Файл: Мектепке дейінгі трбиелеу мен оытуды дамыту моделін бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 276
Скачиваний: 2
8) инклюзивті практиканы жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың қажеттілігін болжау жүйесін дамыту; 9) ерекше білім беруді қажет ететін балалар келетін топтарды қажетті білікті мамандармен қамтамасыз ету (логопед, олигофренопедагог, тифлопедагог, сурдопедагог және т.б.) арқылы қамтамасыз етіледі. Aта-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс 48. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды. Барлық ерекшеліктерді: әлеуметтік жағдайды, отбасы тарихын, елдің мәдени ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін, баланың мінез-құлқы мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Aта-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының басты міндеттерінің бірі болуға тиіс. 49. Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқу-тәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда шешіледі: 1) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру; 2) ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту. 50. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің алдына балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту мақсаты қойылған. Aталған мақсатқа қол жеткізу үшін: 1) әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату; 2) балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру; 3) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналар арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау; 4) балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату үшін педагогтерді даярлау көзделеді. 51. Aта-аналармен жұмыста ата-аналар жиналыстарының жаңа форматтары пайдаланылатын болады
, олар тренингтер, семинарлар, «игі істер күндері», ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес, ата-аналар конференциясы, ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын мектепке дейінгі ұйымға аударуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары түрінде өтуге тиіс, ата-аналар өз баласын жақсы білуі керек, оны басқа, өзі үшін таныс емес жағынан көруі тиіс, педагогтермен өзара қарым-қатынаста болуы қажет. Жеке және топтық консультациялар, ата-аналар жиналыстарын, проблема бойынша пікірталастар, «ауызша журналдар», педагогикалық қонақ бөлмелерін, сұрақ-жауап кештерін, «ток-шоу» өткізу, сабақтардың бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау және басқалары ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-аналары үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу, талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше көзқарасты талқылау ұсынылады.
4-тарау. Күтілетін нәтижелер
52. Модельді іске асыру:
1) мектепке дейінгі ұйым деңгейінде:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;
вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;
баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;
ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;
отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;
теңгерімді тамақтандырудың кешенді бағдарламасын әзірлеуге;
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарын әзірлеуге;
сәби жасындағы балалар үшін жағдай жасауға;
2) педагогтер деңгейінде:
қазіргі жағдайларда жұмыс істеу үшін білікті педагогтер даярлауға;
педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етуге;
баланың даму процесін жетілдіру мақсатында кері байланыс орнатуға, зерттеу мәдениетін құруға;
қазіргі жағдайда жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді дамытуға;
«мамандыққа кіріспе» курстарынан өтуді (жас мамандар үшін) қамтамасыз етуге;
3) балаларға: физикалық аман-саулықты; әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті; когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды; таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды; бастамашылдықты, дербестік пен жауапкершілікті дамытуды; өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді; өз бетінше саналы таңдау жасай білуді; командада жұмыс істей білуді; сын тұрғысынан ойлауды дамытуды; креативтілікті қолдауды; психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге; 4) ата-аналарға: білім беру процесінің қатысушылары болуға; баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге; баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға; көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға; үйде баланың толық дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық көмек алуға мүмкіндік береді.© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК