Файл: 1 Семестрлік жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сонымен, Ұлы Жібек жолы ежелден-ақ Тынық мұхит жағалаулары мен Жерорта теңізі маңындағы және Батыс Еуропа елдері аралығын жалғастырып жатқан аса ірі халықаралық қатынас жолы болған. Ол – адамзат өркениеті жасаған қайталанбас тарихи ескерткіштерінің бірі. Осы көне керуен жолының қазіргі Қазақстан республикасы аумағы арқылы өтуі Ұлы Жібек жолы дәнекер болған Батыс пен Шығыс өркениетінен қазақ халқының да тыс қалмағанын дәлелдей түседі. Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б.д.д. Імыңжылдықтың орта шеніндегі «Далалық сақ жолынан» басталады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы савраматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Орталық Азияның бел ортасынан өткен осы көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін дәлелдеп отыр. Бір таңғаларлық нәрсе – қазіргі заманғы автокөлік жүретін жолдар мен темір жол маршруттарының сол ежелгі дала жолының бағытын дәлме-дәл қайталауы. Сонымен, Ұлы Жібек жолы б.д.д. І-мыңжылдықта сауда торабы ретінде қалыптаса бастаған деп пайымдауға әбден болады. Бұл атау осы жолмен тасылып, елдер арасындағы сауда қатынастарында алтынмен қатар халықаралық валюта деңгейіне көтерілген басты тауар – жібекпен тығыз байланысты. Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі қалалардың орнынан халықтардың тұрмыс-тіршілігінен, сол кездегі қоғамдық-экономикалық жағдайынан сыр шертетін бағалы бұйымдар табылуда. Мысалы, Қазақстан жерінен табылған мұралардың арасында Қытайда жасалған тиын ақшалар, жібек маталардың қалдықтары, халықтар арасында мәдени ақпарат алмасу болғанын дәлелдейді.Уақыт өткен сайын Жібек жолының жеке тармақтары жергілікті саясиэкономикалық жағдайға орай жанданып немесе керісінше құлдырау кезеңдерін басынан кешірген. V ғасырдан бастап Жібек жолының Қытай мен Орталық Азия арасын жалғастырып жатқан, Жетісу мен қазіргі Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен тармағы күшті дамыған. VI ғасырдың екінші жартысында Қазақстан сары Көк Тәңірдің құдіретті империясы – Түрік қағанатының құрамына кірді. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда аса ірі қалалар жүйесі қалыптаса бастайды. X ғасырда Жібек жолының Іле Алатауын бойлап, Баба-ата (Алматы), Талхиз (Талғар) арқылы Іле аңғарына шығатын бөлігі жандана бастайды.
Жолдың осы бөлігінде көптеген қалалар пайда болған. Олардың атаулары Жібек жолымен жүріп өткен саяхатшылардың жол жазбалары арқылы осы күнге дейін жеткен. Жалпы айта кететін нәрсе, IX-XI ғасырларда кеңінен танымал болған араб және иран жылнамалары мен геграфиялық әдебиеттерінде Жібек жолы бойында орналасқан елді мекендердің табиғат жағдайлары, ерекшеліктері нақты сипатталған. Мысалы, X ғасырда өмір сүрген бағдаттық сарай қызметшісі Кураш Ибн Джафар «Китаб-әл-Харадж» деп аталатын жолжазбасында керуен жолы бойындағы табиғат жағдайлары мен географиялық объектілерге нақты сипаттама берген. Мұнда Тараз, Құлан, Мерке, Аснара қалалары туралы және Мойынқұм («қарлұқтар қыста малын қыстататын Жылы құмдар»), Мыңбұлақ шыраты және Терісаққан өзені жайлы деректер келтірілген. Сонымен, бұл тектес жолнамалар осы жолмен алыс елдерге сапар шегетін саудагерлер мен керуеншілерді Ұлы Жібек жолымен таныстыру, салық жинаушыларға нұсқау беру мақсатында жазылғанымен неғұрлым толық географиялық түп нұсқа ретінде әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Кейінгі ғасырларда (1424 ж. Қытай мемлекеті Солтүстік-Батыс шекараларын жауып тастағанға дейін) Жібек жолының Орталық Азия арқылы өтетін тармағы басты күретамыр қызметін атқарды. Қазақ жеріндегі отырықшы өркениеттің ошақтарына айналған Отырар, Яссы, Сауран, Тараз, Мерке, Құлан, Талхиз, Алмалақ және т.б. қалалар осы кезеңде гүлденіп дамуының шырқау кезіне жетті. Сан ғасырлық керуен қатынасы жол бойында сауда мен қолөнердің, суармалы егіншіліктің күшті дамуына себепші болды. Егіншілікті шұраттар жергілікті халықты ғана емес, сауда керуендерін де азық-түлік түрлерімен қамтамасыз еткен. Сол кездегі ауыл шаруашылығы географиясын талдасақ, көптеген тарихи деректер оның маманданған тауарлы сипаты болғанын дәлелдейді. Мұның өзі – Жібек жолы бойындағы елді мекендерде нарықтық шаруашылық — сауда қатынастары керуен жолдары бойындағы қалалардың мамандану сипатын анықтап берді. Сонымен, Ұлы Жібек жолы Қазақстанда – қалалық мәдениеттің дамуына шешуші ықпал етті деуге болады.
Көне жолдар арқылы өткен саяхатшылар мен географтардың маршруттары да Жібек жолының география ғылымының дамуына, географиялық ақпараттардың жинақталуына елеулі рөл атқарғанын көрсетеді. Бұдан, жолдың қазақ жері арқылы өтетін бөлігінен тарайтын «Хан жолы», «Абылай жолы», «Қарқаралы жолы» және т.б. деп аталатын керуен жолдары дәлел бола алады. Жібек жолының Солтүстік тармағының рөлі әсіресе, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы тұрғысынан алғанда, аса маңызды.

