Файл: 1 Семестрлік жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ғ.ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

 

1 Семестрлік жұмыс


 

Пәні : Мәдениеттану

Тақырыбы : Ұлы жібек жолының Қазақстан жеріне ықпалы .

Мамандығы: 6В17108-«Автоматтандыру және басқару»

Орындаған​: Кизатова Алина

Тобы: АУк-21-03

Қабылдаған :  Джаркинбаев Е.Е

______     __________________  «___»  ___________ 2023 ж.

        (бағасы)                              (қолы)

 

 

 

Алматы 2023

ЖОСПАР

1.Кіріспе

2 Негізгі бөлім

2. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЫҚПАЛЫ

2.1 Ұлы Жібек жолының басталуы


2.2 Ұлы Жібек жолындағы сауда

2.3 Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі

2.4Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы


2.5 Ұлы Жібек жолының әлеуметтік – экономикалық маңызы

2.6 «Жібек жолы» бағдарламасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Ұлы Жібек жолы – ұлы мәдениет жолы.

Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар — базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір-бірімен ұласып, Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осылай б.з.б. II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды.

Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.б көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.


Жібек жолы арқылы тауарлармен қатар ортағасырлық өнер: сәулет, мәдениет, әуен мен би өнері, көркем қойылымдар да жан-жаққа таралған. Иран, соғды, түрік бишілері мен әртістері Қытай хореографиялық мәдениетіне зор үлес қосқан. Ұлы Жібек жолы бойымен дін өкілдері де өз уағыздарын шет елдерге таратқан. Бүкіл Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Үндістаннан, Қытай, Корей, Жапон халықтарына будда, ал Сирия, Иран, Арабия елдеріне христиан діндері енген. Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жол түрлі мәдениеттің дамуына ықпал етіп, алыс-жақын елдердің өзара қарым-қатынас жасауына өте қолайлы еді. Қазақ даласында өмір сүрген сол замандағы отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі тайпалар адамзат мәдениетінің дамуына әсерін тигізген. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, білім деңгейлері көтерілді. Саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері өздерінің таңғажайып туындыларын дүниеге әкелді. Ұлы Жібек жолы адамзат тарихында  алғаш рет Жерорта теңізінен Тынық мұхитқа дейін ұлан - ғайыр аймақтағы түрлі ұлттар мен елдердің мәдениетін біріктірген еді.

     Ұлы Жібек жолын тарихи - географиялық мәдени аспектілер жағынан ғылыми зерттеу жұмыстары негізінен XІX ғасырдың екінші жартысында басталды. Осы трансконтинентальды жолдың зерттеулеріне Батыс еуропалық,  орыс және жапон ғалымдары үлкен үлес қосты. 1877 жылы классикалық ғылыми  «Қытай» атты еңбегінде белгілі неміс ғалымы Фердинанд Пауль Вильгельм Рихтгофен Еуразия материгінің түрлі бөліктерін байланыстыратын жолдар жүйесін Жібек жолы «Seіdenstrassen», кейіннен Ұлы Жібек жолы деп атап кетті. Осыдан кейін Жібек жолына бұқаралық қауымның қызығушылығы артты.  

          

2.Негізгі бөлім

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЫҚПАЛЫ

Ұлы Жібек жолының басталуы


Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-дидің Батыстың беймәлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа) жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады.

Тарих ғылымында б.з.б. II ғасырды Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшісінен кейін іле-шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді. Рим мен Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Ұлы Жібек жолының маңызы — халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын XIX ғасырда ғана алды. Оны неміс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердің авторы фон Рихтгофен ұсынды.



Жібек сауданың басты түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін атқарды. Оны патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздардың өтеуі ретінде төледі. Жібек өзінің жұқа, әсемдігінің арқасында алыс жерлерге тасымалданатын негізгі тауар саналды. Сонымен қатар иіс су, тәтті тағамдар, женьшень мен маталар, бояу, бағалы тастар, аң терісі, алтын, күміс құймалары сияқты бұйымдар да тасылды. Жібек жолымен араб арғымақтары, қаршыға, тотықұстар мен түйеқұстар т.б. сатуға әкелінді.

