сутегі оттегімен судан бөлек пероксид деп аталатын қосылыс түзеді – Н2О2.
Сутек пероксиді алынуы
лабораторияда алу үшін барийдің пероксидін күкірт қышқылымен немесе көміртек диоксидімен әрекеттестіреді
BaO2+H2SO4=BaSO4+H2O2
BaO2+CO2+H2O=BaCO3+H2O2
Техникада сутек пероксидін алу үшін күкірт қышқылының 50 проценттік ерітіндісін электорлиздеп әуелі пероксокүкірт қышқылы H2S2O8 алып оны сумен реакцияларастырып айырып сутек пероксидін алады( Гидролизі)
H2S2O8+2H2O=2H2SO4+H2O2
Қазір оны алудың бірнеше тәсілі бар:
Сутегі жанған кезде қосымша өнім ретінде түзіледі:
H2+O2→H2O2
•Металдар су қатысып тотыққан кезде:
Zn+O2+2H2O→H2O2+Zn(OH)2
Пероксид молекуласында екі оттегі бірімен-бірі ковалентті байланысқан:
Н – О – О - Н. Ол – түссіз қоймалжын сұйық зат, - 1,70С-та ине тәрізді кристалл түзіп қатады, сумен, спиртпен кез келген қатынаста араласады. Концентрлі сутегі пероксиді әсерінен қағаз жанып кетеді, ал теріні күйдіреді. Сутегі пероксиді тұрақсыз:
2Н2О2→О2+2Н2О
Сутегі пероксидінің судағы ерітіндісі әлсіз екі негізді қышқыл болып табылады, ол екі сатыда диссоциацияланады:
Н2О2↔Н+ +НО-2 ↔2Н+ +О22-
Сутегі пероксидінде оттегінің тотығу дәрежесі -1, яғни аралық тотығу дәрежесі. Осыған орай сутегі пероксиді тотықсыздандырғыш та, тотықтырғыш та бола алады.
Пероксоқосылыстардың бәріне тән екі қасиет болады: олар сутек пероксидінің түзілуімен гидролизденеді және оттектің түзілуімен ыдырайды әрі олардың біразының тотықтырғыштық қабілеті сутек пероксидінен жоғары.
Сутек пероксидінің қолданылуы.
Оның тотықтырушы қабілеттілігіне және оның тотықсызландыру кезінде соңғы өнімі – судың Н2О зиянсыздығына да байланысты. Оны кездемелер мен түбтті терілерді ағарту үшін пайдаланады, медицинада зарарсыздандырушы құрал (3% - ды ерітінді) ретінде, тамақ өнеркәсібінде ( тамақ өнімдерін консервілеу үшін), сол сияқты бір қатар органикалық қосылыстардың, полимерлердің кеуекті материалдардың ндірісінде қолданылады. Сутек пероксиді күшті тотықтырушы ретінде зымырандық – ракеталық техникада пайдаланады.