Ресей патшалығы өзінің қол астындағы «бұратана халық» мекендеген кең-байтақ жерді игеруді, осы мақсатта жан-жақты зерттеуді кезек күттірмейтін міндеттер керуен жолдары бойымен қазақ жерін батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп, құнды географиялық деректер жинақтады. Сөйтіп, Жібек жолының қазақстандық тармақтары арнайы географиялық зерттеулер жүргізген экспедицияларын тұңғыш саяхатшысы Ш.Уәлихановтың Қашқарияға сапары да осы жол бойымен өткенін атап айтуға болады. Ұлы Жібек жолы бізді белгісіздеу болып келген еліміздің тарихи шежіресімен қатар көне тарихының беттерін қайта ашуға және ұмыт бола бастаған географиялық атаулар арқылы байырғы табиғаттың өзгерту тарихын қазіргі экологиялық аймақтармен салыстырып олардың заңдылығын білуде маңызы зор. Жібек жолы жер тарихы мен ел тарихының сабақтастығын ашады.
Жібек жолындағы қалалар

Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың IX ғасыр мен XIII ғасырдың басында ерекше дамығандығын айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн қалалары ірі сауда орталықтары саналды. Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасты. Бұл қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. Ұлтаралық және дінаралық төзімділік, өзге халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты ерекшелігі болды. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы 4 бағытқа бөлінеді. 1– бағыт: Батыстан- шығысқа жол- Оңтүстік -батыс Жетісу жерінен өтіп, Тараз арқылы Алматыға жетіп Шелек, Сүмбе, Жаркент арқылы шығысқа бет алды. 2-бағыт: Іле бағыты- Солтүстік –шығыс бағыт Алматы , Қапшағайдан өтіп , Шеңгелді, Алтынемел , Дүнгене , Қойлық қалаларын басып өтіп , Алакөл жанымен Жоңғар қақпасы арқылы шығысқа жетеді. 3- бағыт: Европа бағыты – Тараздан шығып , Сарқан жері арқылы солтүстік – шығыс Қазақстанды басып өтеді. Бұл бағыт Құлан , Хантау, Балатопар, Айнабұлақ бекеттерін басып озған. 4- бағыт: Орталық және Шығыс Қазақстан жолы ( Хан жолы) –Талас- Тараз өзені – Мойынқұм , Бетбақдала – Атасу.
Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі

II–V ғасырларда Жібек жолы шығыста Хуанхэден басталып, Қашғария мен Ферғанаға, одан әрі Самарқан, Бұхара арқылы Сирияға өтті. VІ-ХІІІ ғасырларда Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа өткен жол қызу тіршілікке толы болды. Жолдың мұндай сипаты бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, Жетісуда түркі қағандарының ордалары орналасты. Олар сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Екіншіден, VII ғасырда Ферғана арқылы өтетін жол өзара қақтығыстар салдарынан қауіпті еді. Үшіншіден, бай түркі ақсүйек қауымы теңіздің ар жағынан келген тауарларды көтерме бағамен сатып алып отырды.


Жібек жолы жүзжылдықтар бойы өзгерістерге ұшырады. Жолдың бір бөлігінің маңызы ерекше артса, кейбірі, керісінше, жойылып кетті, ал енді бірі құлдырады. Мәселен, VI—VIII ғасырларда негізгі жол Иранды айналып өтті. Бұл Батыс Түрік қағанаты мен Византияның осы елге қарсы жасалған әскери-сауда одағына байланысты болатын. Құрлықтағы саяси жағдай елшілер мен көпестердің және басқа сапарға шыққан адамдардың жол бағыттарын таңдауынан айқындалды.

VI ғасырдың екінші жартысында түркілер Ұлы Жібек жолының біраз бөлігіне иелік етті. Нақты осы түркі кезеңінде Қытайдан Жетісу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстігіне өткен Ұлы Жібек жолы бойында жандану байқалды. Бұл жолдың негізгі бөлігі еді және керуен саудасы мен елшілік сапарлары VІ-ХІІІғасыр басында осы жермен өтті. Бұл жағдай Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде ежелгі қалалардың тез өсуіне жеткізді.

