ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Заттар мен энергия алмасуы. 2. Белок май және көмірсулардың қызметі, жас ерекшеліктеріне қарай алмасуы. 3. Әр түрлі жастағы адамдардың зат энерия алмасулар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе
Зат алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Зат алмасу ішкі физиологиялық және айналаны қоршаған сыртқы орта фактормен байланысты жүреді. Зат алмасу екі процестен тұрады: ассимиляция (синтез) және диссимиляция (ыдырау). Ассимляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организмде қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған қажетсіз заттар сыртқа шығарылады. Балалар мен жөсөспірімдер организмінде ассимиляция диссимиляциядан басым болады, ересек адамарда тең болса, қартайғанда диссимиляция басым болады. Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Денсаулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі. https://emirsaba.org/adam-fiziologiyasi.html [1]
II. Негізгі бөлім:
1. Заттар мен энергия алмасуы
Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады. Зат алмасу (метаболизм) – жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Зат алмасудың ретелуінде бауыр үлкен рөл атқарады. Бауырда органикалық құрылымның (белоктар мен көмірсулар майға, май-көмірсуге өзгере алады) биохимиялық өзгерістері (биохимические превращения) болады. Бауырда қан белоктары синтезделеді, А витамині, D, K витаминдері бауырдағы қорға жиналады. Бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр қорғаныш қызметін атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдағы зат алмазу процестері әр түрлі ферментердің қатысумымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отрады. Бауырда көптеген В чтобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферментер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп.
2. Белок май және көмірсулардың қызметі, жас ерекшеліктеріне қарай алмасуы
Белок - денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгел-дей белоктардан тұрады. Қанда газдар (СЬ, С02) тасымалдайтын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның жүріп-тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын, гуморальдық иммунитет құрылымдар негізін құратын антидерелер де белоктан тұрады. Қан ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де — белок. Дене қызметін қан арқылы реттейтін гормондардың көбі белок. Белок — қуат коры. 1 г. белок тотықса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 килоджоуль жылу пайда болады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок — тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін керсете-ді. Белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде тузіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғашқылары орны толар, соңғылары орны толмас амин қышқылдары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесінде түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышкылдары аста жеткіліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады. Осы қышқылдардан туратын белоктар аса бағалы құнарлы, ал құрамында мұндай қышқылдары жоқ белоктар құнар-сыздау деп аталады: Адамның күнделікті тамағында белоктың жалпы мөлшері жеткілікті болуға тиіс, мұнымен бірге сондағы құнарлы белок мөлшері 30%-тен кем болмағаны жөн. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы құрамындағы белок құнарлы бола-ды. Аспен бірге асқазанға келіп түскен белоктар ас қорыту жо-лында протеаза ферменттерінің әсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды. Амин қышқылдары, ащы ішектен қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға жетеді. Бау-ыр клеткаларында амин қышқылдарынан, қан белоктары (глобу-лин, альбумин, фибриноген) және өз клеткаларына қажет белоктар түзіледі. Мұнымен катар аздап белок қоры сақталуы мүмкін. Амин қышқылдарының артығы бауырдан қанға өтеді. Әр клетка қаннан езіне керекті амин қышқылдарын таңдап алады да, олардың өзіне ғана тән арнайы белоктар түзеді. Әрбір ағзаның қаннан өзіне қажет амин қышқылын іріктеп алатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеуге болады. Белгілі бір ағзаға келіп түскен артериялық қанды сол ағзадан шыққан вена қанымен салыстырса, кай амин қышқылдың венада азайғанын байқауға болады. Бұл жерде еске салатын бір мәселе сол ағзада түзілген белоктар жан-жануардың әр түрінде әртүрлі, олардың арнайы қасиеттері де әр жануарда әркелкі, мұнымен бірге тек осы ағзаға ғана тән арнайы қасиеттер де болады. Белгілі бір жануар ағзасына ғана тән белок басқа жануарда ішектен тыс (парэнтеральдық) жолмен тікелей қанға не тері астына, ет ішіне енгізілсе, сол белокқа дененің сезімталдығы артады, ал келесі жолы сол белок қайталап енгізілсе, оған қарсы бағытталған антидене пайда болғаны байқалады. Демек, белоктардың ағзалық және жануардың түріне тән (түрлік) қасиеттері болады. Клеткаларда белоктар түзілуімен қатар тотығу процесі жүріп жатады.
Организмдегі тотыққандағы қоректік заттардың калориялық коэффициенті | ||
1 г белок | 4,1 ккал | 17,17 кДж |
1 г май | 9,3 ккал | 38,94 кДж |
1 г көмірсу | 4,1 ккал | 17,17 кДж |
Майлар – тірі жасушалардың негізгі компонентерінің бірі. Олар қуат тепе-теңдігін сақтау сияқты, дәрумендер мен минералдардың кейбір топтарын сіңіру үшін де ағзаға соншалықты қажет. Майлар тіндерді құрушы, қоректік заттарды тасымалдаушы және қуат қоры болып табылады. Майлар да екі үлкен топқа бөлінеді. Жануарлар майы – жануар өнімдерінен алынатын зат. Олардың құрамында холестериннің пайызы жоғары болады, әрі баяу сіңеді. Өсімдіктер майы – тек өсімдіктерден келетін зат. Оның көптеген түрлері бар: дәнді дақылдар мен тұқымдар, авокадо және зәйтүн майлары. Мұндай майлар жануарлар майына қарағанда оңай сіңеді, бірақ оларды толығымен алмастыра алмайды. Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері. Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады. https://emirsaba.org/adam-fiziologiyasi.html [1,2]
3. Әр түрлі жастағы адамдардың зат энерия алмасулар.
