Файл: Батырлар жыры (эпосты жырлар).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Батырлар жыры (эпостық жырлар)

Жыр атауы

«Қобыланды батыр» жыры

Басты кейіпкер

Қобыланды- Қыпшақ елінің батыры;

Тоқтарбай-Қобыланды батырдың әкесі

Аналық-Қобыландының шешесі

Қарлығаш-Қобыландының қарындасы

Құртқа-Қобыландының жары


Тұлпары

Тайбурыл

Оқиғаны қысқаша мазмұны

Жырдың негізгі арқауы сырт жауларға қарсы күреске негізделген. Басты кейіпкері Қобыланды батыр.  Қобыланды тоқсандағы Тоқтарбай мен Аналықтың қартайғанда көрген жалғыз баласы болып суреттеледі. Жырдың қысқаша мазмұнын былайша өрнектеуге болады: Қобыланды қият батыры  Қараманға еріп, Қызылбас ханы Қазанды, одан соң Көбіктіні жаулап, өлтіріп, Қарлыға қызды олжалайды. Ең аяғында өзі жорықта  жүргенде елін шауып кеткен Алшағыр ханмен соғысып, ел-жұртын азат ету оқиғалары суреттеледі.

Жырдың басында Қазанға аттанып бара жатқан Қараманға Қобыланды: менің барар-бармасымды Құртқа біледі" деп аңғалдыққа жол береді. Ал Қараман "Қатынның тілін алған батырға не жорық" деп батырдың намысына тиеді. Дегенімен мәселе батырдың өзінде емес, мінетін аты Тайбурылдың  баптау мерзімінің жетімсіздігінде еді. Құртқаның баптауынан өткен Тайбурыл желдей жүйрік шабысымен бірнеше күн бұрын озып кеткен Қараманды  басып озып, қырық күндік Қазанға бір күнде жетеді. Қият әскері жеткенше ол Қазан батырды да, оның қырық мың қолын да жайратып салады. Сөйтіп, Қобыланды батырлықтың сұрапыл үлгісін көрсетіп, тілмар, ілгіш Қараманға кім батыр, кім қорқақ деген сөздің айырмасын танытады.

Жырдың келесі бөлімінде Қобыланды мен Қараман озбыр жау Көбіктімен айқасқа шығады. Бірақ Көбікті өз серіктерінің көмегімен екі батырды айламен тұтқындап, зынданға тастайды. Көбіктінің қызы Қарлыға Қобыландыға ғашық болып, қыздың көмегімен батыр тұтқыннан босап шығады. Қобыланды ең айлакер жауы Көбіктіні жеңгеннен кейін  өз елін шапқан  Алшағырға аттанады. Қобыландының үш ай, үш күн соғысып, Алшағырдан елін азат ететін жері - жырдың ең шешуші сәті болып табылады.

Жыр қоштасу монологтарына, азаттықты арман тұтатын халық толғауларына бай (Тоқтарбай, Аналық зары). Қобыландының  Алшағырмен соғысып, өз жұртын, ата-анасын, қарындасы Қарлығаш пен әйелі Құртқаны жау қолынан азат ету оқиғаларының мәні өзгеше. Жырдың ең түйінді, драмалы бөлімі де осы. Алшағыр соғысы болмаса, Қобыландының халықпен байланысы жеткілікті түрде ашылмас еді.





Жыр атауы

«Алпамыс батыр» жыры

Басты кейіпкер

Алпамыс батыр;

Жиделі байсын еліндегі Байбөрі бай-Алпамыс батырдың әкесі;

Құлтай-Байбөрінің ағасы;

Ұлтан-Құлтайды ұлы;

Анасы- анасы;

Қарындасы – Қарлығаш;

Шекті еліндегі Сарыбай-Байбөрінің досы;

Қызы-Гүлбаршын;

Қалмақтың ханы-Тайшық хан;

Батыры-Қараман батыр;

Кейқуат-Алпамыс батырды зынданнан шығаруға ат салысқан адам;

Қаракөзайым-Алпамысқа ғашық жан;


Тұлпары

Шұбар ат

Оқиғаны қысқаша мазмұны

"Алпамыс батыр" жырының бас жағында Жиделі Байсын жерінде Қоңырат деген елдің Байбөрі деген байының байлығын суреттеуден бастайды.

Тоқсан мың қарасы, сексен мың маясы, тоғай сайын мың жылқы,торысы мен қарасы, бозы менен аласы бөлек-бөлек жайылып жатқанын баяндайды.

Соншама бай болса да, баласыздығын, өзінің атадан жалғыз екенін, немере туысы Құлтайдың күңінен туған бір Ұлтан деген баласын асырап алғанын, Ұлтаннан өсе келе қорлық көргенін әңгімелеу арқылы тыңдаушысына жеткізеді.

          Әңгімелеу немесе баяндау-жырда жыршының сөзімен айтылады. Әңгімелеу әдісі жырда мұнан әрі жалғастырылады.

Біз бәйбішесі Аналық пен Байбөрінің ел асып әулиенің кені Әзіреті Қаратауға бет алғанын, Бабата деген жерге келіп қабірін түзеп, тоқсан күннің үш күнін өткізгенін білеміз.Онан әрі асып тағы бір түнегенде көк есегі астында, ақ сәлдесі басында, сырлы асасы қолында бір диуана келеді деп әңгімелейді.

Мұнда Шашты Әзиздің портретін беру үшін суреттеу тәсілін қолданады. Суреттеудің бұл түрі-сипаттау деп аталады.Сипаттауда кейіпкердің ұстап-тұтқан, пайдаланған заттары мен мүлік-құралдарын көрсетеді.

Мұның алдында Ұлтанның портретін береді.