Жібек жолымен ежелгі мәдениет пен өнер туындылары таратылды. Орта Азия, Түркістаннан келген музыкант, биші, акробаттар Қытай императоры мен Византия сарайларында өз өнерлерін көрсетті. Жібек жолымен қытайлықтар өз елінде жоғары бағаланатын асыл тұқымды жылқы мен түйелерді Орталық Азиядан алдырды. Қытайлықтар керуен саудасы арқылы әкелінген ауыл шаруашылығы дақылдарын — бұршақ, пияз, қияр, сәбіз, анар, грек жаңғағы т.б. өз елдерінде өсіруді үйренді. Орталық Азиядан Қытайға жүннен тоқылған әртүрлі бұйымдар — кілем, жапқыш, төсеніштер әкелінді. Жүн өңдеу мен кілем тоқу әдісімен таныс емес қытайлықтарға бұл бұйымдар ерекше әсер етті.
Ұлы Жібек жолындағы сауда

Жібек жолы бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен қатар, үлкен қауіп-қатерге де толы еді. Сол себепті көпестер жолға жалғыз емес, қарулы адамдардан тұратын ірі керуендермен шықты. Керуендер жүк артылған бірнеше жүздеген малдан құралды. Олармен бірге саудагерлер, аудармашылар, нөкерлерін ерткен елшілер, дін таратушылар да сапар шекті.

Керуен саудасы арқылы жол бойында тұрақты түрде қызмет көрсететін орындар ашылды. Сол себепті Ұлы Жібек жолы бойында керуен сарайлар (жолаушылар тоқтап, демалатын жайлар) салынды. Оларда көпестер мен керуенге қызмет көрсететін арнайы адамдар, демалыс бөлмелері, тауар сақтауға, жүк артылған малға арналған қоражайлар, қажетті жемшөп, азық-түлік пен қоймалар болды. Керуен сарайлар көпес үшін қажетті тауарды сатып алатын, сататын орынға айналды. Айырбас сауда да дамыды. Жер иелері кедендік баж салықтарынан пайда тапты. Бұл артықшылықты жоғалтып алмау үшін Орталық Азия елдерінің билеушілері көпестерді қорғайтын заңдар қабылдады. Сауданы дамытуда көшпелі малшылар маңызды рөл атқарды. Олар керуендерге жол көрсетіп, азық және көлік малымен қамтамасыз етті.


568 жылы Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан жеріндегі тармағымен Византия императоры Юстианның түрік қағаны Дизавулге жіберген елшілігі жүріп өткен, оны Земарх басқарған болатын. Земархтың бағыты Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауымен Орталық Азияға өткен. Елшілердің Тараз қаласына тоқтағаны жөнінде жазбалар бар.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан зерттеу мен оның территориясымен өткен жолдарды анықтауда араб саяхатшылары мен зрттеушілері еңбектерінің де маңызы зор. Қазақстанның Оңтүстік облыстарында VIII ғасырда Ибн Хордадбек, Макдиси, Ибн Хаукал, Ибн Руште, әл-Истахри, әл-Масуди, әл-Идриси сияқты ғұламалар болған. Олардың еңбектері 1870-1894 жж. Голландық шығыстанушы де Гуенің басқаруымен Араб географиясының кітапханасы сериясында 8 том болып басылған. Араб саяхатшылары Фараб (Отрар), Тараз (Талас), Испиджаб (Сайрам) аймақтары мен Арал, Каспий теңіздері жайында мол деректер қалдырған. Осы керуен жолы белгілі қалалардың орналасуы, құрылымы жайлы мәліметтер келтірілген. Олардың бай мұралары арасында сан ғажайып карталар сақталып, оларда Қазақстанның географиялық атаулары белгіленген. Орта ғасырларда алғашқылардың бірі болып, саяхатшылар легін бастаған қытайлық діндар Чань-Чунь (1220-1224 жж.) өз жазбаларында географиялық деректер келтірген. Ол Шу мен Талас өзендерінің аралығын мекендеушілер егіншілікпен қоса жібек құртын өсірумен, шарап жасаумен айналысатынын айтады. XIII ғасырдан бастап монғолдар жаулап алған мемлекеттерде экономикалық және саяси-әкімшілік ахуалдың жақсара бастауы Қытай мен Еуропа арасындағы қатынастардың қайта жандануына себепші болған. Ендігі жерде Еуропа елдерінен «Ұлы ханға» (Шыңғысхан) елшілер легі ағыла бастайды. Олардың тармақтары талай сынды көрген байырғы Жібек жолы арқылы өткен.Жібек жолы мен оның тармақтары бойымен шығыс елдеріне саяхат жасаған еуропалық миссионерлер: Плано Карпини (1245-1247 жж.), Джовани (1152-1182 жж.), Вильгельм Рубрук (1253-1255 жж.), Ниавом де Рубрук (1220-1230 жж.) құнды географиялық мәліметтер жинап қалдырған. Олардың өз сапарлары бойынша жасаған есептері шығыс елдері жайлы қызғылықты географиялық деректерден тұрады деуге болады. Осы жол арқылы Еуразия құрлығының ішкі бөліктеріне саяхат жасаған саяхатшы Марко Поло 12691296 жж. Қытайда болған. И.Магидовичтің болжамы бойынша, Марко Поло Батыс Түркістанды «көшпенділер өте жақсы білетін солтүстік жолмен» кесіп өтіп, Шығыс Түркістанға Іле аңғары немесе Алакөл маңындағы Жоңғар қақпасы арқылы өткен. Жібек жолы мен оның тармақтары тек қана табиғат жағдайлары қолайлы аудандар арқылы өтті деу жетімсіз. Тарихи-томографиялық зерттеулер аса қатал табиғатына байланысты «Бетпақдала» аталған ұланғайыр шөл арқылы да көптеген керуен жолдары өткенін дәлелдейді. Жол бойына табылған әр түрлі белгілер, обалар, құдықтар және т.б. осыны айғақтайды. Кейінгі ғасырларда Жібек жолының жеке тармақтары сауда қатынасынан гөрі жорықтар мен саяхат жолдары ретінде танымал болды.