Энергия алмасу — бұл организмді тіршілік етуі үшін энергиямен қамтамасыз ететін бейспецификалық универсальды зат алмасудың бір түрі. Баланың зат алмасуы үлкен адамдармен салыстырғанда жедел жүреді. Негізгі зат алмасу күштірек болады, себебі негізгі зат алмасу немесе тыныштық зат алмасуы жаңа тканьдердің құралуы арқылы күшті болады. Баланың жасы кіші болған сайын бұл жаңа тканьдердің құрылуына, негізгі зат алмасуға жұмсалатын энергияның жүмсалуы да көп болады. Үлкендерге қарағанда балалардың организмі белок, май, көмірсуларды көп қажет етеді. Жаңа туған баланың зат алмасуына дененің 1 кг салмағына 40 калория, 1-3 жаста — 55 ккал/кг., 4-5 жаста — 42, 7-9 жаста — 33, 10 - 15 жаста — 34, ал үлкен адамдарда — 20 ккал/кг қажет болып келеді. Энергия жұмсалуы. 1 кг салмаққа жаңа туған балада —100 ккал., 1-3 жаста — 100 - 90 ккал., 4-5 жаста 80— 90, 7 - 9 жаста 80—70, 10-15 жаста — 70 - 50, үлкен адамдарда — 45 ккал болып келеді Негізгі зат алмасу — организмнің тыныштық кезіндегі қалыпты әрекеттерді қамтамасыз етуге жүмсалатын энергия көлемі. Үлкендермен салыстырғанда жаңа туған балада ол 2 есе жоғары. Ол бала дүниеге келгеннен кейінгі 2 - 3-ші тәуліктен бастап көбейе бастайды да, жоғары шегіне 1-ші жылдың аяғында жетеді. Осы қалыпта бала 2 жасқа толғанға дейін түрады, содан соң тағы да 1,5 есе көбейеді. Баланың энергия алмасу ерекшелігі — оның тез өсуі мен биосинтетикалық жүмысының жоғары деңгейі болуына және біраз реттеуші жүйелердің қызмет-терінің жетілмейтіндігіне байланысты болады. Өсіп келе жатқан организмнің қуатты өтуін фосфорланудың және тотығушы процестердің жоғарғы деңгейі қамтамасыз етеді. Баланың алғашқы 1 -ші жылында, оның үрыққа тән зат алмасуы көп өзгереді. Жаңа туған баланың организмінде жоғары деңгейде жүретін глико-литтік процесс (гипоксияға қарсы күшін қамтамасыз етуші) біртіндеп азаяды. 6 айға дейінгі баланың 1 кг салмағына жүмсайтын энергиясы үлкендерден 3 есе көп болады. Баланың денесінің сызықты мөлшерлерімен салмақ бірлі-гіне энергия жүмсау арасындағы болатын кері байланыс анықталған. Жасқа дейінгі баланың ең жоғары энергаясы 1 минутқа 1 кг салмаққа қажет ету мөлшері өттегіні сіңіруден және көмір қышқыл газын бөлуден 2 есе жоғары болады. Газ алмасу жылдамдығы өкпедегі оттегінің айналып жүруінің тездігіне байланысты және жүректің жиырылу ырғағының жиілеуі мен қан жүруінің күшеюіне және т.б. байланысты организм өсіп дамыған сайын, оттегінің тиім-ділігі мен үнемделуінің тәртібі қалыптасады. Зат алмасу негізінде энергияның бөлінуінің 3 негізгі сатысы бар. 1-сатыда ас қорыту жолында үлкен молекулалар кіші молекулаларға бөлінеді. Көмірсулардан 3 гексоза (қант, галактоза, фруктоза), белоктан 20 амин қыш-қылы, майдан — глицерин және май қышқылдары, сиректеу қанттар пайда болады. І-ші сатыдағы химиялық реакцияларда тамақтарды энергияның бөлініп шығуына дайындайды. 2-ші сатыда бұл заттар одан әрі ыдырайды. Бұнда 30 %-ға жуык энергия бөлінеді. Ол қоректі заттарда сақталады. 3-ші сатыда Кребстің үш карбонды қышқыл циклында 2-сатысының 3 соңғы қоректі заттардың су және көмір қышқылына дейін ыдырауы. Осы арқылы қорек-ті заттардан 60 - 70 пайыз энергия бөлінеді. Кребс циклы көмірсулардың, белок-тың және майдың ыдырауының жолының соңғысы болып есептелінеді. Бұл зат алмасудағы «түйісу» жері болып табылады. Бұл жерде әртүрлі құбылыстардың өзгерісі түйіседі және бір-бірімен жинақталу реакциялары жүруі мүмкін.Энергияның сақталуы қоректі заттардың арнайы химиялық қоспаға ыдырауы кезінде пайда болатын энергияға байланысты. Ол химиялық қоспаны макроэргтер деп атайды. Олар әртүрлі фосфорлы қосылыстарда болады. Негізгі зат алмасуының күшеюі қалқанша безінің қызметі арытқанда, қызба ауруларда, тыныс және жүрек жарамсыздығында, лейкозда, Кушинг ауруында кездеседі. Ал, төмендеуі — гипотериозда, а