Файл: Бастауыштаы соЫ Оырау малімні кіріспе сзі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

БАСТАУЫШТАҒЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. 
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат. 
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, - 
дегендей, бұл да бір қуанышты күн. 
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. 
 Ендеше осы шәкірттерімізді  ортаға шақырайық. Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады


Дарын: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар

Им. Айару: Бүгінгі «Бастауыштағы соңғы қоңырау» кешіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер. 

Дарын : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Айару: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Ернұр: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Адия: Армысың сен , алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр- алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Мұғалім: Ең алдымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Роза Орынбаевнаға сөз кезегін береміз.


Сырым : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Өм. Жансая: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы 
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл. 

Б. Жансая:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Асылбек: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.


М. Айару:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 

Ермек: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Ақерке: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

Ұлпан: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.

Дарын : Оқушылардың орындауында алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар!


Ән: Мектебім. (Оқушылар қоңыраудағы іс-әрекеттерін көрсетіп тұрады)

Мұғалім: Құрметті ата-аналар ендігі кезекте оқушылармен 4 жыл бірге болған барлық сәттерімізді жинақтап жасалған бейнероликті тамалаңыздар!

Видео

Им. Айару: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, бізбен бірге қуанған мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің, Ернұр?

Ернұр: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Сондықтан, алдарыңызда «Ұстаз» әнімен




Адия : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!


 Дарын: Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Маржан апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.

Ермек:  Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге? 
Жамандықтан жиреніп, 
Ақын болған кім бізге? 
Десек, ол жан - мұғалім 
Қапастағы елдердің 
Мұңын айтқан кім бізге? 
Көрікті сан жерлердің, 
Сырын айтқан кім бізге? 
Рахмет, саған мұғалім! 
Ақерке : Отанның ұланын, 
Баулыған мұғалім. 
Өзіңсің ағытқан, 
Білімнің бұлағын. 
Мен сенің көктемің 
Нұрыңмен көктедім. 
Сол үшін өзіңе, 
Алғысым көп менің! 
Ерсұлтан:   Анамдай сүйем мен, 
Шеберін ғылымның. 
Ұстаздан үйренем, 
Өнерін білімнің, 
Үйретіп іс сазын, 
Мың жаса ұстазым! 
Индира:          

Сүйікті мұғалім, 
Бес алсам ұнадым, 
Екі алсам сынадың, 
Алдыңда әрқашан, 
Бас иіп тұрамын, 
Сүйікті мұғалім! 


Ернұр: Айдында аққудай сыландаған,

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға биші қыздар

Талшыбықтай иіліп мың бұралған!

Қарсы алыңыздар, Қыздардың орындауында «Қазақ биі»

Аружан:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Тайырлан: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол, 
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

Ұлпан: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
О. Асылхан: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


И. Айару: Ендеше, оқушылардың орындауында Ұстазымызға арнаған әнімізді қабыл алыңыздар!

ӘН «Ұстазым»

Көрініс «Ұстаз арманы»

Ернұр: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата - ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата - аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.

Адия: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.
Ж.Асылхан : Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Н.Жансая: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Ерсұлтан: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Айяна: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
Барлық оқушы:
Ата - анаға мың да бір рахмет!

Анаға арнау оқушылардың орындауында ән+би

И. Айару: Бастауышым - балбұлағым, 
Лаулап жансың шам-шырағың. 
Өзің берген біліміңмен. 
Самғап ұшты тау қыраның. 
И.Айару: Сыныбымыздың ұлдарының өнерін тамашалауға шақырамыз!

КВН көрінісі

Флешмоб

Тайырлан: Өтті сенде қызық шағым. 
Бастауышым - балбұлағым. 
Қоштасар күн жетті міне, 
Қимастықпен қол бұлғаймыз! 

Ө.Жансая: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын, 
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын. 
Осы сырды үйреткен бастауышым, 
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың. 

Көрініс «Опять двойка!»

Би «Тренды TikTok»

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, 
Балалардың есімі әулеттерге таралар 
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында, 
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп ,  келесі сөзді қонақтарымызға берейік. 
Ата - аналар атынан сөз кезегі беріледі.
(ата - аналардың ыстық лебіздері)

Марапаттау



Мұғалім: Ал енді 4 «Ғ» сынып түлектерінің орындауында «Қош бол бастауышым» әнін тамашалаңыздар. 

Ән «Бастауышпен қоштасатын кез келді»

Мұғалім: Тілек, ленталар

Сендердің шынайы лебіздерінмен сусындалған қолымдағы гүл шоғы мен үшін естелік болып қалады. Осы гүл шоғын есіме түсіру арқылы сендердің

Мұғалім: Осымен «Бастауыштағы соңғы қоңырау» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.