Ортағасырлық Сырдария қалаларына қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған заттар халықаралық сауданы зерттеуде маңызды дереккөздері болып табылады. Осындай жәдігерлердің қатарына Отырардан табылған күміс көмбе жатады. Күміс теңгелер Түркістан қалалары мен Кіші Азия, Еуропа және Еділ бойы қалаларының ақша сарайларында дайындалды. Қазбалар барысында тұрмыстық және зергерлік бұйымдар табылды. Оны Ұлы Жібек жолындағы қалалардың өзіндік «сыр сандығы» деуге болады.

Ұлы Жібек жолының бағыттары


Ұлы Жібек жолы жүйесіне керуен жолдарының бірнеше тармақтары енді. Бұл тармақтар тау жоталарындағы түрлі асулар арқылы шөлді айналып өтті. Жібек жолы Арал теңізі жанынан өтті. Сырдария жағалауымен, одан Шудан Жетісу арқылы Жоңғар қақпасына жетті. Осы аймақ Үндістанның түрлі дәмдеуіштер өндірілетін өлкесі мен тұт ағашы өсетін Сары өзеннің (Қытай) жағалауларына апаратын ең ыңғайлы жол болып есептелінді. Талас алқабындағы Тараз қаласы түргеш, қарлұқ, кейін қарахандықтардың экономикалық және мәдени орталығы болды. Сауда жолы Тараздан солтүстік бағытта — Ертіске, одан әрі Енисейдегі қырғыздарға өтті.

VII ғасырдағы Қытай жол көрсеткіш кітапшасында «Ақ өзендегі қала» — Испиджаб көрсетілген. Оны кейін «Сайрам» деп атаған. Испиджаб ірі негізгі сауда орталығы болды. Осы жерден жол одан әрі Сырдария арқылы өрлеп, Арал бойына жетті. Сырдария жағалауымен өткен керуен жолында ірі қалалар Отырар (Фараб) мен Шауғар орналасты. Бұл қалалардан оғыздар орталығы Янгикент қаласына қарай жол өтті. Х-ХІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолының бұл тармағында Сауран, Жент, Ашнас сияқты қалалар бой көтерді.


Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы


Ұлы Жібек жолының тарихында оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды: VІ-ХІІІ ғасырдың басындағы түркі қағанаттарының; XIII ғасырдың екінші ширегі мен XIV ғасырдағы Монғол империясының; XIV ғасырдың үшінші ширегі мен XV ғасырдың басындағы Әмір Темір мемлекетінің бақылауындағы кезеңдер.
Ұлы Жібек жолы мыңдаған шақырым қашықтықты қамтыды. Саудагерлердің көпшілігі жолдың ұзақтығынан тауарларын жарты жолда ауыстырып алуға тырысты.

Жібек жолы түркі бөлігінің халықаралық саудада маңызы зор еді. Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты. Бұл жол мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды. Шығыс пен Батыс мәдениеті арасындағы байланыстырушы көпір саналды. Жол бағыттарында қалалар мен тұрақтар, сауда орталықтары ғана емес, ғылым мен мәдениет ошақтары да орналасты. Мәселен, Отырар ұлы ғұлама әл-Фарабидің отаны. Жібек жолы бойымен діни наным-сенімдер, тауарлар және олардың өндірілуі туралы ақпарат, атап айтқанда, жібек, түрлі түсті шыны, қағаз, оқ-дәрі т.б. дайындау тәсілдері таралды.

Жібек жолымен қытайлықтар бүкіл әлемге өздерінің ойлап тапқан жаңалығы — қағазды таратты. Қағаз өндірісі Қытайдан Орталық Азияға келді. Ол жерден қағаз Батысқа тарап, бұрынғы жазу материалы пергамент пен папирусты ығыстырып шығарды. Адамдар мен идеялардың еркін қозғалыста болуы аса көрнекті энциклопедияшы ғалымдар, ақындар мен философтар және олардың мектептерінің пайда болуына ықпал етті. Әбу Райхан әл-Бируни мен Ибн Синаның (Авиценна) еңбектері бүкіл Шығыс әлемі және Батыс Еуропа медицинасына зор әсер етті. Қытай мен Үндістанға теңіз жолы ашылмас бұрын Ұлы Жібек жолы Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу арқылы бүкіл Еуропаға өтіп, XV ғасырға дейін жұмыс істеді.
Ұлы Жібек жолының әлеуметтік – экономикалық маңызы

Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар қазақ халқының құрамына кірген түркі тілдес ру-тайпалардың отырықшы ел болуына , мекен- жайлар салып , қоныстануына пайдасын тигізді. Сауда кезіндегі қарым- қатынас , экономикалық байланыс шаруашылықтың ең пайдалы түрлерін үйренуге себеп болды. Монғол шапқыншылығына байланысты сауданың қарқыны бәсеңдеп , қалалар әлеуметтік- экономикалық жағынан өзге іске түсті. ХVІІ ғасырдан бастап теңіз жолдарының ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады. ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысынан бастап Қазақстан солтүстігінде Ресеймен , шығысында Қытаймен сауда байланысын дамытты.