Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі останай аласы кімдігі білім бліміні 4 орта мектебі мм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 417
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
D) Төрт
Е) Алты
3. Ағайын арасының берекесі кімдер?
А) Туыс-туған
В) Жамағат
С) Көрші-көлем
D) Аталар мен әжелер
Е) Ауыл-аймақ
4. Негізгі туыстық қарым-қатынас
А) Ерлер жағынан
В) Әйелдер жағынан
С) Нағашы жұрт жағынан
D) Қайын жұрт жағынан
Е) Құдалар жағынан
5. Ежелгі дәстүр бойынша тұңғыш немерені кімдер тәрбиелеген?
А) Әке-шешесі
В) Нағашылары
С) Туыстары
D) Қайын жұрты
Е) Ата-әжесі
7. Оқылым
Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.
| 1 | Б |
| 2 | |
| 3 | |
| 4 | |
| 5 | |
| 6 | |
-
Әкелдім, әке, бұл шынында да ең асыл, ең дәмді жеміс. Мен саған жүзім әкелдім. Жер бетінде өсетін жемістердің ең асылы – жүзім.
– Сен дұрыс істепсің, ұлым, мұның бәрі жақсы жемістер. Ішінен бірін таңдап алармын, -дейді әкесі. Енді ол кенже ұлына бұрылып:Бұл сөзді естігенде, әкесінің қуанышы қойнына сыймайды.
-
Сен маған ең қымбат жеміс әкелдің, ұлым! Сенімімді ақтап, өзіңді сыйлауға тұрарлық балам болдың. Жер бетінде білімнен асыл жеміс жоқ, - дейді оған.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Құмырсқа қандай қателік жасады?
а) достарын сатып кетті
ә) ескі достарымен бірге болды
б) үйінен алысқа кетіп қалды
в) жазда дән жинамады
2. Мәтінде қандай антонимдер бар?
а) қоңыз, ара
ә) жаңа, ескі
б) көмек, жұмыс
в) сұрау, айту
3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Нағыз дос дұшпан болмас
ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
б) Күлме досыңа, келер басыңа.
в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
4. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?
а) Бірге көтерген жүк жеңіл.
ә) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!
б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?
в) Жолдасын тастаған жолда қалар.
5. «құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады?
а) құстар
ә) балықтар
б) жәндіктер
в) аңдар
9. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Ертеде бір хан жауқазын гүлінің көктемде қалай ашылатынын көрсете алған адамға жарты патшалығын бермек болып, жар салдырыпты.
Адамдар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылыпты.Ешкім де жауқазын гүлінің балбырап ашылған сәтін көрсете алмапты.
Хан патшалығында жас жұбайлар кішкентай сәбиін көтеріп, көздің жауын алып, қып – қызыл, сап – сары болып тауда өсіп тұрған гүлдердің жанына барыпты. Бала келген бетте – ақ құлпырған алқапты көріп, таңғы шықтай мөлдір күлкісімен рахаттана күліпті.
Сәби күлкісінен жауқазын гүлдері әп – сәтте түп – түгел жайқала ашылып, төңіректі кілемдей құлпыртып жіберіпті.
1. «жауқазын» сөзінің аудармасын табыңыз.
а) роза
ә) подснежник
б) шафран
в) гвоздика
2. Баланың мінезі қандай болады?
а) ашық, өткір, қатал, сараң
ә) ашық, ерке, пәк, ойнақы
б) шығармашыл, кәсіпкер, мейірімді, ұқыпты
в) іскер, жауапты, адал, еңбекқор
3.Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры.
ә) Бала тілі бал.
б) Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
в) Ойнақтаған бала от басады.
4. Мәтіндегі негізгі ойды көрсетіңіз.
а) Гүлдер –өмірдің сәні.
ә) Бала күлкісінің құдіреті мол.
б) Күлкі өмір ұзартады.
в) Күлме досыңа, келер басыңа.
5. Мәтінде қазақтың қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған?
а) еңбекқорлық
ә) балажандылық
б) кеңпейілділік
в) бауырмалдық
10. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Қазақ - қонақжай халық.
Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу-ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек.
Қонақ күту-қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды.
І-нұсқа
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Қазақ халқы қандай адамды қарсы алған?
А) «қырсық қонақпын»
В) «құдайы қонақпын»
С) «құдайсыз қонақпын»
Д) «жаман қонақпын»
Е) «жабайы қонақпын»
2. Қонақ күту қандай іс?
А) өтірік іс
В) жауапсыз іс
С) жалған іс
Д) жауапты іс
Е) айлакер іс
3.Ең алдымен қонақтарға не беріледі?
А) су, айран
В) шұбат, су
С) шай, қымыз
Д) қымыз, сорпа
Е) қымыз, шұбат
4. Қазақ халқы үшін не істемеу ұят болады?