"Кеудесі болды кепедей,

Мұрны болды төбедей.

Күрек тісі кетпендей,

Кеңірдегінің тесігі

Жүгімен түйе өткендей.

Құлағы болды болды қалқандай,

Мұрынына қарасаң,

Сығымданған талқандай.

Көзі терең зындандай,

Басқан ізін қарасаң,

Көрінеді оттың орнындай.

Азуы үлкен ошақтай,

Азу тісі пышақтай.

Иегі бар сеңгірдей,"-

 деп портретін ерекше өсіріп, барынша үлкейтіп суреттейді.Бұл Ұлтанның сиықсыздығын танытатын таза портрет.

     Портрет дегеніміз -кейіпкердің бет-пішіні.

     Әулиені Шашты Әзизді жанамалап суреттесе, Ұлтанды тура суреттейді.

     Байбөрі мен Құлтайдың Ұлтаннан көрген қорлығына шыдамаған Байбөрі жары Аналыққа мұңын шақса, Аналық өзінің ойын айтады.

"Жасымыз болса кеп қалды,

Көрмедік бұдан паналық,

Енді қалай қылалық.

Мақұл десең алғаным,

Алаша төсек салғаным.

Әзіреті сұлтанға

Екеуміз де баралық .

Әулие қылса керемет

Болар ма екен жаңалық,

Бермесе құдай шара не,

Далада өліп қалалық..."

Жыршы бұл тұста өзі сөйлей бермей тындаушысына өнерлі болу үшін кейіпкерді сөйлетіп, диалог арқылы оқиғаның арқауын ширатып, кейіпкерлердің образдарын саралай түседі.

Диалог дегеніміз-екі адамның не одан да көп адамдардың сөз қолданыстары.

Жыр жолдары тағы да баяндауға құрылады.

Шашты Әзиздің Аналыққа айтқан сөзі монологке құрылған. Себебі Аналық өңінде емес, түсінде көріп, өзінің ішкі толғанысын, күйініштен сүйінішке қарай ынтасын аударып тұр. Бұл -Аналықтың басындағы ойы, аналық мұңы.

"Ей, бишара, көзіңді аш!

Ұлыңның аты Алпамыс,

Қызыңның аты Қарлығаш,

Түрегел де қолың жай,

Болады өзі өмір жас!"

Жырдағы бұл берілген монолог Аналықтай бала зарын тартқан әйелдің басындағы ауыр халді көрсету үшін жыршының баяндауынан анағұрлым тындаушысына өткір әсер береді.Осы жағдайды жыршы шеберлікпен пайдаланады.

Монолог дегеніміз - жеке адамның іштей толғанысы, күйініш-сүйінішін көрсететін сөз қолданыстары.

Жырда балалы болған Байбөрінің той жабдығына тоқсан құр ат, тоқсан нар сойғанын және сүйіншіге бір-бір аттан таратқан куанышын көрсете отырып, Байбөрінің байлығын суреттейді.

Жырдың басында суреттелген Байбөрінің байлығы балалы болған қуанышы үстіндегі тойда тағы қайталанады. Бұл да кейіпкердің образын ашу үшін пайдаланылған суреттеу әдісіне, соның ішінде сипаттауға жатады.

          "Алпамыс батыр" жырында ара-арасында қара сөзбен (прозамен) оқиға желісіне түсініктеме беру жиі қолданылады.Мұндай түсініктемелер жырдың айтушы атынан әңгімелеу түрінде беріледі.

Сарыбай туралы, оның баласыздығы, Байбөрімен екеуінің уәдесі, қатынының Гүлбаршын атты қыз туғаны, құйрық жеп, бетке ұн жағу, Алпамыстың қалыңдық ойнауы, Сарыбайдың Алпамыс жазатайым өліп қалса, Ұлтан құлға қызым қор болар деп ойланып, жер ауып көшіп кетуі, кемпірдің баласын өлтіруі қара сөзбен айтылады.Бұл «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын еске салады.

Алпамыстың жырдағы бейнесінен алғаш рет хабардар етеді. Жырдың бас кейіпкерінің күш-қуатының қандай екенін түрткен баласының түрткенін көтере алмай өліп қалғанын байқаймыз.

Өрмекші кемпір сөзінен намыстанған Алпамыстың Шұбар атты қалай ұстап мінгенін, саймандарын сайланып, алтыннан кемер байланып, қызыл найзасын қолға алып, Шұбар атпен бір айлық жерді бір күнде асып он екі күн жол жүргенін баяндайды.

 Алпамыстың образын барынша ірілендіріп көрсету үшін Шұбар атты да дамыта сипаттайды. Осы кезде будақ-будақ шаң астынан айшықты ала ту көтерген жер қайысқан қол көреді.

Қол артына қараса, ақ шатыр мен көк шатыр тігіп тастағанын тағы көреді.

Тасқа жазған Гүлбаршын сұлудың хатын оқып, Алпамыс жағдайға қанығады.

Хат монологке жатады. Хат арқылы кейіпкердің ішкі дүниесі көрсетіледі.

Гүлбаршынның басындағы қазіргі ауыр хал хаты арқылы Алпамысқа да қатты әсер етеді. Сол арқылы батырдың ішкі дүниесіне, мінез-құлқына, іс-әрекетіне ыкпал жасайтынын көреміз.

Алпамыстың алғашқы ерлік жолы басталады.Алатаулап ат қойып, Қараман бастаған қалмақты қойға шапқан бөрідей бөріктіреді.

Алпамыстың ерлігін суреттегенде "күркіреген күндей, жаңбырдай, жанып тұрған жалындай, құбылып тұрған сағымдай" деген табиғат болмысын көрсететін теңеулермен береді."Алпамыс батыр" жырында да "Қобыланды батыр" жырындағыдай табиғатты адам әрекетімен, кейіпкер сезімімен байланыстырып, Алпамыс  характерін терең ашуға тиімді пайдаланады.

