ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 452
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Би – биші
Бас – бастық
Заң – заңгер
Тіл – тілші
Өздік жұмысы
Зат есімнің тәуелденуі
I-нұсқа
Оқушы, бала сөздерін тәуелде.
II-нұсқа
Кітапханашы, қақпашы сөздерін тәуелде.
III-нұсқа
Дүкенші, қойшы сөздерін тәуелде.
Диктант
Жазда.
Жазда Жапар лагерьге барды. Лагерьде балалар өте көп. Олар көлге шомылды.Көлде әр түрлі балықтар бар. Орманға барып құлпынай, саңырауқұлақтар тердік.Балалар лагерьде жақсы демалды. 24 сөз.
Тапсырма.
1 Көптік жалғаулары бар сөздерді теріп жаз.
2 Көптік жалғаулары бар сөздерді тасымалда.
Етістік
Көшіру диктанты
Жеңіс туы.
Рақымжан Қошқарбаев тәуекелге бел байлады. Гришаға белгі берді. Арт жақтан біздің артиллерия оқ атты. Мойнын созса, Рейхстаг көрініп тұр. Қанбақтай Гриша Рахымжанның иығына шықты. Олар Рейхстагтың кеудесіне Жеңіс Туын тікті.
Тапсырма: Сөйлемдердің ішінен негізгі және туынды етістікті тап.
(30 сөз)
Диктант.
Тәттіқұмар.
Менің інімнің аты – Сағдат. Ол тәттіні көрсе қыңқылдап жылап сұрай береді. Күндердің бір күнінде апам қонақтан келді. Сосын киімдерін шешіп, жұмыс киімдерін киді. Содан кейін сыртқа шығып кетті. Сағдат тұрды да апамның ілулі тұрған киімінің қалтасын ақтарып қарай бастады. Ақырында бес – алты кәмпитті тауып, жеді де, соңынан тісін ауыртып алды.
(49 сөз)
Диктант.
Көктем келді мінеки.
Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды. Өйткені тырна келген соң жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады.
Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.
(56 сөз)
Диктант.
Қамқорлық.
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстар әуеніне толған. Диқан келе жатып жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді, таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.
(60 сөз
Диктант.
Қар қайда жоғалды?
Самал терезеден қарап отыр. Қар жауып тұр. Дала тып-тыныш. Көрші үйлердің мұржасынан будақтап түтін шығып жатыр. Самал киініп далаға шықты. Ол баяу келіп жерге қонып жатқан қарды көрді. Алақанын тосып еді, қар қолына қонды да жоғалып кетті. Самал аң-таң болды.
(41 сөз)
Көшіру диктанты.
Мақалдар.
1Күлме досыңа,
Келер басыңа.
2Басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
3Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
4Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Тапсырма.
Жұрнақ жалғанған етістікті тап.
Шығармашылық диктант.
Болымды, болымсыз етістіктерді қолданып,сурет бойынша әңгіме жаз.
Сын есім.
Диктант.
Күз.
Күз түсті. Табиғат өзінің сарғыш желегін жамылып, қоңыр қалпына көшті. Сары бала бүгін апасымен дала кезді. Олар ауылдан ұзап кетті. Абай көбелек қуды. Ол жорғалаған қоңызбен жыбырлаған өрмекшіні қызыға тамашалайды. Тырналар қиғаштай ұшып, тыру-тырулап ұшып бара жатты.
(38 сөз)
Бақылау диктанты.
Ақ лақ.
Менің ешкім бар еді. Сол ешкім әдемі ала мойын аппақ лақ туды. Ол лағын өте жақсы көреді. Мекіреніп қасынан шықпайды. Бір күні қатты боран соқты. “Тоңатын болды - ау” деп қораға жүгіріп барсам, лағым жоқ. Енесі лағын таппай маңырады. Сөйтсем, қу лағым қорадағы шөптің қуысына тығылып, ұйықтап жатыр.
(47 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемнен сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап.
3-ші сөйлемнен сөйлемнің тұрлауы мүшелерін тап.
Терме диктант
Сұңғақ,көңілсіз,өнерпаз,ілулі,жарық, бүгін,ақылды,ашық,әдепті,сымбатты, инабатты,кең,үлкен.
Тапсырма
Негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.
Сын есімдерді пайдаланып сөз тіркесін құр.
Сан есім
Шығармашылық жұмыс
Есептік Реттік
Он, үш, екі он бірінші, үшінші, жүзінші
Тапсырма: Есептік, реттік сан есімдерді жалғастыр.
Төмендегі цифрмен жазылған есептік сан есімді сөзбен жаз.
217, 105, 86, 128, 1998.
Сан есімдерді қатыстырып диолог құр.
Бақылау диктанты.
Кәрі әже.
Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз болмайды. Оған мектеп балалары келіп тұрады. Әжей балаларға қызық ертегілер айтып береді. Балалар ынтыға тыңдайды. Қыздар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып қояды. Ұл балалар дүкенге барып, азық – түлік әкеледі.
(42 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
-
Балалар ынтыға тыңдады. Сөйлем мүшесіне талда. -
Біздің, үйдің, балалар, қыздар сөздерінің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Диктант.
Парашют.
Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым. Осы ойымды орындауға тырыстым. Әуелі парашютпен мұнардан секіріп үйрендім.
Содан кейін ұшақтан секіруге талпындым. Бір күні таңертең беліме парашют байлап, ұшаққа міндім. Ұшақ жерден екі километрдей биікке көтерілді. Мен секіруге әзірленіп, ептеп ұшақтың қанатынан төмен қарай секірдім. Аздан кейін бір селоның қасына келіп түстім.
(49 сөз)
4 сынып
3 сыныпты қайталау.
Көшіру диктанты.
Асау тай.
Міне ағам шап беріп,
Қыса түсіп тақымды.
Асау мұны жат көріп,
Көкке шапшып атымды.
Ағамды атып ұрмақ боп,
Мөңкіді – ай кеп жас бейбақ.
Тулап – тулап, тулап кеп,
Қырға қарай қашты ойнап.
Ағама ақыр ол көнді,
Бұрған жаққа басы ауды.
Ағамдай боп мен де енді,
Үйретсем – ау асауды.
Тапсырма: “Мөңкіді” және “Бейбақ” сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Өздік жұмысы.
1) Қар, аққала, демалыс, шаңғы, мереке, аспан, ағаштар, торғайлар, киім, көктайғақ,балалар,қызық. (12 сөз)
Осы сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастыр.
Қаратпа сөздерді қолданып 3 сөйлем құрастыр.
Жер – Ана.
II. Өзенің мен көліңе,
Күтеді сүйген еліңе
Еңбектенген еріңе
Бас иемін, Жер – Ана!
Толқынданған дәніңе,
Самғаған көкте әніңе.
Бір сөзбен айтсам бәріне
Бас иемін, Жер – Ана.
Тапсырма:
Тәуелденген зат есімдердің астын сыз
Жаңылтпаш
III. Кінә бар,
Күнә бар,
Күмән бар.
Кінә не,
Күмән не?
Күнәні артады,
Күнәға батады.
Күмән боп жатады.
Кінәлі, күнәлі
Күнәлі күмәнді,
Күмәнді кінәлі.
Сөйлем мүшелері.
Көшіру диктанты.
Шабындықта.
Үнемі сол жаз шыға олар шабындыққа шығады. Қос және екі-үш үй тігеді. Биыл да Қайтар әкесіне ілесіп шабындыққа келді. Анасы шөпшілерге арнап тамақ асты. Оған қарындасы көмектеседі. Қоста ішкен тамақ неткен дәмді десейші! Шабындықтың пішені шайқалып, толқып қояды. Иісі мұрын жарады. Кенет аяқ астынан әлдебір нәрсе ұшып тұра келді де, қаша жөнелді.
(50 сөз)
Тапсырма:
1) 3- ші сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап.
Бақылау диктанты.
Атамекен.
Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.
Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.
(72 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
-
2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда. -
5-ші сөйлемді сызбалап байланыстырып көрсет. -
“Табиғат” сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Диктант.
Тәтті тағамдар.
Тоқсан соңындағы демалыс кезінде ауылдан Исатайдың атасы келді. Әжең беріп жіберді деген қоржыннан шыққан неше түрлі тағамдар дастарханға толып кетті. Оның ішінде Исатай жақсы көретін талқан, сөк, қауындық, ірімшік, құрт сияқты жеңіл тағамдар баршылық екен. Исатайдың көкесі мен апасы жұмыста. Таңертең кетіп, кешке бір-ақ келеді. Қонақпен бірге қаланы аралау Исатайдың үлесіне тиеді. Бұған ол кәдімгідей қуанып қалды. Өйткені, атасымен бірге жүрсе, балмұздақ жейді, тәтті сусындар ішеді. Исатай үшін талқан, сөк, ірімшік, құрт, балмұздақ - тәтті тағамдар.
Тапсырма:
-
сөйлемнің бірыңғай мүшелерін теріп -
Бақылау диктанты.
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев – қазақтың күйші композиторы, халық сазының алыбы. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күреске арналады. Құрманғазы “Алатау”, “Сарыарқа”, “Адай”, “Ақсақ киік”, “Түрмеден қашқан”, “Балбырауын”, “Кісен ашқан”, “Серпер” тағы басқа көптеген күйлер шығарған. Бұл күйлерінде күйші халықтың арманын, өршіл ойын, қажымас қайрат жігерін, үстемдікке деген ыза-кегін суреттеп берді.
