Файл: Арнайы пн оытушысылары, магистр А. Б. Ермекова, магистр Бисариева. М. С. Берикова. С. Б. Жбатанова. Ж.. абдолалиева. Г..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.11.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
УДК:
«Арнайы пән» оқытушысылары, магистр А.Б. Ермекова, магистр Бисариева.М.С.
Берикова.С.Б. Жұбатқанова.Ж.Қ. Қабдолғалиева.Г.Қ
БҚЖМК білімалушылары мен оқытушыларының №6 қалалық емхана жұмысына тиімді сервистік дизайн енгізу мәселелері
«Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі» ЖШС, Орал қ, Қазақстан
Өзектілігі. Бұл мақалада гипертониялық криз кезінде мамандандырылған мейіргердің көмек көрсету шаралары баяндалған.
Мaқсaты: медициналық тексеру нәтижелерінің уақытылы дайын болуын қамтамасыз ету, науқасқа көрсетілетін қызметтер кезінде оңтайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
1. Зерттеу алдында командаға нұсқау беру.
2. Науқасқа бақылау жүргізу және сұхбат ұйымдастыру.
3. Мейіргермен сұхбат.
4. Негізгі мәселелерді анықтау.
5. Анықталған мәселелер бойынша медициналық ұйымның қызметін жақсарту мақсатында жаңа қызмет енгізу.
Зерттеу нәтижелері: Сервистік дизайн бойынша зерттеуге 20 науқас, 7 мейіргер, 1 аға мейіргер, 1 бас мейіргер қатысты. Бақылау алдында біз ақпараттандырылған келісім алып, өз жұмысымызды жүргіздік. Науқастармен сұхбат өткізілді. Қызметтерді пайдаланушылар № 6 қалалық емхананың науқастары болып табылады. Зерттеуге біздің барлық тобымыз қатысты, басшылық пен мейіргер қызметкерлері белсенді түрде ат салысып, ұйымға ықпал етті. Зерделеу жұмыстарын жүргіздік, сұхбат сұрақтарына науқастардың жауаптарын білдік және сервистік дизайнның әрбір қадамын тіркедік.
Анықталған мәселелер:
-
Науқастардың медициналық қызметтерді алуы кезіндегі күту уақытын қысқарту; -
Науқастардың медициналық қызмет көрсету қызметтерін алу сапасы мен мерзімдеріне қанағаттануын арттыру; -
Медициналық ұйымға бару мақсатына байланысты науқастардың ұтымды ағынын қалыптастыру.
Жоба бойынша атқарылған жұмыстар: Ұйымдастырушылық сәттерді оңтайландыру (емхананың дербес жұмысы); науқастармен жұмыс істеуді жақсы түсіну және мейіргерлердің білім деңгейін арттыру (семинарлар, конференциялар, шеберлік сыныптары, брошюралар, әдістемелік нұсқаулықтар); №6 қалалық емхана сайтына, Insragram (әдістемелік нұсқаулықтар) желісіне видеоматериалдар жүктелді.
Қорытынды:
Медициналық ұйымға бару кезінде науқастарға көрсетілетін қызметтерді алу жолдары жеңілдетілді және оңтайландырылды. Эмпатия картасы, ақыл-ой картасы, флипчарттар дайындалды.