А) қонақты алдау, өтірік айту
В) қонақты қарсы алмау, жалған сөйлеу
С) қонақты қарсы алмау, күтпеу
Д) қонақты ұру, күтпеу
Е) қонақты күтпеу, қуу
5.Қазақ халқы неге мән көп берген?
А) шығарып салуға, қарсы алуға
В) қуып жіберуге, қарсы алуға
С) қарсы алуға, күтпеуге
Д) шығарып салуға, жалған сөйлеуге
Е) шығарып салуға, қарсы алмауға
ТЫҢДАЛЫМ1. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.Менің атым Қожа, фамилиям Қадыров. Бір кезде Қадырұлы деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқанда мұным жарамас дедім де, Қадыровқа қайтып келдім. Қадыр – менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай десеңші! «Әке» деген сөзді айтқанда жүрегім қарс айырыла жаздайды - ау! Қандай жақын, қандай ыстық! Балалар менің әкем үйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады. Ех, қайран әкем, егер сен тірі болсаң, мүмкін мен әлемді шулатып жүрген сотқар Қожа емес, бұдан гөрі басқадай болар ма едім?!. (Б.Соқпақбаев, 117 сөз) 1). Мәтін мазмұны ... туралы. А) Қожа В) Қадыров С) Қожаның әкесі D) балалар және әке 2). Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз. Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті.А) кетті В) кететін болды С) қайтпады D) келіп кетті 3). Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз. Сотқар Қожа емес, бұдан гөрі басқадай болар ма едім?! А) тәртіпті В) тәрбиелі С) бұзық D) ерке 4). Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз. Мұным жарамас дедім де, Қадыровқа қайтып келдім.А) Қадыров болып жазылдым В) Қадыровқа айттым С) Қадырұлы болдым D) Қадырұлымын2.Тыңдалым.Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.Театр өнері.«Театр» - көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Қазақ театрының тарихы 1914-1915 жылдарынан басталады. Сол жылдары ана тіліміздегі алғашқы драмалық туындылар жазылып, әуесқой әртістердің күшімен сахнада қойылды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналанды. 1918-1924 жылдары Ақмолада, Көкшетауда, Орынборда, Шымкентте көптеген драмалық үйірмелер ұйымдастырылды. Ал тұнғыш кәсіби театрымыз 1925 жылы Қызылорда қаласында ашылды. 1928 жылы өнер ордасы жаңа астана – Алматыға қоныс аударып, Қазақтың мемлекеттік драма театры атанды. 1. Театр ана тілімізге аударсақ қандай мағына береді?А) қарапайымВ) көретін орынС) дегенD) театрЕ) көне2. Қазақ театрының тарихы қашаннан бері басталады?А) 1918-1924В) 1917С) 1925D) 1914-1915Е) 19283. Қай жылы өнер ордасы Қазақтың мемлекеттік драма театры деп атанды?
А) 1918-1924В) 1917С) 1925D) 1914-1915Е) 19284. Тұнғыш кәсіби театрымыз қай жылы ашылды?А) 1918-1924В) 1917С) 1925D) 1914-1915Е) 19285. Тұнғыш кәсіби театрымыз қай қалада ашылды?А) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданыВ) АлматыС) ҚызылордаD) ШымкентЕ) Орынбор3.Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.Емтихан. Емтихан – шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. 1703 жылы Мәскеуде тұңғыш рет Глюктің мектебі мен Санкт-Петербург Ғылым академиясы жанындағы гимназияда 1726 жылы шәкірттерден емтихан қабылданды. 1786 жылы халық училищелерінде көпшілік алдында жазда, қыста емтихан тапсыру тәртібі енгізілді. 1837 жылы «Уезд училищелері мен гимназияларындағы сыныақ ережелеріне» сәйкес оқушылардың білімін бағалауда 5 балдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылады. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет жылына 2 рет Алтынсарин мектептерінде қолданылады. Қазіргі кезде оқу орындарында қабылдау емтихандары компьютерлік техниканың көмегі арқылы тестік тәсілмен жүргізіледі.І-нұсқа1. Емтихан тапсыруда неше балдық жүйе қолданылды?А) 5 В) 4 С) 3 Д) 10 Е) 72.Емтихан тапсыру алғаш рет қай ғасырда қолданылған?А) соңғы ғасырда В) ғасырдың басында С) орта ғасырда Д) жылдың соңында Е) жылдың ортасында3. Глюктің мектебінде емтихан қашан қабылданды?А) 1726 В) 1786 С) 1837 Д) 1703 Е) 17564. Жылына неше рет көпшілік алдында емтихан тапсыру тәртібі енгізілді?А) 2 рет В) 3 рет С) 1 рет Д) тапсырмайды Е) 4 рет 5. Қай жыл мезгілдерінде емтихан қабылданған?А) қыс пен жазда В) жаз бен көктемде С)көктем мен күзде Д) қыс пен күзде Е) көктем мен күзде4.Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме–дүкен құрып, қонақпен бірге отырады.