Файл: С. аманжолов атындаы шыыс азастан университеті it жне жаратылыстану ылымдары жоары мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.11.2023
Просмотров: 72
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қорыта келе,болашаққа деген көзқарастары, армандары мен мақсаттары айқын. Көпшілігі өскенде жақсы мамандық иесі болып, танымал болуды армандайды.Оқушылар болашақта жақсы азамат болып шығуына ешқандай күмәнім жоқ . Осындай білімді де озат боларына сенемін.
Студент-практикант: ____________ Зарлыканова.А.М
Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме
ШҚО білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша
Білім бөлімінің
Зәки Ахметов атындағы
№16 мектебі” КММ
5«Б» сынып оқушысы
Болатова Аминаға
Мінездеме
Болатова Амина -2011 жылы маусым айының 30-жұлдызында Өскемен қаласында дүниеге келген. Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-нің 5-сынып оқушысы .Отбасы құрамы-толық.Отбасында 2 бала.Ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы. Аминаның міңезі ашық,балалармен тез тіл табысады,көңілді жүреді, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Сабақ үлгерімі өте жақсы. Қызыға оқитын пәндері- тарих және биология. Ешкімді ренжіткісі келмейтін, жаңалыққа жаны құмар жасөспірім ретінде сыныптың белсенді тобының қатарында. Амина өз ойын еркін жеткізіп, өзін қызықтыратын тақырыптар аясында әңгіме–сұхбат жүргізуді ұнатады. Сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары. Әр сабақты зейін қойып тыңдап ,сабаққа белсенді қатысады. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сабақ барысында өз ойын еркін түрде,ашық жеткізе алады. Сыныптастары мен құрбыларымен қарым-қатынасы жақсы,қолынан келгенше көмектеседі. Одан бөлек мектеп шараларына да өте белсенді түрде атсалысады.Спорт жағынан айтар болсақ,волейбол үйірмесіне қатысады. Сыныпқа жетекшілік еткеннен бері өзін жақсы қырынан көрсетті.Амина болашақта үлкен белестерден көрінеді ,осы бетінен таймайтынына сенемін!
Студент-практикант: ____________ Зарлыканова.А.М
Қорытынды
Мен, Зарлыканова Аяужан Мураткановна, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің IT және жаратылыстану жоғарғы мектебі факультетінің 6B01512 «Биология-жаратвлыстану» мамандығының 2 курс студенті, 2023 жылдың «08»-мамыр күнінен бастап «19»-мамыр күніне дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінде» КММ психологиялық-педагогикалық үздіксіз іс - тәжірбиесінен өттім.
Бұл педагогикалық іс-тәжірибе маған көп нәрсе үйретті.Онда мен өзімді оқушылар алдында еркін ұстауды,критериалды бағалау жүйесін,социометрия әдісін жүргізу,құжаттармен жұмыс істеуді үйрендім. Іс тәжірибе барысында туындаған қиындықтарда жетекшім өз көмегін беріп отырды және жіберген қателіктерімді жоя білуге үйретті.Оқушылардың деңгейіне қарай қалай жұмыс істеу керектігі туралы,олардың сабаққа деген қызығушылығын қалай ояту керек туралы ақпараттар алдым.Өз мамандығыма деген қызығушылық осы педагогикалық іс-тәжірибемнің арқасында арта түсті. Мен осы тәжірибеден түсінгенім мұғалім болу үшін ең алдымен білімділік, шыдамдылық және еңбекқорлық қасиеттері болу қажет. Мен бұл тәжірибеден өту барысында “Ұстаз жолы ұлы жол” екендігін оқушылармен жұмыс жасау барысын түсіндім.
Іс-тәжірибе барысында оқушылармен қарым-қатынас орнатып, сабаққа қатысу белсенділіктерін бақыладым. Жетекшім Солтанова Айнұр өзінің сабақ жоспарын көрсетіп қандай тақырыптар өтетінін түсіндірді. Сыныптағы оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, ұйымдастырушылық қабілеттері өте жоғары. Жетекшім берген тапсырманы түпкілікті орындап, жетекшіме өткіздім. Мен жетекшімнің көмегімен мектепте жұмыс істеудің қыр-сырларымен таныстым. Өзімді болашақ ұстаз ретінде сезіне бастадым. Оқушылармен жақын қарым – қатынаста болуды, қалай тіл табысу керек екенін үйрендім.
Іс-тәжірибе кезінде жетінші сыныптың биология сабақтарына, тәрбие сынып сағаттарына қатыстым. Оқушылардың сабақтарына қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім.Сыныптағы балалардың сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары. Балалар бір-бірімен жақсы тіл табысады. Бірін-біріне сыпайы, сыйластықпен қарайды. Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Балалар ұйымшыл,бір-бірімен сонымен қатар басқа сынып балалармен де өте жақсы араласады. Сабаққа келетін болсам, сабаққа балалар барлығы бірдей атсалысып отырады. Оқуға деген қызығушылықтары өте жоғары. Мұғалімді барлығы бірдей тындайды. Сыныпта барлығы 26 оқушы бар, олардың 14 ұл бала, 12 қыз бала.
Сабақ жоспарына қарай тақырыптарды күн тәртібімен өттім. Психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді тереңдете оқып, орта мектеп жасындағы оқушылардың ойын, оқу, еңбек әрекетерінің ерекшеліктерімен таныстым. Әр сабақ сайын балалар үлкен ізденіс жасап келеді. Балалар белсенді, жауапкершілігі мол. Әрі ұйымшыл, оқуға деген талпыныстары жоғары. Берілген тапсырмаларды тиянақты, жауапкершілікпен орындайды. Оқытудың түсіндіру, баяндау тәсілдерін жақсы пайдаланды. Балалардың сабаққа деген ынтасы жоғары, өз қабілеттерін айтып отырады. Олар мұғалім жаппай сұрақ қойғанда бір бірін тыңдап, ойланып жауап береді, білмеген жерлерін сұрап, дәптерге жазып алып отырады.
Іс-тәжірибе барысында алған жағымды әсерім: мектеп ұстазымен, сынып оқушылыларымен жақсы қарым-қатынас орнатып, бауыр басып қалдым. Мен осы іс-тәжірибе науқанында көптеген қиындықтарды жеңіп, жұмыс жасаудың жаңа қырларынан сабақ алдым деген ойдамын. Сонымен қатар, мен осы іс-тәжірибені өте отырып ұстаз болу, балалармен жұмыс жасау қиын іс екеніне көзім жетті.
Мекемедегі іс-тәжірибе жетекшісі Солтанова.А.Ж
Іс-тәжірибе жетекшісі (оқу орнынан) Толеуханова А.Д.
ШҚУ Е Ф 009-22-10