Табиғат көріністерін суреттеу әдебиетте пейзаж деп аталады.

Қалмақ батыры Қараманның Алпамыс батырға қарсы соғысқа шыққаны суреттеледі.

Жыршы:

Мұны естіген Қараман,

Ашуланып долданып,

Жібереді тұлпар қара атқа.

Тағы да біреу шаптырып,

Сауыт, сайман, жараққа.

Ашуы қысып дірілдеп,

Қоспақ нардай күрілдеп

Қарайды қалмақ жан-жаққа...-

деп ұстап-тұтқан заттарын сипаттау арқылы Қараманның да осал батыр емес екендігін көрсетеді.

Қараман образын өзінің монологымен де айқындай түседі.

Осы бүгін қылайын,

Көрінсе қазақ қырайын.

Бұл күшімнің көремін,

Қай уақытта пайдасын.

Қараманның қылышын суырып, айқайлаған айбарынан қорыққан Гүлбаршынның бүкіл бет-бейнесін, ішкі психологиясын баяндайды. Гүлбаршын сұлудың портреті жырдың осы тұсында жан-жақты беріледі.

Мұны көріп Гүлбаршын,

Жанынан кетті түңіліп.

Қысылып, зарлап тарықты,

Көзінің жасы төгіліп.

Сұлулықтан таптым деп,

Жылай береді егіліп,

Қабырғасы сөгіліп...

Туған айдай жалтырап,

Неше алуан киініп,

Көзі-қасы қиылып.

Алпамыстың қасына

Жетіп келді жүгіріп.

"Менсінбей батыр тұр ма,"—деп,

Қарары қыздың қалмады.

Көзінің жасы көл болып,

Келді де сұлу зарлады, -

деп Гүлбаршынның сыртқы кескін-кейпін ішкі жан дүниесімен байланыстыра көрсетеді.

Гүлбаршын бейнесін суреттеу арқылы тура мінездей отырып, Гүлбаршын бейнесін сыртқы кескіні мен ішкі сезімін байланыстырып даралауға құрады.

Мұны толықтыру үшін Гүлбаршынның Алпамысқа айтқан сөзін диалог түрінде береді. Гүлбаршынға Алпамыс жауабы да диалог түріне жатады.

Жырда Алпамыс пен Қараманның соғысы ерекше суреттелген. Онда екі батырдың да ұстап-тұтқан қару-жарағы, сауыт-сайманы, мінген аттары барынша үлкейтіліп суреттеледі.

          Бұл бір жағынан, Алпамыс образын ашуға қызмет етсе, екінші жағынан, Алпамыс образын жинақтап  типке айналдырады. Алпамыстың сомдалған тұлғасын жасайды. Алпамысқа қарсы тұрған жауы Қараманның да бейнесі жинақталып берілген. Барлық қалмақтың атынан қарсы қойылған.

          Алпамыс образында жеке адамға тән іс-әрекеттер кездесіп отырады.

Гүлбаршын сұлуға назар салмауы, оған айтқан сөзі, Қараманның соққысы тигендегі көзінің аққан жасынан атының жалы сел болуы,жауы Қараманның қапы да кетпесін деп, жекпе-жекте жеңуі -осының бәрі Алпамыс образын даралауға негізделген.

Алпамыс образын даралау-кейіпкердің ішкі бітімін көрсетеді.

Алпамыстың бойына мың ердің күшін беріп жауын жеңгізу арқылы алтын кілемге салып хан көтеруі, Гүлбаршын сұлуға қосуы гиперболаға, яғни әсірелеуге негізделген.

Алпамыс образын ашу көркем сөз образымен шебер ұштастырылған.

          Алпамыс қалмақтарды жеңіп, атасы Сарыбайды хан сайлатып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап Гүлбаршынды алып, қырық нарға зер, алтын отауын артып аулына келеді.Еліне келсе, әкесі Байбөрінің жылқысын Тайшық хан деген қалмақ шауып әкетеді.

Жырда түсініктеме қара сөзбен беріліп отырады. Бұл –жыр мен қара сөздің байланысын көрсетсе керек.

          Алпамысқа айтқан сөзінен Байбөрінің күйініш-сүйінішін тікелей суреттегенін көреміз.

Әкесі Байбөріге қайтарған Алпамыс жауабы да батырдың күйініш-сүйінішін тікелей суреттеуге жатады.

 

Әдебиетте кейіпкер образын жасап, оның өмірін, қарым-қатынасын, наным-сенімін, ой-сезімдерін, мінез-құлықтарын көрсететін сөз, сөздің ішінде көркем сөз болып табылады.

"Алпамыс батыр" жырында да кездесетін кейіпкерлерді даралап, жинақтап көрсету үшін тіл образы - көркем сөз пайдаланылады.

          Мәндес сөздер-синоним, жазылуы мен айтылуы бірдей сөздер-омоним, мәңгі ескі сөздер-архаизм, жергілікті сөздер-диалект сөздер кеңінен пайдаланылады.

Жырда араб-парсы сөздерінің кездесетіні бар, бірақ жаңа сөздер мен

интернационалдық сөздер кездеспейді, осыны есте ұстау керек.Келтірілген мысал жалпы әдеби шығармаларды түсіну үшін ғана айтылып отыр.

Байбөрі сөздеріндегі мүлік, пенде сөздері-дүние, мал, тұтқын де­ген сөздердің синонимі болып табылады.

