ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұлы Жібек жолы бойымен тараған діндер
Буддизм –Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда кең тарады. Будданы таратуда соғдылар үлкен рөл атқарды. Христиан діні- Сирия, Иран , Арабиядан келіп Қазақстанда тарады. Ислам діні- 8-9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Алғаш 760 жылы қарлұқтар арасында, 960 жылы Қарахандықтар мемлекеттік дін деп жариялады. Ең алғашқы мешіттер – Кедер мен Күлтөбеде салынған. Ежелгі кесенелер Бабаджа қатын кесенесі (10-11 ғ. Жамбылдың батыс жағында 18 км жерде ), Айша бибі ( 10-11 ғ. Жамбылдың батыс жағында 18 км жерде), Қарахан, Сырлы там ( Сырдарияның төменгі ағысы 12ғ.)
«Жібек жолы» бағдарламасы
Ұлы Жібек жолына тармақтары өткен Қытай Халық Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары Ұлы Жібек жолын әлемдік мұра тізіміне енгізуге ЮНЕСКО-ға ұсыныс енгізді. Ұлы Жібек жолының өркениет тарихындағы орасан зор рөлін ескере келіп, ЮНЕСКО халықаралық ұйымы «Жібек жолы» бағдарламасын қабылдады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — Ұлы Жібек жолы бағыттарымен жүзжылдықтар бойы елдер мен халықтар арасында байланыстың, сауда қатынастары мен өзара мәдени ықпалдастықтың болғанын ашып көрсету. Бағдарламаның іске асырылуын түрлі мамандардан құралған халықаралық ұйымдар қадағалап отырады.
Ұлы Жібек жолының маңызды бөліктерінде бірқатар ғылыми семинарлар өткізілді. Бағдарламаның «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы Парижде ұйымдастырылды. Онда үлкен көрме ашылды. Көрмеде Орталық Азия халықтарының бірегей мәдени жетістіктері көрсетілді.
ЮНЕСКО ежелгі халықтар қалдырған құнды мұраны зерттеумен қатар, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне «Ұлы Жібек жолының» 30-дан астам тарихи және археологиялық ескерткіштерін енгізді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, қорыта келгенде, Ұлы Жібек жолы б.д.д. І-мыңжылдықтың орта кезеңінен «Дала жолы» деген жол болғаны әлемге белгілі. Тарих атасы Геродоттың жазбаларына қарағанда бұл жолдың торабы Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, содан Жоғарға Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агрипийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғары мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар ерсілі-қарсылы тасылған.
Ұлы Жібек жолы – Жерорта теңізінен Қытайға дейін Орталық Азияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясымен басты тармақтарының өтуі, еліміздің байланыс желісіне айналуы мемлекетіміздің атағын дүние жүзіне атақты қылып қоймай, ортағасырлық қалалар мен мәдени ескерткіштердің бой көтеріп, оңтүстік Қазақстанда тамаша мәдени үлгілердің қалыптасуына жол берді. Отырар, Сайрам, Құлан, Тараз, Янгикент, Түркістан сияқты қалашықтар, Бабаджа - қатын, Айша - бибі, Қожа Ахмед Яссауи күмбездері, Тамғалы тас, Арпаөзен, Құлжабас петроглифтері үлкен маңызға ие.
Жібек жолының ел экономикасы мен туризм индустриясын дамытуда атқаратын ролі зор. Ұлы Жібек жолының тарихи - мәдени мұрасын жаңғырту, еліміздің туризм саласында белсенді қолдану, туризмнің танымдық, діни, экологиялық түрлерін дамытуға жол ашып, мемлекетіміздің туризм саласын дүниежүзілік аренаға шығуына толық мүмкіншіліктер береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан тарихы» жинағы. Алматы, 2008.
2. «Қазақстан ұлттық энцеклопедиясы». Алматы, 2007.
3. Мусин Чапай «Қазақстан тарихы». Алматы, 2008.
4. Жолдасбаев, Бабаев «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы». Алматы,2003.
5. Бакина Н.С., Жанақова Н.Т. Қазақстан тарихы. Алматы: Атамұра, 2017. — 240 бет.