Ұлы Жібек жолы – Орталық Азиядағы сауда керуен жолдарының жалпы атауы. Б.д.д. II ғасырдан біздің заманымыздағы XVI ғасырға дейін Шығыс пен Батысты байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхатшы Сианынан Ланьчжоу арқылы Дуньхуанға апарады. Бұл жерден жол 2 тарапқа бөлінеді. Солтүстік жол – Турфан, Қашғар, Самарқан, Балх, Мервті, Ферғана алабын алды. Ал оңтүстік жол – Жаркент, Балх, Мервті басып өтіп, Памир тау жоталары арқылы Үндістанға, Таяу шығысқа апарады. Мервте бұл 2 жол қосылып, Ұлы Жібек жолы одан әрі батысқа – Ниса Гекотомпил, Әнбатана, Бағдат арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағасындағы порттарға, Тир мен Антихияға дейін созылды.Жазба деректерде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістан мен осы Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынасы болғаны айтылады. Сол деректемелерде аты аталған қалаларды зерттеу арқылы Жібек жолының Қазақстандағы бөлігінің бағыты белгіленеді. Ол Шаштан (Ташкент), Газгирдку, Испиджабға барды. Одан әрі керуен Таразға беттеді. Тараз аралығында Шараб, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикент сияқты елді мекендерге аялдады. Тараздан Терістікке – қимақтарға қарап Науакет деген жер арқылы өтті, ал мұнда Адихкет, Дех, Нұджыкент қалалары орналасты. X ғасырдан басттап Іле аңғары бойындағы сауда жолы жандана бастады. Бұл жерде Қордай, Қастек асуларымен келді. Осы жерден көпестер қазіргі Алматы, Талғар (Талһир, Талхиз) қалалары орнындағы қалалар мен қоныстарға беттеді. Талхизден екіге айрылды. Біріншісі – оңтүстік Іле жолы, қазіргі Есік, Шелек, Кеген аудандары, екіншісі – Қырғызстан (Подгорное) арқылы Шонжынға баратын. Іленің оң жақ жағасына Бурақожыр өткелі арқылы өтіп, Көктал, Жаркент (Панфилов) басып Алмалыққа шығатын. Жолдың тағы бір тармағы Ілеге Қапшағайға жақын жердегі өткелге және одан кейін Көксу, Қаратал мен Лепсі аңғарына баратын. Мұнда Екіөгіз (Дүнгене), Қоялық қалалары. Көктума қалалық жұрты болды. Алакөлде тарамдалған жол торабы арқылы Шығыс Түркістанға Алтайға, Монғолияға жол тартылды. Ұлы Жібек жолы арқылы сауда, дипломатикалық байланыс III ғасырлар аралығында мейлінше дамыды. Қытаймен көбінесе орта азиялық делдал саудагерлер қарым-қатынас жүргізді. 97 ж. қытай саяхатшысы Гань Ин Парсы шығанағына дейін, ал македониялық май Тицнан 100 ж. Ланьчжоуға дейін жеткенмен, жол қатынасының қиындығы Қытай мен Рим арасында тікелей байланыс жасауға мүмкіндік бермеді. VII-X ғасырларда жолдың халықаралық маңызы арта түсті, Түрік әлемі Қытаймен, Византиямен және арабтармен қатынас орнатты.