Қажырланса Алпамыс

Жан көрінбес көзіне,-

деген тармақтардағы жан сөзі адамның жаны емес, керісінше омоним ретінде айтылып тұр. Жұрт, жары сөздері де басқа мағына беретін омоним сөздер.

Тайшық хан көрген түстегі түс сөзі де омоним сөздің бірі. Жұрт-ауылдың көшіп кеткен орны емес, жары- әйелі не өзіннің жары емес, түс-киімнің не мезгілдің белгісі емес.

Осындай мағыналарымен салыстырып көрсек, омонимдердің де жиі қолданылатынын көреміз.

Алпамыстың бейнесін жасауда көркем сөз образын молынан пайдаланады.

Эпитет пен теңеудің айшықты үлгілерін ұшыратамыз.Алтын бауыр Шұбар, тұлпар туған Шұбар ат, жас қыран, құрсаулы қара нар, қабағы қалың сол бала, шұнақ қу бала, қанды жасыл, жас берен сияқты сөз тіркестері эпитеттің нағыз өзі.

Жырда жай эпитеттер мен күрделі эпитеттер де мол ұшырасады. Оның мысалы жоғарыда өзіміз келтіргендер.

Эпитет дегеніміз-адамның, заттың, табиғи құбылыстардың өзгеше белгілерін көрсету, яғни ақындық анықтауыш.

          Тайшық ханның образы да Тайшықтың түсін айтқан сөзінде Алпамыс образын байытып, ерлік пен батырлықтың белгісін көрсетеді.Алпамыстың өзінен басым екенін Тайшық хан сөзі дәлелдейді.

Алпамыс батыр образын көрсетуде метафоралық сөз қолданыстарға кеңінен орын беріледі.Алпамысты құрсаулы қара нарға, шабатұғын арыстанға бейнелеп, айдарлымды құл, тұлымды тұл қылды деп суреттейді.

Алпамыстың батырлығынан сескеніп, елін шауып, хандығын талқандайтынын білген Тайшық хан татуласудың жолын іздеп, бітімге келгісі келеді.

Алдынан шығып сол ердің

Жылқысын берсем ала ма?

Жылқысының кегіне—

Қызымды берсем бола ма?!

Ер баласы ер еді -

Кегін алмай қояр ма?! –

деп сұрай арнап, халқынан жауап күтеді.

Жырда мұнан әрі қара сөзбен әңгімеленеді де, Мыстан кемпірдің бейнесі күрделі эпитеттерге құрылып беріледі.Тайшық хан қызы Қаракөзді өзінің таз баласына берсе,Алпамысты байлап әкеліп, аяғының астына салып беретінін айтады.

Мыстан кемпірдің баласының портреті жиркенішті, жүрек айнытарлық, ұсқынсыз болып суреттеледі. Бұл жағымсыз образдарды жинақтау мақсатында берілген. «Айыбы таз демесең,балаңнан балам кем емес.»

Алпамыс батырдың жауы осал емес, айлалы да жырынды, ақылды да залым екендігі байқалады.

Алпамыс образын толықтыруда Шұбар аттың сипатының ерек­ше мәні бар. Аттың сипаты арқылы Алпамыстың да ерекше тұлғасын танытады.

 

Ауыздықпен алысып,

Ұшқан құспен жарысып.

Астындағы тұлпардың

Ойынды еті бұлтылдап,

Құйындай шаңы бұрқылдап,

Құлақ салсаң дыбысы,

Тау суындай сыңқылдап,

Қолтығынан аққан тер

Тебінгіде сылпылдап,

Маядай мойын созады.

Шу дегенде жануар

Ұшқан құстан озады.

Тарта-тарта баланың

Алақаны тозады.

 

Шұбар аттың сипаты "Қобыланды батыр" жырындағы Тайбуырылдың сипатына жақын, ұқсас.Мұнан да есті, өрен жүйрік, қыл құйрықтың тұлпары екенін көреміз. Құртқа бағуында Тайбурылдың өскенін көрсек, Байшұбардың Алпамыс батырды күтіп, көп жылқы ішінде бой тасалап, батырға серік ат болғанын білеміз.

Тайбуырылдың тәрбиесіндегі қырық үш күндік жетімсіздік Қобыланды батырдың ерлігіне ауыр сын болса, Байшұбар атта ондай кемшілік көрінбейді. Жырда бірде Байшұбар, бірде Шұбар деп беріледі.Тайбурыл сияқты Байшұбар да есті, ақылды, батырдың ойын, тірлігін жақсы біліп,түсінеді.

Айламен қырық қызды Қаракөзге ертіп, Мыстан кемпір Алпамыс жолынан шықкан кезде де Байшұбар мінгеспек болған кемпірді қос аяқтап теуіп құлатады.

Ат пен батыр арасындағы пендешілік қайшылықты жырда осы тұста жақсы берген. Аңқау, ашуы тез Алпамыс дұшпан тіліне еріп, Шұбар атты шауып тастай жаздайды.

Алпамыс батыр мен Қобыланды батыр арасындағы жағдайды салыстыра қарасақ, екеуінің де аңғал, аңқаулығы, намысшыл, ашушаңдығы бірден байқалады. Тәтті тілге еріп, басынан сөз асырмаймын деп біреуі - жары Құртқаны, біреуі - серік аты Байшұбарды шауып тастай жаздайды.

 

         Мыстан кемпір образын көрсетуде кемпірдің өзін сөйлету арқылы ісі мен сөзін қарама-қарсы қойып суреттейді.Қара сөзбен берілген әңгімелеуден Мыстан кемпір мен баласының жүрек айнытар жиркенішті образын көрсек, жырда Мыстан кемпір өзін бұған керісінше кескіндейді.

 

Күткенім, шырақ, сен едің,

Қамқорың сенің мен едім.