Көркемсурет өөнеріндегі қорғасын сульфидінің қара дағын сутек пероксидімен кетіреді:
PbS + 4H2O2 = PbSO4 + 4H2O
1). *!(m(X))/(M(X)*V) қатынасы бойынша есептейді
* еріген заттың массалық үлесін
* эквиваленттің молярлық концентрациясын
* молярлық концентрацияны
* моляльдық концентрацияны
* молдік үлесті
2). Эквиваленттік факторлары бірдей топ
* Ca(OH)2, HCl, AlCl3
* H3PO4, CrCl3, Fe(OH)3
*H2SO4, HCl, NaNO3
*HCl, NaCl, Ca3(PO4)2
* H2SO4, Fe2(SO4)3, MgCl2
3). Ерітіндінің молярлық концентрациясын есепте, егер 400 мл ерітіндіде 4г натрий
гидроксиді еріген (моль/л)
* 0,5
* 0,05
* 0,125
* 0,025
* 0,25
4). 300 мл молярлық концентрациясы 0,5 моль/л ерітіндіні дайындауға неше грамм кұкірт
қышқылы керек ( г)
* 29,4
*14,7
* 2,94
* 1,47
*4,41
5). Ерітіндінің титрін есепте, егер 2 г MgCl2 2 л ерітіндіде еріген
*1,0
* 0,1
* 0,01
* 0,02
* 0,001
6). 500мл ерітіндіде тұз қышқылының массасын(г) есепте егер ерітіндінің титрі 0,00365 г/мл
болса
*1,825
* 3,65
* 0,003656
* 0,01825
* 0,00182
7). Кальций гидроксидінің молярлық эквиваленттік массасы тең (г/моль)
* 57
* 37
* 91
* 97
*74
8). Қышқылдық-негіздік реакцияларда бір сутек ионына, тотығу-тотықсыздану реакцияларында
бір электронға эквивалентті шын немесе шартты бөлігі аталады
* эквивалент
* эквиваленттік факторы
* молярлық эквиваленттік массасы
* заттың эквивалент мөлшері
*мольдік үлес
9). Эквиваленттік фактор көрсетеді берілген қышқылдық-негіздік реацияларында заттын қай
бөлшегі эквивалентті
*реакцияға қатысқан барлық электрондарға
*бір электронға
* реакцияға қатысқан барлық сутек иондарына
*бір сутек ионына
* электрондар мен иондардың қосындысына
10). қатынысымен
есептейді
* қышқылдың эквиваленттік факторын
* негіздің эквиваленттік факторын
* тұздың эквиваленттік факторын
* оксидтердің эквиваленттік факторын
*тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысқан заттың эквиваленттік факторын
11). Моль/л - өлшем бірлігімен өлшенеді
*мольдік үлес
*молярлық концентрация
*моляльдық концентрациия
*массалық үлес
* мольдік үлес
12). Эквиваленттік факторы f э = 1 тең қосылыс
* Na2SO4
*NaNO3
* CaCI2
* Na2CO3
* Na3PO4
13). Эквиваленттің молярлық концентрациясын есептейтін теңдік
*(m(X))/V
*(m(х))/m_(ер-ді)
*(m(X))/(M(1/z X)*V)
*(m(X))/(M(X)*V)
*(m(X))/(M(X)*m_(ер-кіш) )
14). Массалық саны 208-ге тең Pb атомы ядросындағы нейтрон саны
* 82
* 125
* 207
* 289
*126
15). Қорғасынның қосылыстарындағы ең жоғары валенттілігі
* 1
* 2
* 3
*4
* 6
16). Атомдарының сыртқы электрондық орбиталы ns2np1-мен сипатталатын элементтер
* Na және Mg
* K және Ca
* Са және Sr
* Al және B
* Mg және Ca
17). NH3молекуласының пішіні
*тең қабырғалы үшбұрыш
*бұрыштық
*тетраэдр
*дұрыс пирамида
* ромб
18). Орталық атомы sр3-гибридті түрде болатын молекуланың құрылысы
*тетраэдр
*тең қабырғалы үшбұрыш
*пирамида
* шаршы
* тікбұрышты
19). Электрон жұптарының екі атомның ядро арасында бірдей қашықтықта орналасуынан
түзілетін химиялық баайланыс түрі
* иондық
*ковалентті полюсті
*ковалентті полюссіз
* сутектік
* металдық
20). Бір молекуланың протоны мен басқа молекуланың электртерістігі жоғары элемент атомының
әрекеттесуінен пайда болатын байланыс
* иондық
*ковалентті полюсті
*ковалентті полюссіз
*сутектік
* металдық
21). Атомдардың ядро арасын қосатын түзу бойында электрон бұлттарының қаптасуынан түзілген
молекулалық орбиталь
*атомдық
*молекулалық
*σ – орбиталь
*π – орбиталь
*φ-орбиталь
22). Атомы sр2 -гибридті түрде болатын молекуланың геометриялық пішіні
*үшбұрыш
*тетраэдр
*бұрыштық
*октаэдрлі
* шаршы
23). Валенттік бұрышы 109028/ болатын СН4 молекуласының гибридтену түрі
* sp
*sp2
*sp3
*sp3d2
*sp3d4
24). Қоршаған ортамен энергиясымен де, массасымен де алмасатын термодинамикалық жүйе
*ашық
* жабық