Хамит Ерғалиев “Құрманғазы” атты поэма жазды. М.Кенбаев Құрманғазының портреттік бейнесін жасады. Алматыдағы қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі, консерватория, көше, музыка мектебі Құрманғазы есімімен аталады.
Тапсырма: (74 сөз)
-
Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жаз. -
“Күйші” сөзін сөз құрамына талда. -
“Халық” сөзіне сөйлем құра.
Көшіру диктанты.
Жолда жатқан әмиан.
Ойымда дәнеңе жоқ тротуармен тық-тық басып келе жатыр едім. Оң қапталымда жатқан әмианға көзім бірден түсті. Өйтіп барып, қалт тоқтадым да “Ескі ме, әлде біреудің қалтасынан сусып түсіп қалған ба?” деп ойладым. Екі ұдай күпті көңілмен қолымды әлгі әмианға создым. Міне, қызық! Әмианға қолым тиер – тиместен “шаршып” түскені.... Өн бойым дір- дір етіп секем алып, енді қолымды тартып алғанша болған жоқ, талдың арасынан таныс бір күлкі естілген.... Әмианын “арқандап” қойып, ары өткен, бері өткен адамдардың “пиғылын” байқап, мазақтап отырған Әділ інім екен.
Қап! Сондағы ұялғаным-ай!
Менің інімнің де істемейтіні жоқ-ау! (88 сөз)
Тапсырма:
Қос сөздерді тауып, астын сыз.
Көшіру диктанты.
Қанаттың күй құмарлығы.
Үй іші оңаша. Төрде жатқан бала домбыраны дыңғыр-дыңғыр еткізіп нақышына келтіре алмай әлек. Атасының қолында күмбірлей жөнелген домбыра басын ала қашып, қиюы келмей әуре – сарсаңға түсірді. Қанат атасы келгелі айналдыратыны – осы үшқат қызыл домбыра. Оны тартудан бір жалықпайды. Тұман ішіндегі елестей, қалаған әуені ұстатпай, айдалаға алып қалып, қос ішек титықтатып әурелейтіні бар. Інкәр буып, жанына Қанат атасы үйреткен шерпе күйлерді сағынтады.
Тапсырма: (64 сөз)
-
мәтіннен қос сөздердің астын сыз -
Атасының, күйлерді – деген сөздерді сөз құрамына талда.
Қысқарған сөздер
Өздік жұмысы
Қысқарған сөздердің әр қайсысының толық атауын тұсына жаз.
БҰҰ, ҚМУ,ҚР, АҚШ,ОМ, БМ, кг, см
* қалаған 3 сөзіне сөйлем құрау
Өздік жұмысы.
Тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, сөйлемдер құра.
-
Зәрем зәр түбіне жетті. -
Тайға таңба басқандай. -
Ине шаншар жер жоқ. -
Жібек орамал кепкенше. -
Таяқ тастам жер. -
Қорыққанға қос көрінеді
Зат есімнің септелуі.
Шығармашылық диктант
Аққала
Жиналдық та көп бала,
Соқтық, әне аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.
Тапсырма:
1.Зат есімдерді тап.
2.Бала, аққала сөздерін септеп жаз.
3.Тәуелдеулі зат есімдерді септеп жаз.
а. Анам, үйрегім
ә. Балам, жерім
б. Әкем, үйім
Зат есімнің тәуелденуі.
Өздік жұмыс.
Қуыршақ жылай ма?
-Қызым, қуыршағың жылай ма?
-Жыламайды.
-Кәмпит сұрай ма?
-Сұрамайды.
-Онда оның ақылы көп қой.
-Апа ,сұрайтын оның тілі жоқ қой.
Тапсырма.
1)Тәуелдеулі сөзді тап.
2)Асты сызылған сөздерді тәуелдеп жекеше ,көпше түрде жаз
Зат есімнің жіктелуі
Көшіру диктанты.
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсылық жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен –кіші бәрі жақсы.
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
“Олақтан салақ” жаман –деген мақал.
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Тапсырма
1)Өлеңді көшіріп жаз.
2)Басшы - сөзін жікте.
Етістік.
Диктант.
Ұялас күшіктер.
Мектептен үйге қайтып келе жаттым. Қарным ашқан соң, сөмкемді ашып, буфеттен сатып алған тоқашымды жайбарақат жеп келе жатқанмын. Артымнан тықыр білінгендей болды. Бұрылып қарасам, бір ит соңымнан еріп келеді. Аш екені көрініп-ақ тұр. Менің қолымдағы нанға ашқарақтана қарап жұтынады. Тоқашымнан бір үзіп, итке тастадым. Соңымнан біраз жүрді де, менде енді нанның жоқтығын біліп, күдерін үзіп қала берді.
Бір күні әлгі ит күшіктейді. Күшіктер бір-біріне ұқсайды екен.
Маған барлық күшіктері де ұнады.