Байбөрінің жылқысын

Тайшық хан алып жөнеді.

Қырық балам бар еді,

Қырқы да бірдей нар еді.

Таласқан соң малына

Бәрін де Тайшық өлтірді.

Сол баланың шешесі—

Мені мыстан дер еді.

Ашылған баудай гүл едім,

Сараған қызыл тіл едім.

Кеше күндіз құдайдан

Алпамыс сені тіледім.

Келеді деп есітіп,

Жолыңды тосып тұр едім.

Жеңгелерің касымда

Жатпаймысың ,қарағым.

Бәрі менің қолымда

Нұрдың қызы секілді

Қырық келінім жанымда.

Атың болса шалдырып,

Ұйқыңды әбден қандырып,

Жүресің ертең ,шырағым...

           Мыстан кемпірдің диалогы эпитеттер мен метафоралық сөз қолданыстарында айшықты өрнегін төгеді. Мыстанның ұсқынсыз бейнесі орнына сыртқы портретінде:

«Қырық балам бар еді,

Қырқы да бірдей нар еді.

Таласқан соң малына,

Бәрін де Тайшық өлтірді,» –

дегеннен ауыр қайғыға ұшыраған ананың аянышты халін көрсек,

«Ашылған баудай гүл едім,

Сайраған қызыл тіл едім,»-

деген жыр жолдарынан кемпірдің жастық күндерінен хабардар еткендей болып, Алпамысты сендіреді.

«Нұрдың қызы секілді,

 Қырық келінім жанымда.

Атың болса шалдырып,

Ұйқыңды әбден қандырып,

Жүресің ертең, шырағым...»-

деген жыр жолдарынан қасындағы қыздардың сыр-сымбаты, ашық ажары, көздің жауын алар көркем бейнесін көрсек, кемпір де жас күндегі өзінің ажарын осындай күйде көрсетеді.

Тілінің майда, қамқорлыққа толы болып келуі де ішкі дүниесіндегі аярлықты бейнелейді.Эпитет, метафора және теңеу тұтас бірлікте беріледі.

Мыстан кемпір арқылы Алпамыс бейнесін жан-жақты көрсету үшін жауыздық пен жаманшылықтың барлық жағымсыз қасиеттерін жинақтап береді.

Қырық қыздың ішінде жүрген Тайшық ханның жалғыз қызы Қаракөздің бейнесі де дараланып, айрықша беріледі.

Біреуі асқан бірінен

Мін табылмас түрінен,

Қыздар да қызыл гүл еді.

Қырық қақпалы қаладан,

Қала менен даладан,

Әр жерден сұлу кеп еді.

Жаңа шыққан он бірге

Бір жылда шыққан төл еді.

Ханның қызы Қаракөз

Ішінде жүрген сері еді.

Заты адам десе де,

Көргендер (пері) дер еді.

Ақылменен аңғарып,

Ер екенін біледі.

Кемпірден көңіл суытып,

Ата-анасын ұмытып,

Балаға көңіл бөледі...

Үш мәртебе келеді,

Айта алмады сонда да,

Аңдыған қыздар көп еді...

 

Жырдың бас жағында Гүлбаршын сұлудың бейнесіндей осы Қаракөз бейнесін де портреті мен психологиялық ішкі сезімін байланыстыра береді.

Қаракөзді Гүлбаршыннан да ажарлы, көркем, сұлу етіп суреттейді.

Жырда Алпамысты Мыстанның айламен тұтқындап, Тайшық ханға апарып бергені және оны өлтіре алмай зынданға тастағаны баяндалады.

          Мыстан Қаракөзді Тайшық ханнан баласына сұрайды.

Қалмақтан шыққан ер еді,

Елде болса екі ер-

Екеуінің бірі еді.

Атаңа нәлет, қу мыстан,

Шұбар атты тындырып,

Баланың белін сындырып.

Мыстан патшаны көреді,

Келе сөйлей береді:

«Құлағың сал,патшамыз,

Келінімді бер,-деді.

Балаңнан балам кем емес,

Ұзатқаның жөн емес.

Айыбы таз демесең,

Балаңа балаң тең!»-деді...

Сонда патша сөйледі:

«Тыңда сөзді, анамыз!

Он бірде биыл баламыз.

Жиырмаға келген соң,

Той-томалақ қыламыз.

Тоғыз жыл мәулет беріңіз,

Оған дейін шыдаңыз.

Жиырма жасқа келген соң,

Келініңді алыңыз.

Қарар тапса көңілің,

Үйіңе енді барыңыз!»

Қаракөзді Мыстан кемпір баласына тең санап, Тайшық ханның дәлеліне тоқтап, риза болады. Бұл арқылы ескі салт-сананың тұрмыстағы ізін байқаймыз. Қаракөз басындағы ауыр хал, қайғылы трагедия екені жырда ерекшеленіп көрсетіледі.

Қаракөз бейнесі жырдың басты кейіпкері Алпамыспен байланыста берілген. Қаракөз бейнесі арқылы Алпамыс батырдың тұтқындағы ауыр халінен босанып шығуын нанымды суреттейді.

Қаракөз өзінің басына түсетін әдет-ғүрыптық қиын халден құтылу үшін айла-амалға көшеді.

«Әке ,маған отау бер,

Тігейін барып саяға.

Жүз серке бер ойнатып,

Сап қояйын қораға.

Қырық қыз нөкер қосып бер,

Сүрейін дәурен далада.

Тоғыз жылың біткен соң,

Келейін көшіп қалаға.

Армансыз болып кетейін,

Беретін болсаң балаға.

Шөбіме түссе нетейін,

Таз дегенмен бола ма?

Сен берсең, ата, мен көндім...» -

 деген сөзінен Қаракөздің іштей айлаға көшіп, сырттай мойындағанын көреміз.    

