Файл: Жиынты баалауды спецификациясы 5сынып НрСлтан, 2022 Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 269

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Қазақ әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалаудың спецификациясы
5-сынып

Нұр-Сұлтан, 2022
Мазмұны
1. Жиынтық бағалаудың мақсаты

2. Ойлау дағдыларының деңгейі

3. Жиынтық бағалаудың жиынтық ережесі

4. Модерация және балл қою

5. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

6. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

7. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

8. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

1. Жиынтық бағалаудың мақсаты


Жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Күтілетін нәтижелер

1) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;

2) көркем-бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін, белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөйлеуде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін құрауда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;

3) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;

4) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.


3. Ойлау дағдыларының деңгейі


Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрі

Түсіну және жауап беру

Білу және түсіну
Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді;

  • әдеби шығарманың жанрлық табиғатын таниды;

  • көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды;

  • көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;

  • ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіреді.

Таңдауды қажет ететін сұрақтар

Анализ және интерпрета-ция

  • әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдайды;

  • автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашады;

  • көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазады;

  • қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды;

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар


Бағалау және салыстыру

  • шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды;

  • көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді;

  • шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;

  • ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар




4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

5. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырма

сипаттамасы

Орындау уақыты, минут


Балл

1-5

5.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;

5.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау.

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.

7

6

6-10

5.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы анықтау;


Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.

6

3

11

5.3.4.1 – шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген тақырыптардың біріне өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

2

2

Барлығы

15

11



1-тоқсан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 5- сынып БЖБ№1

Бөлім: Таза, мінсіз асыл сөз

Оқу мақсаты

5.1.1.3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі


Білім алушы

  • Ертегіні композициялық құрылымына талдайды;

  • Кендебайдың маңызды 3 әрекетін жазады;

  • Тест сұрақтарын шешеді.


Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің композициялық құрылымына талдау жасаңыз.

Сюжеттің композициясы

Ертегі оқиғалары

Оқиғаның басталуы

Кендебай мен қойшы бала

Оқиғаның байланысуы

Малшы Кендебай

Оқиғаның дамуы

Кендебай батырдың елі

Оқиғаның шиеленісуі

Хан мен балалары

Оқиғаның шарықтау шегі

Кендебайдың дүниеге келуі

Оқиғаның шешімі

Керқұла ат пен Кендебай

2-тапсырма. Кейіпкердің ертегідегі ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз.

Кейіпкер

Кейіпкердің ең маңызды

үш әрекеті

Кендебай

1.
2.
3.

3-тапсырма. Тест

1. Көп нүкте орнына тиісті сөзді белгілеңіз. Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай .... бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен

А. Тайбурыл

В. Көкжал бөрі

С. Арлан ит

Д. Көкқасқа

2. Эпилогтың анықтамасы

А. Көркем шығармаға берілетін кіріспе

В.Көркем шығармадағы оқиғалардың шиеленісуі

С.Көркем шығарманың шарықтау шегі

Д. Көркем шығарманы қорытындылау

Бағалау_критерийі__№_тапсырма__Дескриптор__Балл'>Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл



Ертегіні композициялық құрылымына талдайды

1

Оқиғаның басталуы

1

Оқиғаның байланысуы

1

Оқиғаның дамуы

1

Оқиғаның шиеленісуі

1

Оқиғаның шарықтау шегі

1

Оқиғаның шешімі

1

Кейіпкердің ертегідегі ең маңызды 3 әрекеттерін анықтайды

2

1-әрекеті

1



2-әрекеті

1

3-әрекеті

1

Тест сұрақтарын шешеді

3




1




1

Барлығы__11'>Барлығы

11



« Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің композициялық құрылымына талдау жасайды.

Ертегінің мазмұны бойынша тапсырманы орындайды.

Ертегінің мазмұны бойынша композициялық құрылымына талдау жасайды.

Ертегінің мазмұны бойынша композициялық құрылымына толық талдау жасап, дәлелдер келтіреді.

Кейіпкердің ертегідегі ең маңызды 3 әрекеттерін анықтайды

Кейіпкердің ертегідегі маңызды тұстарын жазады.

Кейіпкердің ертегідегі маңызды 3 әрекеттерін анықтайды.

Кейіпкердің ертегідегі ең маңызды 3 әрекеттерін анықтап, өзіндік көзқарасын білдіреді.

Тест сұрақтарын шешеді.

Тест тапсырмасын орындайды.

Тест тапсырмасын орындайды.

Тест тапсырмасын орындайды.


Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырма

сипаттамасы

Орындау уақыты, минут


Балл

1-5

5.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау;

5.1.5.1.-ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру.

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.

7

4

6-10

5.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы анықтау.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.

8

2

Барлығы

15

6