          Қаракөз бейнесі Алпамыс басындағы жағдаймен өз басындағы жағдайдың түйініне ортақ екенін білдіреді.

Қаракөз серкені Кейқуат арқылы Алпамыспен байланысып, Алпамыстың ақылымен Байшұбарды әкесі Тайшық ханнан алдап алып, Алпамысты зынданнан шығарып алады.

Қаракөз бейнесінің тағы бір қырын Кейқуат қолындағы Алпамыс жасаған сырнай-сыбызғыдан бастап, Кейқуаттың қулығына шын ниетпен қарап, Алпамысқа жеткенше асыққан күйінен көреміз.

Алпамысты есітіп,

Ғашық оты өртеді.

Кейқуатқа ілесіп,

Жүгіре басып кетеді.

Арқасы күнге күймеген,

Табаны жерге тимеген.

Ханның қызы ерке-ді,

Бір жерлерге барғанда

Тазша амал табады.

«Шаршадым»деп жүрместен

Сонда жата қалады.

Қаракөзайым қабынды,

Жүре көр деп жалынды.

Ғашық жарын есітіп,

Қыздың беті гүлденді.

Берейін саған пұл деді.

Шыныңменен шаршасаң,

Кел мойныма мін деді…

          Жырда Қаракөзайым бейнесі жан-жақты терең ашыла берілген. Қаракөз Алпамысты зынданнан құтқарып, қырық қойдың құйрығына тойғызып, қару-жарағын беріп, Шұбар атқа қолтықтап мінгізіп жауларына рухтандырып жібереді.

Шұбар аттың сипаты тағы жақсы берілген. Мұнан әрі Тайшық ханмен соғысы суреттеледі.

Тайшық ханның батырларының бірі – Таймастың, оның баласының және басқа батырлардың образы эпитет, теңеу және метафоралық сөз айшықтарымен дамыта беріледі.

          Алпамыс қыран, отыз батпан алмас, қырық арқан бойы зындан, аққан қызыл қан сөз тіркестері эпитет болса, шырылдатып тауықтай, аш қасқырдай, ителгідей жұтынып, ақ тұйғындай құнтиып, жауатұғын бұлттай, кішігірім таудай, қысыр емген тайдай боп сөз тіркестері эпитет пен теңеудің бірлікте қолданғанын көрсетеді.

Тайшық ханмен шешуші соғысы жекпе-жегі Алпамыстың батырлығын танытудың биік шыңы етіп суреттейді. Мұнда әңгімелеу тәсілі де, суреттеу тәсілі де, монологы де беріледі.

        Әсіресе Байшұбар аттың сипаты мен Тайшық ханның портреті айрықша күшейтіліп суреттеледі.

Көк орданың басында,

Көк өзеннің қасында,

Тайшық хандай ханына

Алпамыс берен айқасты.

Ойын екен бұрынғы

Ірілетті жұмысты.

Екеуі де болдырып,

Атының басын бұрысты.

Қақпаның жетіп аузында

Тайшық ханды шаншады,-

деген жыр жолынан Алпамыс батырдың қарсылас дұшпаны жай батыр емес екенін байқатады.

Алпамыс батыр Тайшық ханды талқандап, жауын жеңіп, Мыстан кемпірге кездеседі. Алпамыстың Мыстанмен кездесу сәті ирония-ажуа, келеке түрінде беріледі.

Қаланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шаң қылды,

Айдарлысын құл қылды,

Түлындысын тұл қылды,

Көрген түсін Тайшықтың

Өтірік емес, шын қылды.

Бір жерлерге келгенде ,

Баяғы Мыстан шешесі

Көлденең тартып тұрады.

Әуелгі дұшпан кемпір ед.

Жаны шығып шошайып,

Әр жерге кемпір бұғады.

"Аманбысың,шеше?"-деп,

Мазақтап бала сұрады.

"Жүрмін ғой, -деп, шырағым,"

Қамығып кемпір жылады.

Аузына тасты тығады.

Жарылып кетіп жүрегі,

Осымен кемпір тынады.

         "Алпамыс батыр" жырында кейіпкер образын ашуда сөзді ауыстырып айту-метономия тұтас қолданылып отырады.

           Астына мінген керігі, әлгі ит өлді бекерге, айдарлығын құл қылды, тұлымдысын тұл қылды деген сөз тіркестері алмастырып айтуға жатады. Тілді қолданудың мұндай көркемдік әдіс-тәсілі кейіпкер бейнесін толықтыра түсуге әсер етіп тұр.

          Алпамыс айтқан уәдесінде тұрып, Кейқуатты қалмақтың қалың еліне

 патша қойып, оған Жүрметүз деген қырық қыздың ішіндегі бір сұлу қызды қосып, үйлендіріп, адам етеді.

         Алпамыс - арлы, сөзіне берік, мәрт батырладың бірі.Сөзі мен ісі бір жерден шығып отырады.

         Кейқуат пен Жүрметүз бейнелері де жырда қосымша кейіпкерлер ретінде көрініс береді.

Жүрметүз деген бір қыз бар,

Қыздардың жүрген ішінде,

Сүрме тартып көзіне,

Орнатқан гауһар тісіне.

Алтын шашбау жарқылдап,

Байланған шаштың ұшына...

Қараңғы үй жарық болады,

Жатарында шешіне.

Кейқуат келіп ойнаса,

Итереді өшіге,

"Өңім түгіл,Кейқуат,

Көрінбе,дейді,түсімде!"

Кейқуат кетті ыза боп,

Жүрметүз келді құбылып.

Алпамыстың қасына.

Бұл сөзді естіп Алпамыс

Кейқуатқа некелеп,

Қосып берді қолынан.

Кейқуат айтты: "Жүрметүз,

Қылғаның бар ма, есіңде,

Өзіңе өзің берік бол,

Түсірейін есіңе!"

Жүрметүз айтты: "Падишам,

Жүр едім сізді пісіре,

Қалжың менен ойынды

Сақтағансыз несіне."

         Алпамыс Қаракөзге қосылып, отыз екі күн өтіп, отыз үш күн жеткенде түсінде жаман іс көреді.

Төсегінің үстінде

Бір күшіген құс көрді.

Түсі суық құс екен,

Бір түнде соны үш көреді.

Ақырында Алпамыс

Өзі барып ұшырды.

Айбатымен қорқытып,

Қайтадан жерге түсіреді.

Қаракөзайым да түс көріп, ақ тұйғын құсын қолынан ұшырған екен.

 

Түс халықтың наным-сеніміне негізделген. Кейіпкерлердің болашақты болжап білуінің бір қасиет белгісі ретінде пайдаланылады.

Жырда осы тұсында Қаракөз бен Алпамыстың қоштасуы беріледі.

"Қош, аман бол, алғаным,

Алаша төсек салғаным,

Жаныңа сенің құрбан ғып,

Еліме ойран салғаным.

Жұрдай болып қалғаным.

Еш болмаса балаң жоқ.

Артыңда белгің қалған жоқ.

Ішімде кетті-ау арманым.

Алғаныңнан айрылсаң,

Қызығы бар ма жалғанның...-

деп Қаракөз зарлай арнап қоштасса, Алпамыс батыр да, өз қайғы-шерін Қаракөзбен қоштасуында білдіреді.

Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Туады ерлер ел үшін.

Болған білем ата-анам,

Қарақұс қуған көгершін,

Жеті жыл болды кеткелі.

Қандай боп қалды үй ішім.

Үйде отырсаң, түзің жоқ.

Түзге шықсаң, үйің жоқ.

Жалғыздың күні құрысын!

Қош айтысып сұлумен

Алпамыс берен жөнеді...

Тұрмыс-салт жырларындағы өлең-жырлардың қоштасу, жоқтау, той бастар, жар-жар сияқты түрлері "Алпамыс батыр" жырында молынан қамтылған.

          Алпамыс батырдың аулына қайтқан сапары Байшұбардың тағы да толық сипатымен байланыстыра суреттеледі.

 

Шұбардың басын түзеді,

Таудан аққан тасқындай

Төгіліп Шұбар жөнелді.

Төрт аяғы атқан оқ,

Әр түрлі шабыс бастады.

Алдында жатқан аңғарды

Жерошақтай тастады.

Екі көзін тарс жұмып,

Бала да ерден ұстады.

Басын жерге салмады,

Су ішіп мейірі қанбады.

Отыз күн шапқан сықылды.

Жайылып жатыр көп жылқы

Жиделінің бетінде

Оқыранды Шұбар ат,

Үйірін танып секіре.

Анасы да бар екен,

Баласы да бар екен,

Тигізді бетін бетіне.

Айғырларын тістелеп,

Құлын-тайын иіскелеп,

Баланың көнбей еркіне.

 Жырдағы оқиға мұнан әрі де Алпамыстың қатысуымен дами береді.

          Құлтай бабасының Тортай баласымен диалогі, жылқыдағы бес құлына айтқан арнауы, Тортайдың Ұлтан құлдың зорлығын айтып,  ұлы Жәдігерді қозы бақтырып, Құлтайды қойға, Байбөріні түйеге салып, Аналықты тезек тергізіп, Гүлбаршынды алмақ болып той жасап жатқанынан хабардар етеді.

Жырда Байбөрі мен Құлтай зары психологиялық параллелизмге құрылып беріледі.

 

"Тауға біткен ақ терек...

Айдасам жөнге жүрмейсің,

Қарағымның артында,

Есіз қалған наршасы,

Арай, жаным, арай!

Қара таудың шиесі,

Байбөріңе келді ме,

Пірілердің киесі?!

Айдасам жөнге жүрмейсің,

Қарағымның артында

Аманат болған түйесі,

Арай, жаным, арай!

Темірменен құрсаулы,

Жәдігерім білегі.

Сірә, қабыл болар ма,

Байбөрінің тілегі.

Айдасам жөнге жүрмейсің,

Қарағымның артында

Есіз қалған үлегі!

Арай, жаным, арай!"

 

Алпамыс Тортаймен, әкесі Байбөрімен, бабасы Құлтаймен көрісіп  мауқын басады.

Құлтай Жәдігерге "әкең келді" деп айтуды ұмытып, жылап отырған балаға көкпарды тастап кетіп қалады.Көкпарды Жәдігер апасы Қарлығашқа әкеп береді.

Құнан атанды сүйреткен Жәдігердің қарулы екенін көрген Ұлтан баланы өлтірмекші болады.

      Жәдігер бейнесі жырда аса аянышты күйде берілген. Жалаң аяқ, жалаң бас, мойнында шынжыр, аяғында кісенімен қозы бағып жүргені , тойға жиналған қадір білмес жамандардың көкпары етіп тартқаны аса зарлы, Жәдігер баланың ішкі сезімін көрсетіп, аянышты қарғыс зарымен беріледі.

 

Енді бала секірді,

"Көкежан" деп өкірді,

Өксіп-өксіп жылады,

Қайғымен көзін бұлады.

"Алдына салып қуғандай,

Әрқайсың келіп ұрғандай,

Айналайын көкелер,

Не жазығым бар еді?!

Көкпар қылып шапқандай?!"

"Аш бүгіліп жарағыр,

Жетім қалып жасыңнан

Мендей болып жылағыр

Тарта бер, жұртым, тарта бер!

Ешкі жасын жасағыр,

Аяғыңнан ақсағыр.

Ағайын кетіп қасыңнан,

Досың кетіп басыңнан

Мендей болып қақсағыр.

Тарта бер, жұртым, тарта бер!

Ертең әкем келгенде,

"Жалғызым қайда?" дегенде

Не деп жауап бересің,

Тарта бер, жұртым, тарта бер!"

 

Қарындасы Қарлығаш бейнесі жырда Жәдігерге көмекке ұмтылған тұста және соңғы жағында Алпамыс пен көріскен кезінде беріледі.

 

"Ұлтан атты төреміз,

Айдауыңа көнеміз.

Бірге туған жалғызды,

Қайтіп ұстап береміз?

Екі бірдей қос жетім

Қолыңызда келеміз,"-

десе, бірде:

"Көкпар шауып, қарағым,

Тұр ма еді әкең алшақтап,

Қарағым, сенің жолыңа,

Құрбандық болып өлейін!

Еркелігің әлі бар,

Жәдігер, саған не дейін,"-

деген інісі Жәдігерге айтқан ақылынан білеміз.

Ағасы Алпамыспен кездесуі өте нанымды беріледі.

 

"Жалғыз ағаң келді!"-деп

"Сүйінші"сұрап бір адам

Қарлығашқа білдірді.

Сүйіншісін сұраған –

Бір түйе, бір ат мінеді.

Құшақтасып көрісіп

Беттерінен  өбеді.

Үш мәртебе тіріліп,

Үш мәртебе өледі.

Басын сүйеп Алпамыс

Бетіне су себеді...

 

Қарлығаш, Жәдігер және Гүлбаршын үшеуінің кездесуінде диалог түрінде бастарындағы казіргі ауыр халдерін, мұң-шерлерін айтқызады. Гүлбаршын да бүгін жатып түс көргенін, түсінде жібек баулы ақ сұңқарды қолына қондырғанын айтады. Әкесіне кездескен Жәдігер сөзі Алпамыстың бейнесін тағы да толықтырып, оқырманына "рас-ай" дегізіп отырады.

Алпамыстың тек батыр ғана емес, оның да қарапайым адамдардай жай адам басында болатын қасиеттері бар екенін танытады.

Алпамыстың мұнан әрі тойға келгені,әйелі Гүлбаршын берген сегіз тілләнің  Мафия деген сақау әйелдің төрт тілләсін алып қойғанын көріп айтқаны бақсылық сарынға жатады.

 

"Бұл антұрған Мафия

Төртеуін ұрлап алыпты.

Тілләмді бер, сақау қар,

Сары қызым біліпті.

Аруағымды айдармын,

Қол-аяғыңды байлармын,

Сөйтіп, сақау, жайлармын."

 

Жырда тұрмыстағы жағдайларды көрсетуге ерекше мән берілген. Бұл әсіресе Ұлтанның тойы үстінде анық көрінеді. Мұндағы Мафия сақау мен Ұлтанның Бадамша деген сакау қатынының бейнесі арқылы әрі шыншылдық жағдайды көрсек, әрі келемеж, қалжыңды тойдың берекесіздігін беру үшін пайдаланғанын көреміз.

Жырдың сөз қолданысында л-я, с-ш, р-й, л-й, а-я дыбыстарына айналып, тілдің кемістігіндегі дыбыс өзгерісін бергені оқиғаны қызықты, күлдіргі етуге кұрылғаны анық.

Алпамыстың той бастар айтқан сақау Бадамшамен жар-жары және Гүлбаршынмен жар-жары арқылы сөз өнеріне де жүйрік, қызыл тілдің майталман шебері, оның ішінде ақындық қуаты арқылы да өзін танытатынын аңғарамыз.

Анасы Аналық образы да монолог түрінде беріліп жырда оқырман сүйсінер, тындаушысын егілтер күйде суреттеледі.

Саулы інгендей аңыраған

Арқасында отыны

Көкке қарап қақылдап,

Жалғызым деп тақылдап,

Жылап,еңіреп келеді.

Бишара болған анасы,

Келе жатып сөйледі:

"Иіні құрғыр тартасың,

Қамқаны қашан киесің?

Ерні құғыр қышисың,

Баланы қашан сүйесің?

Көзі құрғыр тартасың,

Жалғызды қашан көресің?

Құрып қалған қу емшек,

Нені көріп иесің?"

Саңырау екен құлағы

Тарс етіп барып ашылды.

Анасын көріп Алпамыс,

Шыдай алмай жылады.

Емгендей болып емшегін

Көзінің жанды шырағы.

 

Алпамыстың жан дүниесі анасы Аналықтың басынан өткізген ауыр халі арқылы терең ашылып, байытыла түседі. Мұнда халықтың ескі ырымдары да көрсетілген. Алпамыстың қуанышы, қайғысы, шаттығы мен мұңы, азабы мен рахаты, жақсылығы мен жаманшылығы басқа кейіпкерлердің де іс-әрекет, тірлік-тынысымен байланысып отырады.

Бұл басты кейіпкердің образын жинақтап көрсетіп, даралап мінездеуге негізделген.

Жыр соңы Алпамыстың дұшпаны Ұлтаннан кегін алып, ата-анасын, туған-туысқанын, аға-қарындасын, әйелі Гүлбаршын және баласы Жәдігерді қорлықтан құтқарып қосылуымен аяқталады.

          Жырда халық тұрмысындағы нақты өмір шындығы кейіпкерлер бейнесі арқылы кеңінен көрсетілген.

 




Жыр атауы

«Қобыланды батыр» жыры

Басты кейіпкер




Тұлпары